Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.
КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18
1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18
1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22
2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39
2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39
2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46
ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..
Мәселенің Кеңес заманындағы тарихнамасы. Кеңес дәуірінің екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жазылған тарихи еңбектерінде патшалық Ресейдің жүргізген саясаты өткір сынға алынып, оның сыртқы саясаттағы отаршылдық, басқьшшылық әрекеттері әшкереленіп отырды. Мысалы патшалық Ресейдің Қытаймен арадағы және Шыңжаң өлкесіндегі саясатының мақсатын ашып көрсеткен С.Н.Ростовскийдің «Царская Россия и Синьцзян в XIX-XX вв.» атты зерттеу еңбегін атауға болады. Автор патша өкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкерелей отырып, Шыңжаң өлкесіндегі Ресейдің ықпалының өсуіне кедергі болған себептерге тоқталады. Ресейдің Шыңжаңдағы басқыншылық саясатының мақсатына, патша өкіметінің Англиямен Орталық Азиядағы үстемдік ету жолындағы бәсекелестік күресіне назар аударады. Ростовскийдің бұл зерттеуінен патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының шынайы бейнесін көруге болады. Өкінішке орай, соғыстан кейінгі жылдардан бастап, бұндай шындық фактілерге негізделген, патша өкіметінің саясатын әшкерелейтін еңбектер азайды [2].
Орыс ғалымы П.И.Фесенконың Шыңжаңның тарихына арналған «История Синь-Цзяна» атты монографиялық еңбегі 1935 жылы жарық көрді. Аталмыш зерттеудің деректік негізінің тапшылығына, автордың саяси талдауларының таяздығына қарамастан, ресейлік ғалымның Шыңжаң тарихына арналған бұл туындысы осы өлкені жүйелі түрде сипаттауға талпынған алғашқы зерттеу еңбек ретіндегі өзінің маңыздылығын әлі күнге дейін сақтап келеді [3].
Қытай
мемлекетінің ертеде «Батыс аймақ» деп
атап келген
Шыңжаң жерімен байланыстарына, қытайлық
императорлық
саясаттың, «қытай-варвар» концепциясының
мәніне талдау
жасамайынша, қытайлық сыртқы саясатты
түсіну мүмкін емес.
Қытайдың «Батыс аймақ» туралы түсініктерінің
қалыптасуы
мен онымен байланыстарының тарихына,
Қытайдың ресми
сыртқы саясат доктринасы мен оның іске
асырылуы мәселелеріне арналған зерттеу
еңбектерге ресейлік ғалымдар — А.А.Бокщаниннің,
Л.А.Боровкованың, Л.И.Думанның, Л.С.Васильевтің,
К.В.Васильевтің, С.Н. Гончаровтың,
М.В.Крюковтың, Ю.Л.Крольдің,
Қытайдың Орталық Азия елдерімен байланыстарының тарихын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан орыс синологы Якинф Бичуриннің еңбектерінің аса маңызды екендігі бізге мәлім. Алғашқы синологгардың барлығы дерлік Бичуриннің еңбектері арқылы тұңғыш рет Қытайдың Азия елдерімен байланыстары туралы мағлұмат алғандығын атап айтады. Бичурин шығармалары Қытай мемлекетінің Орталық Азия халықтарымен байланыстары туралы құнды мәліметтерімен ерекшеленеді және ол сонысымен маңызды.
Шығыс Түркістан мен Жоңғария жерлерінің және ондағы мекендейтін халықтардың, көне заманнан бері, Қытайға тәуелділігі, олардың жерінің Қытайдың бөлінбейтін бөлшегі екендігін дәлелдеуге тырысқан, қытай тарихнамасында берік орын алған қытай ғалымдарының дәйектеріне жауап ретінде, ресейлік және ортаазиялық ғалымдар осы қағиданың негізсіздігін айқындайтын, тарихи фактілерге бай, ғылыми еңбектерін жариялады. Өзбек зерттеушісі М.Кутлуковтың Орта Азия халықтарының Қытаймен ежелгі дәуірдегі және орта ғасырлардағы байланыстарының тарихына арналған бірнеше зерттеу мақалалары Орта Азия халықтары мен Шығыс Түркістанның тарихи байланыстары, этникалық және діни ортақтығы мәселелеріне арналып, олардың Қытай елімен байланыстарының қаншалықты дәрежеде болғандығы нақты дәлелдермен көрсетіледі [5]. Дәл осындай сипаттағы, Б.А.Литвинскийдің редакциялық басқаруымен 1984 жыл Мәскеуде шыққан «Восточный Туркестан и Средняя Азия. История. Культура. Связи.» атты көлемді зерттеу еңбек Шығыс Түркістан халқының этномәдени қауымының тарихы мен сыртқы байланыстарының тарихынан мәлімет береді. Шығыс Түркістанның Қытаймен байланыстарының сипатына талдау жасай отырып., зерттеушілер, олардың Қытайға ешуақытта толық тәуелділікте болмағандығын бұлтартпас фактілермен бекемдейді [6].
Шығыс
Түркістан мен Жоңғарияның
Л.Ходжаевтың «Цинская империя, Джунгария и Восточный Туркестан» атты монографиясында XIX ғ. екінші жартысындағы Шыңжаңдағы ұлт-азаттық қозғалыстың шығу тарихын талдай отырып, Цин билеушілерінің екінші рет өлкені қайта жаулау саясатына объективті баға береді. Қытай, орыс тіліндегі деректермен шектелмей, ұйғыр тіліндегі деректерді де кеңінен пайдалану ұлт-азаттық қозғалыстың мақсатын әділетті, шынайы тұрғыдан сипаттауға мүмкіндік берген. Шыңжаң халқының азаттық жолындағы күресінің нәтижесінде дүниеге келген Жетішар мемлекетінің құрылуының объективті себептерін аша келе, автор «елдің бір орталыққа бірігуі оның қайта түлеуіне, экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне жол ашқан еді» дей келе, «өлкені маньчжур-қытай басқыншыларының қайта жаулап алуы, оны жаулау барысындағы орасан зор адам шығындары, өндіргіш күштердің, тарихи ескерткіштердің күйреуі халықтың өркендеуінің жолын кесті» деген пікірін білдіреді [7].
Академик В.П.Васильев Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды жаулап алу саясатын кең ауқымда қарастырады. Жоңғарияның аймақтағы ең түйінді стратегиялық территория болуына байланысты, Цин империясы бұл жерлерді басып алу арқылы бүкіл Шығысқа мәңгілік үстемдік жасауды және өзінен Батыс жағында жатқан көршілерін өз ықпалында ұстау мақсатын көздегендігін айтады [7]. Л.И.Думан өзінің мақаласында Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістан жерлерін жаулап алуы оған үлкен экономикалық пайда әкелгендігіне және соның нәтижесінде, моңғолдарға, тибеттіктер мен орта-азиялық халықтарға бағытталған саясатына тоқталады [7].. Думан сондай-ақ, Цин империясының алыстағы батыста әскери бекініс жасап алып, Орталық Азияға енуін жалғастырып, қазақ және қырғыз халықтарының да тағдырына қауіп төндірді дейді.Л.И.Думан Цин империясының басқыншылық саясатындағы стратегиялық императивке ерекше назар аударады.
Ресейлік
зерттеушілердің жарыққа
Ресей мен Қытайдың сауда-экономикалық байланыстары тарихына ресейлік зерттеушілер В.С.Кузнецовтың, М.И.Сладковскийдің, қазақстандық ғалым Ж.Қасымбаевтың және Н. Алдабектің монографиясы, бірқатар зерттеу еңбектері арналған. Бұл еңбектерде олардың Шыңжаң өлкесіндегі сауда-экономикалық байланыстары және өлкедегі екі мемлекеттің экономикалық саясаттары туралы да біраз мәліметтер қамтылған [9].
Қытайдың Шыңжаңдағы жүргізген экономикалық саясатының тарихы Л.И.Думан мен В.С.Кузнецовтың арнайы зерттеу еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Цин империясының экономикалық саясатының әр қыры жан-жақты талданып, «Шыңжаңның табысын Шыңжаңның шығына жұмсау» деген принципінің жасалу себептерін, өлкедегі Қытай билігін сақтап қалудың қаншалықты экономикалық шығынмен жүргенін, әскери және әкімшілік аппаратты ұстап тұру үшін кеткен орасан мол мөлшерде қаржыны жергілікті бюджет есебінен толтырмақ болып, цин үкіметінің жүргізген ақша қатынастары, аграрлық сауда мәселелері туралы шараларының мазмұнына талдау жасайды. Шыңжаңды империя құрамында ұстап қалу жолында әрекет еткен цин билеушілерінің отаршылдық саясатына сипаттама береді. В.С.Кузнецов — цин үкіметінің Шыңжаңдағы XIX ғасырдың бірінші жартысында жүргізген экономикалық саясаты еш нәтиже берместен, жергілікті халықтың әл-ахуалының одан әрі нашарлауына себеп болып, нәтижесінде Шыңжаңда 60-70—жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына әкелді, — дейді [9].
Шыңжаңдағы 1864-1878 жылдардағы мұсылман халықтардың Қытай билігіне қарсы ұлт-азаттық кетерілісі тарихына әлемдік қытайтанушы ғалымдар өз еңбектерін арнады. Шыңжаңдағы дұңған-ұйғыр көтерілістерін XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастардың маңызды факторы ретінде қарастырған орыс ғалымы, академик А.Л.Нарочницкийдің көлемді еңбегін айтуымыз керек[10]. Автор сол кездегі барлық мүмкін болған орыс тіліндегі деректерді пайдалана отырып, XIX ғ. екінші жартысындағы Қытай мен шетелдік державалардың арасындағы қарым-қатынастар тарихына тоқталады. Бірақ автор бұл халықаралық байланыстарды сипаттауды, таза марксистік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Дегенмен, бұл зерттеу жұмысы фактілер мен деректік материалдарға мол еңбек екендігімен құнды.
Мәселенің Қытай Халық Республикасы тұсындағы тарихнамасы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін, қытай тарихшылары тарихты жазуда жаңаша көзқарастарды қалыптастыруға қадам жасай бастайды. Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға байланысты, Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар, Қытайдың бұл аймақпен байланыстар тарихы, Шыңжаңдағы орыс-қытай қатынастары, Шыңжаң халқының ұлт-азаттық қозғалыстары сияқты ауқымды мәселелерді қамтыған зерттеу еңбектерді осы мәселелерге байланысты бірнеше топтарға белуге болады. Қытай зерттеушілері ҚХР-ның тарих ғылымының ұстанымдарын орыс-қытай қатынастарының мәселелері мен екі елдің байланыстарының нақты мәселелерін зерттеуде негізге алады.
Орыс-қытай қатынастары тарихын зерттеген кезде, кез келген зерттеуші ғалым бұл қатынастардың сипатына баға беруде, яғни бұл қатынастардың, қол қойылған келісім-шарттардың тең немесе тең емес деп сипатын айқындауға байланысты туындайтын маңызды мәселеге тап болатыны сөзсіз. Қытай тарихшылары Нерчинск және Буринск келісім-шарттарынан басқа, барлық орыс-қытай келісімдерінің барлығы патшалық Ресейдің Қытайға күшпен таңған әділетсіз келісім-шарттары деп есептейді. Қалай дегенмен де, ғылыми методологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, орыс-қытай қатынастарын Қытай үшін әділетсіз деп сипаттайтын қытайлық концепцияға басқаша фактілермен қарсы жауап беріп, өз позицияларын сақтауға тырысқан орыс тарихшыларының ресейлік концепциясының да өмір сүруге құқы бар. Себебі екі концепцияның артында екі елдің арасындағы байланыстарды сипаттайтын бай тәжірибелер мен нақты фактілік материалдар жеткілікті.
XX ғасырдың 60-жылдарына дейін, қытай тарихнамасында Шыңжаңды екінші рет жаулап алу тарихын цин империясының баскыншылық саясаты ретінде бағалап, маньчжурлардың жаулаушылық саясатын қатал сынға алған Шан Юэ, Фань Вэньлань, Люй Чжэнъюй еңбектерінде Цин империясының сыртқы басқыншылық саясатын дәріптеуден аулақ, қайта цин әскерлерінің жазалау жорықтарының сипатын әшкерелеген, аймақтағы Цин үстемдігін орнату кезеңінде жергілікті халықтың наразылығын аяусыз басып жаныштаған маньчжур-цин әскерінің қатігездігін батыл айыптаған пікірлер басым болды [11].
Мысалы белгілі қытай тарихшысы Люй Чжэнъюйдің 1951 жылы жарық көрген «Қытай халықтарының қысқаша тарихы» атты зерттеу еңбегінде цин билеушілерінің ұлтшылдық саясаты сынға алынып, маньчжурлардың қытай халқы мен басқа ұлт өкілдеріне үстемдік жүргізу саясатының кесірінен халықтың наразылық әрекеттерінің күшеюін көрсете отырып, қытай халқы мен мұсылман халықтардың арасына от салып, оларды бір-бірімен өшіктіруі XIX ғ. 70-жылдарындағы көтеріліске әкелген шындықты бұрмаламай, турасын айтады. Дәл осындай көзқарастағы пікірді қытайлық зерттеушілер Чжу Вэнь Чжанның, Го Индэннің зерттеу еңбектерінде кездестіреміз [11]. Олар Цин империясының басқыншылық саясаты туралы объективті шындықты жазып, Шыңжаңды екінші рет қайта жаулау жорығын жүргізген Цзо Цзунтанның қатыгездік жорықтарын фактілермен ашып көрсетіп, оған «баскесер, бүлікшіл» деген ат қойған болатын.
Қытай тарихнамасындағы 60-шы жылдардағы саяси бетбұрыс кезеңнің басталуына орай, бұндай меселелерге арналған еңбектерде енді Цин империясының саясатын әшкерелеу бәсеңдеп, тіпті, кейінірек, оны толығымен ақтау, мадақтау үрдісі белең алды. Цин империясының басқыншылық жолмен империя құрамына қосып алған жерлерін «ежелден бері Қытайдың бөлінбейтін бөлшегі» деп қарауға негізделген «жаңа принцип» басымдық алды. Қытай авторлары Цин империясының саясатын барынша ақтап, жергілікті халықтардың азаттық күресін сепаратистік бүлікшіл әрекет деп қарастырады.
Қытай тарихшысы Чжу Вэнь Чжанның ағылшын тілінде жарық көрген, Шыңжаңдағы 1862-1878 жылдардағы мұсылмандардың антициндік көтерілісін зерттеуге арналған еңбегінде цин империясының саясаты қарастырылып, ол жөнінде автор өз көзқарасын білдіреді. Зерттеушінің ойынша, Шыңжаңдағы, цин сарайының ғана емес, одан кейінгі Қытай үкіметтерінің, тіпті, ҚХР-дың да саясаттарының айқындаушы факторы - аймақтың саяси маңыздылығында. Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың көтерілісінің тез арада жеңіске жетуінің және Жоңғария мен Шығыс Түркістанның осы көтерілістің нәтижесінде, Цин империясының билігінен шығып кетуінің негізгі себептерін, автор, бұл өлкенің ішкі Қытайдан тым алыста жатқандығымен түсіндіреді. Қытайдың өлкедегі билігінің қайтадан қалпына келуі, оның ойынша, Пекиннің бұл маңызды аймақты жоғалтпауға бекінген жанкешті әрекетінің нәтижесі. Чжу Вэнь-чжан Солтүстік-батыс Қытайдың көпшілік бөлігінің шектен тыс кедейлігі, оған шөл далалар арқылы барудың қиындығы мен алыстығы бұл өлкенің оңай және тез бөлініп қала беруіне әкеліп отырды — деп жазады[11]. Қытай зерттеушісінің еңбегінде Шыңжаң халықтарының антициндік көтерілістерінің түпкі себептеріне, тәуелсіздікке ұмтылған халықтың азаттық күресінің жалпыхалықтық сипатына назар аударылмайды. Ол цин үкіметінің жергілікті халықтар жөнінде ұстанған басқыншылық саясаты жөнінде жақ ашпайды, көтерілістің мәнін айқындаушы әлеуметтік және экономикалық факторларды айтпайды. Бұл кезеңде жазылған қытайлық авторлардың зерттеулерінде Цин империясының басқыншылық саясатын керісінше ақтау, мемлекеттік, ұлттық мүдделерді қорғау, «Отанның біртұтастығын, бөлінбестігін сақтау» мақсатында жүргізілген, отансүйгіштік пиғылдан туындаған әрекет деп бағалау басымдық ала бастады.
Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі