Дебиторлық борыштар аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар аудитi.DOC

— 411.00 Кб (Скачать)
    • субъектінің төрағасының есеп беруге тиісті сомаларды алуға құқық берілген тұлғалардың шеңберін анықтағандығын;
    • есеп беруге тиісті тұлғаларға берілетін аванстың бекітілген көлемінен артық берілмегендігін;
    • бұрынғы алынған аванс сомалары бойынша есеп бермеген тұлғаларға берілмегендігін;
    • аванстық есепке жасалған шығындарының мақсаттылығы туралы көрсетілген соманы бекіткен соманы бекіткен төрағаның белгісінің бар екендігін;
    • есеп беруге тиісті сомалары шығындарының кіріске алынып, есепте уақтылы көрсетілгендігін.

     Кейбір жағдайларда ақша-қаражаттарды есеп айырысу кезінде субъекті бухгалтерінің өзі сіңіріп кетуі де ықтимал немесе оның белсенділік танытып араласуының салдарынан есептегі жазуларын көрсетудің нәтижесінде болуы мүмкін. Сондықтан аудитордың есеп құралдарын және әдістерін қылмыстық іске пайдалануға байланысты әдістерін білуге тиісті.

   Шағын  ұйымдардың бухгалтері, әдетте, есепті  барлық операциялар бойынша жүргізеді,  ұрлық істеуге резерв жасау  мақсатында саналы түрде құжаттарын  дұрыс өңдемейді. Жұмыскерлерге берілген есеп беруге тиісті сомаларын олардың бет есебіне қондырылмай жалпы өндірістік немесе басқа да шығындарына шығысқа шығарылуы мүмкін.

   Жұмыскер аванстың қорытынды есебін тапсырғаннан кейін, бухгалтер оның бет есебіне кредиті бойынша сәйкес сомаларын көрсетудің нәтижесінде осы жұмыскерлердің алдында субъектінің жасанды борышы пайда болады.

    Бухгалтер іс-сапар немесе шаруашылық шығындары ретінде де есеп беруге тиісті соманы алуға, өз атына кассалық ордер жазып, ондағы көрсетілген соманы алуы мүмкін. Бухгалтерияға түскен касалық қорытынды есепті өңдеген кезде, басқалармен бірге бухгалтердің атында жазылған шығыс ордері көрсетіліп, алған сомасын өзінің бет есебіне көрсетпей, жоғарыда көрсетілген жұмыскердің бет есебінде көрсетеді. Нәтижесінде жұмыскерлермен есеп айырысу жабылады.

   Аудитор  материалды шеккен зиянды өндіру  бойынша есеп айырысуды мұқият тексеріп, жетіспеушідіктер және ұрланғандары бойынша есеп айырысуларға талдау жасап, кем шыққан және жоғалған жағдайда қарау мерзімі мен тәртібінің сақталғандығын анықтауға, оларды қалай өндірудің қамтамасыз етілгендігін тексеруге міндетті. Әсіресе кем шыққан және жоғалғындарын өндіріс шығындарына немесе кәсіпорынның қызметінің нәтижесінде шығысқа шығарылу фактілерін зерттеуге баса назар аударуы керек.

    Күшіндегі  заң актілеріне сәйкес табиғи  кему нормасынан жоғарғысын, сондай-ақ  бүлінген құндылықтарды кінәлі  тұлғалардың мойындарына  апарады.

   Аудитор  кем шыққан, талан-таражға салынған  және ұрланған құндылықтар құны  толығымен кінәлі тұлғаларының мойынына апарылғандығын, ақша-қаражаттарын және материалды құндылықтарды түгендеу актісінің дұрыс толтырылып, нәтижесінің шығарылғандығын және түгендеу кезінде анықталған кем шыққан және жоғалғандарын реттеу тәртібін, еінәлі тұлғаларының мойынына алып, кем шыққан материалды құндылықтарды өндіріс шығындарына шығысқа шығарудың дұрыстығын және негізділігін тексеруге міндетті.

   Аудитор, сондай-ақ шаруашылықтың жұмыскерлеріне несиеге сатылған тауар және басқа да онерациядар үшін берілген қарыздары бойынша кска айырысудың дұрыс жүргізуін тексеруге тиісті. Мұндай есеп айырысулар үшін 331  «Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың борыштары шлттарына тиісті аралық шоттар ашылады. Бұл аралық шоттар бойынша аналитикадық есеп субъектінің жұмвскерлері бойынша жүргізіледі.

     Аудитор алынуға тиісті жалгерлік міндеттеме, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық аударылған сомалар жабдықтаушыларға, мердігерлерге, тасымалдау ұйымдарын және басқа да заңды тұлғаларға анықталған сәйкессіздікті табиғи кему нормасынан жоғары кем шыққан тауарлы материалдаық құндылықтар, айыпаұлдар, тұрақсыздықтар үшін үстемелер және сондай-ақ меншіктік акциялардың номиналды құнынан, сатылу құнының жоғары сомасына талап етілген шағым-талап сомасы көрсетілген 334 «Басқадай» шотының мәліметтерімен танысып шағым-талап бойынша есеп айырысуға байланысты мына мәселелерді анықтауға тиісті:

    • құжаттардың ерекшеліктерін, уақтылы және дұрыс толтырылғандығын. Шағым-талап алу мерзімін сақтамау, ұрланған материалды құндылықтардың фактілерін жасыру үшін қолданылуы мүмкін, өйткені шағым-талапта көрсетілген соманы төлеуден бас тартқан кезде шеккен зиян сомасын өндіріс шығындарына шығысқа шығарады;
    • тексерудегі шаруашылықтың шағым-талаптарының негізділігін. Шағым-талап қанағаттандырылған жағдайда субъектінің шеккен зиянын өндіру үшін кінәлі тұлғаларын анықтау мақсатында әкімшілік тарапынан тексеру жүргізіліп, жоғалған, ұрланған, бүлінген құндылықтардың құнын өндіруге байланысты қолданылған шараларға орый тексеру жүргізеді;
    • 334 шоттың «Шағым-талап бойынша есеп айырысу» аралық шоттары бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын;
    • Аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығын, ол аналитикалық есеп жазуларының № 8 жорнал-ордеріне, Бас кітаптыға және баланстағы жазуларына сәйкес, әрбір дебитор және жеке шағым-талаптар бойынша жүргізілуге тиісті.

   Аудитор кем шыққандығы және ұрланғандығы турады шағым-талап материалдарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, жоғалғандығы және бүлінгендігі туралы материалдардың сапасыз немесе уақтылы тапсырылмауының салдарынан тергеу немесе сот органдарының қараудан бас тартып қайтарылғандығын немесе ондай фактінің орын алмағандығын мұқият тексеруге тиісті. Жұмыс практикасында әдейі кінәлі тұлғаларын жауапкершілікке тартуға жол бермеу мақсатында талап ету материалдарын дұрыс толтырмау немесе мерзімін сақтамай кешіктіру сияқты фактілер орын алуы мүмкін. Кем шығу және бүліну фактісін растау емес, маңыздысы олардың пайда болу себептерін анықтау болып табылады.  Тәжірибеде жиі кездесетін зияп шегудің негізгі себебі (материалды құндылықтардың кем шығуы, талан-таражға салынуы, ұрлануы) тарту-өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілмеу, қойма бөлмелерінің жағдайының нашарлығынан тауарлы- материалды құндылықтарды сақтау жағдайын сақтамағандықтан, олардың бір цехтан екіншісіне қабылдау және босату тәртібінің бұзылғандығынан, олардың сақталуына бақылаудың нашарлығынан, түгелдеу мерзімін сақтамай, қалай болса солай жүргізуден болып табылады. Сондай-ақ  аудитор шаруашылыққа келтірген зиянның дұрыс анықталғандығымен және анықталу тәртібімен танысуға тиіс. Кейбір жағдайларда шеккен зиян сомасы бөлшек саудадағы бағасынан сауда үстемесі шығарылып есептеледі. Мұндай жетіспеген немесе ұрланған қалдықтардан шеккен зиян сомасын, сол жергіліеті жердің бөлшек сауда бағасы бойынша есептен шығару керек.

    Шаруашылықтың қоймасынан басқа сақтау орындарынан кем шыққан және ұрлынған құндылықтар бойынша оларды өндірудің қамтамасыз етілгендігі орындау беттері бойынша борышкерден өндіруді бақылаудың ұйымдастырылғандығын анықтауды талап етеді. Кейде шеккен зиянды шығысқа шығаруға асығады. Мұндай жағдайда шаруашылық тәртіп бойынша оның мүлкінің есебінен өндірудің мүмкін еместігін туралы сот шешімдерінің негізінде жасауға тиісті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір жауапкердің мүліктік жағдайы өзгереді, сондықтан шаруашылықтарға мұндай қарыздар бойынша тіркелген дебиторлық борыштарды өндіру мүмкіндігін бақылау үшін, баланс сыртындағы 007 «Төлеуге қабілетсіз дебитордың борыштарын зиянға шығысқа шығару» шотында 5 жыл бойы көрсету ұсынылған.

    Басқадай  дебиторлық борыштарды талдаған кезде, кәсіпорынның жұмыскердерінің құрал-саймандарды пайдаланғанын алдынала төлемсіз босатылған материалдық құндықтар, өткізілмеген арнайы жұмыс киімдер үшін ж.т.б. борыштарның тіркелу, оларды сөндіру тәртіптерін тексерудің маңызы зор.

    Аудитор есеп айырысу жағдайые зерттегенде, қарыздардың уақтылы қайтарылмауы, бухгалтерлік есептегі есеп айырысу онерацияларының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындауы мүмкін екендігіне назар аударуды қажет. Сондықтан дебиторлармен есеп айырысулар анадитикалық және синтетикалық есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені дебиторлық борыштар басқа да синтетикалық шоттарда көрсетілуі мүмкін, оның ішінде талап ету мерзімі өтіп кеткен, алынуы мүмкін емес борыштар болуы да мүмкін.

   Аудитор шаруашылықтың балансында көрсетілген дебиторлық борыштардың нақтылығы анықтап, ақиқатына жеткеннен кейін, оның құрылының өзгеруін зерттеуге, оның құнының нақтылығына баға беруге, дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімі бойынша таратуға, бұл борыштардың сапасын және олардың өндірілу жолдарын анықтауға міндетті.

 

8 кесте

«Қос қанат» ЖШС-нің  2004 жылдың басындағы және аяғындағы дебиторлық  борыштарының құрамы және құрылымы

Реттік

саны

Дебиторлық 

борыштар 

баптары

Жылдың басындағы

Жылдың аяғындағы

Жылдық өзгеріс (+, -)

Құры-лым-

ның өзгеруі

сомасы,

мың.тг.

үлес салмағы

%

сомасы,

мың.тг

үлес салмағы

%

сомасы,

мың.тг

үлес салмағы

%

1

Алынуға тиісті шоттар

708

43,4

703

37,9

-5

0,7

-5,5

2

Алынған векселдер

-

-

42

2,3

42

-

+2,3

3

Басқада дебиторлық борыштар

506

34,6

1111

59,8

+605

+119,6

+25,2

4

Авапстық төлемдер

250

22,0

-

-

250

-100,0

-22,0

 

жиынтығы

1464

100,0

1856

100,0

392

+26,8

-


Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің мәліметтерінен алынды

Кестеден көріп  отырғандай, «Қос қанат» ЖШС нің 2004ж.   Қарызы 392 мың.тенге (1856-1464) немесе 26,8%-ке артқан. Дебиторлық борыштардың құрамы елеулі өзгерістерге ұшыраған. Сатылған өнімдер жұмыстар және қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың үлес салмағы 1 жылдың ішінде 43,4 пайыздан 37,9 пайызға немесе 5,5 пунктке қысқарса, ал жылдың соңында басқа да дебиторлық борыштар 59,8 пайызды құрап, жылдың басымен салыстырғанда 25,2 пунктке арткан.

   Шаруашылықтың қвржылық жағдайына, тіркелген дебиторлық борыштардың өзі емес, оның көдемі, қозғалысы және нысаны әсер ететінін атап өту керек, яғни бұл борыштардың пайда болу себептері «Дебиторлық борыштардың пайда болуына шаруашыдық қызметіндегі қолма-қал емес есеп айырысу жүйксі кезінде, несиелік борыштардың пайда болуы сияқты объективті үрдіс боып табылады.

   Дебиторлық  борыштардың пайда болуы есеп  айырысу тәртібін  бұзудың нәтижесінде туындайтын және шаруашылықтың қаржылық жағдайын төмендететін, толық сомасымен айналымнан шығарылған меншіктік қаржы деп санауға болмайды. Өйткені, оның бөлігі банк несиесінің объектісінің қызметін атқарып, шаруашылықтың төлем қабілеттеріне әсер етпейді.

  Дебиторлық  борыштарды қалыпты және сенімді  ақтамаған деп бөледі. Сенімді  ақтамаған дебиторлық борыштарға, есеп айырысу құжаттарындағы  төлеу мерзімі біткен шағым-талап, материалды шеккен зиянды өндіру бойынша (кем шыққан, ұрланған, бүлінген құндылықтар) борыштар жатады. Сенімді ақтамаған дебиторлық борыштар айналым құралдарының  заңсыз алшақтату және қаржылық тәртіптің бұзылу фактісі болып табылады. Сондықтан, аудитор сенімді ақтамаған борыштардың  себептерін анықтауға ұмтылуы тиіс.

    Аудитор  дебиторлық борыштардың құрамымен және құрылымымен жалпы танысқаннан кейін, оның нақтылығы, құны жөнінде баға беруі қажет. Өйткені барлық дебиторлық борыштардың түгелдей өндіріле бермеуі мүмкін. Оның қайтымдылығы бұрынғы тәжірибенің және ағымдағы жағдайдың негізінде анықталады. Бухгалтерлік есептегі тәуекелдік, бұрынғы тәжірибе болашақтағы зиянды есептеуге әлсіз болуы немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескеріле бермеуі мүмкін. Нәтижесінде күткендегіден шеккен зиян едәуір жоғары болуы да ықтимал.

  Аудитордан  дебиторлық борыштардың нақтылығын  дұрыс толтырылуын және қайтарылу  мүмкіндігін анақтаудың әдістерін  жетік білу талап етіледі. Қайтарылмайтын қарыздардың пайызын есептеп шығару бірнеше жылдың орташа мәліметтері бойынша жүргізіледі. Мысалы, айталық  есептеп шығару үшін 1,9%, 3,3%, 6,8% құрайтын 3 жылдың мәліметі алынған. 3 жылдың ішінде қайтарылмайтын дебиторлық борыштың орташа пайызы 4,0% тең. Бірақ оны сол қалпында таратуға болмайды. Нақты жағдайды ескеру қажет. Мысалы, қайтарылмауының өсу бағытының байқалғандығын анықтау үшін зерттеулер жүргізу орынды:

    • бір немесе бірнеше басты борышкерлерге қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келетініне (бұл пайыздар қайтарылмаған борыштардың шоғырлануын сипаттайды);
    • негізгі борышкердің біреуінің борыштарын төлемеген жағдайда шаруашылықтың қаржылық жағдайына тигізген әсеріне;
    • дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімі қалай таратылғандығына;
    • дебиторлық борыштардың ішіндегі мерзімі ұзартылған ескі вексельдердің үлесіне;
    • тұтынушының пайдасына шегерімдер, жеңілдіктер жасаудың және басқа да жағдайлардың қабылданғандығын, мысалы, оның өнімді қайтару құқығының.

     Аудитор,  сондай-ақ  дебиторлық борыштардың  көрсеткіштердің сапасын және өтімділігін зерттеуі қажет. Сапа деп борыштың пайда болу мерзіміне байланысты борыштың толық сомада  алыну мүмкіндігін айтамыз. Тәжірибелердің нәтижесіне жүгінсек, дебиторлық борыштың пайда болу мерзімі уақыт өткен сайын қашқақтай түссе, өндіру мүмкіндігі соншалықты төмендей береді.  Дебиторлық борыштардың қайтарылуын сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтау тиімді.

  Кестеден  көріп отырғандай, дебиторлық борыштың негізгі бөлігін, есеп берген күннен кейінгі 12 айдың ішіндегі төленуі күтілген борыштар құрайды.

9 кесте

«Қос қанат» ЖШС-нің 2004 жылдың аяғындағы жағдайы  бойынша пайда болу мерзімдері бойынша  дебиторлық борыштары

Дебиторлық  борыштар баптары

Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды

Қысқа мерзімді дебиторлық борыштарды

Жиын-

тығы

мың

теңге

1-ж.

1,5ж

дейін

1,5ж.

2ж.

дейін

2ж.

2,5ж.

дейін

2,5ж.

жоғары

3 айға дейін

3 айдан

6 айға

дейін

6айдан

9айға дейін

9 айдан

12 айға дейін

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Алынуға тиісті шоттар

160

93

35

 

141

105

123

46

703

2

Алынған вексельдер

       

9

15

18

 

42

3

Басқада дебиторлық  борыштар

       

490

382

172

67

1111

4

Аванстық төлемдер

                 
 

жиынтығы

160

93

35

 

640

502

313

113

1856

Информация о работе Дебиторлық борыштар аудиті