Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

*Дерек көзі - 2004-2008 жылдардағы Қазақстанның статистикалық жинағы

2008 жылы ауыл шаруашылығында 1384,2 млрд. теңге өнім өндірілген, оның 388,9 млрд. теңге өнімді немесе 28,1%  ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 316,1 млрд. теңге немесе 22,8 %  шаруа  (фермер) қожалықтары және 679,2 млрд. теңге немесе 49,1%  жұртшылық шаруашылықтарында  өндірілген. Бүгінгі күні ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау мақсатында тұрақты мемлекеттік жүйе қалыптастырылған (2 - сурет).

 

 


Сурет 2 – Ауылдағы шағын және орта  кәсіпкерлерді  мемлекеттік қолдау жүйесі  Ескерту - әдебиеттер негізінде автормен жасалған


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдағы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау мемлекет тарапынан  ұйымдастырылған ұлттық холдинг - «ҚазАгро»  АҚ арқылы жүзеге асырылады. Соңғы 2006-2008 жылдары аралығында осы «ҚазАгро» Холдингі арқылы АӨК-ні қаржылық қолдау көлемі жылдан жылға өсіп келеді (3 сурет). Тек 2008 жылы АӨК қаржыландыруға барлығы 166,8 млрд. теңге жұмсалған, ол 2006 және 2007 жылдармен салыстырғанда едәуір жоғарлады. Оның ішінде бюджет қаражаттары 36% (61,6 млрд. теңге), меншікті қаражаттар 20,3 % (33,8 млрд. теңге) 42,8 % бюджеттен тыс тартылған қаражаттар (71,4 млрд. теңге).

 

Сурет 3 - 2006-2008 жылдардағы «ҚазАгро»  Холдингі арқылы АӨК қолдау көлемінің  динамикасы*Ескерту - АШМ – нің  деректері негізінде автормен құрастырылған

АӨК қаржыландыру көлемінің  көбеюі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің  басым бөлігін қамтуға мүмкіндік  береді. 2008 жылы «ҚазАгро» компаниясының  қызметін 27,9 мың қарыз алушылар қолданса олардың басым бөлігі – шағын  және орта бизнес субъектілері (4сурет).


 

 

 

 

 

Сурет 4 - 2008 жылы «ҚазАгро»  Холдингінің қызметін қолданушылардың  саны

*Ескерту - АШМ – нің  деректері негізінде автормен  құрастырылған

«ҚазАгро» Холдингінің қызметін қолданушылардың құрылымы келесідей: 0,1 % акционерлік қоғамдар (АҚ), 10,8 % жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС), 27,8 % шаруа (фермер) қожалықтары (Ш(Ф)Қ), 0,2% ауылдық  тұтыну кооперативтері (АТК), 60,1 % жеке тұлғалар олардың басым бөлігі шағын  және орта агробизнестің өкілдері.

Ұлттық холдингтің еншілес  кәсіпорыны – «ҚазАгроҚаржы» АҚ АӨК-нің  сапалы дамытуға бағытталған техникалық және технологиялық үрдістерді қаржыландыру үшін екі бағытта қаржылық лизинг жүргізуде:                                                     

1) агроөнеркәсіп кешені  субъектілерін жаңа технологиялық  жабдықпен, ауыл шаруашылығы техникасымен, арнайы техникамен және асыл  тұқымды малдармен қамтамасыз  ету; 

2) агроөнеркәсіп кешені  субъектілері үшін ауыл шаруашылығы  өнім қайта өңдеу жөніндегі  жабдықты сатып алуды қаржыландыру.

2008 жылдың қорытындысы  бойынша ауыл шаруашылығының  негізгі капиталына бағытталған  инвестициялардың жалпы көлемі 54,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылмен  салыстырғанда 3 есе өскен. 

Бюджеттік қаражат есебінен лизинг бойынша жылдық сыйақы ставкасы 4% бастап төленеді және жеке тартылған  қаражат есебінен - 10-12,5% құрайды. Лизинг мерзімі 7-8 жылға дейін. Дегенмен, банктік  операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын және уәкілетті мемлекеттік  органдардың нормативтік актілерін, сондай-ақ ішкі ережелерін басшылыққа алатын ұйымдар ретінде Ұлттық холдингтің еншілес компаниялары несие берудің  төлемділік, жеделдік, қайтарымдылық, қамтамасыз ету сияқты негізгі қағидаларын  сақтауы керек, яғни несие алушының кепілдікке қоятын мүлкі болуы тиіс.

Елдің қарқынды экономикалық дамуының жалпы көрінісінде қала мен ауыл тұрғындары өмірінің деңгейінде тепе-теңсіздік сақталуда, олардың  аймақтық табыстарында едәуір айырмашылық  бар. Ауылдық жерлерде елдің тұрғындарының 47%-ы тұрады, ресми статистика мәліметі бойынша олардың бестен бірінің  табысы күнкөріс деңгейінен төмен. Осыған қарамастан, ауылдық жерлерде  екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) қаржылық қолдау көлемі аз (3-4% шамасында) олардың филиалдары азайып келеді және белсенділігі төмен. Сол себепті қазіргі кезде ұлттық холдинг құрған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы ауылдық жерлерде қаржылық көмек көрсетудің негізгі көзі болып табылады.

2007-2009 жылдар аралығында "Ауыл шаруашылығын қаржылай  қолдау қоры" қатысуымен құрылған  шағын несиелік ұйымдарын (ШНҰ)  қаржыландыруға республикалық бюджеттен  3 203,4 млн. тенге бөлінген (оның ішінде 2007 ж. – 900 млн. тг., 2008 ж. – 1 303,4 млн. тг., 2009 ж.- 1 000 млн. тг.).

2010 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай  бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай  қолдау қоры» АҚ-ымен жалпы  сомасы 9854 млн. теңге 53267 несие  берілген (5 сурет).

 

Сурет 5- Берілген зайымдардың  көлемі мен саны

*Ескерту  –   зерттеу негізінде автормен құрастырылған

Қордың филиалдары мен  өкілдіктері арқылы шағын  шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқару  бағдарламасының қолданыстағы шарттары ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы, шағын  несие ауыл тұрғындарына жылына 9,5% мөлшермен 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі (оның ішінде мал шаруашылығына 2 жыл, өсімдік шаруашылығына 1,5 жыл).Қазiргi уақытта шағын және орта бизнес әр түрлi қаржылық мекемелерден көмек алуда. Банкпен несиелендiру мерзiмдерi өте қысқа. Сондықтан осы корпоративтi экономика үлгiсiндегi экономикаға сай қаржы институттарының жаңа формаларын енгізу керек. Ол шағын бизнеске төмендетiлген пайызбен несие беру, өзара  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару қоғамдарын құру керек. Ал, коммерциялық банктер мемлекет тарапынан шағын бизнестi несиелегенi үшiн ешқандай жеңiлдiктер алмағандары үшiн бұл секторды  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруге онша қызығушылық тудырып отырған жоқ.

Шағын бизнестi қолдау ретiнде банктердiң және басқа  да қаржылық институттардың несиелiк  ресурстарын кеңiнен тарту мақсаты  алға қойылған жөн. Инвестицияларды  қорғау шаралары бойынша коммерциялық құры-лымдардың коммерциялық шағындарының қорғалуын қарастырып, жеңiл-дiктермен  шағын бизнеске несиелер бөлу операцияларын  жетiлдiру керек.

Несиелік процесті басқарудың негізгі элементтері болып тәуекелді  минимизациялау және алдын алу табылады (6-сурет).








 


Сурет 6 – Кәсіпорында несиені  басқару стратегиясы

 

Жоғарыда  айтылғандай, шағын бизнестi  шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқару  қаржыландырудың банктер үшiн  тәуекел деңгейiнiң өте үлкендiгi ең бiрiншi фактор болып отыр. Сонымен  қатар банктiк қызметтердiң iске  асуының өзiндiк құнының жоғарылауымен  де тiкелей байланысты. Осы аталған  факторларға байланысты мемлекет тарапынан  банктiк емес қаржылық мекемелердiң  шағын бизнестi инвестициялауына ынталандырудың қозғаушы механизмiн жасау керек. Қазiргi кезде менiң ойымша шағын  бизнестi арнайы инвестициялайтын компания құру керек сияқты. Сондай-ақ шағын  бизнестi несиелейтiн коммерциялық банктердiң механизмi мен тәртiбiн  қарастыру керек. Коммерциялық банктер шағын бизнестi  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруде бюджет қаражаттарының кепiлiмен және де арнайы мемлекеттiк қоғамдық қорлар мен бiрлестіктердiң қаражаттары кепiлi арқылы  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудi қарастыруы керек. Шағын және орта бизнестiң дамуы мен оның одан әрi нығаюының базасы ретiнде тұрғындардың банктiк жинақтарының индексациясын жүргiзу болып табылады. Осы мақсатта несиелiк корпорациялар жүйесi мекемелерi зор роль атқарады. Мұндай мекемелер шағын және орта бизнестi қаржыландырғаны үшiн белгiлi бiр мөлшерде салықтық жеңiлдiктер, несиелiк ресурстар және мемлекет кепiлiн алады. Мұндай несиелiк корпорациялар жекеменшiк нысанында болып, коммерциялық негiзде жұмыс жасайды.

Еңсесі биік елдің  қатарына қосылу үшін шағын және орта бизнес саласын тұрақты дамыту керек. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына арналған Жолауында таяудағы жылдарда әлемнің  бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елінің қатарынан көріну міндетін қойып отыр. Осы мәреден көрінудің  басты талаптарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты. Сондықтан  да Елбасы осы саланың тұғырын  нығайту мен қамту аймағының  кеңейтіле түсуіне айрықша мән  беріп келеді. Себебі аталған мақсатқа қол жеткізу үшін шағын және орта бизнестің елімізде серпінді дамуы  өте маңызды.

1992 жылы ҚР  Үкіметі «Жеке кәсіпкерлікті  қорғау және қолдау туралы»  заң қабылдады. Заңда жеке кәсіпкерлікті  қорғаудың негізгі формалары  мен әдістері, жеке кәсіпкерлердің  максималды еркіндігі мен мемлекеттік  заңды тұлғаның жеке кәсіпкерлердің  құқығын бұзғаны үшін жауапкершілігі  анықталған. Қызметін өзінің мүліктік  жауапкершілігімен жүзеге асыратын, жеке тұлға мен мемлекеттік  емес заңды тұлғалар жеке кәсіпкерліктің  шаруашылық жүргізуші субъектілері  болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстандағы  кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы  эко-номикалық дағдарыс, өндірістік байланыстардың бұзылуы, көптеген кәсіп-орындардың тоқтауы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өзгермелі инфляция және басқа да жағдайларда өтеді. Бірақ, қалыптасқан қиын-шылықтарға қарамастан, мемлекет шағын кәсіпкерліктің проблемаларымен  айналысуда. Уақыттың осы аралығында Қазақстан Республикасының Конституциясы  жас республикадағы кәсіпкерліктің құқықтық негізі болып табылады. Экономиканың осы секторының дамуының бірінші  кезеңі,  
1987 жылдан бастап, он төрт жыл уақыт аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында Республикада бұған дейін болып көрмеген қарқынмен елде кәсіпкерлікті қалыптастырды. Бұған бірінші кезекте нормативті-құқықтық базаны құру ықпал етті (8-кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 8 – ҚР шағын кәсіпкерлікті  бірінші кезеңде реттеудің қабылданған  негізгі нормативтік-құқықтық актілердің тізімі

 

Құжаттардың аталуы

Бекітілу мерзімі

1

2

3

1

«Жеке еңбек қызметі туралы»  КСРО заңы

19.11.1986 ж.

2

«КСРО – да кооперация туралы»  КСРО заңы

01.07.1989 ж.

3

«КСРО – да меншік туралы»  КСРО заңы

01.03.1990 ж.

4

«Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті  дамыту туралы» Қазақстан КСР  заңы 

11.12.1990 ж.

5

«КСРО – да кәсіпорындар туралы заң» КСРО заңы

01.01.1991 ж.

6

1992 – 1994 жылдардағы кәсіпкерлікті  қолдау және дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы

05.05.1992 ж.

7

«Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Қазақстан Республикасының  заңы

04.07.1992 ж.

 

   

 

 8

1995 – 1996 жылдардағы кәсіпкерлікті  қолдау және дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы

10.07.1994 ж.

9

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі 

27.12.1994 ж.

10

«Шағын кәсіпкерлікті  мемлекет тарапынан қолдауды күшейту  және дамытуды белсендету шаралары туралы»  ҚР Президентінің үкімі 

06.03.1997 ж.

11

«Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктермен шағын  кәсіпкерлік субъектілерін  шағын  және орта бизнесті несиелеуді басқарудің төменгі мөлшері туралы» ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы 

08.04.1997 ж.

12

«Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер бөліктерін несиеге сату бойынша  ашық конкурстарды ұйымдастыру және жүргізу туралы» ереже 

17.04.1997 ж.

13

«Болашақта меншікке беру құқығымен ШКС – не қолданылмайтын өндірістік бөлмелерді және объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарға офистік  бөлмелерді беру жөнінен тендерлерді  жүргізу туралы» 

ережелер 

17.04.1997 ж.

14

«Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қорын құру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы

26.04.1997 ж.

15

«Қазақстан Республикасындағы  шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың маңызды және аймақтық бағдарламалары туралы» ҚР Президентінің  үкімі

07.06.1997 ж.

16

«Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңы

19.06.1997 ж.

17

«Жеке кәсіпкерлік туралы»  ҚР заңы

19.06.1997 ж.

18

«Шаруа (фермерлік) қожалықтары  туралы» ҚР заңы

31.03.1998 ж.

19

Қазақстан Республикасының  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы

31.12.1998 ж.

20

«Қазақстан Республикасының  табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігі туралы қаулы» ҚР Президентінің үкімі

15.11.1999 ж.

21

«Қаржылық лизинг туралы»  ҚР заңы

05.06.2000 ж.

22

«ШКС  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудегі коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде  пайдалану мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы 

07.07.2000 ж.

23

«Қазақстан Республикасында  қолөнершілікті дамыту концепциясы  туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы

11.07.2000 ж.

 

1

2

3

24

«Шағын кәсіпкерлік жөніндегі  Республиканың ақпа-ратты-көрмелік орталығы» жабық акционерлік  қоғамын құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы 

17.10.2000 ж.

25

Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  қолдаудың 2001–2002 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламасы

07.05.2001 ж.

*Ескерту – Кесте автормен дайындалған


 

Шағын және орта бизнес қызметін қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқықтық актілер негізінде іске асырылды. Қабылданған нормативті-құқықтық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің  негізінде Республикадағы шағын  кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге  бөлуге болады:

1) 1987 – 2001 жылдардың аралығы – кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны он есе көбейді. Кәсіпкерлік кооперативтерден кәсіпорындарға дейін өсті, оны дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдерін бастан кешірді; еліміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде сипаттауға болады.

2) 2002 жыл мен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен институттардың тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіп-керлікті дамытудың белгілі теориялық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік Республика экономикасын гүл-дендіретін басты тетіктердің бірі екендігін хабарлады. Мұнымен қоса кәсіпкерліктің қолданылатын формалары мен түрлері алуан түрлі. Екінші кезеңнің басталуы, атап айтқанда 2002 жылдан бастап, «Қазақстан Республикасының 2002–2004 жылдарға арналған Мем-лекеттік бағдарламасын» қабылдауға байланысты, онда бірінші рет шағын кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылады.

3) Экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерліктің дамуында қол жеткен әлеуметтік-экономикалық параметрлеріне сәйкес, мәні инно-вациялық процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады [12].

Еліміздің халқын отандық тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын  құру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында шағын кәсіпкерлікті  әрі қарай дамыту елімізде шағын  және орта кәсіпкерлікті дамытудың 1992 – 1994, 1995 – 1996 жылдарға арналған бағдарламаларында  жоспарланған арнайы шараларсыз мүмкін емес. Әрбір бағдарламаның жүзеге асырылуы жоспарланған шаралар арқылы іске асырылады, олардың негізгі  мазмұнын шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау; оның инфрақұрылымын дамыту; шағын кәсіпкерлікке мамандарды дайындау; қайта дайындау жүйесін  ұйымдастыру және біліктілігін көтеру; шағын және орта бизнес субъектілерін  қорғау және қолдау құрайды.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері