Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

Қазақстандық коммерциялық банктер  жалпы 2006 жылы 57 миллиард теңге көлемінде  несие берді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тиетін үлес 20-30%-дан  аспайды. Мысалы: 2007 жылғы есептегенде  барлық деңгейдегі борыштар сомасы 1,5 триллион теңгеге жеткен. Сондықтан  банкер нақты секторды  шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқарудің орнына  құнды қағаздар нарығында  жұмыс істегенді дұрыс көреді [32].

Бұл жағдайдан шығу үшін, шағын  және орта бизнесті қаржыландыру үшін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің жаңа схемаларына көшу қажет, инвестициялық климатты дамыту керек. Яғни шағын және орта бизнеспен тікелей  жұмыс істейтін, оның мұқтаждықтарын түсінетін қаржылық институт құру мәселесі туындап отыр. 

 

 

2.2 Шағын және  орта бизнестегі  кәсіпорындарының  несиелік қабілетін басқаруын   талдау әдістері

 

Шағын және орта бизнес нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Экономиканың осы сферасының дамуы бір-бірінен  оңашаланған көптеген ұсақ жеке кәсіпорындардың  пайда болуымен басталды, сонымен  бірге олардың біреуі де дайын  өнім бағасына әсер етпеді. Олар ұзақ уақыт  бойы еуропалық елдердің біразында  ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етті.

Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілері нарықта  өнімнің тұтынушысы және өткізу нарықтары  үшін бір-бірімен үнемі бәсекелеседі, осы күресте орташа салалықтан төмен  өндіріс шығындарына ие субъектілер  жеңеді. Кәсіпорынның өндіріс шығындары  саладағы орташа өндіріс шығындарынан жоғары болған жағдайда, олар банкротқа  ұшырайды. Белгілі уақыттың өтуімен  кейбір кәсіпорындар, өндіргіш күштерді шоғырландыру нәтижесінде іріленеді, ал басқалары шығынға ұшырайды. Ұсақ кәсіпорындардың ірілену процесі 19 ғасырдың екінші жартысында ірі нарықтық құрылымдардың пайда болуына  әкелді – картель, концерн, трест, корпорация. Аз уақыт ішінде олар ұсақ өндірушілерді  белсенді ығыстырып, өнеркәсіп салаларының  біразында басты позицияларды иемденді және кез келген мемлекеттің экономикасындағы олардың ролі өзінің мәнін барған сайын көптеп жоғалтты. Ірі өндірістің артықшылығы сол уақыттың ғылыми-техникалық прогресінің жетістіктеріне негізделген:

  • кәсіпорынның үлкен ауданын талап ететін, техниканың ауқымдылығы;
  • шағын және орта кәсіпорындардың игеруіне мүмкіндік бермейтін, техника  бағаларының жоғары болуы;
  • қымбат жабдық тек жаппай өндіріс кезінде ғана өтелді, ал көлемге байланысты алынған үнем бұйым данасының бағасын төмендетуге мүмкіндік берді, ал сондай-ақ ұсақ кәсіпорындарды бәсекеге қабілетсіз қылды;
  • неғұрлым білікті жұмысшылар мен инженерлерді шоғырландыру;
  • ғасыр басында ірі кәсіпорындар барлық жаңалықтар мен озат идеялардың таратушысы болды, ал бұл үлкен қаржы шығындарын талап етті, бірақ көбірек пайданы да әкелді.
  • ірі бизнестің алдыңғы қатарда болуына содай-ақ нарықтық факторлар себепкер болды;
  • бұйымдардың салыстырмалы шағын номенклатурасы;
  • тауардың өмірлік циклінің ұзақтығы;
  • ірі фирмалар маркасындағы тауардың шектелген номенклатурасына тұрақты сұраныста көрініс тапқан, сатып алушылардың психологиясы.

Бәсекелестік ортаны сақтап қалу үшін XX ғасырдың 20-шы жылдарында ірі бизнестің  ұсақ бизнеске көрсететін әсерін шектейтін, «антитрестік заңдар» қабылданды. Энергетикалық, шикізат және басқа да дағдарыстармен қоса жүрген, 70-ші жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс шағын және орта бизнестің  жағдайын түбегейлі өзгертті, нарық  өзгерістеріне тез бейімделетін шағын және орта кәсіпорындар дағдарысты аз шығындармен бастан кешірді. Шағын және орта кәсіпкерліктің сәтті дамуының негізгі алғышарттары келесілер:

  • басымдық сандық көрсеткіштерден сапалық көрсеткіштерге ауысты, яғни кәсіпорын көлемінің мәнділігі өнімге, қызметке, жаңалықтарға жол береді. Осы жағдайларда индустрия алыптары ұсақ фирмалардың икемділігімен, олардың нарықтағы болатын кез келген өзгерістерді тез сезінуімен, тұтынушылық сұраныстың азғантай өзгерістерін тез сезіну мүмкіндігімен, клиенттердің қайтадан пайда болатын қажеттіліктерін қанағаттандыруымен салыстырғанда ұтылыста болады;
  • ғылыми-техникалық прогрестің жаңа сатысы, шағын және орта бизнестің көлеміне сәйкес келетін техниканы ұсынды; 
  • тұтынушылар психологиясының өзгеруі. Ол стандарттан бас тартты, бірдей киімді кигісі келмейді, бірдей жиһазды, көлікті және т.б. сатып алғысы келмейді. Сұраныстың дифференциялануы мен тұтыну-шылардың жекешеленуі жүзеге асырылды.

Шағын кәсіпорындар дами бастады, экономикадағы позицияларды жеңіп  алуда, ірі бизнестің тең құқылы серіктері болды. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда. Соғыстан кейінгі он жылдық ішінде шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасу мен  дамудың бірнеше фазасынан өтті – бастау сәтінен өзін реттеуге дейін, осы кезде шағын және орта  кәсіпкерліктің үдемелі дамушы секторы  алыптармен әрекеттеседі. Жапонияда, Италияда, Францияда, АҚШ-та шағын және орта бизнес үлкен дәрежеде таралған, Малайзия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Польша сияқты елдерде үдемелі түрде дамуда деп санау көпшілікпен мақұлданған.

ШОБ-тің маңызы ең алдымен  нарықтық бағаның қалыптасуында  байқалып көрінеді. Ол баға өз кезегінде  шаруашылықты тиімді жүргізуге мәжбүр ететін бәсеке механизмін іске қосады. Бұл механизм нарықтық экономика  іргетасының капиталистік елдің  барлығында да егер ШОБ дамымаған  болса, онда нарықтық экономикамыз жоқ  деп саналады [33].

Еңбекпен қамту мәселесіне келетін болсақ ірі кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарының өсу қарқыны  ШОБ субъектілеріне қарағанда бірдей мерзім аралығында едәуір аз. АҚШ-та, мысалы, 1975–2000 жылдар аралығында еңбекпен қамтылғандардың  саны үлесі 20-25% құрап отыр. Бұл кіші бизнес субъектілерінің микродеңгейлік жағдайдың өзгеруіне тез ыңғайлануына байланысты (салық салу, несиелендіру, сақтандыру және т.с.с.), ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне және оның нәтижелеріне өз өндірісінде қолдануға икемдірек, еркін бәсекеге тікелей қатыса алуына байланысты. Сонымен қатар, шағын  кәсіпкерлік қаржы ресурстарын, жұмыс күшін және өндіріс құралдарын тұтыну мен пайдалану, сондай-ақ өнімін өткізу икемді және маневрленуінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Әдістердің негіздемелі болуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл болашақтағы  жұмыс орындарының санын анықтауға  мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибеде мұндай жіктеуді жүргізу үшін 3 негізгі  әдіс қолданылады. Оның ішінде ең орындысы болып «сандық» әдісі табылады. Ол бизнес кәсіпорын келесі критерийлер  бойынша сәйкес көрсеткіштері негізінде  белгілі бір топқа қосуды қарастырады:

  • еңбекпен қамтылған адамдардың саны;
  • жиынтық және тауарлы өнім көлемі;
  • активтердің баланстық құны.

Ұлыбританияны алып қарайтын болсақ, бұл елде шағын және орта бизнеске деген қызығушылық 70-ші жылдары, Э.Хиттің консервативті Үкіметі  шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы жағдайды зерттеу және қажетті шаралар  ұсыну мақсатымен Болтон комиссиясын (1971ж.) құру нәтижесінде арта түсті.

Консерваторлардың соңғы басқару  кезеңі аралығында  ШОБ-тің өсіп-өркендеуі  үшін максималды қолайлы жағдайлар  жасалды. Шағын және орта кәсіпорындар секторы (оның 96%-ын жұмысшылар саны 20-дан  аспайтын фирмалар құрайды) нарықтық экономиканың құрылымына еніп, оның өмір сүруінің маңызды  талабына айналды.

Бүгінде ШОБ ішкі тауар айналымының 21%-ын құрайды, онда елдің жұмыс күшінің 36%-ы шоғырланған. Сонымен қатар, әрбір ересек адам өзінің жеке бизнесімен айналысады. Бұл елдегі мемлекеттік  қолдау да өте мықты. Мәселен, ШОБ-ті ынталандыруда үкіметтің бюджеттік (салықтық және несиелік) саясатының алатын орны орасан зор. Жалпы шаралар сипатына келесілер жатады: корпорациялардан алынатын салық ставкаларының төмен  болуы (шағын фирмалар үшін), шоттарды кейінге қалдырып төлеу, қосылған құн  салығын есептеу үшін балансты шоттарды төлегеннен кейін ғана құру, мерзімі  өткен несиелерді төлеген кезде  жеңілдіктер жасаудың тиімді жүйесі. Сонымен қатар майда фирмаларға көрсетілетін бюджеттік шаралармен қоса меншік салығын төлегенде де жеңілдіктер қарастырылған. Өз кезегінде  бұл шара жартылай болса да өтімділік  проблемасын шешуге көмектеседі.

Жекелеген министрліктер (сауда және өнеркәсіп, экология, энергетика, жұмыспен қамту сияқтылары) ШОБ-ке көмек көрсету  бағдарламасының  
4 категориясын әзірлеген. Оларға жеке тоқталатын болсақ, олар төмендегідей сипатқа ие:

1. Жаңадан құрылған және әрекет етіп жатқан фирмаларға кеңес беру бағдарламалары. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен арнайы ұйымдар құрылды. Оларды атап айтатын болсақ: шағын фирмалар службасы аймақтық даму бағдарламаларын әзірлеумен және оны қолданысқа енгізумен айналысады (мысалы, «Шығысдевонширлік шағын өнеркәсіп» бағдарламасы), сонымен қатар Уэльс даму агенттігі. Олар британдық өнеркәсіп Конфедерациясымен бірігіп шағын және орта фирмаларға қамқорлық жасау бағдарламасын ұсынды. Бұл көмек маркетингті қаржыландыруды басқару сұрақтары бойынша консультациялар жүргізу нысанында көрсетіледі. Осы бағдарламалар бекітілгеннен кейін оны жүзеге асырумен шағын фирмалар службасы айналысты.

2. Қаржылық көмек көрсету бағдарламасы. Қаржылық көмек көрсету бағдарламасына жататындар: «Гранттар сызбасы», «Жергілікті кәсіпорындарға көмек көрсететін агенстволар», «Кәсіпорындарды құру барысында демеу жасау сызбасы» – бұл бағдарлама өз ісін бастағысы келетін жұмыссыздарға қаржылық көмек көрсетеді, «Несиелерді кепілдендіру» – бұл бағдарлама 3 жылға арналған және үлкен жетістіктерге жеткен бизнесмендердің атынан сақтандыру жарналарын төлеуді қарастырады. Осындай арнайы бағдарламалар жастар өз бизнесін құрғанда немесе кеңейткенде, ШОБ сферасында кәсіпкерлерді дайындау барысында қаржылық көмек нысанында өз септігін тигізеді.

3. Шотландияда, Уэльсте және Солтүстік Ирландиядағы ШОБ-ке көрсетілетін көмек аймақтық бағдарламалары. 40 млн фунт стерлинг тұратын «Бизнесті жетілдіру қызметі» бағдарламасы негізінде осы аймақтарда шағын және орта кәсіпорындар үшін нарықтық стратегия әзірленді, мұнда қаражаттың 50%-ы маркетингтік зерттеулерге, ал қалғаны ШОБ-пен айналысатындарды мамандандыру дайындығына жұмсалады. Аймақтық бағдарламаларға ШОБ-тің дамымаған салаларына көмек көрсететін және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының пайда болуын ынталандыратын Еуропалық аймақтық даму қоры қатысады.

4. Шағын және орта кәсіпорындардың экспорттық қызметіне қолдау көрсететін бағдарамалар. Бұл бағдарламалар көбінесе арнайы құрылған – Британдық сауда қызметінде жүзеге асырылады. Өз кезегінде үкімет   «Кәсіпкерлік бастама» атты көптеген бағдарламалар жүйесін әзірледі. Бұл бағдарламалар ШОБ-тің қызметін ынталандыру және оның бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатымен әзірленген. Бағдарламалардың бірі шағын фирмалар арасында жоғары технологиялық өнім сферасында ең мықты әзірленген коммерциялық стратегияға жыл сайын өткізілетін конкурсты қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен сауда және өнеркәсіп министрлігі 70 млн фунт стерлинг көлемінде қаржы  бөлді. Конкурсанттарға олардың шығындарының 75%-ы көлемінде субсидиялар бөлінеді (олардың жұмсалынатын қаржысы 50 000 фунт стерлингтен аспауы керек). Ал келесі бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны 500-ден аспайтын орта фирмалар технологиялық жаңа енгізілім қажет ететін жаңа өнім ойлап тапқаны үшін немесе өндірісті дамытқаны үшін сыйақылар алады.

Шағын кәсіпкерлердің мамандандырылған дайындығын арнайы құрылған «мамандар  дайындайтын кеңестер» жүзеге асырады.

ШОБ-тің проблемаларымен министр  дәрежесінде басқарылатын депар-тамент айналысады. Оған: сауда және өнеркәсіп, экология, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрліктері көмектеседі. Олар мемлекеттің салық  саясатын, халықтың табыстары мен  шығыстарын және елдегі жалпы экономикалық жағдайды зерттейді. Сөйтіп, жиналған мәліметтер негізінде ШОБ-ке қатысты  заңдар қабылдайды.

Несие беру шарттары.

90-шы жылдары Англия Банкімен  және клирингтік банктермен қадағаланатын  «Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарын  қаржыландыратын» корпорация шағын  компаниялардың 20%-ын несиелендірді.  Осылайша 3900 фирмаға 500 млн фунт  стерлинг қаржы көлемінде инвестиция  жасады. Әрбір банктің өзінің  жеке несиелендіру жүйесі бар.  Мысалы, Barklays Bank бизнесті құруға  және кеңейтуге арналған 2 бағдарлама  әзірледі.

Бірінші бағдарламаға сәйкес несие көлемі 5000–100000 фунт стерлингті құрады және 2 жылдан 20 жылға дейінгі  мерзімге берілді. Ал пайыздар  
(15–17%) несие сомасынан емес, фирманың жылдық айналымынан алынады.

Екінші бағдарламаға сәйкес несие көлемі 5000–500000 фунт стерлингті құрады және 2 жылдан 20 жылға дейінгі  мерзімге завод сатып алу үшін немесе құрал-жабдықтарды сатып  алу үшін және т.б. мақсаттарға беріледі. Мұндай несиеге пайыз Англия Банкінің қолданыстағы ставкасы бойынша немесе банктің өзінің ставкасы бойынша  белгіленеді.

Мемлекеттің несиелерді кепілдендіру бағдарламасы банктің ШОБ-ке берілетін  несие көлемінің 70–80%-на қатысты. Жыл  сайын банк кепілдігін жабу мақсатында бюджеттен 50 млн фунт стерлинг шамасында  қаржы бөлінеді. Мемлекеттің банктерге  деген үлкен қолдауына қарамастан көп жағдайларда шағын және орта фирмалар банкротқа ұшырайды. ШОБ  Федерациясының Басқармасы және Британ өнеркәсіп Конфедерациясының пікірінше  мұның басты себебі салық жүйесінің  кемшіліктері болып табылады. 80-ші жылдардың  соңында шағын кәсіпкерліктің позицияларын нығайту мақсатымен келесідей шаралар  қабылданды: шағын фирмаларды ғимараттар мен құрал-жабдықтарға инвестицияланған алғашқы 50000 фунт стерлингтен алынатын салықтан босату; корпоративті табыс  салығының нормативін (оның ставкасы 35%) 200000-нан 250000 фунт стерлингке дейін  ұлғайту, ал қалған фирмалардікін 1 млн-нан  
15 млн фунт стерлингке дейін ұлғайту; шағын фирманың іскерлік мүлік мұрасына салынатын салықтан босату [33].

Ірі және шағын бизнес одағы.

Шағын және орта фирмалардың құрылуына  ірі компаниялардың қосқан үлесі  орасан зор. Мысалы, Royal Dutch Shell, Control Data компаниялары мамандандырылған басқарушыларын өздерінің  кәсіпорындарынан шағын және орта фирмаларға екі жылға дейінгі мерзімге іссапарға  жібереді. Ал British Gas компаниясы мұнай  және газ өнеркәсібіне жаңа технологиялар  енгізумен байланысты ШОБ-тің дамуына 15 млн фунт стерлинг көлемінде инвестиция құйды.

Әсіресе шағын кәсіпорындардың  құрылуына және дамуына деген  ірі компаниялардың көмегі елеулі болып  отыр. Royal Bank of Scotland, Rank Xerox, British Telekom сияқты гигант компаниялар шағын кәсіпорындардың  транспорт және қонақ үймен байланысты шығындарын, компьютерлермен, көшірме  және телекоммуникациялық жабдықтармен байланысты шығындарының орнын толтыру  сияқты көптеген бағдарламалар сериясын әзірледі. Осындай көмек өз бизнесін жаңа ғана бастап жатқан кәсіпкердің  қызметін анағұрлым жеңілдетеді. Сондай-ақ бастапқы кезеңде банктердің қолдауы  да өте қажет болып табылады. Әрине, ірі компаниялардың шағын кәсіпкерлерге  көрсеткен көмегі риясыздық  емес. Олай дейтін себебім, осындай қолдау жасаудың нәтижесінде Royal Bank of Scotland Шотландиядағы  ШОБ нарығының 45%-на ие болды, ал British Gas компаниясы өзінің жеке өндірісіндегі  жаңа технологиялардың дамуын дәл осы  шағын компаниялардың арқасында  қамтамасыз етті. Өз кезегінде үкімет шағын және ірі шаруашылық құрылымдарының серіктестігін қолдайды. Эконо-микалық  дамудың ұлттық одағы шағын фирмалардың  арнайы коталогын құрған. Бұл каталогтың көмегімен ірі компаниялар өзіне потенциалды серіктес таңдай алады. Сонымен қатар ірі және шағын фирмалардың арасында байланыс жасайтын арнайы орталық құрылды. Шағын бизнеске деген елеулі көмегімен General Electric, National Computer фирмаларының ақпарат орталықтары, сондай-ақ  сауда және өнеркәсіп министрлігі көрсетеді [34].

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері