Дебиторлық борыштар аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар аудитi.DOC

— 411.00 Кб (Скачать)

    Мұндай  жағдайда аналитикалық есеп мынандай  мәселелерді қамтамасыз етуге  міндетті:

    • вексельдермен қамтамасыз кетілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарыныңтмерзімінде түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді;
    • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп  корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;
    • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімнің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының № 11 жорнал-ордердегі Бас кітаптағы және баланстағы жазудармен сәйкестігін;
    • талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарының дұрыс шығысқа шығарылғандығын.

    Аудитор  301 «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнетілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтердің құнын талап кту, құжаттарының уықтылы банк мекемелерінде қабылғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазулармен салыстырылып тексереді. Сатып алушылардің және тапсырыс берушілердің алдын ала сатушының есеп айырысу шотына аударылған аванстарының жабылып, айдың аяғында 301 шоттың дебетіндегі құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғандығына көз жеткізуі тиіс.

   Сатып  алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі – алынған вексельдер бойынша есен айырысу. Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан мұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.

  Сатып алушылармен  және тапсырыс берушілермен есен  айырысу үшін алынған вексельдермен   қамтамасыз етілген борыштарын 302 «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Вексель бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитіне IV Ақша қаражаттар бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін.

   Қарапайым  вексель бұл жасалған сауда-саттықтар  немесе орындалған жұмыстарды (қызметтер)  төлеу үшін бір жағының (вексель берушінің ), екінші бір жағына (вексель ұстаушыға) төлеу мерзіміне қарай белгілі бір соманы төлеуге жазбаша берген ақшалай қарызының міндеттемесі.

  Аудармалы  вексель (тратта) немесе беруші (трассант) жазады да, онда дебиторға (трассат)  вексельде көрсетілген соманы, үшінші  тұлғаға (ремитентке) немесе талап  етушіге төлеу туралы бұйрығын  көрсетеді.

  Бұл құжат борыштық  міндеттемеге айналып, төлеуші (транссант) төлеуге келісім бергеннен кейін ғана заңды күшке ие болады. Өтпелі белгінің (индкссамент) көмегімен әмбебеап несие есеп айырысу құжатының қызметін орындап, вексель бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

  Вексельдерді дисконттау олардың банкідегі есебін және қаржының айналымын елеулі жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексельді ұстаушының (индассамент) қатысумен төлеу мерзіміне дейін банкке өткізіп, банктің тәуелсіз дисконттының пайдасына есептелген пайыздың шығынын шегеріп тастап, вексельдік сомасын алады.

   Аудит  кезінде вексельдердің есебінің  түрлері төлеуші субъектінің  төлеу мерзімінің жетуі бойынша  борыштарды вексельдер арқылы  толтырудың негізделгендігін; алудан үмітін үзген немесе талап ету мерзімін өткізіп алған борыштарды, вексельдерді сатудан тыс зияндарына шығысқа шығарудың заңдылығын тексеру қажет.

 

2.3. Күмәнді борыштар резервтерінің есебінің аудиті

 

    Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күмәнді қарыздар резервтерінің шоттарындағы жтнақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек, күмәнді қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептеп шығарып жабу үшін жасалады.

  Күшіндегі салық жөніндегі заң актілерінде күмәнді қарыздар – бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөндірілмеген қарыздар ден көрсетілген.

    Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күмәнді борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланствн шығарылуын тексереді.

   Күмәнді  қарыздар бойынша резервтерді  құру, оларды жұмсау және олардың қозғалысы туралы ақпарат жинақтау үшін бухгалтерлік есептің типтік жоспарында 31 «Күмәнді борыштар бойынша резервтер» бөлімшесіеің дәл осылай аталатын 311 синтетикалық шоты қаралған.

   Жасалған  резервтің көлемі борышкерлердің қаржылық жағдайы (төлем қабілеттілігі) ескеріле отырылып, олардың қарызды тұтастай немесе бөліп төлеу мүмкіндіктерін бағалау арқылы анықталады.

   Жасалған күмәнді резервтер сомасына 821 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шотын дебеттеп, 311 «Күмәнді борыштар бойынша резервтер» шотын кредиттейді.

    Күмәнді  деп танылып, өтеу мерзімі біткен  дебиторлық борыштарды субъектінің  бвлвнсынан шығысқа шығарғанда 311 «Күмәнді борыштар бойынша резервтер»  шотының дебетінде 30,33,35 бөлімшелердің  тиісті шоттарының кредитінен көрсетеді.

   Күмәнді  қарыздарды жабуға жасалған резервтің  жұмсалмаған сомасына 821 шотының  дебетіне, 311 шотының кредитіне қызылдап  жазу әдісінің қолданылып, стороно  жасалып жабылғандығын тексереді.

  Жылдың соңында  жасалған резерв бойынша қалдық  тек қана ағымдағы жылғы күмәнді деп танылған дебиторлық борыштардың сомасынан тұратындығын тексеру қажет.       

  Жасалған резервтің есебінен субъектің шеккен басқада зияндарын жабуға жұмсалғандығын; егер орын алған жағдайда олардың заңдылығын, есепті жылдың соңында қалған қалдықтың негізділігін тексеру қажет.

     Аудиторлық  дебиторлық  борыштардың есебін тексерудің еншілес (тәуелді) серіктестіктердің    дебиторлық  борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларының дұрыс көрсетілгендігін және олардың есеп шоттврында регистрларындағы мәтіметтерінің Бас кітапқа және балансқа дұрыс жазылғандығын тексерумен ұштастырып жалғастырады.

   Еншілес  (тәуелді) серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық  борыштарының түрлері бойынша ақпараттарын жинақтау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының кестесінде 32 «Еншілес  серіктестіктердің       борыштары», 322  «тәуелді серіктестіктердің    борыштары»   және 323 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борыштары» синтетикалық шоттары қаралған.

  Бақылау  жүйесінің тетігін қолына ұстап,  көп салалы өндірісті дамытумен,  қызмет көрсету түрлерін кеңейтумен  айналысатын негізгі субъектіге, капиталды өте тиімді пайдалапуға,  шаруашылық есеп жүргізу бастамаларын  күшейтуге, еңбектің өнімділігін арттыруға, басқаруды тиімді ұйымдастыруға, өз мұқтаждықтарын жартылай фабрикаттармен, басқа да бұйымдарымен қамтамасыз етуге, шаруашылық ұжымдарын ауыл шаруашылық және тағы басқа да өндіріс салаларының өнімдерімен жабдықтауға мүмкіндік береді.

   Еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің     дебиторлық  борыштарын тексерген кезде, оларға ұзақ мерзімді түрінде салынған ақша –қаражаттай, материалдық-құндылықтай инвестицияларының жатқызылмағандығын анықтау қажет. Дебитордық борыштарға инвестицияоардан тыс ақша-қаражаттар, дайын өнім, тауарлы материалды құндылықтар берілген құндылықтар  бойынша есеп айырысулар жатады.

   Аудитор  еншілес (тәуелді) серіктестіктердің    және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың дебиторлық борыштарының  аналитикалық есебінің тізімдемеде немесе машинажазбаларда жазу операциялары көп, ірі субъектілерде № 280 үдгідегі дебетіндегі негізгнде дебиторлармен және несие берушілермен есеп айырысу карточкаларында жүргізіогендігіне көз жеткізіп, анықтауға тиісті.

  Айдың басындағы  және қалдақтарының және айлық айналымның карточкада жинақталып, Бас кітапқа жазылатын тізімдемеге немесе машинажазбаға қондырылғанына бақылау жүргізіп, оларға қоса тіркелген шаруашылық онерацияларын растайтын құжаттарын тексереді.

      Еншілес (тәуелді) серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық  борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарымен қатар, несиелік борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының 64 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несие бойынша қарыздар» бөлімшесінің шоттарында (641-643 шоттар) серіктестіктерден алынған шикізат, дайын өнім, басқа да материалдық  құндылықтардың құны оларға осындай және басқадай түрде берілген тауарлы- материалдықтардың құнына өзара жатқызу туралы екі жақты келісімді растайтын хаттамамен танысып, бухгалтерлік есепте айырбастау операциялары сияқты көрсетілгендігін анықтау қажет.

     Дебиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудитордан баланстың «Басқа да дебиторлық борыштар» бабына ерекше назар аударуды талап етеді.  Бұл аталған бап бойынша жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтары бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындк қаралған 33 «Басқа да дебиторлық борыштар» бөлімшесінің мынандай сиететикалық шоттарында көрсетіледі:

    • 331 «Орын толтыруға тиісті қосылған құн салығы»;
    • 332 «Есептелген сыйақылар»
    • 333 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары»
    • 334 «Басқа да борыштар»

  Бұл аталған  дебиторлық борыштарды аудитор  жеке-жеке тексеруге тиісті. Орын  толтыруға тиісті қосылған құн  салығына тексеру жүргізгенде  аудитор мына мәселелерді анықтап, алуға тиісті:

    • баланста көрсетілген мәліметтері мен Бас кітаптағы және есеп регистрларындағы мәліметтерінің сәйкестігін;
    • жабдықтаушылар мен мердігерлерден сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қвзметтер үшін ақы төлеген (төлеуге келісім берген) шоттар бойынша қосылған құнға салынған салықтың көрсетілгендігін;
    • қоймаларға құндылықтардың нақты түсуіне қарай (атқарылған жұмысты көрсетілген қызметі қабылдау) кіріске алынып, 331 шотының дебетінде көрсетілген ҚҚС сомасы, осы шлттың кредитінен 663 «Қосылған құн салығы» шотының дебетінде шот-фактураның негізінде жазылғандығы;
    • қоймаға түспеген және кіріске алынбаған материалды  құндылықтарды қабылдау актісі бойынша қабылданбаған, атқарыдған жұмыстар және қызметтердің акцептелген (төлеуге келісім берген) шот-фактуралары бойынша 331 шоттың дебетіне жазуларының жазылғандығын.

     Аудитор Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес бухгалтерлік есепте және салық есебінде есептеу әдісін қолдану ережелерінің сақталуына назар аударуға тиіс.

  Есептелген сыйақының есебінің аудиті. Аудитор 332 «Есептелген сыйақылар» шотында жинақталған ақпараттармен танысып, олар қандай аралық шоттар арқылы жүзеге асырғандығын тексереді.  Есептелген сыйақы бойынша дебиторлық борыштарының құрылымын анықтап, оларға талдау жасап, 332 шотының дебетінде жазылған алынуға тиісті пайыздың үстеме сомасвнвң 724 «Акциялар бойынша дивидендтер және сыйақы түріндегі табыстар» шотының кредитінде көрсетілген сомамен сәйкестігін тексереді. 332 шотының дебетінде көрестілген есептелген сыйақылардың ақша-қаражаттар бөлімінің тиісті шоттарына уақтылы келіп түскенін анықтау қажет.

    332 «Есептелген  сыйақылар» шотының аналитикалық  есебінің, займ алушылар, вексель  ұстаушылар, жалға алушылар  және т.б. шаруашылықтар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған пайыздық қарыздарды айналым ведомостіне ұқсас тізімдемеде, машинажазбаларда жүргізілгендігін анықтау қажет.

     Аудитор басқадай дебиторлық борыштардың елеулі үлесін құрайтын 333 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары» шотындағы шаруашыдық операцияларының дұрыс көрсетідгендігін тексеруге бесе незер аударуға тиіс. Бұл шотта жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың дебиторлық  борыштары туралы ақпараттарының есебін, есеп беруге тиісті әкімшілік, шаруашылық және операциялық шығындарына, қызметтегі іс-сапарларға берілген сомалар бойынша жүргізілген.

   Есеп беруге   тиісті сома деп шаруашылықтың кассасынан ұсақ шаруашылық шығындарына (қолма-қол есеп айырысусыз болмайтын әкімшіліе шаруашылық және операциялық шығындарына) және іс-сапар шығындарына субъектінің жұмыскерлеріне берілген ақшалай авансын айтамыз. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың аналитикалық есебін әрбір берілген аванс бойынша жүргізеді.

   Аудитор берілген авансы бойынша есепті, оған тіркелген құжаттармен, несие берушінің аванстық есепті бекіткен мәліметтерімен жинақ ведомостындағы жазуларын салыстырып жаппай тексеру жүргізеді. Ең алдымен авапстің кімдерге берілгендігін анықтайды. Іс-сапар шығындарына берілген аванстар тәртіп бойынша сол субъектіде жұмыс, қызмет істейтін тұлғаға берілуге тиісті.  Кейбір шаруашылықтардың жұмыс тәжірибесінде мұндай аванстарды жоғары тұрған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына берген жағдайларда кездесіп қалады.

   Аудитор авапстық кскпке тіркелген құжаттарының дұрыстығын, оларға төленген төлемдердің заңдылығын тексеріп, қажет болған жағдайда қарама-қарсы тексеру жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, аудитор есеп беруге тиісті сомалар бойынша операцияларына тексеру жүргізгенде мыналарды анықтауға тиісті:

Информация о работе Дебиторлық борыштар аудиті