Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:44, дипломная работа
Бизнес-жоспар – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы сол, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, бизнес-жоспар кәсіпорынның өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................7
1.1 Бизнес-жоспарды жасақтаудың мақсаты мен арналымы.................................7
1.2 Бизнес-жоспарды жасақтау кезеңдері...............................................................12
1.3 Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы тәсілдер...............................................19
1.4 Кәсіпорынның бизнес-жоспарының негізгі міндеттері...................................23
2 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МАҚСАТЫНДА САУДА КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН
ЖАСАҚТАУ..............................................................................................................28
2.1 Жобаның суреттелуі (түйіндеме).......................................................................28
2.2 Кәсіпорын қызметінің суреттелуі......................................................................29
2.3 Тауарларды суреттеу...........................................................................................30
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті және нарықты бағалау.................................................31
2.5 Негізгі құралдармен есеп айырысу....................................................................33
2.6 Айналым қаражаттарымен есеп айырысу.........................................................37
2.7 Сауда айналымының жоспарлануы...................................................................37
2.8 Қызметкерлерді жоспарлау................................................................................38
2.9 Қаржыландыру стратегиясы мен қаржы жоспары...........................................41
3 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ..................................47
3.1 Тиімді бизнес-жоспар – кәсіпорынның табысты нәтижесі.............................47
3.2 Бизнес-жоспарды жетілдіру стратегиялары.....................................................49
3.3 Бизнес-жоспардың кемшіліктерін шығару және олардың бағалануы...........51
3.4 Бизнес жоспарды жақсарту жолдары................................................................55
3.5 Бизнес-жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы........57
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................65
Кәсіпорынның бизнес жоспары деп қатысушылардың жинақталған капиталдарын пайдалану арқылы, өзара келісілген мақсаттарды жүзеге асыруды айтамыз. Халықаралық өнімнің жоғарғы дәрежелі стандартизация, унификация, сапалы және бәсекеге қабілетті болуы, бұл кәсіпорынның бизнес жоспары процесінің нәтижесі болып табылады. Мұндағы мәселе, бұл елдерде ең ірі халықаралық корпорациялармен тығыз өндірістік-кооперациялық қатынас жүйесімен байланысқан жаңа өнеркәсіп салаларының (электрондық, электротехникалық, тігін) бірқатар өндірістері мен кәсіпорындарын құру. Халықаралық корпорациялар өз филиалдарын шетелге шығарады, онда жартылай фабрикаттар, бөлшектер, компоненттер жасалады. Құрастыру халықаралық корпорациялар шоғырланған елде жүзеге асырылады, сол құрастырылатын өндіріс дамушы елдерге тасымалданады. Бұл бірқатар артықшылықтар береді. Машиналар мен құралдарды бөлшектенген күйінде тасымалдау арзан болғандықтан, көлік шығындарын үнемдеуге мүмкіндік туады. Халықаралық корпорациялар өз экспортының бәсекелестік қабілеттілігін құрастырылған машиналарға және осындай машинаның құрамдас бөліктерінің жиынтығына импорттық баж айырмасы есебінен жоғарылатады. Дамушы елдердегі халықаралық корпорация бақылауында істейтін жұмысшылардың еңбек ақысы халықаралық корпорация шоғырланған елдегі жұмысшылардың еңбек ақысына қарағанда әлеқайда төмен. Халықаралық корпорациялар шоғырланған елінен тыс өзінің өндірістік қызметін жетілдіре отырып, өндірістің заттық, бөлшектік, технологиялық мамандануын тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл мамандану халықаралық өндірістің ең ірі дүниежүзілік корпорациялары шеңберінде топталады. Нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісі формасы жағынан интернационалды бола тұрып, фирма ішілік сипат алуда. Бірақ-та бұл халықаралық еңбек бөлінісінің фирма ішілік сипат алуы шектеулілікті білдірмейді. Халықаралық еңбек бөлінісі мазмұны жағынан - ғаламдық
Дамушы елдерде өнеркәсібі дамыған елдердегі сияқты халықаралық корпорациялар өз қызметіне көптеген кіші және орта компанияларды тартады, шағын бизнесті тәуелді жағдайға әкеледі. Тәуелділік тікелей функционалды байланыс негізінде қалыптасады, яғни өндіріс технологиясының, маманданудың, кооперациялаудың дамуы, өнімді өткізуді ұйымдастыруы, “ноу-хау” тапсыруы негізінде және т.с.с. Кәсіпорынның бизнес жоспары қалыптасатын халықаралық өндіріс олардың дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының, сыртқы сауданың, капиталдар, инвестициялар жылжыуының, технологияларды тапсырудың негізі және ажырамас бөлігі болып табылады.
2.1 Жобаның суреттелуі (түйіндеме)
«Атаба Групп» ЖШС –
і еншілікті кәсіпорны «
Бірінші кезеңде сауда желесіне үш дүкен кіреді.
Әр дүкен тез қондырылатын металл құрылғысынан, жылы қымталған, қазіргі дизайнмен жасалған. Жобаға сай, әр дүкеннің аумағы қарастырылған. «Минимаркет» ЖШС – нің бизнестегі әрі қарай ойлайтыны, жүйесі бес дүкенге дейін (2 жыл ішінде) және 12 дүкенге дейін үлкейту (соңғы 2 жыл ішінде).
Кәсіпорынның мақсаты – халықты сапалы және қол жетерлік тамақ өнімімен қамтамасыз ету.
Дүкендегі тауарлардың түрі 30 топтан астам болады. Тексерілген жеткізіп берушілермен (көбіне, тауар өндіріретін – тапсырыс алушылар) тығыз байланыс, дүкендердің тоқтамай қызмет етуіне кепіл береді.
Бірінші кезеңде, дүкеннің аз мөлшерде керекті тамақ өнімімен жұмыс істеуі қарастырылады;
Екінші кезеңде – өнім түрінің кеңейтілуі;
Үшінші кезеңде
сауданы тереңірек өңдеп
«Минимаркет» ЖШС – нің бақталастары көп, бірақ тікелей шын бақталастары аз. Бәсекелестікті (бақталастықты) «Минимаркет» ЖШС – і өзінің аумақтық қоныстануының, сауданың қазіргі өлшемдерге сәйкестілігінің, бағасының төмендігінің, қаржы саясатын дұрыс жүргізілуінің арқасында жеңе алады.
«Минимаркет» ЖШС – нің қызметінің ұйымдастырылуы 2012 жылдың 1 шілдесінде қарастырылған, «Атаба Групп» ЖШС – і дүкендердің бүкіл азық – түлік тауарларын сату кезінде жиналған бүкіл тәжіриебесін қолдануға бел буды.
«Минимаркет» ЖШС – нің жұмысшыларының саны: 24 адам – оның ішінде 18 дүкеншілер.
Қаржы ресурстарының жалпы көлемі, жобаны жүзеге асыру үшін, 2800 мың теңгеге бағаланады.
Кәсіпорынның
жобасының сатылуының екі кезеңі
бір – бірімен паралелді
Бірінші кезеңге кіретін:
- Дүңгіршікті сатып алу және сәйкесінше өз орнына қою;
- Нысандарды құру және қосу (электрэнергиясы, су, байланыс ұйымы);
- Офистік орын іздеу.
Екінші кезең:
- Дүкенге, офиске керекті қондырғыларды сатып алу;
- Берілген қондырғының құрылуын ұйымдастыру;
- Барлық бөлмелерді пайдалануға дайындау.
Дайындау мерзімінің ішінде мамандандырылған қызметкерлерді жинау жүреді. Бірінші кезекте дүкеншілерді алады.
Дүкендердің жұмысының бірінші жылдағы болжамды тауар айналымы 21700 мың тенге құрайды. Екінші жылда – 28100 мың теңге. Бірінші жылдан кейін болжаммен таза табыс 1380 мың теңге құрау керек.
Жобаны қаржыландыратын көздер:
- Қатысушылар салымы (ережелі іргелі салым) – 100 мың теңге;
- Банктік несие – 1 млн.теңге;
- Пайызсыз қарыз «Атаба Групп» ЖШС – пен – 1,2 млн.теңге;
- Басқа жеке және заңды тұлғалардан алынған қарыз – 500 мың.теңге.
Банктік несиені алу мына шарттарға байланысты: несие беру – 18 ай, несиенің пайызы – 23% жылдық.
2.2 Кәсіпорын қызметінің суреттелуі
«Атаба Групп» ЖШС-і Атырау қаласында 2005 жылы құрылды. Компанияның құрылу мақсаты, қаланың дамуындағы кәсіпорынның сауда жүйесінің көп мерзімді бағдарламасын ұйымдастыруы болып табылады. Берілген жоба қаланың көркін келтіру тапсырмасын шешу, сауда қызметтерін сапалы деңгейге жеткізу, халықты сапалы және қымбат емес тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін арналған.
Жобаның мақсаты Атырау қаласында азық – түлік дүкендерінің жүйесін ашу. Әр дүкен жеңіл тез жиналатын металлды құрылғылардан салынады.
Бұл дүкендер жылы қамтылған, қазіргі дизайнмен безендірілген және көпфункционалды қолдану үшін арналған. Сауда залы 20 – 30 кв.м аумағы бар. Қойманың аумағы 15-20 кв.м.
Әр дүкеннің салынуы, Атырау қаласын көгалдандыру мен сыртқы (түнгі уақытта) жарық қылу бағдарламасына сай келеді.
Үш саны бекер алынбаған. Бір азық – түлік дүкенін ұстау өте қиын, себебі тез бұзылатын тауарлар бар. Егер қандай да бір тауар бір жерде жай сатылса, онда оны мерзімі біткенге дейін екінші нысанға «лақтырып» жіберу керек. Екі дүкен де тауар айналымның жылдам жүруіне және қойылған мақсаттарды орындау үшін жетіспейді. Сондықтан да қызметтің бастамасында дүкен саны – үш. Қызмет бағыты – даналап сату. Алдында айтылғандай «Минимаркет» ЖШС – і «Атаба Групп» ЖШС - нің еншіліс кәсіпорны, оның мақсаты азық – түлік нарығында өзінің орнын алу. Бұл нарықтық бекер таңдалған жоқ. Нарықта мемлекеттік пен жеке түрлердін бәсекелестері өте көп, бірақ азық – түлік тауарлары әр кезде керек болатындардың бірі.
Тіпті, табыс көзі азайып, халықтың сұранысы азайсада, тұтынушының қолында қалған ең азы, тамақ өнімдеріне жұмсалады. Тамақ нарығы тек қана дағдарыс кезінде басымды болмайды. Орнығу жерін дұрыс таңдаса, азық – түлік тауарларынан өте жақсы табыс алуға болады. Міне, осыған дайындалу жұмысы бағытталған.
2.3 Тауарларды суреттеу
Берілген жобаның дүкендерінде азық – түлік тауарларының кең түрі ұсынылады.
1 - кестеде өнім түрлерінің топтарының тізімі ұсынылған.
Кесте 1 Тауарлар түрінің топтары
№ п/п |
Тамақ түрі топтарының атаулары |
Шамамен тұрғының саны |
Табысқа көп салым әкелетін топтар |
1 |
Ет жартыфабрикаты |
15 – 20 |
|
2 |
Шұжықтар |
40 – 45 |
+ |
3 |
Орамалар |
10 – 15 |
+ |
4 |
Балықтар |
25 – 30 |
+ |
5 |
Сүт өнімі |
20 – 25 |
+ |
6 |
Балмұздақ |
25 – 30 |
+ |
7 |
Йогурттар |
2 – 10 |
|
8 |
Ірімшік |
5 – 10 |
|
9 |
Май, майонез |
20 – 30 |
|
10 |
Көп мерзім шыдайтын нан өнімі |
7 – 11 |
|
11 |
Жаңғақтар, сағыз, чипсілер |
40 – 60 |
|
12 |
Пешене, кепкен нан, тәтті қамыр |
25 – 35 |
|
13 |
Кәмпиттер (қорапты) |
20 – 25 |
|
14 |
Таңертегі кепкен ас түрі |
1 - 5 |
|
15 |
Пасталар, кремдер |
1 – 2 |
|
16 |
Шоколад |
25 – 30 |
|
17 |
Арақ – шарап өнімдері |
80 – 90 |
+ |
18 |
Сыра |
40 – 50 |
+ |
19 |
Шырыңдар |
40 – 50 |
+ |
20 |
Шай, кофе |
20 – 30 |
|
21 |
Жеміс – жидектер, көкөністер |
5 – 15 |
|
22 |
Ұн, бидай өнімдері |
10 – 15 |
|
23 |
Тұз, секер |
3 – 6 |
|
24 |
Темекі өнімі |
90 – 100 |
+ |
25 |
Құс |
1 – 5 |
+ |
26 |
Нан өнімдері |
10 – 25 |
+ |
27 |
Соустар, кетчуптер, бұрыш, уксус суы |
5 - 10 |
|
28 |
Консервілер |
15 - 20 |
|
29 |
Жылдам дайындалатын өнімдер |
15 – 20 |
|
30 |
Қоспалар |
20 – 25 |
|
31 |
Макарон өнімі |
10 – 15 |
|
32 |
Басқалар |
20 – 50 |
Әр өнім түрінің топтарында дүкен сурелерінде шығып тұратын, дәл айтқанда позициялар саны анықталады.
Дүкеннің негізгі тапсырмасы – халықты қол жететін бағасы бар, сапасы бар тауарлармен қамтамасыз қалу. Негізгі бөлігін дүкендер өнім шығарушылардан алады. Тек аз бөлігі ортадағылар арқылы келеді.
Негізгі жеткізушілер болып саналатындар:
- Вимпекс ЖШС
- Аспара ЖШС
- ДЕП ЖШС
- Cellar ЖШС
- Бит ЛТД ЖШС
- Эксплерент ЖШҚ
- Бахтияр ЖШС
- Манар ЖШС
- Лидер ЖШС
- «Вимм Билль Данн» ЖШС
- «Голд Продукт» АҚ
- «Фиркан» ЖШС
- Бахус Астана ЖШС
- Аксиома Тау ЖШС
- АПК Придонье ЖШС
- Гарлинг ЖШС
- Бегемот ЖШС
- Ускорение ЖШС
- Омирбек ЖШС
- «RGBrands Kazakhstan» ЖШС
- «Регион Трэйд» ЖШС және т.б.
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті және нарықты бағалау
Соңғы жылдары Атырау қаласында, халық пен жұмыс істейтін және төмен бағалармен азық – түлік тауарларының кеңінен таралған түрлерін ұсынатын азық – түлік дүкендері ашылды. Атырау әкімшілігінің көмегімен және жергілікті компаниялардың арқасында, көптеген шатыр астындағы және күйреген базарлардың орнына замани дизайндалған сауда павильондары келді. Бұл жерде «Атаба Групп» ЖШС – нің маңызы өте зор.
Осы жобамен құралған үш дүкенге арнайы орын таңдалды. Ол жерде көп халық жиналады. Көбіне, ұтатын жер, бұл көпқабатты үйлердің ауласы болып шықты. Шешуші фактор болып, дүкеннің үйге жақын болғаны маңыз ойнайды.
Негізгі бәсекелестердің шеңбері өзіне: кішігірім дүкендерді, киоскларды, шатырларды (олардың бәрі үйден алыс емес орналасқан), әмбебаптарды, супермаркеттерді кіргізеді.
Шынына келсек «Минимаркет» ЖШС – нің тікелей бәсекелестері аз.
Кесте 2 жеке фирманың және бақталас фирмалардың бағасы, баллдар
№ п/п |
Фирма |
Лайықтылық пен кемшіліктер | ||||
Тауар |
Баға |
Қызмет көрсету |
Орналасқан жері |
Байланысты баға / сапа | ||
1 |
Жеке фирма |
7 |
5 |
7 |
10 |
8 |
2 |
Бақталас фирма |
|||||
2.1 |
Кішігірім дүкендер |
5 |
5 |
6 |
8 |
8 |
2.2 |
Киоскалар |
4 |
4 |
6 |
7 |
6 |
2.3 |
шатырлар |
3 |
7 |
5 |
4 |
8 |
2.4 |
Дүнгіршек |
7 |
5 |
7 |
8 |
8 |
2.5 |
Әмбебап |
9 |
7 |
8 |
4 |
6 |
2.6 |
Супермаркет |
9 |
5 |
8 |
4 |
6 |
Ескертпе – автормен құрастырылған |