Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:44, дипломная работа
Бизнес-жоспар – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы сол, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, бизнес-жоспар кәсіпорынның өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................7
1.1 Бизнес-жоспарды жасақтаудың мақсаты мен арналымы.................................7
1.2 Бизнес-жоспарды жасақтау кезеңдері...............................................................12
1.3 Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы тәсілдер...............................................19
1.4 Кәсіпорынның бизнес-жоспарының негізгі міндеттері...................................23
2 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МАҚСАТЫНДА САУДА КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН
ЖАСАҚТАУ..............................................................................................................28
2.1 Жобаның суреттелуі (түйіндеме).......................................................................28
2.2 Кәсіпорын қызметінің суреттелуі......................................................................29
2.3 Тауарларды суреттеу...........................................................................................30
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті және нарықты бағалау.................................................31
2.5 Негізгі құралдармен есеп айырысу....................................................................33
2.6 Айналым қаражаттарымен есеп айырысу.........................................................37
2.7 Сауда айналымының жоспарлануы...................................................................37
2.8 Қызметкерлерді жоспарлау................................................................................38
2.9 Қаржыландыру стратегиясы мен қаржы жоспары...........................................41
3 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ..................................47
3.1 Тиімді бизнес-жоспар – кәсіпорынның табысты нәтижесі.............................47
3.2 Бизнес-жоспарды жетілдіру стратегиялары.....................................................49
3.3 Бизнес-жоспардың кемшіліктерін шығару және олардың бағалануы...........51
3.4 Бизнес жоспарды жақсарту жолдары................................................................55
3.5 Бизнес-жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы........57
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................65
1.1 Бизнес - жоспарды жасақтаудың мақсаты және арналымы
Бизнес-жоспар – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама [1]. Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы сол, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, бизнес-жоспар кәсіпорынның өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.
Бизнес – жоспардың жазылу функциясы. Бизнес–жоспарды тәжірибеде сыналған жазуға дайындау мен ресімдеудің тәртібі бар, бірақ, негізінен кәсіпорындардың проблемалары мен міндеттерінің мәнін барынша толық түсінуге қолайлы деп есептейтін күйде жазуға болады. Бұл ретте мүмкіндігінше, төмендегідей сұлбаны пайдаланады [2]:
1. Өз ісіңізді ашу туралы шешім қабылдайсыз.
2. Тексересіз: өз ісіңізді ашуға қандай қабілеттілігіңіз бен біліміңіз бар, нені білуіңіз керек.
3. Өзіңіз жақсы
білетін өнім немесе
4. Өз рыногыңызды анықтаңыз: кімге сатаcыз, бәсекешілеріңіз кім?
5. Осы рынокта жұмыс істегенде неге ие болуды қалайсыз?
6. Қайда орналасуды
қалайсыз, орналасатын бір жеріңізді
екіншісінен неге артық
7. Нені қалай
істейсіз, сізде өндіріс және
технологияларды қолдану,
8. Өз тауарларыңызды
қалай сатаcыз немесе
9. Сізге не
керек, ұйымдық құрылымыңыз
10. Кәсіпкерлігіңіздің мақсаттары, қолданыстағы заңнамаға қаншалықты сай келеді ?
11. Ақша қаражатын
есепке алуды қалай
12. Ықтимал проблемалардан өзіңізді қалай қауіпсіздендіресіз және ықтимал тәуекелді қалай қысқартасыз?
13. Кәсіпкерлікті жүргізу үшін ақшаны қалай таппақсыз ?
14. Кәсіпкерлігіңіздің
барлық салаларын және
Кәсіпорын – тәуелді шешімдердің орталығы. Бұл шешімдер нарық коньюнтурасының, ішкі айналаның шарттарына қысқауақыт бейімделуі немесе көпмерзімді мақсаттардың орындалуы туралы әңгіменің әр түрлі масштабтары мен табиғатына ие болады. Сонда да, істелген таңдау мен қабылданған шешімдерді алдын – ала болжау керек.
Динамикалық бизнес – жоспарлауының процессі, бүкіл басқару функцияларын астына алатын қопшатыр болып есептеледі. Бизнес – жоспары ұйымдарға өз мақсаттарына жету үшін көмектесетін, іс – әрекеттер мен шешімдерді білдіреді. Питер Лораншға байланысты, бизнес – жоспарлау процессі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құралы болып есептеледі. Оның тапсырмасы – ұйымдардағы өзгерістерді, жаңа енгізілуді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Дәлірек айтқанда, ол бұл жолда, басқару қызметінің төрт негізгі түрін көреді. Оларға жататындар: ресурстардың (байлық) бөлінуі, ішкі айналаға бейімделу, ішкі үйлесім және ұйымның стратегиялық көрінуі [3].
Өз бизнесіңді қалай ұйымдастыру керек? Қызметтің қай түрін таңдау керек? Қай ұғымға мән беру керек? Ойлағаныңды іске қалай асыру керек? Болашақты қалай жобалау керек? Бұл сұрақтарға жауапты өз кәсібін бастайтын әрбір адам білгісі келеді.
Бизнес – жоспар не үшін керек? Құрамы бойынша, ол өнімнен бастап, процесстермен бітіретін толық және дәл суреттеуі бар негіз болып табылады. Бизнес – жоспарының негізгі ұстанымы [4]:
- Ұйымдар мен құрылымдар және кәсіпорындармен және оның муниципалды білім алу, қызығушылығымен ҚР тығыз байланыстығы көрсететін кешендік;
- Алға қойған іс – әрекеттердің экономикалық, әлеуметтіқ, технологиялық және де экологиялық тиімділіктер бағасын қарастыратын жүйелік;
- Ішкі және сыртқы айналаның динамикалық өзгеру барысындағы, оның жедел орнықтыруын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін Стратегиялық жоспардың бейімделуі;
- Шынайылық пен жүзеге асыру, мониторинг қозғалысындағы орындалған көрсеткіштердің арқасында пайда болған.
Бизнес – жоспары, шындығында болашақ көз қараспен қарағанда, бүкіл корпорацияның үдеуімен қарастырылу қажет, себебі нақты бір тұлға ешқандай іс – әрекет бере алмайды. Жеке кәсіпорынның негіздеушісі, өзінің жеке жоспарларын ұйымның стратегиясымен пайдалы күйде тоғыстыра алады. Ал, кей кезде корпорацияның басшысы, мүмкін, өзіне реактивтік ұшақ, екі жағалаудағы үлкен үй, әдемі жұмыс бөлмесін сатып алғысы келсе, онда бұл, ұйымның жалпы өрлеуіне ешқандай пайда әкелмейді. Бизнес – жоспар қазіргі, болып жатқан жағдайлардың қадағалуынан негізделуі керек. Қазіргі бизнес дәуірінде тиімді бәсекелесу үшін, фирма нарық, сапа, бақталастың жайында көптеген хабар алып отыруы керек. Бизнес – жоспар фирмаға анықтаушылық, жекелік бере отырып, өзіне қарай анықталған, керекті мамандарды тартуға көмектеседі [5].
Мақсатына байланысты, бизнес – жоспардың үш түрін көрсетуге болады [6]:
- Формалы бизнес – жоспары;
- Түсінуші бизнес – жоспары;
- Жанды бизнес – жоспары.
Біріншісі, басшыларға, акционерлерге, инвесторларға бизнестің не екенін білу үшін керек.
Екіншісі, жанды бизнес – жоспары кәсіпорындарда болып жатқан процесстерді көрсету үшін, болатын өзгерістердін салдарын болжау үшін арналған.
Ол бүкіл ерекшеліктерді шығарып, шешім қабылдай алатын, мүмкіндіктер мен қауіптерді біліп отыратын бизнес – жоспарының құрамын көрсетеді.
Түсінуші бизнес
– жоспары кәсіпорынды
Потенциалдық инвесторлар (салым қаржысын бөлетіндер) күн сайын тәуекелдік жобаларды қаржыландыратын көп сұраныстар алады, сондықтан да оларға анықталған жоспармен (формалық бизнес - жоспар) сәйкес болатын, фирма және оның өнімі туралы мәлімет беру керек.
Жақсы дайындалған бизнес – жоспары, егерде оның кейбір шарттары тең болса, әрқашан әр түрлі көздерден қаржы алатын қолдау тәсілдерін жоғарлатады.
Бизнес – жоспардың мақсатын анықтау – болашақ жобаның немесе болашақ кәсіпорыннын қызмет істеуінен кейінгі екінші қадам. Мақсат – бұл бизнес – жоспарының өңдеушісі, кәсіпорын немесе жоба ұмтылатын, елестететін немесе кәдімгі, нақты заттардың күйі. Егер, қызметтікте серіктестің қатысы болса, онда оларды әрі қарай серік, жалғастырушы болып қалатындай қылып, осы мақсаттық құрылуына шақыру қажет. Сонымен қатар, бизнестің мақсаты мен олардың жеке мақсатын ажырата білу керек (мысалы, жеке «байып кету» немесе «билік» қызмет әрекетінің күшті итергіші болуы мүмкін, алайда ол жұмысшылар мен серіктестердін көңілінен шыға қоймайды) [7].
Мақсаттың түсінігіне бүкіл жобаны аяқтағаннан кейін, қайта ораламыз.
Құрылған мақсаттың негізінде, бизнес – жоспар таңдалады. Бизнес – жоспарынан бастайтын болса, онда көптеген жеңістерге жетуге болады (жанды бизнес – жоспар, немесен түсінуші бизнес - жоспар). Оның жазылу барысында, көптеген сұрақтарды қарастыру керек (формалы бизнес - жоспар). Алайда, бизнес – жоспардың тұтынушылары, өңдеудің дұрыстығын сезіп, бизнес – жоспарының ішкі сұрақтарын қоя бастайды. Осы сұрақтарға жауап бере алмағандар өте қолайсыз жағдайда қала береді. Мысалы, инвестор керек пе әлде шығару өнімінің көбеюіне арқа сүйеу сұрағы дұрыс қарастырылмаған болып табылады [8].
Инвесторды қызықтырып, өзіне қарату, стратегиялық қадам емес, ал Аяз Атаны қабылдағандай болады. Дамудың барлық стратегиясы мен нұсқалары, бизнес – жоспардың ішкі жазылуын жазған кезде қарастырылу керек. Ал егер, инвесторды баулу дұрыс болса, онда, инвестор мен кәсіпорын тығыз байланыста болады.
Бизнес – жоспарының өте маңызды қолданыстарын анықтауға болады [9]:
- Жаңа кәсіпорынның құрылысының құжаты болуға. Ол құжат жетекшінің қандай мақсатпен және қандай құралдар арқылы, өзінің мақсатына жетуін көрсетеді. Бұл жағдайда, бизнес – жоспар жаңа жұмыстың ұйымдасуының қадамдық күнделігі болады;
- Жетекші жолындағы қиындықтарға қарамай, оларды шешіп, басып өтіп, өзінің алдына қойған мақсаттарына белсенділікпен, тәртіппен жету керек;
- Жобаның кейбір ерекшеліктерімен өзінің әріптестерін, серіктестерін таныстыру. Бұл оларға жетекшіні тек қана басшы ретінде емес, сонымен қатар әріптес ретінде көрсетеді;
- Потенциалды инвесторларды баулу, шақыру себебі, сол бизнес – жоспардың қарастырылу негізінде кәсіптік қаржыландыруының шешімін табады;
- Болашақ сату нарқының сыйымдылығы мен келешегін көрсету;
- Нарыққа керекті өнімді шығаруының шығындарын бағалау, істің табысты болуын анықтау үшін, ол кеткен шығынды өзінің өнімінің сатылу бағаларымен өлшеу;
- Мүмкіндігінше бүкіл «су асты» тастарын табу;
- Басқаруды жүзеге асыратын, және әрдайым істің тұргысын бақылап отыратын көрсеткіштерді анықтау;
- Әріптестердің, сонымен қатар, инвесторлар тарапынан сенімділікке және сыйластыққа ие болу.
Бизнес – жоспар, инвесторлардың араласуымен жүретін, ең алғашқы «сату» құралы болып табылады. Ескеріп кететініміз, бизнес – жоспар жақсы болашаққа қарай жазылады, және оның жазылу мерзімі 1 ден 5 жылға дейін құрылады.
Бизнес – жоспарының түрін таңдай отырып, қатерге алатын, көп уақытқа жоспарланған кәсіпкерліктің пішіндік мінездемесі бар және де ол осындай тексерулермен негізделіп, қысқа кезеңде көп мерзімді басымдықта жүзеге асуы тиіс.
Өкінішке орай,
көптеген кәсіпкерлер алдағы басты
қылықтар анықталмайды деп есептеп,
жоспардың тек бір жылға
Одан басқа, болашақтағы кезеңнің тұрақсыздығының есепке алу тарабы, әр түрлі жағдайлардағы әркелкі нұсқалардың құрылуына әкеледі.
Бизнес – жоспарының функциялары [10]:
В.М.Попов, С.И.Ляпунов,
С.Ю.Муртузалиев бизнес – жоспардың
басқа қызметтерін бөліп
Осылайша, бизнес – жоспар бар мәліметтердің кең зерттелуімен негізделу керек. Қазіргі өмірдің бизнесінде бәсекелесу үшін, ол әрдайым нарық, сала, бәсекелестер және басқа факторлар туралы көптеген хабар алып отыруы тиіс. Бизнес – жоспар кәсіпкерлікке небір мамандарды тарту үшін, басқа мамандық иелерін шақыру үшін, анықталғандық, жекелік береді. Бұл жоба, ұйымдар үшін жаңа ашылымдар, жаңа ой-пікірлер, жаңа қызметкерлерді жарқын болашаққа сүйрейді. Ең соңында, бұл жоспардың стратегиялық жоспарлары, болашақта бұл бастаған жоба сүрінбей, үлкен жетістіктерге жетіп, олардың бағдарын және модификацияларын жүзеге асыру үшін керек.
1.2 Бизнес – жоспарды жасақтау кезеңдері
Өңдеу жолдарын анықтаудың бірнеше түрлері бар. Біреулері бизнес – жоспарды құру схемасында істелсе, бұл түрде 10 нан 20 дейін жолдар бар. Басқалары ірі блоктардан құралады, олардың жолдары өте аз – бес жол.
Екі жолын қарастыруға болады: өте тегжейлі және шамалы тегжейлі.
Өте тегжейлі жақындастықта, бизнес – жоспарының құралу алгоритмі жаңа істің жоспарлау барысындағы ортақ кезендерін құрайды. Берілген алгоритмді бизнес – жоспарының өңдеуіндегі іс –әрекет жоспары деп атайды.
Осы алгориммнің негізінде жүзеге асқан тәжіриебе арқылы өзіндік бизнес – жоспарын істеуге болады (жобаның немесе кәсіпорынның ерекшеліктерін есепке ала отырып).
Бөлшекті қатынаста келесі кезендерді қарастырайық [12]:
1 кезең. Жаңа бизнестегі қызметтің басталуы туралы шешім немесе жаңа жобаның таралуы