Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 09:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау, шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық аспектілері ............................................................................................................
1.1 Шағын және орта бизнестің даму зааңдылықтары ....................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және ортбизнсті дамыту және несиелеуді басқару механизімі ...........................
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын талдау бағыттары
2.1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді басқаруын талдау жолдары ...........................................
2.2. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарының несиелік қабілетін басқаруын талдау әдістері
3 шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын
жетілдіру мәселелері
Шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
3.2 Қаржы ұымдарының шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетлдіру мәселелері .................
Қорытынды...................................................................................................
Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.docx

— 347.43 Кб (Скачать)

Сонымен қатар, ШОБ-тегі мамандарды дайындау бағдарламаларына аса үлкен  көңіл бөлінеді. Жалпы оқыту бағдарламаларына мектептердің бірнеше түрі кіреді. Ең беделді курс 5 бизнес мектептерінде  – Дюраме, Глазго, Лондон, Манчестер  және Ворвикте. Оқыту мерзімі – 16 апта, оның ішінде 4–6 аптасы бизнес экономикасының жалпы проблемаларын қарқынды зерделеуіне  арналған, ал 10–12 аптасы өзіңнің жеке ісіңді құруға арналған. Бұл курстың  бағасы – 4000 фунт стерлинг тұрады. Мұндай мектептерді жылына 200 адам аяқтайды.

Университеттерде, колледждерде, аймақтық басқару орталықтарында және жеке консультативтік  фирмаларда мерзімі 6–10 аптаны құрайтын ШОБ курстары қызмет атқарады. Курстар  ШОБ мамандарын дайындау бойынша  үкіметтік агенстволардың қаражаттарына  жүргізіледі.

1992 жылы ашық университеттік  бизнес мектебі жұмыс жасай   бастады. Бұл кешкі курстар  – ең жақсы жері студенттер  өзіне ыңғайлы уақытта бара  алады. Бұл жобаны Barklays Bank және ICI қаржыландырды. Курстың бағасы  – 350 фунт стерлинг. Оқыту бағдарламасына  басқарудың ұйымдастырушылық сұрақтары,  маркетинг, қаржылық стратегия  кіреді. Сонымен қатар үкімет  бизнеспен айналысатын студенттерге  жеңілдіктер жасайды – муниципалитеттер  арқылы лицензия алуға көмектеседі,  өзінің жеке ісін ашу үшін  жеңілдікті несие береді, сондай-ақ  шет елдерінде кәсіпкерлікті  оқитын студенттерге сте-пендиялар  төлейді.

Францияда  ШОБ-ті реттеу саясатын бірнеше ұйымдар жүзеге асырады: Шағын және орта кәсіпкерлік Конфедерациясы, Сауда және Өнеркәсіптік палаталар, қызметін жаңадан бастаған және дамушы кәсіпкерлердің Ұлттық агенттігі, техникалық зерттеулердің Ұлттық агенттігі, қаржы  институттары және т.б. Ұйымдардың әрқайсысы  шағын кәсіпорындардың дамуы  бойынша өзінің сәйкес функцияларын атқарады, және де олардың арасында белгілі дәрежеде бәсекелестік орын алады. Германияда – осындай функцияларды кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы және Сауда палатасы атқарады. Италияда  ШОБ-ке қатысты саясатты жүзеге асырудың мемлекеттік органдарымен қатар  тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың жүйесі әрекет етеді. Оларға сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және кәсіптер бойынша  тәуелсіз қоғамдық палаталар жатады, олар өз кезегінде  шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету, оқыту  бойынша Ассоциациялар құрамына кіреді; кәсіби-іскерлік оқыту мен  ШОБ-тің дамуына көмек көрсету  институттары мен кәсіпкерліктің бірқатар мектептері жатады. Қоғамдық ұйымдардың негізгі функциясы оқыту және кеңес беру бойынша  шағын және орта кәсіпорындар үшін ақпаратты беру, әр түрлі арнайы қызметтерді көрсету  болып табылады. CONFAPI тәуелсіз өнеркәсіптік Ассоциациясымен ғана 20 мыңнан астам  шағын және орта кәсіпорындарға әсерлі көмек көрсетілді [35].

Ал Оңтүстік Кореяда арнайы үкіметтік  құрылыммен – 11 аймақтық орталықтарда жұмыскерлер саны 900 адамнан тұратын  штаты бар, ШОБ Әкімшілігімен  қоса, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызатын, ұйымдардың толық жүйесі қызмет етеді. Сонымен, Әкімшілік жанында технология мен  сапаның Ұлттық институты, үкіметтік  несиелік кепілдемелер жүйесі, арнайы тағайындалған коммерциялық банктер  бар.

Қазіргі кезде Қытайда шағын  және орта кәсіпорындардың қызметін басқарудың негізгі органдары Мемлекеттік  сауда-экономикалық комитеті шеңберіндегі  шағын және орта кәсіпорындар бөлімі, Қытайдың  шағын және орта кәсіпорынының  шетелдік ынтымақтастығын Үйлестіру  орталығы, шағын және орта кәсіпорындардың  дамуын ынталандыру жөніндегі Бүкіл  қытайлық жұмысшы жетекші тобы, банк және басқа да ұйымдар.

Сөйтіп, экономикасы дамыған елдердегі  ШОБ-ті басқару органдарының тармақталған жүйесі экономиканың осы сферасын ынталандыруға  бөлінетін, мемлекеттік ресурстардың өтуінің альтернативтік арналарын  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әрекет ететін заңнамаға келетін  болсақ, кейбір елдердегі істегі нормативті-құқықтық актілерді нақтылай қарастыру қиынға түседі. Сондықтан бізбен нарықтық экономикаға өткен жеке елдердің заң шығару базасының ортақ белгілері  бөлініп көрсетіледі:

  • ШОБ және оны мемлекеттік қолдау туралы арнайы федералдық заңның болуы. АҚШ-та қабылданған «Ұсақ бизнес туралы» заң (1953ж.) , Жапонияда қабылданған «Шағын және орта кәсіпорындар туралы негізгі заң» (1963ж.), Германияда қабылданған «Жазалаушы құқық» (1957ж.), «Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң (1995ж.) және т.б.
  • ШОБ-тің басым бағыттарын дамытудағы қосымша ынталандыру құралдарын қарастыратын, федералдық заңдардың болуы. Сонымен, АҚШ-та «Шағын экономиканы инвестициялау туралы заң», 1960, 1961, 1963, 1966 жылдар заңына түзетулер қабылданды. Жапонияда «Субконтракты ұсақ және орта кәсіпорындарға көмектесу туралы заң», Германияда «Қосымша құнға салық туралы заң» (1990ж.), Қытайда «Компаниялар туралы заң», Ресейде шағын кәсіпкерліктің позицияларын күшейтетін, актілер арасында «Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық салу, есепке алу және есептіліктің ықшамдалған жүйелері туралы» (1995 ж.), «Федералдық мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнім мен тауарларды жеткізу мен өндіруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы туралы» және басқа да Үкімет қаулылары қабылданды.

Заңдарда және нормативтік актілерде  ШОБ-ке қатысты, арнайы баптардың болуы (монополияға қарсы заңдардағы ұсақ кәсіпорындар статусы және олардың  жеңілдіктері туралы Жапонияның 12 заңы; Германия Федералдық Республикасымен  қабылданған «Салықтарды төмендету  туралы» заң).

Аймақтық деңгейлерде қабылданған  арнайы құқықтық актілердің болуы.

Сонымен экономикасы дамыған елдердің ШОБ-імен қол жеткен нәтижелерді  талдау, экономика үшін анықтаушы  мәні бар, сандық көрсеткіштер көмегімен ұлттық экономикадағы оның орнын анықтауға мүмкіндік береді. Оларға мыналарды жатқызуға болады – елдің ЖІӨ шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін, жұмыскерлердің жалпы санын, елдің бюджетіне аударылған төлемдерді, өнім экспортын 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпорындардың санын, кәсіпорындардың үлесін және т.б.

Экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлік жыл  сайын ЖІӨ 20–60%, өнер жаңалықтарының 50%, жаңа жұмыс орындарының 70–80% құрайды, барлық жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің 50–60% жұмыспен, бюджетке аударылған төлемдердің 30–40%, лицензиялық келісімдердің 50% қамтамасыз етіледі, табыстардың жалпы  сомасындағы лицензиялық түсімдер 25–45% тең, ал кәсіпорындардың жалпы  санындағы кәсіпкерліктің шағын  және орта формаларының үлесі 80-нен 99 %-ға дейін құрайды, бюджетке аударылған төлемдер үлесі 20–40%, 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпорындар саны 16–80 бірлікке тең.Экономикасы дамыған  елдерде ШОБ-ке инновациялық қолдау көрсетуге үлкен көңіл бөлінеді, ол ғылыми-техникалық  прогресті  жеделдету шарттарының бірі болып  табылады, ал бұл өз кезегінде жеке шағын және орта кәсіпорындармен  жаңалықтарды дайындау ғана емес, сонымен  қоса оларды басқа кәсіпорындарда белсенді енгізу.

Америка ғалымдары, нарықтық экономикаға  өткен 500 алдыңғы қатарлы елдерде  соңғы 20 жыл ішінде тіркелген, маңызды  технологиялық жаңалықтарды дыйындаудағы шағын және орта фирмалардың ролі зор екендігін анықтады (14-кесте).

Кесте 14 – 80-ші жылдары едәуір дамыған  елдердегі әртүрлі көлемдегі  фирмалардағы технологиялық жаңалықтардың  үлесі, (%)

 

Мемлекеттер

Шағын  
фирмалар

Орта  
фирмалар

Ірі  
фирмалар

АҚШ

35

15

50

Ұлыбритания

24

9

67

Германия

26

11

63

Жапония

4

11

63

Франция

31

16

80

Канада

50

0

50

Барлығы

31

14

55

*Ескерту- Ансофф И. Стратегическое управление. М.: Экономика, 1989, с. 147-149


 

Сөйтіп, АҚШ Ұлттық ғылыми қорының  бағалауы бойынша ғылыми-зерттеу  және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарына  салынған әрбір долларға адамдар  саны 100-ге дейінгі фирмалар 4 есе  көп жаңалықтарды жүзеге асырды, жұмыспен қамтылғандар саны 100-1000 адам және жұмыспен қамтылғандар саны 1000 адамнан жоғары фирмаларға қарағанда 24 есе көп. Олардағы жаңалықтар қарқыны ірілерге қарағанда  үштен бір есеге жоғары. Сонымен  қоса, шағын және орта фирмаларға өзінің жаңалығымен нарыққа шығу орташа есеппен 2,5 жыл, ірі фирмаларға – 3,5 жыл қажет. Сөйтіп, ҒЗТКЖ нәтижелері тауарлардың кең тобы бойынша шағын және орта фирмаларда ірілерге қарағанда жоғары. Технологиялық жаңалықтармен қалыптасқан жағдайды келесімен түсіндіруге болады, шағын фирмалар ірі бизнес үшін болашағы жоқ немесе қауіпті болып көрінетін салаларда жаңалықтарды дайындаумен шын көңілімен айналысады. Сонымен бірге, шағын фирмалар жаңа өнімді игеруде маңызды роль атқарады. 80-ші жылдардағы әлем нарығындағы жаңа өнімді игеру мәліметтері, әлемдегі 500 ірі компанияның жаңа өнімді игерудегі үлесінің барлық қарастырылған топтар бойынша 50%-дан төмен екендігін көрсетеді. Шетел мемлекеттерінде орталықтандырылған мемлекеттік қолдаудың соңғы объектісі, кәсіпорындарды тіркеуден, кәсіпкерлерді оқытудан, ақпараттық қызмет көрсетуден тұратын, ұйымдастыру-басқарушылық қолдау болып табылады. Көптеген елдерде шағын және орта кәсіпорындарды тіркеуге алудың ықшамдалған тәртібі бар екендігін атап өту қажет. Сонымен, Францияда 1999 жылы, ШОБ-ті 24 сағат ішінде тіркеуге алуды кепілдейтін, арнайы заң қабылданды. Кәсіпкерлерді оқыту мақсатты бағдарламалар көмегімен үнемі істегі білім беру жүйелерімен іске асырылады.  (15-кесте).

Кесте 15 – 80-ші жылдардағы салалар  бойынша фирмалар ұсыныстарын-дағы жаңа өнімнің үлесі

 

Салалар

Жаңа өнім үлесі, %

Ірі фирмалар

Қалған фирмалар

1

2

3

1.Өнеркәсіптік технологияның  түрлері, көлік

16

84

2. Химиялық тауарлар және  қара металлургия өнімі

43

57

3. Тоқыма және қағаз  тауарлары

0

100

4. Машина жасау және  электроника

16

84

5. Қарулану және жарылғыш  заттар

47

53

6. Ғылыми аспаптар

21

79

7. Электротехникалық аспаптар

48

52

8. Бірінші қажеттілік  тауарлары

10

90

*Ескерту – Ансофф И. Стратегическое управление. М.: Экономика, 1989, с. 147-149


 

Шағын және орта кәсіпкерлікті  ақпараттық қамсыздандыруды әр түрлі  ұйымдар жүргізеді. ЕО шағын және орта кәсіпорындарын ақпаратпен қамсыздандыру  қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар  көмегімен жүргізіледі.

Сөйтіп, ШОБ субъектілері орталықтандырылған мемлекеттік қолдауды талдау келесі қорытындыларды жасауға  мүмкіндік берді:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қазіргі заманғы мемлекеттің экономикалық саясатының қажетті элементі болып табылады, ол әр түрлі формаларда іске асырылады;

2) несиелер, венчурлық бизнес, гранттар, субсидиялар, бюджеттік қаржыландыру және басқа да формаларда шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне көрсетілетін маңызды қаржылық қолдау. Сонымен қоса инновацияларды енгізумен байланысты, жобаларды  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруге ерекше көңіл бөлінеді. Несиелер әдетте төмен пайыздармен және ұзақ мерзімге беріледі; 

3) салық жеңілдіктерінің жүйесін жаппай қолдану. Кейбір елдерде алынатын табыс сомасына байланысты пайдаға салынатын салық анықталады. Алынатын табыс сомасы аз болған сайын, салық салудың пайыздық ставкасы төмен болады. Басқа елдердегі шағын және орта кәсіпкерлікке арналған салық жеңілдіктері инновациялық  қызметпен, жабдықты сатып алумен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикасы артта қалған аймақтарда орналасуымен, өндірілетін өнімнің басым болуымен және басқалармен байланыстырылады;

4) шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық қолдау ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру және оның жетістіктерін экономиканың осы сферасына белсенді енгізу үшін қажет;

5) шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық қолдау, ірі корпорацияларға берілген, мемлекеттік келісімшарттарды орындауға  ШОБ субъектілерін тартудан тұрады;

6) экономикасы дамыған елдердегі  ШОБ сыртқы экономикалық қызметі жан-жақты ынталандырылады;

7) ШОБ-ті ұйымдастыру-басқарушылық қолдау кәсіпкерлік өнеріне үйрету, коммерциялық ақпаратпен қамтамасыз ету нәтижесінде жүзеге асырылады.

Ал кез келген ел экономикасындағы ШОБ-тің ролі әлеуметтік-экономикалық функцияларды орындаумен анықталады, оларды екі топқа бөлуге болады: экономикалық – бұл үнемі өзгеретін  тұтынушылық сұраныс жағдайларында  қызмет пен өнімнің кең ассортиментін  қалыптастыру; әлеуметтік – аз шығындармен  және тез арада жаңа жұмыс орындарын  құру, адамдардың кәсіпкерлік қызметке деген қабілетін дамыту.

Анық көрсету үшін, әр түрлі ердер, соның ішінде Қазақстан  экономикасындағы ШОБ-ті сипаттайтын, көрсеткіштерінің құрама кестесін келтіруге  болады (16-кесте).

 

Кесте 16 – Дамыған елдердегі  және Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің көрсеткіштері

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері