Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

4) кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтерді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке;

5) кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;

6) кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан конъюнктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті;

7) кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.

Кәсіпкер берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына (өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Ол:

1) сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізуге;

2) өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;

3) бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;

4) өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге;

5) берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға;

6) халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті  жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті  мамандардың жоқтығымен; нор-мативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, жемқорлықпен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральді және табиғи тозған материалдық  базасымен байланысты қиын жағдайларда  өтуде. Осыған қарамастан республикада ШОБ қызметінің алғашқы жемістері  бар, бірақ оның көпшілігі сауда  мен делдалдық қызметтерде [7].

Нарықтық қатынастарды енгізуші ТМД республикаларының біразында, соның ішінде Қазақстанда, ШОБ кеңінен  тарады, «өйткені шағын және орта бизнессіз  нарықтық экономика не  қызмет ете  алмайды, не дамымайды». Нарықтың әр түрлі  аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші  субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік  қолдау, ғалым зерттеушілерді оның негізгі сипаттамаларын негіздеуде, ұлттық экономикадағы рөлі мен орнын  анықтауда қызығушылығын тудырмай қоймады.

Ғалымдардың басқа бөлігі ШОБ-тің мәні «максималды пайданы  алуда ғана емес, сонымен қатар  тәуелсіздік, творчествалық сипат  пен ерекше тұрмыс қалпы сияқты материалдық  емес факторлардан адамдардың алатын қанағатында» деп санайды [8].

Бірқатар авторлар ШОБ  монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды  деп пайымдайды. В.Афанасьевтің пікірі бойынша, «шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, оны  құраушы элементтердің аз болуынан және жоғары динамикасынан, монополиялауға аз дәрежеде түседі. Екінші жағынан, тар  мамандану және жаңа техниканы пайдалану  барысында ШОБ, ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті  бәсекелес ретінде болады» [9].

Шағын кәсіпкерліктің басқа  артықшылықтарынан, автолар айна-лымдылықтың  жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің  қыс-қартылуымен, негізгі қорлардың  жалпы құнындағы белсенді бөлігінің  жоғарлауымен, басқару персоналдарын  ұстау шығындарының төменділігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан  көреді.

Зерттеушілердің бірқатары  ШОБ-тің жағымды жақтарымен қатар, әлсіз жақтарын да атап кетті. Сонымен, Ю.Кочеврин пікірі бойынша «шағын және орта өндірістің негізгі анықтаушы  белгісі оның тұрақсыздығы болып  табылады. Бұл тұрақсыздық капитализмнің  монополистік сатысында ерекше жоғарлайды». Өз қорытындыларын автор АҚШ ШОБ-сі қызметінің мысалында шағын кәсіпорындардың  «өлімі» және «өмір сүру ұзақтығымен» дәлелдейді. Жыл сайын АҚШ-та 350 мыңға  жуық кәсіпорындар жабылады, мұндағы  компаниялардың жалпы санының тек 26%-ы 5,5 жылға дейін өмір сүреді. Бұл  ойдың жалғасы А.Тоқсанованың «Қазақстанда тіркеуге алынғаннан кейін бір жыл  ішінде шағын және орта кәсіпорындардың 23,7%, алғашқы төрт жылда – 51,7%, алғашқы  алты жылда – 62,7% шығынға ұшырайды»  тұжырымында көрініс табады. Шағын  және орта бизнес өмір сүру мерзімдерін  ұзарту үшін барлық әкімшілік тосқауылдарды  жою, салық жүктемесін төмендету, жаңадан  бастаушы кәсіпкерлер үшін каникулдарды енгізу, инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс  істеу үшін маркетинг пен менеджмент аймағында мамандарды дайындау қажет.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік мәні мен оның экономикаға  көрсететін ықпалын бағалауға қатысты  мәселелерге үлкен назар аударылады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті зерттеу  барысында XIX ғасырдың ағылшын экономисі  Р. Кантильоннің еңбектерін де қарастырған  артық болмас. Ол өзінің 1755 жылы шыққан «Жалпы сауда табиғаты туралы тәжірибе»  атты еңбегінде кәсіпкерлікті тауарларды сату және сатып алуға қатысты  нарық субъектілерінің қатынасы ретінде қарастырды және олардың  ішінен мыналарды атап көрсетті: тауар  өндірісімен, көтерме саудамен айналысатын  кәсіпкерлер, жеке саудагерлер; өз әрекеттері үшін капиталды қажет етпейтін кәсіпкерлер; өзінің жеке еңбектерінің кәсіпкерлері. Кәсіпкерлердің бірінші категориясына  фермерлер, саудагерлерді, мануфактуралық тауарларды сатушыларды, дүкеншілерді және жеке саудагерлерді жатқызды. Р. Кантильонның пікірінше «аталмыш кәсіп-керлердің барлығы бір-біріне қатысты тұтынушылар мен сатып алушылар болып табылады», соның нәтижесінде  егер «кәсіпкерлердің саны аз болса» олардың кірісі  мол болады. Кәсіпкерлердің екінші категориясы – өзінің жеке еңбегі негізінде әрекет атқарушылар және «өз әрекеттері үшін капиталды қажет етпейтін кәсіпкерлер» болып табылатын қосшы шеберлер, бақыршылар, тігіншілер, құбыр тазалағыштар, су тасығыштар. Олар белгісіздік жағдайында жұмыс жасайды, «олардың саны клиенттер санына қатысты». Үшінші категорияға суретшілер, дәрігерлер, заңгерлер және т.б. жатады, олар да белгісіздік негізінде  қызмет атқарады. Өзінің тұжырымдарын қорыта келе,  
Р. Кантильон барлық халықты екі класқа бөлді, олар: «кәсіпкерлер мен жалданып жұмыс жасайтындар». Олардың жалпы айырмашылығы еңбекақыда болатын, себебі біріншілер үшін ол «бекітілмеген» болса, екіншілер үшін «қандай да бір уақытқа белгіленген болып табылады». Р. Кантильон кәсіп-керлердің кіріс алуына немесе шығындануына алып келетін жеке әрекеттеріне де тоқталып өтті. Р. Кантильон пікірінше, кәсіпкер дегеніміз жағдайларды алдын-ала болжай алатын, сараланған қатерлерге қарсы тұра алатын және қабылдаған шешімдерінің салдарына жауап беретін кез-келген индивид болып табылады. Ол кәсіпкерлікті  феодалдық ортағасырдың орнына келген жаңа құбылыс ретінде қарастырды және жер меншік иелері мен түрлі жалданушылардың қатарына пайда табу мақсатында өз қорқыныштары мен қатерлері негізінде нарықтық айырбасқа ұмтылған адамдар қосылды. Кәсіпкерлік деген түсінікті осылайша тұжырымдау әдісі толығымен заңды болып саналады [10].А. Смиттің өзі кәсіпкерлікті алдымен өндірістік әрекетпен байланыстырды және оны пайда көру құралы ретінде қарастырды. А.Смитің пікірінше, капиталдар «тек жеке тұлғалардың қолында жиналады». Аталған адамдардың кейбірі осы капиталдарды еңбекқор адамдарды еңбекпен қамсыздандыру үшін қолданады, оларды материалдармен, өмір сүруге қажетті заттармен қамсыздандырады, олардың еңбек өнімдерін сатудан түскен кіріске сенеді. Дайын тауарды ақшаға немесе басқа да өнімге айырбастау материалдар мен еңбекақыға жұмсалған шығындарды жабумен қатар осы іс бойынша өз капиталын тәуекелге тіккен кәсіпкер пайда көруі қажет. Егер осындай жағдай болмағанда, кәсіпкердің «аталған жұмыскерлерді қабылдауға еш қалауы болмас еді». Сонымен қатар, Адам Смит «егер кірістер капитал ісіне салынған көлемге сәйкес болмаса, оған үлкен капиталдарды салудың еш мағынасы болмас еді» деп нақтылап өтті [11].Р. Кантильоннан кейін жүз жыл өте Жан Батист Сей концепциясы шықты. Ол өзінің «Саяси экономика бойынша трактат» атты еңбегінде, былай деген еді: «Қазіргі таңдағы Англия өзінің сансыз байлығына тек оқымыстыларының арқасында ғана емес, сонымен қатар өз кәсіпкерлерінің өндіріс саласындағы керемет таланттары мен жұмыскерлерінің жұмысты жылдам да жақсы орындау қабілеттерінің арқасында жетіп отыр». Ж. Б. Сей тұжырымдамасының негізін капитал, жер, еңбек, өндіріс факторлары, «факторлар жиынтығы» атты экономикалық ұғымдар құрады. Кәсіпкерлік өндіріс факторларымен операциялар жасау ретінде түсіндірілді. Оның мағынасы, өндіріс факторлары аз кіріс беретін орыннан алынып, басқа жерге ауыстырылады, содан кейін оның жаңа жиынтығы үлкен кіріс беретін жерге ауыстырылады. Ж.Б. Сей тұжырымдамасы кәсіпкерлік қызметтің кез-келген формасына қатысты қолданылады, сондықтан да кәсіпкерліктің классикалық формасының беделіне ие болды. Кәсіпкерлік проблемаларына қатысты барлық зерттеулер дерлік Жан Батист Сей тұжырымдамасына тікелей немесе жанамалы түрде сілтеме жасайды.

1937 жылы американдық Рональд  Коуздың «Фирма табиғаты» атты  мақаласы жарық көрді, оған  фирмалар теориясын жасауда маңызды  роль атқаруы қажет болды. Автор  ол туралы және мультиұлттық  корпорациялар туралы маңызды  тұжырымды толығымен өзгертті, себебі  ол нарық пен фирма арасында  нақты шектеу қойды. Р. Коуз  кәсіпкерді фирма ішіндегі өндіріс  координаторы ретінде қарастырды. Ол оны «бәсекелестік жүйеде  өндіріске бағыт беру арқылы  бағалар механизмінің ролін атқаратын  тұлға немесе тұлғалар тобы»  ретінде қарастырды.Австриялық оқымысты  И. Шумпетер кәсіпкерлікті жаңалық  енгізумен байланыстырды. Осы  тұжырымдамаға сәйкес кәсіпкердің  әрекет нәтижесі еңбектің материалдық  мазмұнының, формасының және жолдарының  өзгеруіне алып келеді. Экономикалық  процестерге ықпал ету кәсіпкерліктің  өзіндік ерекше қасиеті болып  табылады. Шумпетер келесі 5 жағдайды атап көрсетеді: [6]

  • тұтынушыларға белгісіз игіліктерді жасау немесе белгілі игіліктің жаңа қасиетін жасау;
  • өндірістің жаңа жолын ойлап табу. Ол өндіріс немесе коммерциялық қызмет кезінде жаңалықтар болуы мүмкін;
  • жаңанарықтар мен нарық сегменттерін игеру;
  • бұрын-соңды ол қайнар көздер болу-болмауына немесе назарға ілінбеуіне немесе қол жетпейтін болып саналуына не болмаса оны енді ғана жасау жоспарлануда деп саналуына қатыссыз  жаңа шикізаттар мен дүмбіл өнімдер алу;
  • еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу.

Аталған шарттар негізінде  И. Шумпетер кәсіпкерлер ретінде  шаруашылық субъектілерін санау  қажет деп санайды, себебі олардың  функциялары оның белсенді элементі қызметін атқаратын жаңа комбинацияларды  жүзеге асыру болып саналады, осы  жағдайда өндіріс кәсіпорнына немесе басқа да мүлікке қатысты меншік құқығы кәсіпкерліктің маңызды белгісі  болып табылады.

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму эфолюциясын  қарастыра отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:

  • ШОБ субъектілерінің ең алдымен саудада шоғырлануы. Бірқатар жылдар бойы аталмыш кәсіпорындар санының үлесі өсе түсуде. Егер 1996 жылы жалпы шағын және орта кәсіпкерлер санының 26%-ы саудада болса, онда қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 42%-ға тең.
  • Өнеркәсіптік өндірістің құрлымында өңдеуші кешен басты рольге ие. Сонымен, 1997 жылы шағын және орта кәсіпкерлік жалпы кәсіпорындарының саны бойынша өңдеуші сала  97%-ды құрады, және 3%-ын өндіруші сала құрады. Халық шаруашылығы кешенінің салалары арасында қалыптасқан арақатынастар соңғы жылдары еш өзгеріске ұшыраған жоқ.
  • Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының және олардың өнеркәсіптік дамыған аудандарда шоғырлануында территориялық теңсіздік орын алған. Сонымен, Оңтүстік Қазақстан өңірінде ШОБ-тың 60 мың субъектісі, Алматы облысында – 44 мың, Маңғыстауда – 9 мың, Атырау облысында – 8 мыңы әрекет етті. 2006 жылы белсенді кәсіпорындарының ең көп саны Шығыс Қазақстанда (7,9%), Қарағанды облысында (7,5%), Қостанай облысында (5%) және Алматы қаласында (27,6%), Астанада (9,8 %) өз қызметтерін жүзеге асыруда.

Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын  кәсіпкерлік ортаның дамуына  ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта  бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында  өндірістің түрлі саласында 200-ден  астам кәсіпорындар әрекет етуде.

ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін  заңнамалық және нормативтік база құрылды.

Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған  тұжырымының және ШОБ-тің қолдағы  бар тұжырымдарын талдау негізінде, ШОБ-тің және оны  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің келесі анықтамаларын көрсетуге болады:

–  Шағын және орта бизнес дегеніміз – бұл экономикалық-құқықтық жауапкершіліке, қаржылық инновациялық қызметке негізделген, өз табысын алу  мақсатында әртүрлі өндірістік, қаржылық тәуекелдерге бара отырып, өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндірісті басқару  үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық субъекті; 

–    Шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару дегеніміз –  шаруашылық субъектінің әкімшілік, басқарушылық және қаржы-экономикалық қызметтерін қосымша қарыз капиталыменен  қамтамасыз ету үшін, кәсіпкердің  өтініші бойынша бизнес жобасы негізінде  несиелік мекемелермен берілетін қаражат.

Берілген анықтама ШОБ  процесін толық көлемде сипаттайды, оның мәнін инновация ретінде  анықтайды, кәсіпкерлер қызметінде қауіп және белгісіздік элементтерінің болатындығын білдіреді; кәсіпкерлік  процесс өндірістің барлық факторларының  өзара әрекеттесуі арқасында  мүмкін болатындығын көрсетеді, өндіріс  пен басқару процесінде меншік иесінің  ролін анықтайды және ең бастысы  кәсіпкерлік қызмет ынталандырушысы  алынатын табыс екендігін айтады. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсендi қатысушылары – шағын және орта бизнес субъектiлерi – кәсiпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екенi белгiлi. Республикамызда шағын  және орта бизнестiң дамуына жан-жақты  жағдайлар интенсивтi түрде жасалынылуда. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншiктi жекешелендiру  бағдарламасының жүруi, ол өз кезегiнде  шағын бизнестiң дамуының нағыз  экономикалық негiзi екенiн есiмiзге  алайық. кәсiпкер шағын және орта  бизнес субъектiсi ретiнде оның iс-әрекетi әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады  және оның нақты нысандары бар. кәсiпкерлiктiң шаруашылықты жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi – шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Олардың дербестiгi нарық механизмi әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiптi қалыптастырады. кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсiпкердiң ойлағанындай өткiзе алу құқын бередi. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелерi бұларды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбiр қызметшi өзi iстей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Кәсiпкерлiкке тән тағы да бiр сипат – шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы, iске кiрiсер алдында болашақ бұлдыр қиялдарды болжап бiлу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың қауiп-қатерi, тәуекелдiң негiзiнде мүмкiн болатын және шын мәнiдегi шығындар мен нәтижелердiң арақатынасы жатады.

Ресми статистика деректері  бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта  бизнес субъектілерінің тұрақты  өсуі 2006 жылы

1 кесте - Кәсіпорындардың  дәрменсіздігін танып білудің әдістемелік негіздері

Таным критерийлері

Таным сипаттамасы

Кәсіпорынның өмірлік  циклі ретіндегі дәрменсіздік

  • Даму сипаты
  • Даму кезеңі мен қарқыны

Қосарлы категориялардың  ілеспелігі

  • Залалдылық (шығынды ақтамау)
  • Залалсыздық
  • Төлем қабілеттілігі
  • Төлем қабілетсіздігі
  • Дәрменділік
  • Дәрменсіздік
  • Банкроттық

Дәрменсіздікке әсер ететін факторлар

  • Макроэкономикалық факторлар
  • Микроэкономикалық факторлар

Айқындау тәсілі

  • Әріптестердің экономикалық қарым-қатынасы арқылы
  • Несие берушілер талабы бойынша
  • Ағымдық қызмет пен берілген есепті талдау
  • Аудиторлық тексеру
  • Экономикалық болжам жолымен

Дәрменсіздікті анықтау  көрсеткіштері

  • Ағымдық өтімділік коэффициенті
  • Өз қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (жоғалту) коэффициенті

*Ескерту : Зерттеушілер  еңбектерін жинақтап қорыту негізінде  жасалған авторлық тұжырым


521,5 мың шағын кәсіпкерлік  субъектілері есепке алынған,  оларда шамамен 1,2 миллион адам  жұмыс істейді. Шағын  кәсіпкерлікте  жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6% -ін құрайды. ШОБ субъектілерінің мазмұнында оның мәні ең басты болып есептеледі және оның барлық қасиеттері мен қатынасында біртұтас күйде көрініс табады. ШОБ с зерттеудің бастапқы кезеңінде дәрменсіз кәсіпорындардың оған қатысты әдіснамалық негіздерін анықтап алу қажет.Төменде осы ШОБ субъектілерінің мәнін ашудың әдіснамасы мен негізгі кезеңдерімен байланысты басты сәттері көрсетілетін кесте берілген (кесте 1).

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері