Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 21:22, курсовая работа
«Материалдық емес активтер» Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және «Материалдық емес активтер есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес материалдық емес әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды, яғни жұмысты, көрсетілген қызметті өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
анықтауға болады;
субъект бақылайды;
қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
белгі-өлшемдерге сәйкес келеді және мынадай жағдайда есепке тіркеледі:
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ ТҮСІНІК-------------------------6
1.1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы---------------6
1.2 Материалдық емес активтердің түрлері--------------------------------------9
Материалдық емес активтерді есепке алу---------------------------------17
ІІ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ---------------------------------------------------------------------------------------22
2.1 Материалдық емес активтердің есебі---------------------------------------22
2.2 Материалдық емес активтерді түгелдеу ----------------------------------25
2.3 Аналитикалық және синтетикалық есептер және шоттар--------------27
ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------32
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ
ТҮСІНІК-----------------------
1.1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы---------------6
1.2
Материалдық емес активтердің түрлері-----------------------
ІІ.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС
АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ
ЕСЕБІ-------------------------
2.1
Материалдық емес активтердің
есебі-------------------------
2.2
Материалдық емес активтерді
түгелдеу ---------------------
2.3
Аналитикалық және
ҚОРЫТЫНДЫ
------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
«Материалдық емес активтер» Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және «Материалдық емес активтер есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес материалдық емес әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды, яғни жұмысты, көрсетілген қызметті өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
-
субъектінің осы активке
- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
-
материалдық емес активтерді
тану сәтінде олардың бастапқы
құн бойынша бағаланғандығында.
Материалдық активтің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.
Материалдық емес активтерді анықтау және тақырыпты зерттеу барысында мынадай мақсат – міндеттер қойылды:
Активтерді бухгалтерлік есептеу есептік тіркемелердегі активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының, сондай-ақ әрбір обьектінің (заттың, заттар тобыны талуына және дұрыс пайдаланылуын бақылаудың кц тұрғыдан дұрыс рәсімделуін және уақытында көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Активтерге
мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер
(жер бөліктері, ғимараттар, құрылыстар,
көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты,
жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтірілмеуі
мүмкін емес, басқа обьектілер), көлік
құралдары, жабдықтар, өндірістік және
шаруашылық құрал-саймандар, ересек жұмыстық
және өнім беретін мал, арнаулы құрмандар,
өзге активтер.
Активтерге
сондай-ақ жерді жақсартуға аралған
құрылымдар (суландыру, құрғату, ирригациялау
және басқа заттар) және жалға алынған
ғимараттар, құрылыстар және активтерге
жататын басқа да активтер.
Көпжылдық ағаштарға, жерді жақсартуға арналған күрделі салымдар жыл сайын, бүкіл жұмыстар кешенінің аяқталуына қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты шығындардың сомасында активтердің құрамына енгізіледі.
Жалға
алынған активтерге жұмсалған курделі
шығындар, егер жалдау шартында өзгеше
көзделмеген болса, іс жүзіндегі шығыстардың
сомасында жалға алушылардың меншікті
активтер қосылады.
Мыналар активтерге жатпайды және арзан құнды және тез тозатын заттардың құрамында бюджеттік ұйымға есептеледі:
а)
құнының қаншалығына қарамастан, бір жылдық
ұсталған еңбек құралы;
б) кітапханалық қорлар мен мұражай құндылықтарының бөленген тәртіп бойынша есептелетін экспонаттардан басқа төлемінің экспонаттарын, сахналық-қойылым құралдарын жобалар жөніндегі құжаттарды және олардың құнын қарамастан, колданылу мақсаттарына және орындайтын жұмыстарына байланысты пайдалану мерзімі, табиғаттық құрамы бойынша активтерге жататын басқа да еңбек кұралдарын қоспғанада, олардың қызмет еткен мерзіміне қарамастан, сатып алу құны бойынша бірлік өлшемінің 40 мәрте есептік көрсеткішіне дейінгі құны бар, еңбек құралы;
в) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім;
г) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, бюджеттің есебінен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері және басқаларға арналған формалық киімге аяқ киім;
д) орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын, уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар;
е) құны "б" тармақшасында белгіленген сатып алу және жасау құны бойынша лимиттің шегіндегі, қоймалардағы материалдық құндылықтарды сақтауға немесе технологиялық процестерге арналған ыдыстар;
ж) малдың төлдері және бордақыдағы малдар, құстар, үй қойлары, терісі бағалы аңдар, ара әулеттері, сондай-ақ есептегі бар;
з)
егуге арналып питомниктерде өсірілген
көпжылдық көшеттер.1
І. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ ТҮСІНІК
1.1
Материалдық емес активтер
және олардың сипаттамасы
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатка және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда онын экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдыктың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін — дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) — қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған қарамастан, материалдықта, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы кызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мұмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді. Мысал, Жоғары радиациялық (сәуле шашатын) зонада орналасқан фармацевтикалық "Феникс" кәсіпорны дәрі-дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық "Бота" фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.
Компанияның келешектегі экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:
- сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай-ак өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда әкелетіндігіне толық сенім болса;
- препарат өндіру үшін компания басшылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ол оның бизнес-жоспарында көрініс тапса;
- кредиторлардың, жасалған келісім-шартқа сәйкес, қаржылық және басқа да қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.
Субъекті кей жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей-ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол баска субъектінің айналысуына тиым салады.
Материалдық
емес активтерге: лицензиондық келісімдер,
компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз
етулер, патенттер, авторлық құқықтар,
тауар белгілері, қызмет ету белгілері,
фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстар және т.б.
1.2
Материалдық емес активтердің
түрлері
Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4-топқа бөлінеді.
1.
Өндіріспен байланысты
Бұл
топқа "ноу-хау", ЭЕМ мен мәліметтер
базасын бағдарламалық
Кең мағынасында "ноу-хау "техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лииензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма-қол" тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын "ноу-хаудың," құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.