Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 18:56, курсовая работа
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.
Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................
Қызметкерді шетелге іссапарға жіберген кезде шетелдік валютадағы іссапар шығындарын өтеудің тиісті нормаларын басшылыққа алу керек.
Есеп беретін
адамдармен есеп айырысудың
1. Шаруашылық
шығындарына, операция
есеп беруге қолма-қол ақшалар берілгенде: Дт 333 Кт 441,431
2. Аударым жолымен есеп беруге сомалар берілді (ұшаққа билет сатып алу):
Дт 333 Кт 441,431
3.Жол жүру билеттері сатып алында және чекпен төленді:
Дт 333 Кт 422
4. Есеп беретін тұлға сатып алған ТМҚ кіріске алынды:
Дт 201-206,208,223,222 Кт 333
5. Аванстық есептемелер тапсырылған бойда есеп беру сомаларын есептен шығару: Дт 821,938 Кт 333
6. Есеп беретін сомалар бойынша: Дт 331 Кт 333
7. Жұмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару: Дт 451,452 Кт 333
8. Жұмсалмаған есеп беру сомаларын жалақыдан ұстап қалу: Дт 681 Ет 333
9. Есеп беретін тұлға алдындағы кәсіпорынның берешегі (артық шығын өтелмейді): Дт 333 Кт 682
Заңды тұлғалардың жұмысына, қызметіне ақы төлеу, олардан тауар сатып алу кезінде бастапқы дәлелді құжаттарды: шот-фактураны, жүкқұжатты, тауар чегін, ақы төленгенін дәлелдейтін фискальдің чекті қоса тіркей отырып, аванстық есеп жасау қажет. Аванстық есептерде және бухгалтерлік есептің тиісті тіркелімдерінде растайтын құжаттар болған жағдайда (касса № 7 жорнал-ордер бойынша – қызметкерлер мен басқа да адамдардың берешегі), мынадай жазбалар бойынша жүзеге асырылады:
3 кесте
Қызметкерлер мен басқа да адамдардың берешегінің бухгалтерлік жазуы
күні |
Дт |
Кт |
Сомасы тенге |
Операцияның мазмұны |
06.08.2004
|
821
|
333
|
1000
|
Бланкілер, ФШ, тауар чегі, ШФ сатып алынған |
06.08.2004 |
331 |
333 |
160 |
ҚҚС есепке жатқызу |
07.08.2004
|
201
|
333
|
1000
|
Шаруашылық тауарлары, ФЧ, ШФ, жүкқұжат сатып алынған |
07.08.2004 |
125 |
333 |
18000 |
Ұялы телефон, ФЧ, ШФ сатып алынған |
07.08.2004 |
331 |
333 |
3040 |
ҚҚС есепке жатқызылған |
09.08.2004 |
203 |
333 |
6000 |
Бензин, ФЧ сатып алынған |
09.08.2004 |
331
|
333 |
960 |
ҚҚС есепке жатқызылған, ФЧ ҚҚС бөліп көрсетіліп жеке жолмен |
Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің 2004 жылдың қаржылық мәліметтерінен алынды
Бухгалтерлердегі
қинайтын сұрақтардың бірі –
есеп беруші адамдарда
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респубдикасы Кодексінің 546 бабының 1-тармағына сәйкес ҚР аумағында сауда операцияларян жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискальлық жады бар бақылау чегін беру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ал егер тауар жеткізуші, жұмыстар, қызметтер көрсетуші көптеген ұйымдарда фискальдық чектер берілмейтін болса, ең алдымен заңға бағынатын, БКМ бар және фискальдық чектер беретін жеткізіп берушілермен жұмыс істеуге тырысу қажет. Ад мүмкіндік болмай фискальды чек беруден бас тартса, онда кассалық орлеріне түбіртек пен шот-фактура алу қажет, оларды заңды тұлғаның мөрімен расталған барлық деректемелері көрсетілуге тиіс. ”Әкімшілік құқық бұзушылық туралы„ Кодексте (ӘҚБтК) фискальдық чек бермегені үшін жауапкершілік сатушыға жүктелгенін есте сақтау керек. Осы ӘҚБтК 215 бабына сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданбай тауарлар сату немесе қызметтер көрсету не салық органдарында тіркелмеген, ақауы бар машиналарды қолдану арқылы фискальдық жады бар БКМ-ларын қолдану тәртібін бұзу – жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға бестен жиырма бес айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соқтырады. Фискальдық жады бар БКМ қолданған кезде салық төлеушінің тауар үшін төлегенінен кем немесес артық сомаға кассалық чек бермеуі – жеке кәсіпкерлерге және лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады. Әеімшілік жазалау шарасы салынғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған тап сондай әрекеттер – жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға оннан қырыққа дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Салық кодексінің 517 бабына сәйкес фискальдық жады бар БКМ қолдвну ережелеріне бақылау жасау сатып олушылардың емес, салық қызметі органдарына жүктелген. Сонымен бірге сатып алушыларда ғана емес, сатушыларда да фискальдық чектерді беруге байланысты проблемалар бар. Авиа және теміржол билеттерін сататын ұйымдардың тасымалдаушылардың агенттері мен субагенттерінің қызметін пайдаланбайтын кәсіпорын жоқ шығар. Алматыдағы кәсіпкерлер қауымдастығы осындай ұйымдарда БКК қолдану жайында түсініктеме беру туралы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жүгінген еді. 02.12.2002ж. № НК-УНК-08-4-15-1/11333 хат бойынша мынадай түсіпіктеме берілді. Салық кодексінің 846 бабының 1- тармвғының ережелері түбертек, билеттер, талондвр, пошта төлемі белгілерін немесе ҚР Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша қатаң есептесу чектеріне теңестірілген құжаттарды бере отырып, халыққа қызмет көрсететін салық төлеушілердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
” Фискальдық жады бар БКМ қолданбай қызмет көрсеткен кезде халыққа берілетін түбіртектердің, талондардың, пошта төлемі белгілерін немесе чектерге теңестірілген қатаң есептіліктегі басқа да құжаттардың нысандарын бекіту туралы„ ҚР Қаржы министрлігінің 23.05.2002ж. № 230 бұйрығымен қатаң есептіліктегі құжаттар нысандарының тізбесі бекітілген. Теміржол және авиабилеттердің нысандары бұл тізбеге кірмейді.
Теміржол және авиабилеттердің нысандарын қатаң есептіліктегі құжаттар ретінде бекіту дұрыс емес деп есептейміз, өйткені ҚР ҚМ жоғарыда аталған бұйрығы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекедеген түрлерінің айрықша ерекшеліктеріне байланысты БКМ қолдану қиын болған жағдайда, қатаң есептілік құжаттары ретінде қолданылатын түбіртектер, билеттер, талондар, пошта төлемін төлеу белгілері қатаң есептілік бланкілері санатына жатқызылған. Теміржол және авиабилеттердің сату стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылады, оның үстіне, жолаушы орындарының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін компьютерлік жүйе қолданылады.
23.11.2002ж. №
458-11 ҚР Заңымен Салық кодексіне
енгізілген өзгерістер мен
Есеп беретін
адамдар АМҚС-да ЖЖМ сатып алған
кезде фискальдық чекте бөліп
көрсетілген ҚҚС есепке жатқызу
жайындағы мәселелер
”Фискальдық жады бар БКМларын қолдану Ережелері” атты ҚР Үкіметінің 18.04.02ж. № 449 қаулысына сәйкес ҚҚС көрсетілетін бақылау чегінде мынадай ақпарат блуға тиіс екендігі көрсетіледі: сатушының СТН-ні; қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мке нөмірі; тауардың (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) атауы; қосылған құн салығының сомасы.
2002 жылдан бастап базарларда жеке тұлғалардан ТМҚ сатып алуға арналған құжаттарды рәсімдеуге талаптар өзгерді. Салық кодексінің 372 бабабына сәйкес базарларда тауар сатумен айналысатын адамдар бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде жүзеге асырады (базарларда біржолғы талон бойынша патент негізінде арнайы салық режимін, оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, сондай-ық жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын жеке тұлғалар сауда жасай алады. ҚР МКМ 30.03.2002ж. № ДНП-1-1-13/3002 хаты). Қолданыстағы заңдарға сәйкес сатып алу актілерін осылайша рәсімдеген жағдайда жеке табыс салығы ұсталмайды, сатып алынған ТМҚ құны 92-баптың шарттары орындалған жағдайда шегерімге жатқызылады. (ҚР МКМ 18.07.2002ж. № ДНП-1-1-21/7242 хаты). Сондықтан базардан тауар сатып алған кезде міндетті түрде сатып алу актілерінде сатушының СТН, аты-жөнін, сондай-ақ біржолғы талонның нөмірі мен сериясын, базардың мөрін көрсету керек. Олар болмаған жағдайда сатып алынған ТМҚ құнынан төлем көзінде есеп беруші адамнан салықты қосымша есептеу қаупі бар.
22.09.2000ж. №
1428 ”Мемлекеттік бюджеттің
Іссапардан қайтқаннан кейін қызметкер бес күннің ішінде ақшалай қаражаттың нақты шығыны туралы аванстық есепті табыс етуге міндетті. Аванстық есепке белгіленген тәртіппен рәсімделген іссапар куәлігі, тұрғын үй жалдағаны және жол жүру шығындары туралы құжаттар қоса тіркеледі.
2002 жылдан бастап қызметтік іссапарлар кезінде және өкілдік шығындар бойынша өтемақы сомаларын шегерудің жаңа нормалары енгізілген. Салық кодексінің 93 бабына сәйкес қызметтік іссапарлар көзіндегі өтемақыларға мыналар жатады:
броньға шыққан шығындарға шығындарға ақы төлеуді қоса есептегенде, іссапар орнына және кері қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығындар; броньға шыққан шығындарға шығындарға ақы төлеуді қоса есептегенде, тұрғын үй жалдауға нақты жұмсалған шығындар; Қазақстан Республикасының аумағында тәулігіне екі айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерде іссапарда болған кезде төленетін тәулікақылар; ҚР Үкіметі белгілеген нормалар шегінде ҚР шегінен тыс жерлерде іссапарда болған уақыты үшін төленетін тәулікақылар.
Өкілдік шығындарды шегерімге жатқызу үшін растайтын құжаттар болуы керек. Бұйрық, шақырылған адамдардың тізімі, қабылдайтын тарап адамдарының тізімі, қонақтарды тіркеу жорналы, жүкқұжат шоттары, нақты жасалған шығыстар бойынша ақы төленгені туралы құжаттар болуы керек.
Жалпы
әкімшілік – шаруашылық
Жұмысшыларға берілген займ /қарыз/ сомаларына: 333-ші шот дебеттелініп, 431,441,451 шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Есепті кезеңде жоғалған, бүлінген
немесе іздеуге салынған
Есеп беруге тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта: 101-106, 121-126, 141-144, 201-206, 208 және 222 шоттарының тиістілері дебеттелініп, 333-ші шот кредиттелінеді.
Есеп беруге тиісті
Есеп
беруге тиісті тұлғалардың
Жабдықтаушыларға
оларлан алынған ақау
Банктегі
шоттан қателесіп, есептен
Құны
акцептелген, төленген тауарлы-
Ағымдағы
жал бойынша алынуға тиісті
жал төлемдері мен айыппұлдарға
Төтенше
жағдайлардан болған
Сонымен қатар 334 шотта төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылармен мердегерлерге деген шағым талап сомалары, тауарлы-материалды қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептелінеді.