Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

Шағын кәсіпкерлік  саласындағы инвестициялық саясат құрал-жабдық-тарды шығаруға қабілетті, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің  қажеттілігіне жауап беретін  компанияларға бағытталуы керек. Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлік  субьектілерінің құрылуы мен  экономикалық өсуін ынталандыру  мақсатында, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің қаржы  қаражаттарын тиімді пайдалануды жоғарлату  мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 26 сәуір  айында №665 жабық типтегі акционерлік  қоғам формасындағы банктік емес қаржылық мекеме – шағын  кәсіпкерлікті  дамыту қоры құрылды [24].

Қордың  негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  • шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
  •    шағын кәсіпкерлік субьектілері мен жеке кәсіпкерлікті мақсатты  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару;
  • шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орнын құруға жәрдемдесу;
  • екінші деңгейдегі банктерден несие алу үшін шағын кәсіпкерлік субьектілеріне кепілдік беру;
  •   шағын кәсіпкерліктің бизнес-орталығы мен инкубаторларын, шағын кәсіпкерлік саласында консультациялық, ғылыми-әдістемелік, лиз-ингтік және басқа да нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару бағдарлама-ларына қатысу.

Шағын кәсіпкерліктің түрлі формаларын қаржыландыру мәселелеріне байланысты 1998 жылдың 12 ақпан айында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1998–2000 жылдары  Қазақстан Республикасының көп  мөлшерде қамтамасыз етілген азаматтарын  микро шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару бағдарламасы бекітілді. Бұл  бағдарлама бойынша микронесиені беру шарттары микронесиені мақсатты пайдалануы міндетті түрде көрсетілген несие  шартымен анықталады. Микронесиелер  ақшалай формада беріледі. Сонымен  қатар несиешартында алынған  қаражатты қайтару бойынша шарттар  нақты көрсетілуі керек. Микронесиені өтеу мезімі қызмет түріне байланысты жеке бекітіледі және ол кесте түрінде  қайтарылады [25].

Екінші  микронесиені алу кезінде мүлік  кепілі түрінде қамтамасыз етілуі керек. Бірінші микронесие 400 АҚШ доллар сомасына дейін, 5% жылдық мөлшерлемемен, 18 айға дейін мерзімге беріледі.

Микро шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқарудің институтционалдық негізі микро  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің топтары түрінде құрылды. Ол ірі сомадағы несиені алуға  талпынған жақсы  қамтамасыз етілген  азаматтарға негізделген. Микро  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару тобының құрылуына жер-гілікті  басқару органдарының өкілдері және қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар  авторитетті адамдар мен қоғамдық танымал қызметкерлері өз үлестерін  қосты.

Шетелдің  дамыған мемлекеттерінде шағын  бизнесті қаржылық қолдау негізінен  мемлекет желісі арқалы жүрсе, ал Қазақстанда  мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру мүмкіндігі шектеулі. Себебі, мемлекеттің  кәсіпкерлікті қаржылық қолдау көп  шығынды қажет етеді.Осы жағдайда бюджет қаражатын қолданудың қайтарымдылық  механизміне көшу маңызды. Потенциалды  инвесторлардың қаржыларын кеңінен  тарту мақсатында Қазақстанға тікелей  инвестициялар үшін қолайлы климат жасау жұмыстарын жүргізу қарастырылуда.

шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк қолдау саясаты бойынша мақсатты несиелiк ресурстардың шағын бизнестi дамыту үшiн квотасын бекiту: отандық инвесторлар үшiн 10-20 %, ал шетелдiк инвесторлар үшiн 15-25%. Және де болашақтағы экономикаға келетiн инвестициалардың жалпы көлемiнен басымдырақ, табысты бағыттарға орналастыру осындай үлгiде болса, салалық бөлiну арқылы шағын және орта бизнес әжептәуiр дамыр едi.

  • ауыл шаруашылығы – 20 %
  • азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауарлар, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсi, дәрiлiк препараттар, медициналық техника – 20 %
  • инновациялық iс-әрекеттер – 20 %
  • көлiк, байланыс, құрылыс, құрылыстық материалдар өндiру – 15%
  • тұрмыс қызметтерiн көрсету, коммуналдық қызмет – 15 %.

Қазіргі кезде Республикада жаңа ашылған  кәсіпорындарды несие-леудің құралдары  мен объектілері әлі де дамымай  келеді. Бұл ипотекалық несие, кейстық  несие, франчайзинг, факторинг және басқалары. Шағын бизнес әлі күнге  шейін банктердің қызығушылық сферасынан тыс қалуда. Осыған байланысты оларды лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзинг  пен факторингті дамыту және қолдаудың  басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор [26].

Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық  қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын  кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы  несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді.

Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен  ұштасқан бизнестің неғұрлым күрделі  және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді  қолдау мақсатында шағын кәсіпкерлікке  несие берудің кепілді жүйесін  жасау үшін жағдай жасалады. Осы  жүйе несиені өтеу қабілетсіздігі жағдайында шығындардың орнын толтыру жолымен  несиелік мекемелермен тәуекелдерді бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға  ниет білдірген, бірақ жеткілікті қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің  талаптарын қанағаттандыра алатын несие  тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл мәселе шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымын жетілдіру, бастапқы капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы  қайта өңдеуші өндірістерді дамыту қажеттігіне байланысты ерекше өзекті.

Белгілі бір тәжірибесі бар және қызметтің  жаңа бағыттарын игеру үшін жоғары технологиялы жабдықтар мен қосымша  капиталға мұқтаж кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың жаңа құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады. Лизингтік  құрылымдарды дамыту мен венчурлық  құрылымдарды құру жаңа өндірістердің  пайда болуына және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңге дейін  өндірістерді қалпына келтіруге  ықпал етеді.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын  кәсіпкерлік субъ-ектілеріне:

  • несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;
  • шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
  • шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;
  • қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады.

Осылардан көріп отырғанымыздай, шағын  бизнестің  тиімді әрі ырғақты дамуы үшін мемлекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы  саясаты алдыңғы орынға шығады. Шағын  бизнестің гүлденуіне еліміздегі инвестициялық  климаттың жағдайы тікелей әсер етеді. Соңғы кезде тәжірибеге енгізілген тура инвестициялар тартудың рөлі зор. Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент, қалаларында  жүзеге асырылған тура инвестициялар  тартудың тәжірибесі – бұл әдістің  өміршеңдігін көрсетті. Кәсіпкерлер  форумы кезінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев  былай деп атап өтті: Кәсіпкерлердің қаржы-несие ресурстарына қол жеткізуіндегі  шектеушілік проблемасы біз қажет  еткендей қарқынмен шешіліп отырған  жоқ. Несие алудағы негізгі кедергілер жоғары қарыз пайызы және несиені  қайтарудың қысқа мерзімі болып  отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктердің шағын бизнеске берілетін несиелер бойынша пайыздық ставкалар мөлшері  валютада 16–18% және теңгеде 20–24%-ға дейінді  құрайды. Алынған несие ресурстарын  игерудің орташа мерзімі шамамен 11–12 ай, мұнда қосымша жеңілдіктер  жасауға болар еді. Сондықтан  да Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке жыл аяғына дейін шағын бизнес секторын дамытудың арзан халықаралық  бағдарламалық заемдарына қызмет көрсету  кезінде банк маржасының төмен ставкаларын  белгілейтін шараларды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару ставкаларын төмендетуге  ынталандыру жөніндегі шараларды  талдап жасауды тапсырды.

Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан  қорғауы тиіс. Құқық қорғау органдары  мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты  жан-жақты қолдап қорғаған дұрыс. Әкімшілік  кедергілер мөлшері осы уақытқа  дейін біршама азайғанымен, әлі  де қажетсіз әрекеттер жетерлік, айталық, шағын бизнес нысанын тіркеуде заңды  тұлғалардың жалпымемлекеттік реестріне  тиісті мәліметтерді түсірудің біріңғай әрі өте ықшам жүйесін қалыптастыру керек. Кәсіпкерлердің тауар өткізу нарығын кеңейту үшін мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға оларды тікелей  қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді  шығаруға шағын бизнес нысандары  үшін міндетті түрдегі кіші квота  енгізу – тауар өткізу нарығындағы  шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі.

Республикамызда шағын және орта  бизнестi қолдау саясаты жоқ деуге болмайды. Қайта  мемлекет тарапынан көптеген заң  жүзiндегi қолдаулар көбеюде. Осы  ретте шағын бизнестi тәуелсiз  түрде жұмыс жасауға ықпал  ететiн шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң  ассоциацияларға бiрiгуi орын алады. Осы ассоциациялар нарықтық экономиканың қатаң бұрылыстары мен толқуларын бiрiгіп жеңу мақсатында құрылады. Мысал  ретiнде, Алматы қаласында құрылған «Алматы Кәсiпкерлерiнiң ассоциациясының» /АКА/ жұмысын атап өтуге болады. Бұл мемлекеттiк емес ұйым және ол шағын және әлсiз  кәсiпорындарды интеграциялау мәселесiн алдына қойып отыр. Айта кету керек, «АКА» бизнес жоспар құрып, құқықтық, қаржылық, салықтық мәселелер бойынша көмекке келуге әзiр. Қазақстан үшiн кәсiпкерлiктiң өмiршең формасы франчайзингтi дамыту қолға алынуда. Мұның түбiрiнде шағын кәсiпорындардың бәсекелестiкке сай тауар, өнiм өндiруi жолындағы күштерiн iрi де тәжiрибелi «донор» жанында жүзеге асыру жеңiлдiрек болып келедi. АҚШ-та және тағы да басқа экономикасы дамыған елдердегi еншiлес кәсiпорындардың мұндай формаларда бiрiгуi, бұл iстiң Қазақстан жағдайы үшiн де дәл келуiн көрсетiп отыр.

Сондықтан кәсіпкерлік секторды қаржылық қолдау үшін мыналар қажет:

  • аймақаралық банктер  (оның ішінде шағын бизнесті қолдау бойынша мамандандырылған) желілерін одан ары дамыту;
  • өндірісті қолдауға қарыздары бойынша коммерциялық банктермен кепілді қамтамасыз ету;
  • несиелік ресурстарды бюджеттен тыс жұмылдырудың басқа формаларын қолдану;
  • дәстүрлі емес қаржыландыру қызметін дамыту (лизинг, факторинг, венчурлық қаржыландыру, франчайзинг және басқалары);
  • мемлекеттік, қоғамдық және донорлық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
  • шағын кәсіпкерлік несие ассоциациясының өзін-өзі басқаруы үшін жағдай жасау.

Осы көрсетілген  қажеттіліктерді орындай отырып, шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің жаңа схемаларына көшу қажет, инвестициялық климатты дамыту керек. Яғни шағын және орта бизнеспен тікелей  жұмыс істейтін, оның мұқтаждықтарын түсінетін қаржылық институт құру мәселесі туындап отыр.

Қорытындылай  келгенде мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық  қолдау саясаты келесідей негізгі  бағыттарда жүзеге асуы керек:

  • басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару;
  • екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік беру жүйесін енгізу және дамыту;
  • екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды  жалғастыру;
  • венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау процесі кезінде сақтандыру компания-ларының белсенді қатысуы.
  • Қазақстанның Инвестициялық компаниясының несиелік ресурстарын төменгі пайыздық ставкамен шағын және орта бизнес субектілеріне беру.

жергілікті әкімшіліктердің  анықтаған бірінші реттегі дамуды қажет ететін шағын және орта бизнес субектілерін мемлекеттің «Қазына» қорының несиелік ресурстары негізінде  қаражатпен қамтамасыз ету.  Дамыған  елдердегі банктік  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару механизмін қарастырсақ, Францияда банк клиентке нақты ақша сомасын бере отырып несие  береді немесе оны беруге сөз беру арқылы несие беруі мүмкін. Бірінші  жағдайда толық мағынадағы несие  болса (баланста көрсетілетін), екінші жағдайда банктік қолмен куәландырылған банк міндеттемесі ретінде болады (баланстан  тыс есепке алынады). Толық мағынадағы несиелер үш түрлі тәсілмен берілуі мүмкін: коммерциялық құжаттарды есепке алу түрінде, қаржылық құжаттарды есепке алу және кассалық несие. Банктің қолымен куәландырылған несиеге банктік кепіл немесе акцепттерді, сондай-ақ несиенің қолданылмаған бөлігін жатқызады.

Францияда заңды тұлғаларды  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару кезінде белгілі-бір обьектімен байланысты несие (коммерциялық қарыздық міндеттемелер, сыртқы сауда операциялары, мемлекетті жабдықтау, қосалқы бөлшектер) түрлерін бөледі, ал обьектімен байланысты емес несиелер тек қосымша роль ойнайды. Қарыздық міндеттемелерге берілетін  несие вексельдерді есепке алу формасында берілуі мүмін. Бұл жағдайда банк екі кепілге ие болады: вексель  бойынша қарыз адамның қолы түрінде  және осы вексельді есеспке алуға  берген кредиттер түрінде.Ал, қосалқы  бөлшектерге берілетін несие  бойынша кәсіпорындағы дайын  өнім қорлары өсіп кеткен жағдайда олардың қолма-қол ақшаға сұранысын  қанағаттандыру несиесі немесе маусымдық  несие береді /.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері