Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 18:56, курсовая работа
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.
Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................
Осы келісім-шартта, клиентке құқын өзіне қайтып беру мәселесі де айтылады, яғни регресс құқы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің құны көрсететін қызметтің түріне, қаржылық жағдайына және т.б. факторларына тәуелді болып келеді. Мысалы; «Қос қанат» ЖШС «Эверест плюс» ЖШС –на 326250 теңгеге тауарды беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы жеткізіп берген тауарына толық төлемін алу үшін «Қос қанат» ЖШС факторинг компаниясымен келісім шартқа отырады.
Келісім
шарттың жағдайы бойынша
Факторинг
келісім шарты бойынша
Енді шоттар
корреспонденциясын жасап
Жабдықтаушы-кәсіпорында («Қос қанат» ЖШС)
«Қос қанат» ЖШС, «Эверест плюс»
ЖШС-ке тауарды
жөнелтті:
өзіндік құнына
- келісімшарттың құнына
- ҚҚС (15%)
2. Қаржылық агенттен жөнелтілген
тауардың 80% алынды
3. Қаржылық агентке көрсеткен қызметі
үшін, марапаттау сомасы шығысқа
жатқызылды
4. Қалған 20% қаржылық агенттен
алынды, бірақ осы сомадан марапаттау
сомасы шегерілді (326250х20%-6199) 59051 441 687
5. Қарыздары зачет жасалды 326250 687 301
Қарыз кәсіпорын («Эверест плюс» ЖШС)
тауар «Эверест плюс» ЖШС-ке тауар түсті:
- тауар құнына
- ҚҚС (15%)
2. Қаржылық агенттің талап еткен сомасы,
алынған тауар
үшін төленді
3. Қарыздары
зачет жасалды
Қаржылық агентте
1. Факторинг келісім шарты бойынша
«Қос қанат» ЖШС-гі қарыз сомасының
80% аударылды
2.Факторингі бойынша марапаттау сомасы
есептелінді (326250х1,9%)
3. «Эверест плюс» ЖШС-тен талап
етілген қаржы сомасы алынды 326250 441 687
4.Факторинг келісім шартының жағдайы
бойынша Қаржылық агентке 20% қалған
сомасы аударылды (бірақ бұл жерде
марапаттау сомасы шегерілді) 59051 334 441
5. Қарыздары зачет жасалды
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісім шарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Кеілісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісім-шартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітілген /фиксированный/ болып көрсетілуі мүмкін.
Тұрақты
баға келісім-шартта
Тұрақсыз
баға келісім шартқа отыру
барысындағы тұрақты бағаны
Вексель дегеніміз оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің еисіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Векселді толтырушы яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
ВЕКСЕЛЬ
100000 (жүз мың) тенге
Төленуге тиісті сома мөлшері
ВИТА фирмасы
Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты
13.12.2005 жыл
Төлену мерзімі
Қос қанат ЖШС
Вексель беруші ұйымның аты
Әділхан
Тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы
Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Вексельді пайдаланылуы барысындағы міндеттері:
Дебиторлық қарызды жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 302шотында және 301 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөленеді.
Жәй вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады. Жәй вексель борышкердің жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Айналым
үдерісі кезінде вексель бір
адамнан екінші адамға арнайы
тіркеліп жазылғаннан кейін
Аударылмалы вексель - /тратта/ кредитордың /транссангтың/ қарызкерге /трассатқа/ белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесес жеке тұлғаға /ремитентке/ төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналынады. Яғни оның жәй вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.
Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлуге болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құыныда төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі.
Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
302 шотта пайыздық
та, пайыздық емес те есептелінеді.
Пайыздық емес вексель бойынша қосымша шот ашылуы мүмкін.
2«Вексельдің алынған сомасынан марапаттау сомасынан шегерілген (дисконт)», 3 «Вексель бойынша марапаттау сомасы (дисконт)».
Алынған вексель бойынша марапаттау сомасы толық көлемінде, олардың алған кезінде келесі қалыпта көрініс табады:
1 кесте
Алынған вексельдер бойынша марапаттау сомасының көрінісі
Пайыздық вексель |
Пайызсыз вексель |
Алғашқыда, марапаттау сомасы, толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді | |
332 шоттың дебеті мен
611 шоттың кредиті бойынша |
302 шоттың 3 субшотының дебетінде мен 611 шоттың кредиті көрсетілінеді |
Содан соң, есепті кезең
барысында үоесіне сай | |
611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады. |
611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады. |
Ақпарат көзі: В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, 253 бет.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алуш кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде рәсіделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісім шарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар рәсімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар Мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.
Вексельдер эмитенттер бойынша: қазынашылық және жекеше.
Төлем түрі бойынша: жәй және аударылмалы.
Төлем кепілдігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.
Төлем тәртібі бойынша: мерзімдік вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді. Вексельдерді толтыру және рәсімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба яғни вексель деген жазу жазылып, оның ұсынылған күні мен орны, вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі қажет. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады. Ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыруы қажет. Аексельмен есеп айырысу есебі арнайы ” Алынған вексельдер” шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.