Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46


ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..

Работа содержит 1 файл

Алиұлы Нұрым.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

     XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Цин империясының ішкі дағдарыстарының күшеюі, өз ішіндегі тайпиндер көтерілісі сияқты ірі антициндік шаруалар соғысын басып жаныштауға көп күш жүмсауы сияқты себептер Қытайға өзінің шеткері ұлт аймақтарын қатаң бақылауда ұстауға мүмкіндік бермеді. Өлкедегі цин билігінің әлсіреуі Шыңжаң жеріне геосаяси мүдделері бар шетелдік мемлекеттердің жергілікті халықтарды антициндік күреске итермелеуіне жағдай жасады. Олардың өз ықпалына көнетін исламдық Шығыс Түркістан мемлекетін құруға бағытталған арандату әрекеттерінің күшеюі Шыңжаңның мұсылман халықтарының 1864-1877 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістерінің басталуына әкеліп, оның нөтижесінде өлкедегі цин билігінің үстемдігі жойылып, Шыңжаң жерінде бірнеше тәуелсіз мұсылман мемлекеттері пайда болды.

     XIX ғасырда Шыңжаңның халыкаралық қатынастардағы стратегиялық тұрғыдан аса маңызды географиялық жағдайы шетелдік державалардың назарын өзіне аударып, олардың геосаяси мүдделері түйіскен аймаққа айналды. Олардың Орталық Азиядағы үстемдікке ие болу жолындағы бәсекелестік күресі Шыңжаңның геосаяси мәнін одан әрі арттыра түсті. Шетелдік державалар - Англия, Жапония, Түркия және Ресей Қытай мемлекетінің ішкі саяси-әлеуметтік дағдарыстарын, Шыңжаңдағы қытай билігінің әлсіздігін пайдалана отырып, ондағы ұлт-азаттық көтерілістерге араласып, оларға қолдау көрсетіп, әрқайсысы Шыңжаңды өз ықпалында ұстағысы келді. XIX ғ. екінші жартысындағы, яғни 1864-1877 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістер кезінде Шыңжаңның жағдайы қатты шиеленісіп кетуіне орай халықаралық қатынастарда Шыңжаң тақырыбы ең өткір мәселеге айналады.

     Шыңжаңдағы  ұлт-азаттық көтерілістер жеңіске  жетіп, оның территориясында тәуелсіз бірнеше мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты, Цин империясы өзінің ішкі саяси дағдарыстары өршіп тұрған кезеңінде, отар аймақтарындағы билігін әлсіретіп алып, Шыңжаңды уысынан уақытша шығарып алады. Цин империясының ұлттық мүддесіне нұқсан келтірген осы оқиғалардан соң саясаткерлер арасында Шыңжаңды империя құрамына қайтару немесе одан бас тарту туралы өткір пікірталас туады. Цзо Цзунтан сияқты антициндік көтерілістерді аяусыз жаныштаушы әскери қолбасшы Шыңжаңның солтүстік—батыстағы Англия мен Ресейден төнетін қауіпке қарсы стратегиялық маңызы зор аймақ ретіндегі рөлін баса көрсетіп, оны қайткенде де қайтарып алу керектігін цин сарайына дәлелдейді. Ақыры ол дегеніне жетеді. Цин империясы Шыңжаңды қайтару мақсатындағы аяусыз қанды жорығының арқасында оны империя құрамына күшпен қайта қосып алады. Цин билеушілерінің Шыңжаң жері үшін қауіптенуі негізсіз емес еді. Шетелдерден өзінің шекаралық иеліктерін қорғау үшін Шыңжаң сияқты стратегиялық мәні зор аймаққа билікті күшейту империяның өмірлік мақсаты екендігі түсінікті болды. Мұсылмандар көтерілісіне Ресей ең алдымен өзінің экономикалық мүддесі тұрғысынан қарап, осы арқылы Шыңжаңдағы ықпалын сақтаудың жолдарын ойластырды. Қандай жағдай қалыптасса да Шыңжаңдағы орыс саудасының зардап шекпеуі басты назарда болды. Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісі кезінде Ресей өзінің бұл аймақпен этникалық туыстас халқы мекендейтін Орта Азия мен Қазақстандағы мұсылмандардың көтеріліске үн қосып, тәуелсіздік жолындағы күреске қосылып кетпеу жағына көп көңіл бөлді. Сондықтан аймақтағы мұсылмандар көтерілісіне көп қолдау көрсете қоймады:

  • Өйткені Шыңжаңда күшті мұсылман мемлекетінің құрылуы Ресей империясы үшін өте қауіпті еді.
  • Екіншіден, орыстардың Шыңжаңда еркін әрекет етуіне Цин империясының кедергі болғанын есепке алғанда, тәуелсіз және Ресейдің ықпалындағы әлсіз мемлекеттердің болғанын қалады, Шыңжаңға көз тігіп отырған, ондағы орыс ықпалын әлсіретуге ұмтылған шет мемлекеттермен геосаяси мүдделері қақтығысқа түскен Ресей империясы Шыңжаң оқиғаларына жанталаса араласуға мәжбүр болады.

     Ресей саясаткерлерінің арасында  Шыңжаңды, оның ішінде Ресей үшін экономикалық та, саяси жағынан да стратегиялық маңызы өте зор Іле аймағын, орыс шекарасындағы тынышсыздық жағдайды ұлғайта түскен ондағы саяси дағдарысты пайдаланып басып алу туралы ұсыныстар айтылды. Осы кездегі Іледегі тәуелсіз Тараншы сұлтандығының саяси әлсіздігі мен шолақ ойлы саясаты орыс отаршылдарының оны басқыншылық жолмен уақытша иеленіп алуына жол ашып берді. Ресей өзінің ұлт аймақтарының қауіпсіздігін сақтау мақсатымен және Іледегі орыс саудасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен 1871 жылы Ілеге басып кіріп, оны 1881 жылғы Петербург келісіміне қол қойылғанша, он жыл өз билігінде ұстады. Ресей экономикалық және саяси факторлардың әсерімен, Орталық Азиядағы, соның ішінде өзінің ұлттық аймақтарымен шекаралас Шыңжаңдағы мемлекеттік мүддесін (өзгелерге қатысты алғанда ол мейлі ол оң немесе теріс сипатта болсын) сақтау жолында әрекет етті.

     Цин империясының билік өкілдері елдің  ішкі саяси жағдайы біршама тынышталған соң ғана Шыңжаң мәселесімен тікелей Шыңжаңдағы мұсылман мемлекеттерін күшпен бағындыру, аймақтағы Цин империясының үстемдігін  қайта қалпына келтіру - империя үшін стратегиялық маңызы зор Шыңжанды Қытай мемлекетінің құрамында сақтау үшін империяның қолдан келгеннің бәрін жасайтынының белгісі еді.

     1884 жылы Шыңжаңға Цин империясының  провинциясы ретінде статус беріп, ондағы билік ету жүйесін күшейту мақсатымен экономикалық және әкімшілік реформалар жүргізілді. Өлкені қытайландыру саясаты одан әрі жалғасты.

        XIX ғасырдың соңында шетелдік империалистік державалар 
Қытайды  ықпал  аймақтарына қайта бөлісуді  бастаған  кезде, оның   Маньчжурия,   Моңғолия   және   Шыңжаң   сияқты   ұлт аймақтарына Англияның, Жапонияның, Ресейдің және АҚШ-тың назары ауып, олардың геосаяси мүдделерінің осы жерлерде тоғысуына   әкелді.   Ресей   өзімен   шекаралас   Шыңжаңды   өз ықпалында ұстау үшін күресін жалғастыруға, ал XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Цин империясының дағдарысын тереңдеткен 
Синьхай    төңкерісінің    қарсаңында    орыстар    Шыңжаңдағы, Моңғолиядағы отаршылдық әрекеттерін күшейтуге мүмкіндік 
алды.

     1911-1913 жылдардағы Синьхай тәңкерісінен кейін Қытайда монархиялық билік құлатылып, республикалық Қытай үкіметі билік еткен кезінде Шыңжаңда да республикалық билік тәртібі орнайды. Республикалық үкімет тағайындаған Шыңжаңның қытайлық губернаторлары - Ян Цзэнсинь, Чжан Шурень, Шэн Шицай сияқты билеушілері өлкенің тағдырында өз іздерін қалдырды. Шыңжаңның осы билеушілерімен орыс мемлекетінің өкілдері байланыс орнатып, оларды өз ықпалында ұстау саясатын үнемі жалғастырып отырды.

     Кеңес үкіметі де Қытайдың территориялық  тұтастығын қолдады. Сөйтіп, Шыңжаң халқының Қытайдан дербес ел болып кету арманы орындалмай қалды.

     ҚХР-мен  достық қатынас орнатқан Кеңес Одағы  оның Шыңжаң ауданында өзінің экономикалық, сауда байланыстарын жаңаша сипатта дамытуға, сөйтіп, өзінің мемлекеттік мүдделерін сақтауға мөжбүр болды.

     Тарихы  талқыға толы Шыңжаңның тағдыры  осылайша шешіліп, бұдан былай Қытай мемлекетінің бес ұлттық ауданының бірі ретінде дамуға бет бұрды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

   
  1. О восстании  мусульманского населения илийских дунганей в Западном Китае // Военный сборник. – 1866. – № 8.  32-39 бб.
  2. Ростовский С. Царская Россия и Синьцзян в ХІХ-ХХ вв. // Историк-марксист. – Т.З. (55). – М.: Изд-во ЦК ВКП (б) «Правда», 1936.  26-53 бб.
  3. Фесенко П.И. История Синьцзяна. – М., 1935.  356 б.
  4. Бокщанин А.А. Китай и страны Южных морей в 
    ХІҮ-ХҮІ вв. – М.,1968. 411 б.
  5. ДуманЛ.И.Традицииво внешней политике Китая // Роль традиций в истории и культуре Китая. – М.,1972.367 б.
  6. Кутлуков М. К истории экономических, политических и культурных связей народов Средней Азии с Китаем (в древнос-ти и в период средневековья). // АН. Узбекской ССР.Отделение общественных наук. Научные работы и сообщения, Книга 4. Ташкент, 1961. 515 б.
  7. Восточный Туркестан и Средняя Азия. История. Культура. Связи. Под ред. Б.А. Литвинского. – М., 1984. 289 б.
  8. Вторжение Цинской империи в Центральную Азию во второй половине XVIII век и политика России. //История СССР.  – 1973. – №2. 98-114бб;
  9. Кузнецов В.С. Экономическая политика цинского правительства в Синьцзяне в первой половине XIX века. – М., Наука, 1973, 182 б.;
  10. Касымбаев Ж.К. Казахстан - Китай: Караванная торговля в XIX - начале XX веков. Алматы, 1996; Сладковский М.И. Очерки развития внешнеэкономических отношений Китая; М., Внешторгиздат, 1953, 304 б.; Сладковский М.И. Очерки экономических отношений СССР с Китаем. – М.: Внешторгиздат, 1957. 455 б; Сладковский М.И. История торгово-экономических отношений народов России с Китаем (до 1917 г.). М., Наука, 1974, 439 бет.; Алдабек Н.А. Россия и Китай: торгово-экономические связи в центрально-азиатском регионе в ХУІІ-ХІХ вв. – Алматы.«Қазақ университеті», 2001. 162 б.
  11. Нарочницкий А.Л. Колониальная политика капиталисти- 
    ческих держав на Дальнем Востоке. 1860 – 1895. – М., Изд-во АН 
    СССР, 1956, 899 б.
  12. Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. Алматы: Қазақ университеті, 2003. Шан Юэ.Очерки истории Китая (с древности до «опиумных» войн), М., 1959; Щан Юэ. Очерки истории уйгуро-дунганского национально-освободительного движения в XIX в. – М., 1976.  412 б.
  13. Сыроежкин К.Л. Национально-государственное строительство в КНР: Теория и практика. Алматы, 1998.; Современный  Синьцзян и его место в казахстанско-китайских отношениях. (под. общ. ред. д.п.н. К.Л. Сыроежкина). Алматы, 1997; Сыроежкин К.Л. Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасностьЦентральной Азии. – Алматы, «Дайк-Пресс», 2003. 733б.
  14. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алаш орда. – Алматы: Ататек, 
    1995. 256 б.;
  15. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 
    1995. 364 б.
  16. Омарбеков Т. Зобалаң. – Алматы, Санат. 1994. 272 б.;
  17. Аяганов Б. Государство Казахстан:  Эволюция общественных 
    систем. –  Алматы, 1993. 284 б.
  18. Хафизова К.Ш. Китайская дипломатия в 
    Центральной  Азии. XIV-XIX вв. – Алматы, 1995. 287 б.;
  19. Цинская империя и казахские ханства. Вторая половина XVIII-первая   треть XIX в. Ч.1-2. (составители К.Ш.Хафизова и В.А.Моисеев).

 – Алматы: Наука, 1989. 315 б .

  1. Алдабек Н.А. Зарождение русско-китайских торговых связей в центральноазиатском регионе в конце XVIII - середине XIX в. // И не распалась связь времен... К столетию со дня рождения П.Е.Скачкова. М., 1993, 136-150 беттер; соныкі: Россия и Китай : торгово-экономические связи в центрально-азиатском регионе в XVII — XIX вв. –  Алматы: Қазақ университеті, 2001. 357 б;
  2. Мұқаметханұлы Н. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы.      (1860-1920). – Алматы: ҚазАқпарат, 2000. 336 б.
  3. Китайские    документы    и    материалы    по    истории 
    Восточного Туркестана, Средней Азии и Казахстана XIV-XIX 
    вв. – Алматы: Ғылым. 1994. 270 б.;
  4. Цинская    империя    и    казахские    ханства.    Вторая 
    половина XVIII- первая треть XIX в. – Ч.1-2, – Алматы, 1989. 326 б
  5. Русско-китайские отношения XVIII веке.// Материалы и документы. Т.1. 1700-1725 . –  М, 1978. 254 б.
  6. Бичурин Н.Я. Средняя Азия и Восточный Туркестан. 
    – Алматы, – Санат. 1997. 68 б.
  7. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т.З. (этот том посвящен его трудам о поездке в Кашгар.), – Алма-Ата, 1985. 156 б.
  8. Уйгурланинг кискача тарихи. – Үрімші, 1960. 51 б.
  9. Ходжаев А. Цинская империя, Джунгария и Восточный Туркестан.   –  М: Главная редакция восточной лит-ры издательства «Наука»,1979. 56 б.
  10. Аристов Н.А. Наши отношения к дунганам, Кашгару и Кульдже. // Материалы для статистики Туркестанского края. – Вып. 2. –  СПб., 1873. 181 б.
  11. Куропаткин А.Н. Русско-Китайский вопрос. – СПб., 1913. 87-88 б.
  12. Ростовский С. Царская Россия и Синь-Цзян в ХІХ-ХХ веках.//        –  Историк-марксист. 1936. кн. 3 (55). 34 б.
  13. Серебренников А.Г. Туркестанский край. – Ташкент, 1914. Т.19. 127-131 бб.
  14. Гуревич Б.П. История «Илийского вопроса» и ее китайские фальсификаторы. // Документы опровергают. Против фальсификации истории русско-китайских отношений. –  М, 1982. 435 б.
  15. Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. – Алматы: – Қазақ университеті, 2003. 175-209 бб.
  16. Дубровская Д.В. Судьба Синьцзяна: Обретение Китаем «Новой границы» в конце ХІХ в. –  М, 1998. 98 б.
  17. Ходжаев А. Цинская империя, Джунгария и Восточный Туркестан. –  М: Главная редакция восточной лит-ры издательства «Наука»,1979. 77 б.
  18. Нарочницкий А.Л. Колониальная политика капиталистических держав на Дальнем Востоке. 1860-1895. –  Москва, 1956. – 246 б.
  19. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т. 2. – М, 1991. 424 б.

Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі