Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

Уақыттың  осы аралығында кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру  жөнінен жүргізілген реформалар шағын және орта бизнестің қалыптасуының  алғышарты болып табылады: бірінші  кезең  
(1991– 1992 жылдар) қызмет көрсету аймағында жүргізілді (сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру және т.б.); екінші кезең (1993–1995 жылдар) – өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында және ауыл шаруашылығында; үшінші кезең (1996 – 1998 жылдар) – бұл Қазақстан экономикасында жеке секторды орнықтыру; төртінші кезең (1999–2000 жылдар) – жекешелендірілген мемлекеттік мүлікті есепке алуды, басқару тиімділігін одан әрі жетілдіру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету. Республикада 1991–2000 жылдар аралығында мемлекеттік меншіктің 34,5 мыңнан астам объектілері жеке-шелендірілді. Шағын және орта кәсіпорындардың 38%-нан астамы  
1994–1995 жылдардағы шағын жекешелендіру мезгілінде құрылған. Ал жекешелендірудің төртінші кезеңі шағын және орта кәсіпкерлікке халықтың келуін қамтамасыз етті, нәтижесінде экономиканың осы сферасындағы жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны 1600 мың адамға жетті, 400 мың шағын және орта бизнес субъектілері қызмет етеді, ал елдің ЖІӨ шағын кәсіпорындарының үлесі 18%-ға дейін өсті.

Осыған  байланысты 1997 жылы 6 наурызда ҚР Президенті қабылдаған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауды күшейту және дамытуды белсендету шаралары туралы»  Үкімі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аймағында қолайлы  құқықтық және экономикалық жағдайларды  құрудың бағдарламалық құжаты болып  табылды. Қабылданған құжатта шағын  кәсіпкерлік мемлекеттік экономикалық саясаттың басым аймағы болып  табылады деп көрсетілген. Шағын  кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру  мақсатында құжат шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің статусын анықтайтын, нормативті-құқықтық актілерді құруды; шағын кәсіпкерлік субъектілерін  мемлекеттік тіркеуге алудың жеңілдетілген  рәсімін енгізуді; шағын кәсіпкерлікті  іс жүзінде қолдауды қамтамасыз ететін, шаралар жүйесінің кешенін дайындауды; шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен  арнайы органдарды және шағын кәсіпкерлікті  дамыту қорын құруды қарастырады.

Үкім  елдегі бірқатар нормативті-құқықтық актілерді дайындау мен бекітудің  негізі болып табылды. Сонымен, шағын  кәсіпкерлік субъектілері санының  қарқынды түрде өсуі және олардың  қызметі шағын кәсіпкерліктің нормативті-құқықтық базасын жетілдіруді талап етті. 1997 жылы ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік  туралы», «Шаруа қожалықтары туралы» негізгі заңдар және «ҚР қолөнершілікті дамыту концепциясы туралы» қаулы қабылданды. Берілген құжаттар шағын кәсіпкерліктің әр түрлі формаларына жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен шараларын нақты анықтауға мүмкіндік берді [13].

Шағын кәсіпкерлікті  қолдауда Үкіметпен салық салудың  жеңілдетілген жүйелері, шаруашылық субъектілерді барлық тексерулердің  бірыңғай статистикалық есебі енгізілді; шағын кәсіпкерлікке банк несиелерін тарту механизмдері дайындалды; лизингтік  операцияларды жүргізу шарттары құрылды; отандық өндірушілер үшін жинақтаушы детальдар мен материалдарды  әкелуге кедендік баждарды төмендету, кедендік құжаттарды толтыру рәсімін  жеңілдету және мерзімдерін қысқарту жөнінен өзгертулер енгізілді. Сөйтіп, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерін  қаржы құралдарымен қамтамасыз етуге  бағытталған, «Қаржылық лизинг туралы»  заң қабылданды; ҚР Үкіметімен тізімі бекітілген, лизинг заттарын кедендік баждардан және салықтардан босату түзетулерін «ҚР кедендік іс туралы»  заң қарастырады: «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңда болашақта  лизинг алушының меншігіне берілетін, үш жылдан артық уақытқа алынған  негізгі құралдар мен мүліктердің  лизингтік операциялары бойынша  жеке ұйымдар және банктермен алынған  табыстар салық салудан босатылады.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілері несиелік қаржыларға қол  жетімділігін кеңейту үшін Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 7 шілдесінде номері №1028 «шағын кәсіпкерлік субъектілерін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудегі коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде пайдалану  мәселелері туралы» қаулысы қабылданды. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін Республика Үкіметімен, оның дамуына  ықпал ететін, жаңа құрылымдар ашылды. Бірінші мұндай орган 1991 жылы «Бәсекелестікті  дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан КСР заңына сай Қазақстан КСР Президентінің  Жарлығымен Қазақстан КСР-нда жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі  Мемлекеттік комитет құрылды. Комитеттің 1999 жылдан 2002 жылға дейін құқықтық мұрагері ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі болып  табылады. Қазіргі уақытта шағын  кәсіпкерліктің проблемаларымен Индустрия  және сауда министрлігінің шағын  бизнесті қолдау комитеті айналысады.

Екінші  орган – бұл «Шағын кәсіпкерлік  жөніндегі Республикалық ақпараттық – есептеуші орталық» жабық акционерлік  қоғам (РАЕО), оның жарғылық капиталындағы  мемлекеттік қатысуы 100 пайызға тең. РАЕО қызметінің негізгі бағыты –  бұл шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бағдарламаларын  дайындау мен жүзеге асыруға қатысу, кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық жүйені құру және дамыту, көрмелерді ұйымдастыру, ғылыми зерттеулерді жүргізу, шағын  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту, мамандарды дайындау [14].

Уақыттың  осы мезгілінде сондай – ақ:

  • шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылды, оның негізгі функция-лары шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын дайындау мен жүзеге асыруға қатысу, шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты түрде  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару, жаңа жұмыс орындарын, бизнес-орталықтарын және инкубаторларды құруға ықпал ету, несиелерді алу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кепілдеме беру және т.б.
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік ресурстарға қол жетімділігін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін меншік объектілерінің негізінде облыс орталықтарында, Астана мен Алматы қалаларында коммуналды кепілдік қорлары құрылды.

Барлық  жерлерде шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымы  дамуда. Оларға екінші деңгейдегі банктерді, несиелік серіктестіктерді, ломбардтарды, сақтандыру ұйымдарын, лизинг орталықтарын, аудиторлық және консалтингтік компаниялар, адвокаттық кеңселер, бизнес-орталықтары  және т.б. жатқызуға болады.

Уақыттың  осы аралығында әр түрлі қаржы  институттарымен, соның ішінде екінші деңгейдегі банктермен, жүзеге асырылатын шағын кәсіпкерлікті қаржылы-несиелік және инвестициялық қолдау белсенді жүргізілді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін  міндетті түрде қаржыландыру мақсатында қаулы қабылданды, оған сай екінші деңгейдегі банктер несиелік қаржылардың 10%-ы осы сфераға бағыттауы  қажет. Соңғы екі жыл ішінде Республиканың  бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерліктің қажетіне 50 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ әрбір облыс және аудан шағын  кәсіпкерлікті жергілікті бюджеттерден қаржыландыруда.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілерін қолдаудың келесі аспектілеріне бос өндірістік бөлмелермен, аяқталмаған өндіріс объектілерін сату, жалға беру, сенімді басқаруға  немесе өтеусіз негізде беру жатады. Кәсіпкерлерге сондай-ақ жер бөліктерін несиеге сатып алу немесе олардың  жерді иелену актісі бойынша алу  мүмкіндігі берілген.

Шағын кәсіпкерліктің дамуының бірінші кезеңінде 1999 – 2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті  дамыту және қолдаудың кезекті үшінші Мемлекеттік бағдарламасы орындауға  қабылданды. Бағдарламаның негізгі  мақсаты – нарықтың инфрақұрылымының тиімді институттарын қалыптастыру және құрумен, мамандарды дайындау, қайта  дайындау және біліктілігін көтеру жүйесін  ұйымдастырумен, шағын кәсіпкерлік  субъектілерін қолдау және қорғау мәселелеріндегі  үкіметтік емес ұйымдардың ролін  күшейту, шағын кәсіпкерлікті қорғау мен дамытудың құқықтық нормаларын жетілдірумен байланысты міндеттерді  шешу арқылы, елде шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету [15].

Шағын кәсіпкерліктің дамуының бірінші кезеңінің аяқталуы 2001–2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың төртінші мемлекеттік  бағдарламасын бекітумен есте қалды. Берілген құжатты қабылдаудың негізгі  шарттары экономиканың тұрақтылығын көтеру және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді  төмендету болып табылады. Бағдарламаны қабылдау шағын кәсіпкерліктің дамуында қалыптасқан тенденцияларға негізделген: сауда – делдалдық қызметтің үстемділігі (тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемінде 2/3 жуық), шағын кәсіпорындардың өсу қарқынының төмендігі. Шағын кәсіпкерлік субъектілері және өңірлердегі жұмыскерлер санының ұтымсыз бөлінуі, осы сферадағы жұмыскерлер жалақысының едәуір әр түрлі болуы, шағын кәсіпкерліктегі жұмыс бастылықтың төмен болуы.

Бағдарламада  шағын кәсіпкерлікті тұрақтандыру мен дамыту шараларының толық  кешені қарастырылған. Алғашқы кезектегі  әрекеттер арасында инфрақұрылым объектілерінің торабын әрі қарай дамыту, жергілікті деңгейдегі атқарушылық тәртіпті жақсарту, несиелік қаржыларға қол жетімділігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді алу рәсімін одан әрі ықшамдау, ШКС ақпараттық қолдау, мамандарды дайындау және үйрету шаралары көрсетіледі.

Қарастырылған уақыт аралығында шағын кәсіпкерлікке  мамандарды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін көтеру жүйесі келесі әр түрлі ұйымдар кешенімен: бизнес – орталықтарымен, бизнес – мектептермен, бизнес – инкубаторларымен, оқу  орындарымен, Республикалық ақпаратты  – көрме орталығымен жүзеге асырылады. Тек 2000 жылы, оқуды аяқтаған 900 Республикада кәсіпкерлер құқығын қорғауды Бас  прокуратурада және заңнамасын пайдалануды  бақылау бойынша өңірлік прокуратураларда арнайы құрылған топтар жүзеге асырады. Бұларға атқарушы өкіметтің әр түрлі  органдары тарапынан жасалған заңсыз әрекеттерге әрбір кәсіпкер шағымдана  алады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер құқықтарын салалық, салааралық және аумақтық белгілер бойынша құрылған әр түрлі Ассоциациялар  қорғайды.

Кәсіпкерлікті насихаттау, ШКС қызметінің нәтижелері, оларды дамыту проблемалары көпшілік ақпарат құралдарында үнемі баяндалады: мерзімді басылымдарда газеттер мен  журналдарда, теледидарда, Интернет торабында  жүзеге асырылады. Елдегі өндірістің осы  сферасындағы тәжірибемен алмасу үшін конференциялар, көрмелер, кеңестер жүргізіледі.

Сонымен, Республикада шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет етуінің нормативті-құқықтық базасы толық қалыптастырылған. Атқарушы өкімет органдарының және тікелей кәсіпкерлердің бірігіп күш салулары нәтижесінде  шағын кәсіпкерлік секторы Қазақстан  экономикасының бөлінбейтін құрамдас бөлігін құрайды [16].

Сөйтіп, Республикада 2003 жылдың басында 449,9 мың  ШКС болды, соның ішінде 83,7% қызмет ететін. Ел халқы үшін жеке кәсіпкерлер  мен шаруа қожалықтары түріндегі  заңды тұлғаны құрмаған кәсіпкерлік  қызмет тартымды болып табылады. Сондықтан  жеке кәсіпкерлер саны 335,1 мың бірлікке тең, ал олардың ШКС жалпы санындағы  үлесі 74,7%. Ерекше орынды шағын кәсіпорындар алады. 2003 жылдың басында Республикадағы олардың саны 114,8 мың бірлікке тең, олардың әр сегізіншісі өндірістік қызметті жүзеге асырады. Шағын кәсіпорындарға салынатын инвестициялар Республикадағы инвестициялардың жалпы көлемінің 4 %-ан астамын құрайды.

Жоғарыда  айтылғандай, шағын кәсіпкерлік  қызметінің бір бағыты – қызметтің  осы сферасында жұмыспен қамтылғандардың  санын көбейту нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді жою. Сонымен, 2003 жылдың басында шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 1407,6 мың адамға және жеке кәсіпкерлікте 715,4 мың адамға тең болды. Кәсіпкерліктің осы сфера-сында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлесі ел экономикасында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24,1%-ке тең. Шағын кәсіпкерлік сферасында жұмыс істейтін жұмыскерлердің құрылымы келесідей: 38,7% – шағын кәсіпорындар жұмыскерлері; 37,3% – шаруалар; 24% – жеке кәсіпкерлер. Өңірлік деңгейде жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің біразы қалаға және Қазақстанның он төрт облыстарының екі облысына келеді. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеуде, жалақының өсу тенденциясы байқалады.

2002 жылы  ШКС ұлттық валютада 774,6 млрд теңге  өнім мен қызметтер өндірілді,  ол республиканың ЖІӨ 23,6% құрады. Ең көп өнім мен қызметтер  шағын кәсіпорындармен өндірілген  – 75,4%, жеке адамдармен – 24,6%. Елдегі қызмет түрлері бойынша  өндірілетін өнімнің салалық  құрылымы әр түрлі болып қалуда. Сауда – делдалдық қызмет осы  жылы 46,3%, ал өндірістік өнім, ауыл  шаруашылық және қызметтер сферасының  көлемдері – 53,7% құрады.

Шағын кәсіпкерлік  қызметінен алынатын негізгі нәтиже – бұл оның қызметінен республика бюджетіне төлемдердің түсуі. Қарастырылған  жылда ШКС ел бюджетіне 67,9 млрд теңге  аударылды, ол табыстардың жалпы  сомасында 9,5%-ды құрады [17].

Бірінші кезеңде шағын кәсіпкерліктің болашақтары  мен міндеттері нормативті-құқықтық актілерімен, өзіндік проблемалар  құрамында жеке қарастырылады, сондықтан  бірін-бірі алмастырушы құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар, қағидалар  экономикасының осы секторын орташа нәтижелерге әкелді, ал оның дамуының басында пайда болған, проблемалар  өткен он төрт жыл уақыт аралығының өткендігіне қарамастан шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатындығын атап өту қажет.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері