Дебиторлық борыштар аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар аудитi.DOC

— 411.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кiрiспе..............................................................................................................

 

1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................

2.1. Дебиторлық борыштар  есебiнiң мақсаты...............................................

2.2. Сатып алушылар мен  тапсырыс берушiлер борышының  есебi............

2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................

 

11 тарау. Дебиторлық  борыштар  аудитi.......................................................

3.1. Дебиторлық борыштар  аудитiнің мақсаты..............................................

3.2. Сатып алушылар мен  тапсырыс берушiлер борышының  аудиті...........

3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар  резерв есебінің аудиті..........................

 

Қорытынды..........................................................................................................

 

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.

     Есеп  беретін уақыттан кейінгі бір  жыл ішінде алынатын  /өтелінетін/  дебиторлық борыштар ағымдағы  активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:

    • ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық  /алдын ала төленген/ төлем;
    • тапсырылған  /берілген/  шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
    • ұйымның лауазымды адамдарының  /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
    • басқадай дебиторлық борыштар.

         Кәсіпорынның балансындағы алынған  вексель деп аталатын бабындағы  сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар  /дебиторлық борыштар/  иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ  «дебиторлық борыш»  дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

          Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын  көрсеткіштердің қатарына дебиторлық  борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтеу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.

    Дипломдық  жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің  мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым.

    Дипломдық  жұмыс кіріспе, 3 тараудан және  қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

1 тарау.  Дебиторлық борыштар есебi

1.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты

 

     Дебиторлық  борыштар – бұл заңды тұлғалардың  немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс.

    Дебиторлық  борыштардың ішінде субъектінің  шаруашылық қызметінде жиі кездесетінін  – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық  борыштар баптарының ішіндегі  үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет: өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын; түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын; сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштарын; бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық  (жіктеу) есептің дұрыстығын.    Мұндай жағдайда аналитикалық  (талдау) есеп мынандай мәселелерді қамтамасыз етуге міндетті: вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді; «сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімінің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін: «сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімінің шоттары бойынша анадитикалық есеп жазуларының № 11 журнал-ордердегі, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін;

талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын.

     Субъектінің  басшысының қабылдаған шешіміне  сәйкес талап ету мерзімі өткен  дебиторлық борыштар шығысқа  шығарылып, күдікті қарыздар резервінің  шоттарына жатқызу арқылы жабылады.

 

1.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi

 

     Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесі шоттар қараған:

алынуға тиісті борыштар шоттар;

  алынған вексельдер;

  сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің өзге де борыштар.

    Бұлар  активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыш шоты) сатып алушы заңды  немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен

Қызметі үшін қарыз  сомаларын білдіреді.

    «Алынуға тиісті борыштар шоттары» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер /тауарлар/, атқарылған жұмыстары мен қөрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылданған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті  сомасы есертеледі. Жалпы     «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе, олардың қысқа мерзімді  активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің  өтелуі /орындалу/ көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алында деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу /өтеу/ құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялвқ несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шарадарын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да нестеге тауарларды сату,  сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін бедгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орый субъектілердің таңдап алған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

    «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

Мысалы,      Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 /үш жүз мың/ теңгенің дайын өнімдері 500000 /бес жүз мың/ теңгеге сатылды, соның ішінде 80000 /сексен мың/ теңге ҚҚС сомасы/ .

  Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:

Дт «Сатылған  дайын өнімдердің өзіндік құны»     300000тг.

Кт «Дайын өнімдер»        300000тг.                                            

   Сатылған  тауарлардан алынатын сомаға:

Дт  «Алынуға тиісті борыштар шоты»         420000тг.                                                  Кт «Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты»   420000тг.                         

    Сатылған  тауарлар үшін есептелген ҚҚС  сомасына:

Дт «Алынуға тиісті борыштар шоттары»        80000тг.                                                Кт «Қосылған құн салығы сомасы»    80000тг.

                                                          

    Сатылған  тауарлар үшін алынатын сома  келіп түскенде:

Дт «Ақшалар шоты»        500000тг.                                                                                 Кт «Алынуға тиісті борыштар шоттары»   500000тг.                                                 

     Ал  сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар  бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, оған сәйкес «материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «негізгі құралдарын есептен шығарылуынан алынатын кіріс», және «құнды қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  материалдық емес активтер, негізгі  құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.

     Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеніліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.

     Алынуға  тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың  сомаларына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеніліп, «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

    Сатып  алушылар және тапсырыс берушілермен  есеп айырысу операциялары арнаулы  тізімдемелерде есептелініп, онда  сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдемелердің бағандарында сатып алушылар /тапсырыс берушілер/ бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 жорнал-ордер қолданылады.

      Тауарларды сату және сатып  алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация  жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісім-шарттарымен және тағы бас құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Кеоісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі ”тауар” болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасымен келісілген жалпы құны аладып өтуі қажет.

     Дебиторлық  қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын  көрсететін болғандақтан, шаруашылық  жүргізуші субъектілер бірінші  кезекте олардың айналымдылығын  талдайды. Дебиторлық қарыз айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

    Сондықтан  кейінгі кездері дебиторлық қарызды  талап ету құқын факторингалық  компанияларға жүктейді.

    Факторингалық операциялардың есебі.    Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және лд үшінші  тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.

    Ондай  қаржылық агент болып банктерде  басқа да несиелік, коммерциялық  ұйымдар бола алады, бірақ олар  аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез келген еәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылданбас бұрынекі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын беоген кәсіпорын автоматты түрде төленуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен    факторинг компаниясы келісім-шартқа отырады. Ондай келісім-шарт ашық та, жабық та болуы мүмкін.

Информация о работе Дебиторлық борыштар аудиті