Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46


ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..

Работа содержит 1 файл

Алиұлы Нұрым.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

     1865 жылы 3 тамызда Ресейдің Пекиндегі  өкілі Влангали Цзунли Ямынь қызметкері арқылы ханзада Гунге (Исинь) жіберген хатында - Қытайдың батыс шекарасына жақын орналасқан Ресейдің территорияларында халық аз қоныстанған, сондықтан ондағы әскери күштер де көп емес екендігін айта келіп, орыс үкіметінің Қытайға көмек бере алмайтын себептерін өте сыпайы жолмен сездіруге тырысады.

     Ресей шекарадағы пунктеріне бақылау отрядтарын жіберіп, қазақтардың Қытайға өтуіне, ал ондағы көтерілісшілердің бері қарай, Ресей жеріне өтпеуіне жол бермеу үшін, шекаралық күзетті күшейтуге кіріседі. Бірақ шекарада ары-бері өтушілер, яғни босқындар көбейген сәтті пайдаланып, орыс әскерлері Қытай жағына да жиі-жиі өтіп, қашқындарды жазалап, кері қайтарып отырды.

     Ресейлік  Түркістандағы халықтардың да орыс билігіне қарсы көтерілу қаупінен үрейленген ондағы патша әкімшілігінің өкілдері үкіметке өз ойларын хабарлап, жағдайды былай деп көрсетеді: «көшпелі қырғыз-қайсақтар (қазақтар) мазасыздық жағдайда және олар мұсылман дінін ұстанады, Батыс Қытайда қалыптасып отырған қазіргі жағдайда оларды тыныштықта ұстап отыру оңайға соқпайды, оған көп күш жұмсауға тура келеді... егер біз қайбір жерде өз жағдайымызды және әрекетімізді әлсіретіп алған болсақ, онда бәріне ортақ рухпен жігерленген бұл мұсылмандар бірігіп, іс-әрекеттерін бір бағытта өрбітіп, күшін жинақтап, оны жан-жағына тарататынынан қауіптенуге тура келеді». Осылай деп, мұсылмандар көтерілісінен туындайтын қауіптің екі елге де ортақ екенін ескертеді.

     Орталық Азияда орын алған осы оқиғалар орыс дипломатиясын Шыңжаң мәселелері туралы тиянақты бір шешім қабылдауда тұйыққа тіреді. Шыңжаңда қалыптасқан халықаралық жағдайлар мен саяси күштердің ара салмағы нақты тоқтамға келуде аса сақтықты талап етті. Саяси оқиғалардың бет алысы қай бағытта өзгеретінін, соған орай әрекет етуді ойлаған орыс үкіметі әліптің артын бағып, Шыңжаң мәселелесінде уақытша бейтараптық жағдайда қала тұруды дұрыс көрді.

     Сондықтан цин өкіметінің қаншама өтініп көмек  сұрағанына қарамастан, орыс үкіметі Шыңжаңдағы оқиғаларға араласпай, бейтараптық саясат ұстап, оқиғалаларды бақылаумен шектелді. Нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азияның Шыңжаңмен шектесетін жерінде Якуб-бек басқарған аса қуатты мұсылман мемлекеті пайда болған еді. Бұл мемлекет 12 жыл бойы өзі өмір сүрген уақытта, Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда жаңа бетбұрыс жасап, өзімен Қытайды ғана емес, Ресейді де, Англияны да есептесуге мәжбүр етті. Дегенмен, патша чиновниктерінің арасында Шыңжаңдағы көтерілістердің түбінде жеңіліс табатынына, Қытай біраз уақытта күшін жинап, өлкеде билігін қалпына келтіретініне сенімділер де болды. Сондықтан, Ресейдегі жоғары билік иелері, - Қытай сияқты ұлы көршімен арадағы қатынасты сақтауға тырысу керек, көтерілісшілерге көмектесу саясатынан аулақ болу керек - деген ұстанымға келеді.

     Сонымен, патша өкіметінің Шыңжаңдағы оқиғалаларға бел шешіп кірісуіне итермелеген факторлар Якуб-бектің басқыншылық саясатының күшейіп, Тараншы және Дұңған сұлтандықтарының әлсіздігін пайдаланып, оларды өз империясына қосып алуға әрекет жасай бастауы еді.

     Сондай-ақ, Англияның Жетішар мемлекетімен достық байланыс орнатып, Орталық Азиядағы өзінің стратегиялық жоспарын іске асыруға бір табан жақындауы да патша өкіметінің мазасын кетірді.

     Ресей әскери кеңесі 1870 жылы өз шешімінде «мәңгілік көршісімен достық қатынасты сақтау» принципін ұстанып, Шыңжаңдағы цин билігінен бөлініп шыққан Жетішар, дұңған-ұйғыр сұлтандықтарын қолдамау саясатына көшті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

     2.1 Цин империясының  аймақтағы саяси  билігінің күйреуі  мен Ресейдің   

     1869 жылдары патша өкіметі әлі  де Шыңжаңдағы жағдайлар жөнінде бейтараптық саясатты ұстанып келсе, 1871 жылы орыс әскерлері Ілеге басып кіріп, өз мүдделерін қорғауға кіріседі. Бұл оқиғаларға түрткі болған себептер - біріншіден, Якуб-бектің Мұзарт асуының оңтүстік жағына ие болып, Үрімшіні басып алуға ұмтылуы - Ресейдің шекарасында күшті мұсылман мемлекетінің құрылуы анық екендігіне көз жеткізді.

     Екіншіден, Шыңжаңдағы көтерілістің Ресейді Батыс  Қытайдың рыногынан бөліп тастады. Патшалық Ресейдің Қытаймен өзіне өте тиімді етіп қол қойған келісім-шарттары негізінде сауда жүргізуіне мүмкіндік бермеді. 1869 жылы көтеріліс Батыс Монғолияға да тарап, ондағы орыс-қытай саудасы да күйреуге ұшыраған еді.

     Үшіншіден, Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісінің әсері ресейлік шекаралық аймақтардағы қазақтар мен қырғыздарға да тарап, олардың арасында да толқулар басталады. 1869-1870 жылдары жағдай тіпті шиеленісіп кетеді. Сондықтан патша өкіметі мұсылман халықтардың отаршылдыққа қарсы көтерілісін жаныштаушы жандарм ролін атқаруға кіріседі.

     Патша үкіметінің дипломатиялық өкілдерінің цин билеушілерімен жүргізген келіссөздерінен белгілі болғанындай, Цин империясы Шыңжаңдағы оқиғаларды мүлдем уысынан шығарып алғандығын, оны реттеуге әзірге әскери күш-қуатының жетіспейтіндігін мойындауы Ресейдің бел шешіп, Шыңжаңдағы мүддесін қорғауға кірісуіне жол ашты. Орыс Түркістанының генерал-губернаторы К.П.Кауфман да аймақтағы шиеленісті жағдайдың ушығып бара жатуынан қауіптеніп, патша үкіметінің «араласпау саясатын» өзгертіп, тез арада батыл қадамға көшуін талап етті. Ол өзінің канцлер А.М.Горчаковқа жазған хатында былай дейді: «Шекарада қалыптасқан жағдай, менің көзім анық жеткеніндей, бұдан әрі төзуге болмайтын халде. Біз енді ортаазиялық иеліктеріміздің пайдасы үшін де, әсіресе Батыс Қытайда құлдырап бара жатқан орыс саудасының тағдыры үшін де Қытайға көмектесуіміз керек...» [11, 193-200 бб.].

     Осылайша орыс дипломатиясы үшін, Ресей шекарасына өте жақын орналасқан Құлжа аумағында орыс әскерлерінің белсенді қимылға көшуіне себеп болған бірнеше факторлар айқындалды.

     Ресей дипломаттары осы әскери қимылдары  нәтижесінде Шыңжаңмен шекаралас  жерлеріндегі территориялық тәбетін де қанағаттандыруды естен шығармады және олардың бұндай қадамға баруына Қытайдың Шыңжаңда билігін сақтап қалуының, оның Ресейдің орта-азиялық иеліктеріне қорған болу жағдайының күмәнды болуы, Якуб-бек басқарған Жетішар мемлекетінің күшейе бастауы және оның Англиямен жақындасуы сияқты маңызды жағдайлар себеп болды.

     Якуб-бектің Іле аймағын басып алу мүмкіндігі орыс дипломаттарына келешекте орыс шекарасының қауіпсіздігі мен Батыс Қытайдағы орыс саудасының болашағының сенімсіз жағдайда болатындығына көз жеткізді.

     Патша өкіметі Цин империясына Шыңжаңдағы жағдайды қолына алуды, қажет болса көмек беруге әзір екендігін дипломатиялық өкілдері арқылы хабарлады. Ал цин билеушілері болса, бастапқы кезде көмек сұрап, жауап ала алмағанының есесін қайтарғандай, тікелей жауаптан қашып, үнсіз қалды.

     Ресей цин үкіметіне Іледегі оқиғалардың  одан әрі қауіпті жағдайға келуін болдырмас үшін, өзінің шекаралық  қауіпсіздігі мен орыс саудасының мүддесі тұрғысынан келіп, Ілеге әскер кіргізетінін хабарлады. Патша үкіметі тағы да, - егер қытай әскерлері орыстармен бірлесіп әрекет етуге әзір ме ? - деген сұрау да салады. Цин империясының Петербургтегі және Пекиндегі өкілдерімен болған келіссөздерден кейін белгілі болғанындай, Цин үкіметі Ресейдің Шыңжаңдағы соғыс әрекеттеріне араласа алмайтындығы айқын болды.

     1871 жылы көктемде Ресей Сыртқы Істер Министрлігінде Шыңжаң мәселелері бойынша бірнеше арнаулы кеңестер өткізіледі. Осы кеңестің шешімдерінде орыс үкіметі өзінің мемлекеттік мүддесі тұрғысынан да, 7 жыл бойы шекаралық иеліктерде қалыптасқан қауіпті жағдайлар мен Батыс Қытайдағы орыс саудасының құлдырап бара жатқан тағдыры да енді қол қусырып қарап отыруға болмайтындығын көрсетіп отыр - деген шешім қабылдауға әкеледі.

     Цин империясының Шыңжаңды қолынан шығарып алып отырған әлсіздік жағдайында, енді өлкеге басқа күшті саяси биліктің орнауына жол бермеу үшін, Ресей өз мүддесін күшпен қорғау барысында ақталуды қажет етпейтін, өте қолайлы себепке кез болды. Ресейдің Шыңжаңмен шекаралас аймағындағы әскери және әкімшілік басшылары арасында патша өкіметі қазіргі Цин үкіметінің дәрменсіз жағдайында қол қусырып, қарап отырмай, жедел әрекеттерге көшу керектігін, Орыс империясының мүддесін қорғайтын кез келгенін айтып, «орыс үкіметі Ілені ғана емес, Үрімшіні де өзіне қаратуы тиіс» - деген батыл талаптар да қойыла бастайды.

     1866 жылы дұңғандар мен ұйғырлар Ресей шекарасына жақын орналасқан Іле аймағын басып алғаннан кейін, Іледегі билікті қолына алған сұлтан Әбіл-оғлы аймақта тыныштық жағдай орната алмады. Енді тараншылар мен ұйғырлар арасында алауыздық туып, өзара жауласып соғысады. Ақыры ұйғырлардың Құлжада үстемдігі орнайды. Құлжадағы ұйғырлар мен Жетісу қазақтары арасында тығыз экономикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік туады. Әбіл-оғлы Іледе деспоттық тәртіп орнатып, халқының сырт елдермен байланысында аса қатаң саясат жүргізді. Соған қарамастан, даланың еркелері - қазақтар маньчжурлар мен дұңғандардан азат болған Құлжаға ағылып көшіп келе бастайды.

     Құлжаға қазақтардың қоныс аударып келуіне тараншы сұлтаны қарсылық білдірмейді. Бірақ аса сақтықпен, Цин үстемдігіне ғана емес, ол орыстар мен ағылшындардың да өлкедегі тіміскі әрекеттеріне біржолата шек қоймақ болды. Орыс саудасына қатаң шектеу қойып, оған кедергі жасады. Сонымен қатар, тараншы сұлтаны Ресейдің шекаралық иеліктеріне көз салып, Қазақстанмен шектес жерлерден өзіне территориялық талаптар да қоя бастады [27, 435 б.].

     Тараншы сұлтаны Әбіл-оғлының Қазақстанмен шектес жерде орнатып отырған бұл тынышсыз саясаты және Жетісу қазақтарының Шыңжаң жеріне қарай қоныс аудара бастауы, патша өкіметін қатты алаңдатты, енді бейтараптық саясатпен Шыңжаңдағы оқиғаларға жәй бақылаушы ретінде қарау мемлекет мүддесіне қауіп төндіретінін түсінді. Қашғарияға қарағанда Іле аймағының Ресей мемлекеті үшін маңызы, стратегиялық мәні зор болғандықтан, патша өкіметі Іледен біржола қол үзіп қалмау үшін белсенді қимылға көшті. Іленің орыс саудасының табыс әкелетін экономикалық маңыздьг көзі болғаны да орыс үкіметін жедел әрекетке итермелегені сөзсіз.

     Іледегі ең негізгі екі қаланы - Құлжа мен Үрімшіні басып алу үшін орыс үкіметі Жетісу мен Зайсан көлі жағынан әскер енгізуге шешім қабылдайды. Ресей Сыртқы Істер Министрлігі жасаған бұл жоспар бойынша, орыс әскерлерінің соғыс қимылдары маньчжур өкілдерінің қатысуымен бірлесіп жүзеге асырылады деп есептелді. Аталған екі қаланы басып алған соң, ондағы билікке цин үкіметі ие болысымен орыс әскерлері кері қайтарылады деп ойластырылған еді. Бұл ұсыныс-жоспарды цин үкіметіне Пекиндегі орыс өкілі Влангали тапсыруы тиіс болатын. Бірақ Влангали Пекиннен хабарлағанындай, цин үкіметінің осы жылы орыстармен бірлесіп әрекет етуге әзір емес екендігі белгілі болады.

     Ресей үкіметінің шешімі бойынша 1871 жылы күзде  орыс әскерлерінің Іле аймағына басып кіруі жоспарланады. Бірақ шекаралық аймақтардағы қалыптасқан жағдайлар бұл жоспардың ертерек іске асырылуына әкелді. Тараншы сұлтаны Әбіл-оғлының Қазақстанмен шекаралас жерлерде ұйымдастырған қақтығыстары нәтижесінде Жетісу облысынын бас әскери жетекшісі, генерал Г.А.Колпаковскийдің бұйрығымен, 1871 жылы маусымда орыс әскерлері Тараншы сұлтандығына басып кіреді. Тараншы сұлтаны Әбіл-оғлының қарулы орыс әскеріне қарсы тұрар күші де болған жоқ. Сондықтан Колпаковскийдің әскері шекарадағы Сүйдін қаласынан өткенде-ақ, оған қарсы сұлтан өз ұлы мен екі жақын өкілін елшілікке аттандырады. Елшілік арқылы ол Баяндай қаласында Колпаковсиймен жеке кездесуді сұрайды. Бұл кездесу болады және оның нәтижесінде Колпаковский сұлтанның барлық кінәні мойнына алғандығын, орыс өкіметінің қандай жаза қолданса да риза екендігін, тек халқына рақымшылық жасауды сұрағанын үкіметке хабарлайды. Сосын Баяндайдан Құлжаға сұлтанды бірге ала жүріп, қаланы қалай қабылдап алғандығын, Әбіл-оғлының Құлжаның негізгі қақпаларының кілтін тапсырғанын, сондай-ақ қару-жарақтар мен азық-түлік қоймаларын да өткізіп бергенін мәлімдейді [28].

     1871 жылы 6 маусымда Г.А.Колпаковский Іледегі халықтарға арнап үндеу тастайды. Онда: - «Шыңжаңдағы бүлік басталғалы бері Ресейдің шекаралық иеліктері де көтерілістің зардабын шегуде, ұрылар мен барымташылар ары-бері шекарадан өтіп, біздің бодандығымыздағы мұсылман халықтардың мазасын алып бітті, тараншы сұлтаны бүлікшілерді қамқорлығына алып, оны орыс үкіметіне кері қайтарудан бас тартып, ешқандай шара қолданбады. Мен, жеті жыл бойы тек бейбітшілік пен тыныштықты тілеуші ақ патшаның еркімен әрекет ете отырып, сіздердің елде тыныштық орнайды деп ойлап, тараншы сұлтанына бірнеше рет хат та жолдап, біздің талап-тілектерімізді орындауды, барымташыларды, қашқындарды кері қайтаруды сұрадым, бірақ бәрі бос әрекет болды. Құлжа сұлтаны ақылға көніп, бейбіт қатынасты сақтауды ойламады. Ақыры Әбіл-оғлының шектен шыққан әрекеттері күшейіп, ол шекарадағы қауіпсіздікті одан әрі шиеленістіруде, енді біздің шыдамымыз шегіне жетті, сондықтан мен, ұлы мәртебелі ақ патшамның рұқсатымен әскерімді кіргізіп, Құлжадағы сұлтанның әрекетін жазалап, тәртіп орнатуға келдім» - деген асқақ мақсатын жариялайды. Одан әрі орыс әскерінің бейбітшіл екендігін, егер тұрғындар өз еріктерімен беріліп, қарсылық көрсетпесе жақсылық жасалатынын мәлімдейді.

     1871 жылы 22 маусымда орыс әскерлері қазақтардың белсенді көмегіне сүйене отырып, Құлжаны елеулі қарсылықсыз басып алады. Ресейдің қолайлы сәтті пайдаланып, Шыңжаңдағы өз мүддесін батылырақ әрекеттермен жүргізуін талап етушілер де табылып жатты. Әсіресе Ресейдің шекаралық иеліктеріндегі әскери және әкімшілік басшылығындағы өкілдері үкіметке батыл ұсыныстарын айтуды жалғастырады. Мысалы, Семей облысының әскери губернаторы генерал-майор Полторацкий 1871 жылы 21 шілдеде Жетісу облысының әскери қолбасшысына жазған хатында өз ойын былай деп білдіреді: «Біз Батыс Қытайдағы маньчжур үстемдігінің қайта орнауына міндетті емеспіз, оған Пекин үкіметінің өзі ынталы болмай отырған қазіргі жағдайда, басқа бөгде мақсаттарға алаңдап уақыт кетірмей, Орыс империясының беделі мен мүддесін қорғауға жұмылуымыз керек.

     Бұл мақсатқа жету үшін, бір ғана Ілені алумен, соның өзінде оны империя құрамына біржолата қосып алуды ойламасақ, сонымен шектелуге болмайды» - деп, одан әрі ол Жетісу өңірінде де, Алатаудың шығыс беткейіндегі Еміл жерінде қазақтардың қызай руының жинақталып алғандығын, олар дұңғандармен бірлесіп алып орыс иеліктерінің де тыныштығын бұзып отырғанын, орыс зеңбірегінің күшімен Құлжаны басып алған әскердің күші, Ілені иелену мысалы да «жабайы азиялық тайпаларды орыс қаруының күші қорқыта алмай отырғандығы», сондықтан империяның қауіпсіздігі үшін, мұсылмандардың бас біріктіре бастауына жол бермеу керектігін ескертеді. Одан әрі Полторацкий өзінің басты қаупін жасырмай, Үрімшідегі дұңғандардың қазақтарға жолдаған үндеуін қолға түсіргенін, сондықтан дұңғандармен ешқандай бейбіт қатынас орнауы мүмкін еместігін ескертеді, сол үшін, орыс үкіметі Үрімшіні басып алуы керек - деген пікірін білдіреді. Үрімшінің стратегиялық маңызды орталық екендігін көрсете отырып, орыстар Үрімшіге ие болса, орасан зор пайдалы іске қол жеткізетіндігін айтады. Үрімші Жоңғариядағы көтерілістің орталық ошағы болғандықтан, оны мүлдем өшіруге мүмкіндік туады жене біржолата мұсылмандар көтерілісінің таралуына жол берілмейді, сонымен қатар Якуб-бектің билігінің күшеюіне біржолата шек қойылады - дейді. Осы әрекеттер арқылы Якуб-бекке орыс өкіметінің күшін сездіріп, онымен есептесуіне мәжбүр етуге болады, сейтіп, орыс саудасына Баркөл, Үрімші, Гучэн, тіпті Құмыл да кеңінен ашылуы мүмкін деген үмітін де жасырмайды.

Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі