Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46


ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..

Работа содержит 1 файл

Алиұлы Нұрым.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

     70-80 - жылдары жарық көрген қытайлық  зерттеу еңбектерде Орталық Азияның тарихы мен Қытайдың осы аймақты мекендеген халықтармен байланысы саясаттың бұғауынан шыға алмаған, таза конъюктуралық сипатта жазылды. Қытай ғалымдары осы жылдары өте белсенділік танытып, Шыңжаңның тарихына байланысты көптеген зерттеу еңбектерін жариялады. Әсіресе, Шыңжаңның тарихи маңызды өлке екендігі, оның атауының тарихи мәні туралы, Шыңжаңды екінші рет Қытайға қайтарған Цзо Цзунтанның патриоттығы туралы зерттеулер баспа беттеріне көптеп шықты. Му Юань, Сюй Юнхань, Лу Ди, Чжао Чуньчэнь сияқты қытай зерттеушілерінің еңбектері Цзо Цзунтанды жеке тұлға, мемлекеттік қайраткер, ұлттық батыр ретінде дәріптеуде өзара жарыс басталғандай әсер қалдырады. Му Юань деген қытай зерттеушісі 1984 жылы «Лиши цзяосюе» деген журналда «Цзо Цзунтанның Шыңжаң жерін қайтарып алу барысындағы отаншылдық рухы» атты мақаласын жариялады [11]. Автор Цзо Цзунтанның жеке басына сипаттама бергенде іс-әрекеті мен ұстанған саясатына қарай оған екі түрлі мінездеме беру керектігін айтады. Біріншісі - Цзо Цзунтанның тайпиндер көтерілісі, няньцзюндер, дұңғандар көтерілістерін қанға бояп жаныштаған қандықол, қатыгез, қылмыскер ретіндегі сипаты. Екінші жағынан, ол шетел капиталистерінің шапқыншылық соғыстарына табандылықпен тойтарыс берген қайраткер ретінде бағаланады. «Әсіресе, өмірінің соңғы кезеңінде мемлекеттің біртұтастығын қорғап, әскердің батысқа жорығына қолбасшылық жасап, Ұлыбритания мен Ресейлік шапқыншылардан Шыңжаңды қайтарып алу жолында шекара өңірінде күрес жүргізіп, Отанның тұтастығын бекем сақтады. Осы тұрғыда, Цзо Цзунтанның біздің ұлтқа, мемлекетке қосқан үлкен үлесі бар отаншыл адам дейміз. Оның шапқыншыларға қарсы күрестегі империясының саясаты қарастырылып, ол жөнінде автор өз көзқарасын білдіреді. Зерттеушінің ойынша, Шыңжаңдағы, цин сарайының ғана емес, одан кейінгі Қытай үкіметтерінің, тіпті, ҚХР-дың да саясаттарының айқындаушы факторы - аймақтың саяси маңыздылығында. Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың көтерілісінің тез арада жеңіске жетуінің және Жоңғария мен Шығыс Түркістанның осы көтерілістің нәтижесінде, Цин империясының билігінен шығып кетуінің негізгі себептерін, автор, бұл өлкенің ішкі Қытайдан тым алыста жатқандығымен түсіндіреді. Қытайдың өлкедегі билігінің қайтадан қалпына келуі, оның ойынша, Пекиннің бұл маңызды аймақты жоғалтпауға бекінген жанкешті әрекетінің нәтижесі.

     Сюй Юнханның жоғарыда аталған журналда 1985 жылы жарияланған «Шыңжаңды қайтарып алудағы Цзо Цзунтанның әскери күштерді шебер пайдалану әдісі туралы» деген мақаласында Цзо Цзунтанның Сиюй жерін қайтарып алуы оның бүкіл өміріндегі ірі жетістік емес, ол Цин әскерінің жаңа дәуірдегі аса ірі жеңістерінің, әскери шеберлігінің көрінісі болды деп әсірелейді. Мақала жеңісті мадақтауға толы сипаттамалармен ерекшеленеді, аса қысқа мерзімде - 1876 жылдың сәуірінен 1878 жылдың қаңтарына дейін ғана екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде, Якуб-бектің елу алты мыңдық әскерін және басқа да цин билігіне қарсылық көрсеткендердің күштерін тас-талқанын шығарып жеңіп, Тяньшанның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі жерді қайтаруы мақтанышпен айтылады. Сюй Юнхан Цзо Цзунтанның осы жеңістерге жетудегі әскери шеберлігін, талантын жоғары бағалап, оның стратегиялық және тактикалық әдістерін мадақтаудан жалықпайды.

     Қытай тарихнамасындағы Цзо Цзунтанның «Сичжэн» жорығындағы ерлігін мадақтау, оның Қытайдың солтүстігіне Ресейден төнген қауіпті сейілтудегі ерлігін  мадақтау үрдісі саясаттан туындаған әрекет екендігі белгілі. Қытайдың территориялық түтастығын қорғаушы патриот ретінде Цзо Цзунтанды жағымды кейіпкер тұлғасына дейін көтеріп отыр. Оның маньчжур-қытай билігіне қарсыласушы халықтарды аяусыз қанға бояп, қандықол атануына қытай тарихшылары енді көз жұма қарайды.

     70-90 жылдары Орталық Азия тарихы және осы аймақты мекендеген халықтардың Қытаймен тарихи байланыстары туралы, Шынжаңдағы орыс-қытай қатынастары-ның сипаты туралы, Қытайдағы тарих ғылымындағы ұстанатын «Қытай мемлекетінің ежелден территорияларының, халқының, барлық ұлттарының тұтастығы» принципін негізге алып, зерттеу еңбектерін жариялаған авторлар - Юй Фушунь, Ян Цзяньсинь, Го Юньхуа, Чжан Юйсинь, Ма Жухэн, Ма Дачжэн, Чэн Чун-дэ, Юй Бао, Сюй Хайшэнь, Юй Чжунгун, Чжоу Вэньти т.б. болды. Мысалы, тарихшы Юй Фушунь Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды басып алу саясатын мүлдем басқыншылық саясат деп сипаттаудан аулақ. Оның пікірінше, «Жоңғария ешқандай да дербес мемлекет болған емес және оның жері — Қытайдың шеткі аймағы болып саналады. Сондықтан Цин империясының жүргізген соғысы «Қытайдың жоңғар аймағындағы сепаратистердің бүлігін басуға бағытталған әрекеті» деп сипатталады [11].

     Қытайда чжунхуа ұлтының бастапқы тарихи территориясы қазіргі сол ұлттың мемлекеттік территориясынан әлдеқайда  кең аймақты қамтыған деген түсінік  халық санасында қалыптасқан. Осыдан келіп, теориялық тұрғыдан да, мүмкіндік болса, практика жүзінде де «чжунхуа миныдзуге тиесілі тарихи территорияны қалпына келтіру» деген саясат ғалымдардың да санасын улауда. Бірақ   қазіргі   дүниежүзілік   қауымдастықтың   Қытайдың   бұл «тілегін» қанағаттандыруға жол бермесі анық.

     Қытай тарихшылары Цин дәуіріндегі  мемлекеттің сыртқы иеліктерін    айқындап,    шекарасын    қалыптастыру    тарихына оралып,   Қытай   мемлекетінің   шекарасының   қалыптасуының күрделі   аспектілеріне   қытайлық   көзқарас   пен   мемлекеттік саясат тұрғысынан зерттеулер жүргізуде. 1994 жылы Ма Жухэн мен Ма Дачжэннің редакциялық басшылығымен «Цин дәуіріндегі шекара саясаты» деген атпен қытай ғалымдарының зерттеу  мақалаларының  жинағы  жарық  көрді.   Кітапта Цин заманындағы Қытайдың шекарасының қалай қалыптасқандығы, цин билеушілерінің шекаралық аймақтардағы саясаты, басқару әдістері   зерттеледі.   Цин   билеушілері   тұсындағы   Моңғолия, Солтүстік-шығыс    Қытай   жері,    Шыңжаң,    Тибет,    Тайвань, Хайнань сияқты шекара аймақтарын басқару саясатына тоқталады. Мақалардың  барлығына тән сипат - Шыңжаң жерінің көне замандардан чжунхуа миньцзу ұлтының мекендеген тарихи орны екендігін дәлелдеу болып табылады.

     1995  жылы   Чжан  Юйсиннің  «Цин  дәуірінің  басындағы Батыс өңірдің саяси мәселелері мен шекара саясатының тарихы» атты монографиялық еңбегі жарық көрді. Автор кітабының Шыңжаңға арналған арнаулы тарауында Цин әулетінің билігінің орнауының  алдында-ақ  Шыңжаңның  Қытай   мемлекеті   үшін маңызы зор болғандығын атап өте отырып, Цин оулеті билікке келе    салысымен,    мемлекеттің    солтүстік-батыс    шекарасын нығайтудың амалдарын қарастыра бастағандығын атап өтеді. Өзінің зерттеу жұмысы да осы  маңызды мәселеге арналғандығын айтады. Чжан Юсиннің зерттеуінде Шыңжаң жері көне   Хань   дәуірінен   бері   Қытайға   қараған   аймақ   деген қытайлық  тұжырымды  бекемдей  отырып,  ол  Жоңғария  мен Шығыс  Түркістанды  империя  құрамына қосқан  соң  маңызы арта  түсіп,   ол   империяның   солтүстік-батыс   шекарасындағы қамалы   мен   қалқаны   ретінде   саналды   дейді.  

     Қазақстанның  өзімен көрші жатқан Шыңжаң өлкесімен байланысының тарихы тереңде. Сонау көне замандардан бастау алатын осы байланыстардың тарихына байланысты жерлестеріміз көптеген арнаулы кітаптарын жарыққа шығарды. Шыңжаң тарихына тікелей ден қойып, оның сан қырлы оқиғаларына, қоғамдық құрылысы мен саяси өміріне талдау жасап жүрген қазақстандық ғалым К.Л.Сыроежкиннің монографиялық еңбектері мен ғылыми мақалаларын отандық қытайтану ғылымындағы елеулі үлес деп бағалауға болады. Ол 1995 жылы саясаттану ғылымы бойьшша «ҚХР-дың этникаралық қатынастарының реттелуі. Теория мен практика» деп аталған докторлық диссертациясын қорғап, осы зерттеудің негізінде «Национально-государственные строительство в КНР: Теория и практика» атты монографиясын жариялады [12]. Сыроежкин бұл ғылыми зерттеуінде Қытайдың ең көп ұлтты Шыңжаң ауданының хань емес аз ұлттарының арасындағы этникааралық қатынастарына, оның өткені мен болашағына теориялық терең сараптама жасайды. Сыроежкиннің редакциялық басқаруымен 1997 жылы жарық көрген «Современный Синьцзян и его место в казахстанско-китайских отношениях» атты ғылыми еңбек жарық көрді. Авторлар Шыңжаңның өткені мен қазіргі жағдайы, қоғамдық және саяси құрылымы, болашағы туралы ғылыми сараптаулар жасайды. Кітаптың Шыңжаңның қоғамдық құрылысы жайлы деректері мол, фактілермен дәйектелген ғылыми еңбек. Бұл еңбектің біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты екінші бөлімінің арнаулы тарауларынан, зерттеушілердің Шыңжаң халқының тарихына байланысты, ұлт-азаттық қозғалыстардың шығу себептерін түсіндіретін, қытайлық билік ету саясатына талдау жүргізген пікірлерімен танысуға болады. «Зорлықпен, күшпен таңған қытайлық мәдениет тұрғын халықтың этникалық санасына бәрібір өзгеріс енгізе алмады, қайта кез-келген мүмкіндік туган кезде сепаратистік пиғылдарын ашық көрсете білді» деген ғалым Сыроежкиннің тұжырымдары құптарлық. Ғалымның 2003 жылы, жақында ғана жарық көрген «Мифы и реальность, зтнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азии» атты көлемді зерттеу еңбегінде Шыңжаңның тұрғын халқының негізгі бөлігін құрап отырған ұйғыр халқының сепаратистік пиғылының түп тамырына терең тарихи талдау жасай келе, автор қазіргі таңдағы халықаралық жағдайда бұл саясаттың қаншалықты қауіпті зардаптарға әкелуі мүмкін екендігіне ғылыми тұрғыдан бағамдап, авторлық пікірлерін білдіреді.

     1930-1940 жылдардағы Шығыс 
Түркістан Республикасын құру жолындағы Шыңжаң халқының 
ұлт-азаттық қозғалысы туралы қазақстандық тарихшы ғалымдар 
өз зерттеулерін жүргізіп, зерделі пайымдауларын, өткір 
пікірлерін білдіріп, Шыңжаң мәселесінің зерттелуіне елеулі үлес 
қосып отыр. Бұл өлкенің тарихының әртүрлі мәселелерін, 
тарихи аспектілерін өз зерттеу еңбектеріне төмендегі отандық 
ғалымдар арқау еткен: К.Нүрпейіс, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, 
Б.Аяғанов, К.Ш.Хафизова, А.Ш.Қадырбаев, Ж.Қасымбаев, 
Д.Исиев, Н.А.Алдабек, К.А.Сутеева, С.Кожирова, Г.М.Меңдіқұлова, Ж.Самитұлы, Т.Зәкенұлы, Г.Ахметбекқызы, Н.Мұхаметханұлы [13].

     Цин дәуірінің тарихи қүжаттарын аударудағы қазақстандық алғашқы қытайтанушы ғалым К.Ш.Хафизованың зерттеу мақалалары мен монографиялық еңбегі жаңа дәуірдегі Орталық Азиядағы Қытай дипломатиясының принциптері мен тарихына, цин дипломатиясының қазақтарға қатысты ұстанған принциптеріне арналып, автор зерттеулерінде қытай деректері негізінде қытай дипломатиясының мәселелеріне талдау жасай отырып, Қытайдың Орталық Азия халықтарына қолданған саясаттарының мазмұнына, әдіс-айласына, стратегиясы мен тактикасына тоқталады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым Жанұзақ Қасымбаев өзінің бірқатар зерттеу мақалалары мен монографиялық еңбегін орыс-қытай сауда байланыстары мәселелеріне, соның ішінде Қазақстан жері арқылы өткен керуен саудасының тарихына арнаған. Автор бай мұрағат құжаттары арқылы керуен саудасының Қазақстан үшін де маңызы зор болғандығын нақты фактілер арқылы дәлелдейді.

     Д.Исиев  пен К.А.Сутееваның еңбектері XIX ғасырдың екінші жартысындағы Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың қытай билігіне қарсы болған көтерілістерінің мәселелеріне, Жетішар мемлекетінің тарихына, Шыңжаңның халқының қытай билігінен қашып, жаппай Қазақстанға қоныс аудару мәселелеріне арналған. Цин империясының көтерілісті басып-жаныштаудағы қатал саясаты көрсетіліп, жергілікті халықтың азаттық күресіне талдау беріледі. Бұл еңбектерде Ресейдің саясаты марксистік методология тұрғысында көрсетіліп, оның шынайы сипаты ашылмайды, тек Қытайдың Шыңжаң халқы жөніндегі ұстанған саясатына үстірт, біржақты жалпылама баға беру орын алған.

     Шыңжаңдағы  орыс-қытай сауда байланыстар  тарихына арналған Н.А.Алдабектің зерттеу мақалалары мен монографиясында ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы орталықазиялық аймактағы Ресей мен Қытайдың сауда-экономикалық байланыстары тарихы, осы аймақтағы халықаралық қатынастар аясында талданады. Автор «Тарихы талқыға толы Шыңжаң» атты монографиясында Шыңжаңдағы мұсылмандардың антициндік көтерілістеріне жан-жақты талдау жасайды [14].

     Қытай елінен қайтадан елімізге оралып, қазақстандық тарих ғылымына өз үлестерін қосуға ұмтылған қандас бауырларымыз - Жақсылық Сомитұлының, Нәбижан Мұхаметханұлының, Тұрсынхан Зәкенұлының, Гүлжан Ахметбекқызының ғылыми мақалалары мен монографиялық еңбектерінде Шыңжаң өлкесін мекендеген қазақтардың тарихы, олардың ұлт-азаттық күрестері мен қоғамдық өмірі зерттелді. Бұл еңбектердің құндылығы -қытай тіліндегі деректік материалдар мен зерттеу еңбектердің, Шыңжаңдық ұлттық зерттеушілердің, ондағы оқиғалардың куәгерлерінің естелік материалдарын авторлардың кеңінен пайдалануында. Бұл авторлардың еңбектері арқылы Қытайдағы қазақтарға қатысты Қытай үкіметтерінің жүргізген үстемдік саясаты туралы мәліметтерді ала отырып, өлкедегі Қытай мемлекетінің саясатына тереңірек үңілуге мүмкіндік туды [15].

     Зерттеу жұмысын жүргізу барысында интернет материалдарын да пайдаланғанымызды айтып өткен жөн. Интернет сайттарындағы Шығыс Түркістан тарихына, Ресей-қытай байланыстарына, Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар тарихы мен ұлттық мүдделер мен халықаралық қатынастар теориясына қатысты материалдарды кездестірдік. Бірақ, интернет материалдарының авторлары көп жағдайда көрсетілмейтіндіктен және авторлары болса да, ғылыми дәрежесі көп жағдайда талапқа сай келмейтіндіктен, материалдарды пайдалану барысында сын көзбен, жоғары талап қоя отырып, пайдаландық.

     Сонымен, қорыта айтқанда, бұл зерттеу объектісі  бойынша бірнеше жүздеген зерттеу еңбектер ағылшын, орыс, қытай, қазақ, ұйғыр тілдерінде жарық көрді, бірақ олардың барлығына тән сипаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • олардың әрқайсысы тым нақты тақырыпқа арнапып, немесе бұл мәселенің «шектеулі» кезеңдері мен «шектеулі» аспектілеріне, немесе екі елдің арасындағы мемлекетаралық қатынастарының жалпы мәселелерін қарастыруы.
  • Шыңжаңдағы Қытай үкіметтерінің ұстанған саясаттарына жүйелі талдау жасалмады, антициндік мұсылмандар көтерілісі объективтік тұрғыдан кешенді түрде зерттеліп, кең сараптама жүргізілмеді.

     Зерртеу объектісі. Жалпы алғанда, ХІХ  ғасырдағы Шыңжаң өлкесіндегі мұсылмандардың көтерілісінің тарихына, себебіне, мақсатына, сипатына,  барысына жан-жақты обьективті түрде талдау жасау, оның негізгі нәтижелерін көрсету біздің дипломның негізгі зерттеу обьектісі болып табылады.

     Зерттеу пәні. ХІХ ғасырдағы Шыңжаңдағы антициндік мұсылмандар көтерілісін жан-жақты жүйелі түрде зерттеп, обьективті тарихын айқындау.

Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі