Дебиторлық борыштар аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар аудитi.DOC

— 411.00 Кб (Скачать)

Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің мәліметтерінен алынды

   Жылдың  соңында қысқа мерзімді дебиторлық  борыштардың жалпы сомасының 84,5% (1568: 1856) құраған, оның ішінде аз ғана мерзімге – 3 сйға дейінгі 40,8%, 3 айдан 6 айға дейінгі 32,0%, 1 айдан 6 айға дейінгі 72,8%.

Жалпы сомадағы ұзақ мерзімді дебиторлық  борыштардың  үдес салмағы 15,5% (268:1856) құраған. Срндай-ақ өте ұзақ мерзімді борыштардың бар екендігі көрініп тұр. Жалпы дебиторлық  борыштың 35 мың теңгесін 1,9% және оның ұзақ мерзімді бөлігінің 12,2% ұүрағанына қарамастан, жақын арада өндіру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет, өйткені талап ету мерзімі бітуіне байланысты шаруашылықтың зиянына шығысқа шығарылып, табысының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

    Нақты  жағдайдарына байланысты борыштардың  басқа да аралық болу мерзімдерінің  қабылдануы мүмкін. Мұндай ақпараттардың  ұзақ мерзімге есеп айырысу  тәртібінің жалпы өсу бағытын, сондай-ақ  төлеу қабілеттілігі төмен төлеушілердің қатарынан өте жиі кездесіетін нақты сатып алушыларды да анықтауға мүмкіндік береді.

      Борыштардың қайтарылуының жинақталған көрсеткіші айналымдылығы болып табылады. Дебиторлық борыштардың өтімділік көрсеткіштері, нақты ақша қаражаттарына айналуын сипаттайтын жылдамдығы, яғни бұл да, сол айналымдылығы. Демек, дебиторлық  борыштың сапалық және өтімділік көрсеткіші оның айналымдылығы болуы мүмкін. Айналымдылық коэффициенті сатылған өнімнен (жұмыс, қызмет) табыстың (түсімнің) көлемінің орташа дебиторлық  борышқа қатынасы ретінде формула бойынша есептеліп шығарылады.            

                                                           Т

                                                К = ------       

                                                         Д

 

Мұнда: К - дебиторлық  борыштардың айналым коэффиценті;

             Т - өнім (жұмыс, қызмет) сатудан  табыс;

            Д – орташа дебиторлық  борыш.

  Бұл коэффицент  зерттеу кезеңінде қанша рет дебиторлық  борыштың айналатынын және түсетінін көрсетеді.    Дебиторлық  борыштың да айналым күніне есептеп шығарылуы мүмкін. Бұл көрсеткіш, оны қайтару үшін қажетті күндерінің орташа санын көрсетеді. Айналым коэффицентіне кезеңдегі күнінің санының қатынасы ретінде есептеліп шығарылады.

                       Т                                                                 Дс

       Да = Кұ -----                        немесе          Да = Кұ -----

                      Д                                                                  Т

 

Мұнда:  Дс – жылдың соңындағы орташа дебиторлық  борыштар сомасы;

               Т - өнім (жұмыс, қызмет) сатудан  табыс;

              Кұ – кезеңнің ұзақтығы.

     Аудитор кезеңнің соңындағы дебиторлық  борыштарының ең соңғы мәліметтеріне назар аударады. Дебиторлық  борыштардың айналым көрсеткіштері бірнеше кезеңдердің сала бойынша  орташа  шартта қаралған мәліметтерімен салыстырылады. Нақты айналымның шарттың жағдайын бойынша есептеп шығарылғанымен салыстыру сатып алушылардың уақтылы төлеу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты айналымның шоттағыдан ауытқу, борышкерден қайтаруды талап етудің нашар жүргізілгендігінің, жауапты тұлғалардың жүргізген жұмыстарына қарамастан, бұл сомаларды алудың қиынға түсуінің, сатып алушының қаржысының тапшылығының салдарынан болуы мүмкін.   Бірінші салдардың шаруашылықтың әкімшілігінің араласуымен түзетілуі мүмкін. Басқа екеуі дебиторлық  борыштардың сапасымен және өтімділігімен тығыз байланысты.

   

 

Қорытынды

 

   Бұл таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай ХҚЕС -на 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшіріп жатыр.

   «Қос Қанат» ЖШС –гі  ХҚЕС негізінде есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында ізденіс жасауда.

Есеп саясатың мақсаты: бухгалтерлік есеп операциялврын  орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шврувшылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза райда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыатастыру болып табылады.

    Ресми  түрде «Қос Қанат» ЖШС-нің есеп  саясаты мына жағдайларға байланысты  өзгертіледі:

    • Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;
    • Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;
    • Заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);
    • Меншік иесі мен жаңа бағыт ұсынған басшылардың өзгеруіне;
    • Активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және қаржы нәтижесі шеңберіндегі шеруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына:

• Қаржы құралдвры, оның ішінде дебиторлық берешек және несиелер (39-ХБЕС);

• Шетелдік компанияға инвестициялар (21-ХБЕС);

• Кейінгі қалдырылған  салықтар (12-ХБЕС);

• Резервтер (37-ХБЕС);

• НҚ мен материалдық  емес активтердің  құнсыздануы (36-ХБЕС);

• Кіріс (18-ХБЕС);

• Сыйақы бойынша  міндеттемелер (19-ХБЕС).

  Қазақстандық  бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру тек қана жоғарыда айтылған мәселерге ғана байланысты болмай, еліміздегі нарықтық қатынастардың тұрақты дамуына тығыз байланыста болған жөн. Біздер бір жағынан халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын, екінші жақтан Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын терең түсініп, отандық бухгалтерлік есеп мәселеріне баса пазар аударуымыз керек.

  Отандық  бухгалтерлік есепті жетілдіру  үшін ары қарай дамыту және  ХҚЕС негізіне қарай қолайлы  үйлесімді бағытқа салу үшін  төмендегі шараларды іске асырған  жөн:

    • ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесін барынша қарапайым және сенімді түрде көрсету:
    • мүмкіндікке қарай Қазақстандық ұйымдардың қаржылық жағдайын шетелдік компаниялардың қаржылық жағдайы мен салыстыру кезінде ұзақ мерзімді нарықтық қатынастарды шетелдік әріптестермен бірге құру.

   Есептің  берешек және алашақ қарыздар  объектісі бойынша  есеп саясатын  жасау үшін мына әдістерді:  күмәнді қарыздар бойынша резервті  құру, сатылған өнімдер, орындалған  жұмыстар, көрсетілген қызметтер  көлемінен пайыз құру, шоттарды  мерзіміне қарай төлеу әдістерін қолданылынады.

  Қоюшы ұйымдар  өз өнімдері мен тауарларын  жөнелтілген өнімдер т.б. үшін  ақшаның түсінетіндігіне толық  сенім білдіре алмай тәуекелшілікке  түсуі де мүмкін. Осыған байланысты  ұйымдар дайын өнімдері (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады.  Күмәнді қарыздарға белгіленген мерзімде жабылмаған (төленбеген) және заңдастырылмаған жағдайдағы берешектердің қарыздары жатады. Күмәнді қарыздарды жабу үшін резерв сомасын есептеуге екі түрлі қолданылады.

  Біріншісі,  сатылған өнімдер, орындалған  жұмыстар, көрсетілген қызметтердің  жалпы көлеміне қарай пропорциональды  пайыз құру әдісі бойынша өткен  кезеңдегі берешектер қарызын  талдау арқылы және берешектердің  сенімсіз қарыздары сомасы көлемінің жалпы берешектер қарызының ішіндегі пайыздық үлесін анықтау арқылы құрылады.

   Екіншісі, шлттарды мерзіміне қарай төлеу әдісі бойынша берешектер қарызын жабу дәрежесіне қарай классификациялық топтарға бөліп, күмәнді қарыздар бойынша болжау пайызын шығару арқылы шоттардағы сомалар төленіп отырады.

  Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы  жалпы теорияны негізге ала отырып, «Қос Қанат!» ЖШС –нің мәліметтерін мысал ретінде қолданып, толық, ашық   жасалынды.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi

 

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы » 2002жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 309-11заңы.
  2. ҚР ның Қаржы министрлігінің 18.09.2002 жылғы № 438 бұйрығымен (ҚР министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-11     Қазақстан Республикасының салық кодексі. (енген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге)
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 20 заң күші бар жарлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгерістері мен толықтыруларымен).
  5. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. –Алмвты, 1996-2004ж.
  6. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ.. Радостовец В.В., Шмид О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. –Алматы: 2002
  7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. –Алматы: Экономикс,2003

8. Назарова В.Л. Шаруашылық жургізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп -Алматы:  Экономика, 2004

9. Ә.Әбдіманапов.  Бухгалтерлік  есеп принциптері,  Алматы, 2001

10. Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп  теориясы, Алматы, 1998

11. Кеулимжаев  К.К. Финансовый учет на предприятии. – Алматы: Экономика, 2003.

12. Т.Ә.Әбдықалықов.  Бухгалтерлік есеп және аудит  –Алматы, Қазақ университеті, 2000

13. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.А.Жантаева. Қаржылық есеп. Алматы, 2001

14. Баймұханова  С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп . – Алматы: Қазақ университеті, 2002

15. Баймұханова  С.Б. Бухгалтерлік есеп . – Алматы: ИздатМаркет,2005

16. Тасмағанбетов  Т.А., Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А., Рабатов  О., Ьайболтаева П.Э., Радостовец В.К.  Қаржы есебі. Алматы: - Дәуір, 1998

17. Әбдіманапов  Ә. Бухгалтерлік есеп және қаржылық  есеп принциптері.  Оқулық, -Алматы, 2006

17. Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция.  Алматы,

Экономика, 2004

18. Дюсембаев  К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева  З.К. Аудит и аналаз финансовой отчетности. –Алматы: Қаржы-қаражат, 1998

19. Энциклопедия  общего аудита. –М.:Дело и сервис, 1999

20. Шишкин А.К., Микрюков В.А., Дышкант И.А. Учет, анализ, аудит на предприятии.  – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1996

21. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. –Алматы: Сөздік-Словарь, 1999




Информация о работе Дебиторлық борыштар аудиті