Дебиторлық борыштардың аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Дебиторлық борыштар - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып қолма-қол емес есеп операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Дебиторлық борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін біріктіреді. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңі есебі; басқада дебиторлық борыштардың есебі;болашақ кезеңдердің есебі; күдікті борыштар бойынша резервтердің есебі;

Содержание

Кіріспе
I Дебиторлық борыштардың есебі.
1.1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың есебі.
1.2. Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі.
1.3. Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі.
II Дебиторлық борыштардың аудиті.
2.1. Дебиторлық борыштарды жіктеу, талдау және түгендеудің есебінің
аудиті.
2.2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың аудиті.
1.3. Басқадай дебиторлық борыштармен берілген аванс бойынша есеп
айырысудың аудиті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тіркемелер

Работа содержит 1 файл

Дип.-Дебиторлық-борыштардың-есеб.doc

— 450.50 Кб (Скачать)


 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

I      Дебиторлық борыштардың есебі.

1.1. Сатып алушылармен  және тапсырыс берушілермен есеп 

        айырысудың есебі.

1.2. Басқа да дебиторлық  қарыздардың есебі және болашақ  кезеңнің есебі.

1.3. Күдікті қарыздар  бойынша резервтердің есебі.

II    Дебиторлық борыштардың аудиті.

2.1. Дебиторлық борыштарды  жіктеу, талдау және түгендеудің  есебінің 

       аудиті.

2.2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп

       айырысудың аудиті.

1.3. Басқадай дебиторлық  борыштармен берілген аванс бойынша есеп

        айырысудың аудиті.

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Тіркемелер

 

 

Кіріспе.

 

Нарықтық  экономиканың  дамуы,  экономиканың   түрлі салаларына  өз ықпалын тигізуде . Мемлекетіміздің қалыптасып  дамып  өркендеуіне  экономиканың  алатын  орны  ерекше деп ел  басымыз   Н.Ә. Назарбаевтің  өзі ерекше  атап  өтті.  Экономикалық  салаларда  дебиторлық  борыштардың  атқарар  қызметі  ерекше  болып  табылады.  Дипломдық  жұмысымның  осы  тақырыпқа сәйкестендіріп  алуымның  мақсаты  дебиторлық  борыштардың Экономика  салаларының  даму  бағытындағы  үлесінің  маңыздылығын  ашып,  зерттеу  болып  табылады. 

     Осы   мақсатта  өзімнің   тәжірибелік   жұмыстан  өткен   зерттеу   обьектім  АҚ  «3-энерго  орталық»  мекемесіедегі   дебиторлық  борыштар  есебімен  аудитінің   жүргізілу бағыттарымен  таныстым. 

            Дебиторлық  борыштар  - бұл   басқа  заңды  тұлғалардың   немесе  жеке  азаматтардың   шаруашылыққа   берешек  қарыздары.  Дебиторлық  борыштар  шаруашылықтың   ішінде және  сыртқы сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен  де  пайда  болады.  Есептеу  әдісін  қолданып  қолма-қол  емес  есеп  операциялары   кезінде  дебиторлық  борыштардың  пайда болуы  заңды  құбылыс  болып  табылады.

      Дебиторлық  борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін  біріктіреді. Сатып алушылармен және   тапсырыс  берушілермен   есеп  айырысудыңі есебі; басқада дебиторлық  борыштардың есебі;болашақ кезеңдердің есебі;  күдікті борыштар  бойынша резервтердің  есебі;

          Сатып  алушылармен  және  тапсырыс   берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есеп сатылған өнімнің ,тауарлардың істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына байланысты жүргізіледі.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің 301, 302, 303-ші шоттарында жүргізіледі. Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №426 бұйрығына сәйкес 1210 сатып алушылармен тапсырушылармен қысқа мерзімді дебиторлық берешегі және 2110 сатып алушылармен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі бойынша есепке алынады.

Басқа да дебиторлық борыштардың  есебі 331,332, 333, 334 шоттарыда есепке алынады.

Жаңа Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттарына сәйкес;

1280-Өзге қысқы мерзімді  дебиторлық берешек

2180 - Өзге ұзақ мерзімді  дебиторлық берешек.

Өтелуі тиісті қосылған құн салығы.

Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы барынша есеп айыруды көрсету үшін 331 м өтелуі тиісті қосылған құн салығы шоты қолданылады.

332 Есептелген проценттер шотында  есептеген проценттер бойынша дебиторлық қарыздар жөніндегі ақпараттарды табуға болады.

334 Басқа да дебторлық  қарыздар шотында жалгерлік бойынша  келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағын талап сомаларына, ТМҚ кем  шығуына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.

Күдікті қарыздар бойынша  резервтердің есебінде жылдың аяғыда дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.

Дебиторлық борыштардың  есебінің аудиті мынадай элементтерден  тұрады. Дебиторлы борыштарды түгендеу, басқадай  дебиторлық борыштармен берілген аванс бойынша есеп айырысудың аудитін біріктіреді. Дебиторлық борыштарды түгендеуде дебиторлық борыштардың жалпы сомасы және қарыздарды талап еткені үшін қандай шаралар қолданылғаны анықталады.

Басқа да дебторлық борыштардың аудитінде есептелген сын ақының есебінің аудитор есептелген сыйақы бойынша дебиторлық борыштарының құрылымын анықтап, оларға талдау жасайды.

Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің аудитін жүргізген  кезде аудитор мына мәселелерге  назар аударуы тиіс.

Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің аудитін жүргізген кезде аудитор мына мәселелерге назар аударуы тиіс.

- Өнім сатуға сатып  алушылармен және тапсырыс берушілермен  келісім шарт жасалғандығын.

- түгендеу актілерімен  есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын.

Дебиторлық қарыздардың  есебі мен аудиті өзімнің тәжірибелік  жұмысымды атқарған  «3 – Энергоорталық» АҚ – да осы заңдылықтарға сүйене отырып жүргізіледі. «3 – Энергоорталық» АҚ-мы  2000 жылдың сәуір айында «Шымкенттік 3 – ЖЕБ» ашық акционерлік қоғамының таралып, нәтижесінде одан жаңа  ашық акционерлік қоғам бөлініп, және бөлу теңгеріміне сәйкес түлік бөлігі тапсырылып, сонымен қатар, «Теплотранс» КГП «3 – Энергоорталық» АҚ-ның негізгі және материалдық қорларды тапсыру негізінде құрылды.

«3 – Энергоорталық» АҚ Шымкент қаласының тұрғындарына, басқа ұйымдарға өнеркәсіптік кәсіпорындарға электр энергия және жылу қуатын өндіру және өткізу қажеттерін атқарады «3 – Энергоорталық» АҚ-мы доңғалақ мұнай өндіру зауыттарының жән басқа да өнеркәсіптік кәсіпорынның жылу және электр жүктемелерін және Шымкент қаласының жылу және электр жүктемелерін өтейді.

«3 – Энергоорталық» АҚ-ның қаржылық есебі әрекеттегі  нормативтік актілер және стандарттарға сәйкес жасалынады.

Дебиторлық борыштар бойынша жүргізілетін ексебінде бірнеше шоттармен қатар, көптеген арнайы субъшоттар ашылған.

 

 

 

 

 

 

І.  Дебиторлық  қарыздардың   есебі.

1.1.  Сатып   алушылармен  тапсырыс  берушілердің  есебі.

 

Сатып алушылармен  және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:

  1. "Алынуға тиісті қарыздар" шоты;
  2. "Алынған вексельдер" шоты;
  3. "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары" шоты. 
               Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайык. 
             301 "Алынуға тиісті қарыздар" шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк кабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезенді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Сатылған  өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және керсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 801 "Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік қүны", 802 "Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны" шоттары дебеттелі де, 221 "Дайын өнімдер", 222 "Алынған тауарлар", 900 "Негізгі өндіріс", 910 "Өз өндірісінің шала өнімдері", 920 "Қосалқы өндіріс" және баска шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдык емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығастар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі (121-125,101-103, 106,141-144,401-403).

Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, керсетілген қызметтердің сату құнына 301-шоты дебеттеледі де, 701 "Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түскен табыс", 702 " Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс" және басқа шоттары кредиттеледі.Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне карай 431 "Валюталық шотындағы нақты ақша", 441 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша, 451 "Кассадағы нақты ақша" шоттары дебеттеледі де, 301" Алынуға тиісті қарыздар" шоты кредиттеледі.

Егер сатып  алушылар мен тапсырыс берушілер  шартқа сәйкес жабдыктаушыға аванс төлесе (431,441,451-шоттардың дебеті, 661 "Тауарлы-материалдық қорларымен жабдықтау үшін алынған аванстар" немесе 622 "Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар" шоттардың кредиті), онда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын шегеріп барып төлем жасайды. Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 712 "Сатудан жасалған жеңілдіктер", 713 "Бағадан жасалған жеңілдіктер" деген шоттары дебеттеліп, 301 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 711 "Сатудан қайтарылған тауарлары" шоты дебеттеліп, 301 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады. Айдың аяғындағы 301 -шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы-материалдық қорлар және орыңдалып, қабылданган жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың калдығын көрсетеді.

Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші  субъектілер бірінші кезекте  олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.                       

Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.

Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.

Ондай қаржылық агент  болып банктерде баска да несиелік, коммерциялық ұйымдар бола алады, бірақ, олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензиясы болуы керек. Бірақ кез келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын берген кәсіпорын автоматгы түрде төлеуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім-шартқа отырады. Ондай келісімшарт ашық та, жабық та (конфиденциалды) болуы мүмкін.

Мысал. «3 – Энергоорталық» АҚ «Асық  ата» ЖШС-не  132000тг-ге электро энергиясын  беретіндігі  жөнінде келісім   шартқа  отырған. Келісім шарттың жағдайы бойынша факторингалық компания «Аргон»  ЖШС-тік «Асық  ата» ЖШС-не тауарды  жөнелткеннен үш  күннің  ішінде  «3 – Энергоорталық» АҚ-ның есеп  айырысу  шотына  ақшаны  аударуы  тиіс. «Асық ата» ЖШС  жасалған  контрактының  80 % құнын  бірден  аударған, ал  қалған  контрактінің  құнынан (20%) марапаттау сомасы ұсталып, содан қалған сомасы аударылған. Келісім-шартқа сәйкес марапаттау сомасы, несие мөлшерлемесі сияқты 38 % жылдық мөлшерлемесінің деңгейінде ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күнді құраған.

Факторинг келісім-шарты  бойынша марапаттау сомасы 1,9% [(38%х18 күн) 360 күн] құраған және сол сомасы төлеуге қабылданған.

Енді біз шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.

 

 

 

 

1 - КЕСТЕ

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корреспонденция-сы

 

 

 

дебет

кредит

1

2

3

4

5

 

Жабдықтаушы  кәсіпорында  «3 – Энергоорталық» АҚ

1.

Контрактының шарты бойынша "Аргон" ЖШС. "Асық ата" АҚ-ға эл.эн. жөнелтті:

- жөнелтілген эд.эн нақты өзіндік құнына

- келісімшарттың құнына -КҚС( 20 %)

 

196875

 

281250

 

45000

 

802

 

301

 

301

 

222

 

702

 

633

2.

Қаржылық агенпен («Аргон» АҚ)

жөнелтілген тауардың 80% алынды

 

261000

 

441

 

687

3.

Қаржылық агентке көрсеткен қызметі үшін, марапаттау сомасы шығысқа жатқызылды

 

6199

 

831

 

687

4.

Қалған 20% қаржылық агенттен алынды, бірақ осы сомадан марапаттау сомасы шегерілді 59051 теңге (326250 х 20 % - 6199)

 

59051

 

441

 

687

5.

Қарыздары зачет жасалды

326250

687

301

 

Қарыз кәсіпорында ("Асық ата" ЖШС)

1.

«3 – Энергоорталық» АҚ - тан жөнелтілген эл.эн –«Асық ата» ЖШС-ға келіп түсті:

- эл.эн құнына

- ҚҚС (20%)

 

 

 

281250

45000

 

 

 

222

331

 

 

 

671

671

2.

Қаржылық агенттің талап еткен сомасы, алынған эл.эн. үшін төленді

 

326250

 

334

 

441

3.

Қарыздары зачет жасалды

326250

671

334

 

Қаржылық агентте ("Аргон" ЖШС)

1.

Факторингі келісім шарты бойынша "Аргон" ЖШС-гі қарыз соманың 80% аударды

 

261000

 

334

 

441

2.

Факторингі бойынша  марапаттау сомасы есептелінді [6199 тенге (326250 х 1,9) ]

 

6199

 

332

 

724   

3.

"Асық ата" ААҚ-нан талап етілген қаржы сомасы алынды

 

326250

 

441

 

687

4.

Факторингі келісім шартының жағдайы бойынша "Аргон" ЖШС-ке 20% қалған сомасы аударылды (бірақ бұл жерде марапаттау сомасы шегерілді)

 

59051

 

334

 

441    

5

Қарыздарға зачеты жасалды

326250

687

332,334


 

Қойылған талапқа жеңілдік берудің келісім-шарты бойынша жасалатын операциялардың есебі. Бір заңды тұлға келісімшарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның қандай да бір міндеттемесін (тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізіп бергені, атқарған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін төлемді) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.

Алынған вексель шотында жөнелтілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін алынған вексельдердің есебі жүргізіледі. Дебиторлық қарызды жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 302 шотында және 301 шоттың кредитінде көрсетіледі. 302 шотта пайыздық та, пайыздық емес те есептелінеді.

Аудармалы вексель пайызсыз вексель сатылатын құны асып түседі, өйткені оған марапаттау сомасы қосылады.

Енді осы операциялармен байланысты шоттар корреспонденциясын құрастырып көрейік.

Есеп кеңсесінің вексельді беруімен байланысты операцияларының  есебі. Төлем мерзімі жеткенге дейін вексель ұстаушылар вексель бойынша, ал вексель сомасын алғаннан кейін, банкіге берілген вексельдің индоссаменті бойынша жүзеге асырады. Банкіде жасалатын бұндай операциялар, әдетте, марапатталады (дисконт), сондықтан оны вексельді сату деп те қарастыруға болады.

Өтеу мерзімі жеткеннен кейін банк өтеу сомасын алуды топшылайды, сондай-ақ ол инцоссантқа регрессияны қоюына да құқы бар. Ал бұл индоссанттың банк алдында жауапты екенін білдіреді.

Форфейтинголық  операциялардың есебі.Форфейтинголық қызмет факторингалық операциялардың бір түрі болып табылады. Форфейтинголық — бұл өнімді сатып алушылармен акцептелген, сатушылардан тауарлы вексельді сатып алынғандығын білдіретін факторингалық арнайы нысан. Форфейтинго шарты бойынша өнімді сатушылар вексель бойынша өз талабын қаржылык делдалға қайта жүктейді, ал ол өзіне тиесілі марапаттау сомасын шегеріп, қалған сомасын бірден төлейді. Бұндай қоржындық вексель бірақ рет жасалынады, ал оның өтеу мерзімі бір қалыпты болып келеді. Форфейтингінің жай вексель есебінен айырмашылығы: мұнда дебиторлық қарызбен байланысты барлық шығыстар форфейтордың еншісіне тиеді, яғни вексель бойынша қайта жүктеу процесі жүреді.

303 "Басқа да" шоты  бойынша шаруашылық жүргізуші  субъектісі мынадай дебиторлық  қарыздарды есепке алуы мүмкін, атап айтқанда: цессионардың алған дебиторлық қарызы, цессионардың цедентке қарызының пайда болуы және т.б.

301-шоты бойынша талдау  есебі сатып алушыларға берілген шот-фактуралардың әр қайсысы бойынша жүргізіледі. Оның аналитикалық есебі сатып алушылардың төлеу мерзімі етпеген берешегімен және мерзімінде төленбеген берешегі жөнінде; 302-шоты бойынша, телеу мерзімі өтпеген вексельдермен, банкілерде есепке алынған вексельдермен, ақша каражаты мерзімінде түспеген вексельдермен қамтамасыз етілген берешек жөнінде деректер алуды қамтамасыз етуге тиіс; 303 шоты әрбір дебитор немес келісімшарт бойынша яғни, ебеп айырысудың жүзеге асыруына  қарап жүргізіледі.

Информация о работе Дебиторлық борыштардың аудиті