Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

 

Қарастырылған аралықта елдің экономикасына  бағытталатын несиелердің жалпы  сомасының базалық кезеңмен салыстырғанда 2002 жылы 71,6 млрд теңгеден 672,4 млрд теңге  дейін немесе 9,4 есеге, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  несиелері 22,9 млрд теңгеге немесе 6,3 есе өскенін көреміз.

 шағын және орта бизнесті  несиелеуді басқару аумағының  күрт кеңейюі біріншіден 2006–2007 жылдары  субъектілердің нормативті-құқықтық  базасын дайындаумен; екіншіден,  ШКС тез қарқында өсуімен түсіндіріледі.  Елде қысқа мерзімді  шағын  және орта бизнесті несиелеуді  басқару көлемдерінің 20,1 – 67,6 млрд  теңге немесе 47,5 млрд теңге сомасына  жоғарыласа, өз кезегінде орташа  және ұзақ мерзімді  шағын және  орта бизнесті несиелеуді басқару  2,8-ден 77,8 млрд теңге немесе 75,0 млрд теңге ұлғайды. Сонымен  қоса, ұлттық валютада  шағын және  орта бизнесті несиелеуді басқару  көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд теңге  дейін немесе 309,2%, ал шет елдік  валютада  шағын және орта бизнесті  несиелеуді басқару көлемдері  9,9-дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі  несиелерді шетелдік валютада  алуды ұнатады. Сөйтіп, 2002 жылы  ұлттық валютадағы несиелердің  үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік  валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС  бөлінетін несиелердің үлес салмағы  31,9%-дан 21,6%-ға дейін төмендеді  (7-сурет).

Соңғы екі жылда Республиканың  бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерлік  мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен  аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге асыруда.

Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн АҚШ  долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98 млн АҚШ  долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микронесиелер (1915 жоба 81,57 млн  АҚШ долларына) және 41,7% шағын несиелер (1134 жоба 58,41 млн АҚШ долларына). АДБ  несиелік қаржыларына ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің кең қол  жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында несиелерді беру құрылымы өзгертілді, яғни нақты  несиелердің сомасынан айналым  қаржыларын толықтыруға бағытталатын, несиелер үлесі 20%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды.

 

Сурет 7 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару динамикасы

 

«Микрокредит» мемлекеттік емес ұйым (МЕҰ) 1998 жылдан бастап шағын кәсіпкерлікті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуде. Микронесиелердің бірінші жобасы оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан  облыстарында іске асырылды, содан  кейін микро шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару процесіне басқа  да облыстар қосылды. 2002 жылы микронесиелермен 30 мың адам қамтамасыз етілді, 2002 жылы олардың саны  
5 есе көбейді. 2005 жылдың 1 мамырында елдің 27 депрессивтік аудандардың 12-сі микро шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үшін қаржы алды. «Микрокредит» МЕҰ 2003-2007 жыл-дарға жұмыстың жаңа бағдарламасын қабылдады. Берілген бағдарламаға сәйкес микронесиелерді берудің едәуір икемді жүйесі пайдаланылды. Егер алғашында қор 400 АҚШ долларымен шектелсе, онда қазір ол көп немесе аз болуы мүмкін. Сондай-ақ  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мерзімдері де өзгерді: бұрынғыдый 18 ай емес, 3 айдан  
12 айға дейін 8 пайыз жылдықпен. Несиелерді беру тәртібі де өзгерді:  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару бойынша жұмыс тікелей ауыл әкімдерімен және, ауылдың барлық тұрғындарын білетін, Ақсақалдар Кеңесімен жүргізілуде. Қазіргі кезде, «Микрокредит» МЕҰ, елдің барлық кедей халқын микро шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару процесіне тарту мақсатында, филиалдарды ашу мақсатында, филиалдарды ашу арқылы қалған облыстарға шығуда. Несиелік қаржылар шағын кәсіпкерлікті дамытуға елеулі әсер етеді.

Сөйтіп, шағын кәсіпкерліктің дамуының динамикасы экономиканың берілген секторының жаңа жұмыс орындарын құрудың  және ел халқы арасында сұранысқа  ие, әр түрлі тауарлар және қызметтерін  тұтыну нарығын толтырудың негізгі  құралының бірі болып табылатынын  көрсетті.

Сонымен қатар, ШКС өндірілген салалық құрылымы тепе-тең емес болып  қалуда. Сауда-делдалдық қызмет 2006 жылы өнімді өндірудің жалпы көлемінен 53,6% құрады және 2007 жылы да жоғары болып  қалуда – 46,3% (3 және Сауда-делдалдық  қызмет 2006 жылы  барлық өңірлерде  жоғары болды  
(Д қосымшасы), әсіресе келесі облыстарда: Ақмола – 48,3 %, Батыс Қазақстан – 70,1%, Қарағанды – 53,6%, Қызылорда – 77,3%, Қостанай – 53,3%, Маңғыстау – 67,3%, Павлодар – 54,5%, Алматы қаласы – 65,1%. Бұл жылы тек Атырау – (54,7%), Жамбыл – (33%) және Оңтүстік Қазақстан – (69,7%) облыстарында өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнім көлемдері басым болды. Шағын кәсіпкерліктің дамуының бес жылдық кезеңінен кейін алты облыста Ақмола (46,3%), Ақтөбе (59,3%), Алматы (43,2%), Атырау (25,9%), Жамбыл (41,2%), Солтүстік Қазақстан (51,1%), Оңтүстік Қазақстан (65,2%) облыстарында шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлерінің өсу тенденциясы байқалды. Бірақ қалған он екі аймақта сауда ШКС негізгі қызметі болып қалуда.Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және аграрлық сектормен базалық кезеңде өндірілген өнім өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 21,7% құрады, бірақ 2007 жылы ол  
21,4%-ға тең.

 

 

Базалық кезеңмен салыстырғанда 2007 жылы өнеркәсіптік өнім және аграрлық сектор өнімдерінің үлесі 0,3% азайды.

Экономикалық қызмет түрлері құрылымының  сауда-делалдық опера-циялар пайдасына  қалыптасуы мынаған байланысты, сауда  сферасы үшін алғашқы ірі капитал  қажет емес және кәсіпкер өз ісін өзіндік  қаржылар көмегімен аша алады. Ал өндірістік сектор ірі капиталдың, өндірістік қуаттар мен маманданған  техникалық және басқару персоналының болуын талап етеді. Қазіргі уақытта  шағын кәсіпкерліктің өрдірістік секторы  күрделі емес және бәсекеге қабілетсіз өнімді өндірумен айналысады. Сауда  сферасында шекті өнімділікке қол  жеткендігін және салынған капитал  табыстылығының төмендігін атап кету қажет, сондықтан кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі нақты сектор жағына ауысыда. Мұндай бағыт экономиканың тұрақты  жағдайы, ұлттық валютаның тұрақты  курсы және кәсіпкерлердің қызметтің  жаңа сфераларын игеру қызығушылығының  нәтижесінде мүмкін болып отыр [29].

Әрине, Үкіметпен жүргізілетін саясат шағын кәсіпкерлік субъектілерін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді белсендетуге бағытталған, бірақ ол әліде оның қажеттіліктерін  толық көлемде қанағаттандырмайды. Шағын кәсіпкерлікті әрі қарай  дамыту, елдің жалпы ішкі өнімінде оның үлесін ұлғайту, жұмыс орындарының  санын әрі қарай өсіру, меншік иелерінің жаңа тобын қалыптастыру үшін оның қызметін орта және ұзақ мерзімді негізде  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару, жеңілдетілген  кезеңдерді пайдаланумен қызметтің  маңызды түрлерін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару, мемлекеттік  сатып алулар бойынша тендерлерді  ұтып алған ШКС алдын-ала  шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқарудің схемасын дайындау мен енгізу қажет. Ұлттық банкке ипотекалық  шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқару  жүйесін жалғастыру, вексельдердің  бірінші дәрежелі эмитенттерінің тізімін кеңейту, Республикада мамандаған құрылыс банктерін құру керек. Екінші деңгейдегі банктерге өзінің қызметінде лизинг операцияларын белсенді пайдалану қажет.ҚР Үкіметімен жүргізілетін жұмыстарға қарамастан, шағын кәсіпкерлік өнімдері мен қызметтерінің көлемдері әлі ел экономикасында елеулі роль атқармайды.

Сонымен қатар, дамыған елдердің шағын  кәсіпкерлігі барлық өнеркәсіптік өнімнің 65-70% өндіреді, ал берілген елдердің ЖІӨ  оның үлесі 50-60%, Қазақстанда ол 20,4%-ға тең, ол сондай-ақ қол жеткен максималды деңгейден үш есеге төмен, яғни шағын  кәсіпкерлік өнімді өндіруде басты  роль атқармайды.

Демек, Қазақстан Республикасындағы  шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін талдау негізінде келесі қорытындыларды жасауға болады:

1) Қазақстанның шағын  кәсіпкерлігі ел экономикасының  басым бағыттарының бірі болып  табылады. Оған динамикалық үдемелі  қозғалыс тән. Қазіргі кезде  оның ел экономикасына қосқан  үлесі жылдан жылға өсуде. Сонымен,  қазір экономиканың осы сферасы  765,5 млрд теңге сомасына өнім  өндіреді және қызмет көрсетеді,  ол ел экономикасының ЖІӨ 20,4%-ды  құрайды; бұл жерде 1407,6 мың  адам жұмыс істейді, ол ел  экономикасында жұмыс істейтіндердің  жалпы санының 21,0%-ға тең; ШКС  қызметінен Республика бюджетіне  
66,0 млрд теңге түсті, ол бюджетке түсетін жалпы түсімдердің 8,2%-ын құрайды.

Екінші жағынан ШКС қызметінің нәтижелерін талдау, оның дамуына  жағымсыз тенденциялардың тән екендігін  көрсетті:

1) 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпорындардың саны төмен – 9,3 бірлік, соның ішінде шағын кәсіпорындар – 8,5, ал экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш АҚШ – 74,9, Италияда – 68, Англияда – 46, Германияда – 37, Жапонияда – 49,6 бірлікке тең. Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындар саны дамыған елдердегі берілген көрсеткіштің деңгейінен 4-8 есе төмен, сонымен бірге белсенді қызмет ететін шағын кәсіпорындардың үлесі 48,8%-ға тең;

2) Республика аймақтары бойынша ШКС бірқалыпсыз орналасуы. 2003 жылдың басына ШКС көпшілігі жалпы саннан 18,4%, Оңтүстік Қазақстан облысында, ең аз 2,1% Маңғыстау облысында шоғырланған. Республикадағы ШКС 3%-ға дейінгі үлес салмағы үш облыста (Маңғыстау – 2,1%, Атырау – 2,6%, Қызылорда – 2,8%); ШКС 3-7 % дейінгі үлес салмағы жеті облыс және бір қалада (Қостанай – 5,7%, Солтүстік Қазақстан – 4,9%, Павлодар – 4,8%,Ақмола – 4,5%, Астана каласы – 4,2%, Жамбыл – 4,1%, Ақтөбе – 3,7%, Батыс Қазақстан – 3,5%); ШКС 7-10%  дейінгі үлес салмағы екі облыста ( Шығыс Қазақстан – 9,7%, Қарағанды – 7,3%); ШКС 10% жоғары үлес салмағы екі облыс пен бір қалада (Алматы – 12,4%, Алматы қаласы – 11,7%, Оңтүстік Қазақстан – 18,4%) орналасқан. ШКС бұлайша таратылуы, бір жағынан, өңірлерде халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары болуына байланысты, ол шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді (Алматы қаласы); екінші жағынан, бұл аймақтарда өнеркәсіп жеткілікті дамыған, кәсіпорындардың көбісін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру ШКС құрылуына әкелді (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы); басқа жағдайларда, бұл мал шаруашылығы мен суармалы жерлері жақсы дамыған аймақтар (Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары). Соңғыларда шағын өндірістен қайтарым жоғары, ол да шағын кәсіпкерліктің қалыптасуына көмектесті.

3) Облыстар бойынша ШКС бірқалыпсыз таралуына жұмыспен қамтылған жұмыскерлер санының бөлінуіндегі кемшіліктерде ықпал етті. 2003 жылдың басына шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің ең көбі жалпы санынан 14,8% Алматы қаласында шоғырланған, жұмыспен қамтылғандардың ең аз үлесі Маңғыстау облысында – 2,1%. Республикада шағын кәсіпкерлік сферасында жұмыс істейтіндердің 3% дейінгі үлес салмағы үш облыста (Маңғыстау – 2,1%, Атырау – 2,7%, Қызылорда – 2,7%); шағын кәсіпкерлік сферасында жұмыспен қамтылғандардың 3%-дан 7%-ға дейінгі үлес салмағы жеті облыс пен бір қалада (Астана қаласы – 5,2%, Қостанай – 5,2%, Ақмола – 4,9%, Павлодар – 4,7%, Жамбыл – 4,6%, Солтүстік Қазақстан – 4,0%, Ақтөбе – 3,4%, Батыс Қазақстан – 3,4%); шағын кәсіпкерлік сферасында жұмыспен қамтылғандардың 7%-дан 10%-ға дейінгі үлес салмағы екі облыста (Қарағанды – 7,2%, Шығыс Қазақстан – 9,0%); жұмыспен қамтылғандардың 10% астамы екі облыс пен бір қалада шоғырланған (Алматы облысы – 12,7%, Алматы қаласы – 14,8%, Оңтүстік Қазақстан – 13,4%). Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санының бұлайша бөлінуі бірінші кезекте облыстардағы ШКС ең үлкен үлес салмағына байланысты, екіншіден, бұл облыстарда халықтың тығыздығы жоғары.

4) Шағын кәсіпкерлік жұмыскерлерінің жалақысының едәуір дифферен-циялануы байқалады. Оның мөлшері қызметтің түрі мен өңірге тәуелдігі. Ең жоғары жалақы байланыс шағын кәсіпорындарының жұмыскерлерінде, ал ең төмен – ауыл шаруашылық кәсіпорындарында. Байланыс жұмыскерлерінде ол 4,6 есе жоғары. Шикізат ресурстарын өндірумен байланысты аймақтарда, екі қаланың шағын кәсіпорын-дарының жұмыскерлерінде ең үлкен жалақы және төменгі жалақы – ауыл шаруашылық аймақтарында.

5) Республика кәсіпкерлерінің біразына жеке кәсіпкерлік тартымды болып қалуда. 2007 жылдың басына шағын кәсіпорындарда жұмыспен қам-тылғандардың үлесі 49,2%, жеке кәсіпкерлікте 50,8%-ға тең болады. 2003 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпорындар үлесі 0,8% азайды, ал жеке сферада жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің үлесі 0,8% жоғарылады. Бұл тіркеуге алу, есептілік және есепке алудың жеңілдетілген жүйесіне байланысты.

6) Шағын кәсіпкерліктегі жұмысбастылық деңгейі жұмыссыздық проб-лемаларын шешуге қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті жоюға көмектеспейді. 2007 жылдың басында экономиканың осы аймағында ел экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 21,0%-ы жұмыс істеді, ол экономикасы дамыған елдердегі қол жеткен деңгейден 2,4–2,9 есеге төмен.

7) Республиканың ЖІӨ ШКС өндірілген өнім мен қызметтердің көлемдері экономикасы дамыған елдердегі қол жеткен көрсеткіштерден 3 есе төмен және де ең үлкен үлес салмақ 46,3% сауда-делдалдық операцияларға тиеді, ал өнімнің маңызды түрлерінің үлесі 21,4%, ал сауда-делдалдық операциялар үлесінен 24,9 % төмен.

8) Республиканың жалпы кірісіндегі ШКС қызметінен түскен төлемдердің үлесі 10%-дан аспайды, ол сондай-ақ экономикасы дамыған елдердегі қол жеткен нәтижелерден 3-4 есе төмен.

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін  болсақ, өткен жылдың басында жалпы  республикамыз бойынша 737886 кәсіпкерлік  нысандары тіркелгендігі осы  сөзді дәйектей түседі.  Ал ол осының алдындағы 2007 жылмен салыс-тырғанда олардың  саны 17,8 пайызға өскендігін көрсетеді. Егер, осы көрсеткішті одан әрі  саралай талдасақ, бұлардың ішінде 163416-сы заңды тұлғалар екендігін  аңғарамыз. Демек, жеке кәсіпкерлігін  жандандыруға адамдардың құлшынысы  ояна бастағандығы байқалады. Екінші жағынан, бұл жұмыс жасындағы адамдарды  еңбекпен қамтуға елеулі септігін тигізуде. Мәселен, бүгінгі таңда шағын  кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған  адамдардың саны 1,5 миллион адамға жеткен. Егер осы үрдістен айнымай, бұл саланың  серпінді дамуына барынша қолайлы  жағдай туғызылса, еңбек жасындағы  адамдардың жұмыспен қамтылуы одан әрі  жақсара түседі деуге толық негіз  бар. Өйткені осы көрсеткіш бұрынғы  жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 10 пайыздан астамға өсіп отыр. Егер де осы салаларды одан әрі тарата жіктейтін болсақ, заңды тұлғаларда 539 мың шаруа қожалықтарынан 404 мың, ал жеке кәсіпкерлікпен айналысатындарда 583 мың адамның жұмыс істейтіндігі байқалады.

Алайда, мына жайға да назар аудармасқа болмайды. Бүгінде негізгі өлшем  ретінде жұмыс істеп тұрған шағын  кәсіпкерлік нысанда әр бір мың  тұрғынға шағын кәсіпкерлікті  дамыту негізгі көрсеткіш болып табылады. Міне, мәселеге осы тұрғыдан келетін  болсақ, қазіргі кезде шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің 1 мың адамға шаққандағы саны 7,6 бірлік өлшемін құрып отыр, ол көрсеткіш шаруа қожалықтарында 24,2 жеке кәсіпкерлікпен айналысатындарда 19,2 бірлікті құрайды. Ал осыны ел ауқымында  алып қарастырсақ, соңғы жылдарда біздің республикамызда әрбір 1 мың адамға шаққанда щағын кәсіпкерлік нысандарының қатары едәуір толыға түскендігін аңғарамыз.

Әрине, шағын кәсіпкерліктің түрі мен сипаты сан алуан. Сондықтан  оның қай салалары басымдыққа ие болып  отырғандығын бағамдағанның да артықшылығы  жоқ. Енді осыны да бір талдап көрелік. Мәселен, 2007 жылда шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың 40 пайызға жуығы  саудаға, автокөлік, тұрмыстық заттар мен жеке бұйымдарды жөндеуге баса ден қойған. Ал ауыл шаруашылығындағы, аңшылық пен орман шаруашылығындағы шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 164511-ді немесе 29 пайызды құрап  отыр. Бұлардың ішінде 96,5 пайыздан астамы заңды тұлғалар. Бұлардан басқа тікелей  өндіріспен шұғылданатын 18 мыңнан астам  шағын кәсіпкерлік субъектісі бар. Солардың 90,8 пайызы негізінен өнімдерді  ұқсату ісімен айналысуда.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері