Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  шағын және орта  бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезiнде, ел экономикасы макроэкономикалық  дағдарысқа  ұшыраған кезiнде де өмiршең күй танытты. Елдегi объективтi және субъективтi қиындықтар оның динамикалық  дамуына кедергi етуде. объективтi қиындықтары:

Экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетiспеушiлiгi, мiне осы  мәселелер шағын және орта бизнестiң  кең көлемде қарқын алуына кедергi етуде. Нарықтық экономикаға таяну  жақындаған сайын, мемлекеттiң инвестор ретiндегi ролi төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнестi дамытуда қолайлы  климат жасауы, заңдық-нормативтiк актiлердi жолға қоюы, шетелдiк және отандық  инвесторларды шағын және орта  бизнестi дамыту жолында капитал  құюына тартуы, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту бағдарламаларын  қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет [4].

Субъективтi негiздегi қиындықтарға, негiзiнен былайша түсiндіруге  болады. Қоғамның сана-сезiмiнде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай  болу әрекеттерiн әлi де болса, психологиялық  жағынан дайындық жоқ. кәсiпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрi тиiмдi реакциясы толық әдетке енбеген. кәсiпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыр мен сырын әлi де түсiнбеген. шағын кәсiпорындардың жұмысының тиiмдiлiгi – өнiм өндiрудегi тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндiрiстер шектеулi тауар ассортиментiн шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкiн. шағын бизнестiң дамуы транспорттық шығындар мен өнiмдердiң құрып қалуы қаупiн төмендетедi. Сонымен, шағын кәсiпорындар – негiзiнде алып инфрақұрылымдық бөлiмдердiң (қоймалық, арнаулы коммуникациялар, көлiктiк шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндiрiстiң аздаған көлемi бойынша тауарларды сату, айналымға жiберу, материалды-техникалық жабдықтауларды өнiм дайын болған кезiнде реализациялау тез жүредi.

Кәсіпкерлікті қолдаудың  және дамытудың бұрынғы мемлекеттік  бағ-дарламаларын (1992–1994 жж., 1994–1996 жж., 1999–2000 жж., 2001–2002 жж. 2003–2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік  секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың және дамытудың институтционалдық  шаралары айқындалды [9].

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық  құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің  экономикасын жандандыру, халқымыздың  әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты  қалыптастыруда, ірі өндірушілер  монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны  уақтылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін  тежеуде және жаңа технологияларды  енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда  нарыққа тез бейімді, өзгермелі  жағдайға байланысты икемді, жаңадан  жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында  жұмыс істеуге қабілетті.

Шағын және орта бизнестің  мәнi мен мағынасын теренірек  бiлу үшiн, ең алдымен сол шағын  және орта бизнестi алып жүрушi субъект  – кәсiпкер кәсіпкерлік терминiне  тоқталып өтелік. Кәсiпкерлiк, шағын  және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сей, кейінірек  И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист – ғалымдар негiзiн  қалаған [2].

Шағын бизнес – жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі  бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі.Ол сондай-ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең  тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой-пiкiр қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық-құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр. Кәсiпкердің iс-әрекетi өзiнiң еңбек  шығындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта  бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi – ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн   толық   бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк  қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi – бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың  кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.

Шағын және орта бизнестің  объектiсi – адамның белгiлi қызметi. кәсiпкерлiктiң  соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн,  пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты – өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату  немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi [3].

Сонымен, кәсiпкерлiк –  жаңа мүмкiндектерi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың  тиiмдi салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен  шығу. Басқаша айтқанда, өндiрiстiң  жаңа түрiн ашып, дамыту, тауарлар мен  қызметтердiң жаңа түрлерiн шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту  және өркендету. Мұндай өзгерiстердiң  түрлерi әралуан жаңа кәсiпорындар ашу  немесе ескi кәсiпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерiн ұйымдастыру  немесе ескiлерiн жою, модификациялау әрекеттерiмен байланысты. Демек, нақты  өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi –  новаторлық,  жаңашылдық мағынадағы  ерекше өндiрiс және айырбас пен  бөлудiң түрлi факторларын жүйелеу  болып табылады.

Елімізде отандық шағын  бизнестің белсенді дамуы 1992–1993 жылдары  басталды. Содан бері нарықтық экономиканың қалыптасуына да 10 жылдан астам уақыт  өтті.Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте  жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі  шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.

Елдiң кәсiпкерлiкті дамытуда ынтасын арттыру үшiн  экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық  базасын құрып, оларды одан әрі жетiлдiру керек. Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсiпкерлiк қызметтi төрт түрге бөлiп қарастыруға болады. Олар:

Өндiрiстiк – оның iшiнде  инновациялық, ғылыми-техникалық жаңа-лықтарға сай тауар өндiру, қызмет көрсету  және басқалар.

Коммерциялық – сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлерi, тауар биржалары  және т.б.

Қаржылық – банктiк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтiк қор биржалары  және т.б.

Кеңес берушiлiк – басқармалық, әкiмшiлiк, маркетингтiк, ақпараттық, кадрлар  дайындау және т.б.

Бiздiң республикамызда  қаржылық кәсiпкерлiктiң банктiк түрiмен  тек қана банктер ғана айналыса алады.

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар  арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық  тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.

Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі  жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсенді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық  деңгейлерде шаруашылық жүргізуші  субъектілерді қолдаудың әртүрлі  құралдары, субъектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет ету  жүйелері.

Осы аймақтағы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық  және шетел ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев  кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған  анықтамаларының болмауын, орта және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін  өңделген сандық және сапалық бағалау  өлшемдерінің критерийлерінің шағын  және орта бизнестің (ШОБ) соңына дейін  ойластырылған ұғымдық аппаратының  жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, ШОБ-тің мәнін анықтауда алдымен  «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін  ашып және айқындаған орынды, тек содан  соң «шағын және орта бизнестің» негізгі  түсінігін нақтылау қажет [4].

Кәсіпкерлік экономикалық жүйенің  белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды  алғышарттар себепші болды:

  • азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
  • дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтар кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
  • өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығайуы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік, немесе экономикалық таңдау еркіндігі;
  • меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
  • өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
  • нарықтық экономиканың пайда болуы және тағы басқалары.

Кәсіпкер, жинаған тәжірибесін  пайдалана отырып, факторларды «экономикалық  ресурстар өнімділігі мен табысы мен төмен саладан, өнімділігі мен  пайдасы жоғары салаға», ауысатындай  үйлестіруі қажет. Ол капиталистен айқын  ерекшеленеді. Кәсіпкерлікке сұраным  оның өніміне сұранымның туындысы болып  табылады. Ал кәсіпкерлік ұсыным болып  оның рухани (жеке) қасиеттері, тәжірибесі және «байланыстары» табылады. Ж.Б. Сей  бойынша кәсіпкер келесі қасиеттерге  ие болуы қажет [5].

  • төлеуге қабілетті, парасатты, сақ, шыншыл және тұрақты болу;
  • займ түрінде капиталды тарту мен несиелерді уақытында қайтара білу;
  • өз бойына әділеттілік, қайсарлық және бизнесті жете білу сияқты моральдық қасиеттерді сыйғызу;
  • жеткілікті дәлдікпен, қандай да бір тауардың маңыздылығы мен ерекшелігін, болжамды сұраным мен оны өндіру тәсілдерін бағалай білетін күйде болу. 

Берілген талаптарға сай  келетін, адам санының шектеулі болуынан кәсіпкердің өз қызметі үшін алатын жалақысы басқа жұмыскерлердің табысына қарағанда жоғары. Кәсіпкер табыстары  тек жалақымен шектелмейді, олар капиталдан алынатын табысты, егер ол болса және қауіп үшін төлемдерді қамтиды.

XX ғасырдың 90-шы жылдарынан  бастап кәсіпкерліктің проблемалары  отандық ғалымдардың және ТМД  елдері ғалымдарының еңбектерінде  кеңінен қарастырылды. Әрине, жүргізілген  зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге  және кәсіпкерлік табысқа ортақ  анықтама берілмеген. Сонымен қатар,  бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары  алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті  дамытуда мемлекетпен жүргізілетін  саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының  әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің  даму деңгейіне және тағы басқаларға  байланысты. Сонымен бірге, соңғы  еңбектерде кәсіпкерлік процесін  өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың  синергетикалық моделі ретінде  қарастырылған. Кәсіпкерлер жұмысын  тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды  жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль  бойынша жүзеге асырылады [6].

Сонымен, кәсіпкерлік пен  кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-зерттеушілермен  ертеректе және әртүрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға  талпынып,содан соң берілген сатыда, анағұрлым таралған формада әрекет ететін шағын кәсіпкерлікке анықтама беруге тырысамыз, бірақ алдымен  бізге «кәсіпкер» категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің  келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік  берді:

1) кәсіпкер – бұл қауіп, белгісіздік;

2) кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;

3) кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері