Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 18:27, реферат

Описание работы

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Күмәнді дебиторлық борыштар
Еншілес (тәуелді) серіктерлің дебиторлық борыштарының есебі
Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Алдағы кезең шығындарының есебі
Берілген аванстар есебі

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.doc

— 309.50 Кб (Скачать)
 
 
 

      
 
 
 
 
 

  • Дебиторлық  борыштар есебін ұйымдастыру
  • Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
  • Күмәнді дебиторлық борыштар
  • Еншілес (тәуелді) серіктерлің дебиторлық борыштарының есебі
  • Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
  • Алдағы кезең шығындарының есебі
  • Берілген аванстар есебі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Дебиторлық  борыштар есебін ұйымдастыру

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары- Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынған) уақытына қарай алынуға тиісті дебитордық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шоттарында есептеледі.

    Есеп  беретін уақыттан кейін бір жыл  ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында  есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

    • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
    • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • негізгі ұғымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
    • ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
    • басқадай дебиторлық борыштар.

    Кәсіпорынның  балансындағы алынған вексель деп  аталатын бабындағы сома басқа заңды  немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептеледі. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл-иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

    Ұйыиның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің  қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталалды. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың  құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар Ұзақ мерзімді дебиторлық бұрыштар болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың  пайда болған  (есептелген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып  алушыларға баға жеңілдіктерін береді.  Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушгыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері термині мен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданады. өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердің ұйымдар сауда жеңілдігің тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдауының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

    Кейбір  жағдайларды сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен  сатылған тауарларды қайтаруға келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан  да кәсіпорын сатып алушы заңды  немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

    Д-т: Баға шегерімі-шоты

    К-т: Алынуға тиісті борыштар-шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Егер  сатылған тауар ұйымға қайтарылған  болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеледі:

    Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарлымы-шоты

    Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде  аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:

    Нөмірі 7 Журнал-ордер-"Жұмысшылар мен басқа  да тұлғалардың борышы"деп аталатын шотының кредиті бойынша:

    Нөмірі 8 Журнал-ордер-"Алынуға тиісті қосылған құн салығы,"Есептелген пайыздар","Басқадай дебиторлық борыштар"және "Берілген аванстар"деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

    Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме - "Берілген аванстар" шотының  дебиті бойынша;

    Нөмірі 10 Журнал-ордер - "Күдікті қарыздар бойынша резерв", "Алдағы кезең  шығындары" шоттарының несие бойынша;

    Нөмірі 11 Журнал-ордер - "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің  дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер  және басқадай дебиторлармен есеп айырысудвң есебі бойынша жоғарыда аталып өткен  тіркелімдерден басқа дебиторлық ьорыштардың  есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын тандау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін тандап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерде үнемі қатысатын, эпизоттық  болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілу қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат-әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

    Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

    "Сатып- алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы".

    "Күдікті  қарыздар бойынша  резервтер".

    "Еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің  дебиторлық борышы".

    "Басқадай  дебиторлық борышы".

    "Алдағы  кезең шығындары".

    "Берілген  аванстар".

    Яғни  осы жоғарыда аталған баптар бойынща  кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа  заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебитолық борыш болып  табылады. 

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

        «Алынуга  тиісті шоттар»,

        «Алынған векселъдер».

    «Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары».

    Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан  да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы занды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

    «Алынуға  тиісті шоттар» деп аталатын шотта  тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақытгарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында толу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік белімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе компаниялардың қаржылық жағдайларын білуге, сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы отеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

    «Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:

    Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).

        Сатылған  тауарлардың өзіндік құнына:

        Д-т: Сатылған дайын әнімдердің

        өзіндік құны 300000 тг.

        К-т: Дайын өнімдер 300000 тг.

        Сатылған  тауарлардан алынатын сомаға:

        Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг.

        К-т: Дайын өнімдерді сатудан алынатын

        табыс шоты 420000 тг.

        Сатылған  тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:

        Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 80000 тг.

        К-т: Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг.

        Сатылған  тауарлар үшін алынатын сома келіп  түскенде:

        Д-т: Ақшалар шоты 500000 тг.

        К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг.

    Жоғарыдағы  екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан (тиеп жіберген) тауарлары, атқарған жүмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған қүн салығы есептелгенде «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.

    Ал  сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың  пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар (шоттар)», «Алынған вексельдер», «Сатьш алушьшар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдарың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  материалдық емес активтер, негізгі  құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру