Кәсіпорынның бизнес -жоспар ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:44, дипломная работа

Описание работы

Бизнес-жоспар – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы сол, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, бизнес-жоспар кәсіпорынның өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................7
1.1 Бизнес-жоспарды жасақтаудың мақсаты мен арналымы.................................7
1.2 Бизнес-жоспарды жасақтау кезеңдері...............................................................12
1.3 Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы тәсілдер...............................................19
1.4 Кәсіпорынның бизнес-жоспарының негізгі міндеттері...................................23
2 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МАҚСАТЫНДА САУДА КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН
ЖАСАҚТАУ..............................................................................................................28
2.1 Жобаның суреттелуі (түйіндеме).......................................................................28
2.2 Кәсіпорын қызметінің суреттелуі......................................................................29
2.3 Тауарларды суреттеу...........................................................................................30
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті және нарықты бағалау.................................................31
2.5 Негізгі құралдармен есеп айырысу....................................................................33
2.6 Айналым қаражаттарымен есеп айырысу.........................................................37
2.7 Сауда айналымының жоспарлануы...................................................................37
2.8 Қызметкерлерді жоспарлау................................................................................38
2.9 Қаржыландыру стратегиясы мен қаржы жоспары...........................................41

3 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ..................................47
3.1 Тиімді бизнес-жоспар – кәсіпорынның табысты нәтижесі.............................47
3.2 Бизнес-жоспарды жетілдіру стратегиялары.....................................................49
3.3 Бизнес-жоспардың кемшіліктерін шығару және олардың бағалануы...........51
3.4 Бизнес жоспарды жақсарту жолдары................................................................55
3.5 Бизнес-жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы........57
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................65

Работа содержит 1 файл

Копия Айман бизнес планир.каз.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

Бірінші кезеңде  лайықты офистік орын іздеу керек. Онымен бірге жиналмалы дүкендерді сатып алу, және басқа бөлмелерді пайдалануға дайындау.

Бүкіл дайындық кезінде, бірінші кезекте мамандандарылған дүкенші алу керек. Дайындау мерзімі 1 айға созылады. Бірақ негізгі жұмыс бүкіл құжаттар дайын болғаннан кейін басталады.

Банктік несиелер 23% жылдықпен 18 айға беріледі. Төлемнің схемасы 18 кестеде көрсетілген.

Есептесу жай  пайыздар схемасымен жүреді.

 

Кесте 18 Несиенің жабу жүйесі мен несие пайызының төлемі

 

Күні

Негізгі қарыздың бағасы

Пайыздар төлемі

Төлемнің жалпы бағасы

Аяқталмаған бағаның қалдығы

02.08.05

60000

14722

74722

940000

02.09.05

59000

14310

73310

881000

04.10.05

58000

13030

71030

823000

03.11.05

57000

13640

70640

766000

02.12.05

56000

13395

69395

710000

03.01.06

55000

13223

68223

655000

03.02.06

54000

13138

67138

601000

02.03.06

53000

13156

66156

548000

03.04.06

52000

13304

65304

496000

02.05.06

51000

13618

64618

445000

02.06.06

51000

13155

64155

394000

03.07.06

51000

12838

53838

343000

03.08.06

51000

12741

63741

292000

01.09.06

51000

12997

63997

241000

02.10.06

52000

12869

64869

189000

02.11.06

54000

12622

66622

135000

04.12.06

57000

13088

70088

78000

02.01.07

78000

3495

81495

0

Ескертпе – автормен құрастырылған


 

«Минимаркет»  ЖШС-не «Атаба Групп» ЖШС-нің еншілікті компаниясы ретінде 1200  мың теңге көлемінде пайыссыз қарыз беріледі. Қарызды қайтару келісімі жоқ, бірақ «Атаба Групп» ЖШС-і 50 % табысты өзіне алуға құңы бар келісушілік бар.

«Минимаркет»  ЖШС – нің бүкіл салық пен  несие төлемдерін төлеп болғаннан кейін, бұл процесс жүзеге асады.

Басқа кәсіпорындардан  және жеке тұлғалардан «Минимаркет» ЖШС-і қарызды қажетінше алады. Жобамен, орташа пайыздық салым 12% құрайды.

Құқықты аспектер.

Азық – түлік  дүкендер жүйесінің құрылуы жобасында Атырау қаласында «Минимаркет» ЖШС-і «Атаба Групп» ЖШС-нің мекемелі тобы болады, ол 4 бөлімнің 2 тармағына ҚР 4 азаматтық кодексіне, «Серіктестік туралы» ҚР Заңына сай жұмыс істейді.

Азаматтық Кодекске байланысты, жауапкершілігі шектелген  серіктестігі негізі құралған құжаттарға байланысты,негізгі құжат пен жарғысы болу керек. Бір негіз болса, бір жарғы жарайды. «Атаба Групп» ЖШС-і «Минимаркет» ЖШС-нің негізін салушысы, осыған байланысты «Минимаркет» ЖШ-де тек бір жарғы бар.

Жарғының негіздері, оған өзгерістер енгізілгенін есепке алсақ, бүкіл серіктестік қызметінің мерзімі ішінде заңдық күшін жоғалтпайды.

Іргелі салым  қатысушылардың есебінен құрылады. Берілген жағдайда бір қатысушының қатысуымен «Минимаркет» ЖШС-нің іргелі салымының  өлшемі 100 мың теңге құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 БИЗНЕС - ЖОСПАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ

 

3.1 Тиімді бизнес жоспар - кәсіпорынның табысты нәтижесі

 

«Стратегтың»  шаруа атқару барысында бастапқы істің оң теріс жағын «ой таразыға» салып шегеді. Демек, дұрыс тағайындауда бизнес жоспар нәтиже әкеліп, кәсіпорын ұтуда болады.  Табыста болады. Шынында ұтым – уақыт пен ақшаның үнемдеуінде. Адамзатқа жетіспейтін салалардың бірі. Жалпы табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорынның  табысы олардың активтерінің артуы  немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелеерінің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда,ал жеке тұлғаларда болып қолданылады. Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім,  атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады. Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресустардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субьектілердің қарамағында заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататынтауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

  • Жалпы табыс (ЖТ) - бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
  • Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемнің мөлшеріне бөлу.(К)

ЖТ

                                             ОТ = -------

К

- Шекті табыс (ШТ) - бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

                                                          ЖТ

ШТ = ----------

                                                            К

 

Шекті табыс  шығарған әрбір қосымша өнім өлшемнң  бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндк құнмен ұштаса отырып кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар қызмет етеді. Пайда  - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы. Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының тза пайдасын қамтиды.

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы.

          Былайша айтқанда, пайда  - бұл  өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек - қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не? Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты?

Бизнес жоспар дұрыс құрылмай, тиімсіз бағытта  болса! Ал егер белгілі кезенде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін  кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз. Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді.

Жалпы баланстық  пайда мынадан құралады [20]:

  • Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
  • Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
  • Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік  пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Пайда жоспары  бағалар мен келісім - шарттар, салыстырмалы жне қазіргі қолданылып жүрген бағалар  негізінде жасалады. Пайда көлемін  анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау  - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есптегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады. Пайда белгілі бір нысандарды орындайды. Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды. Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады. Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі денгейін қалыптастырудың бірден - бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерден қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді. Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық денгейі  -  кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар [21]:

  • өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
  • негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;

Кәсіпорынның  пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың өзара іс - қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі [22].

Пайданың  түрлері және оны есепетеудің  әдісі

Жалпы пайда + жалпы  табыс = өндіріс шығындары

Экономикалық  пайда + жалпы табыс = барлық ресурстардың экономикалық шығындары

Бухгалтерлік  пайда + жалпы табыс = оның шығындары

Таза экономикалық пайда + бухгалтерлік пайда + бухгалтерлікпайда = өндірістің анық шығындары

Таза пайда + жалпы пайда = салықтар, міндетті төлемдер

Қалыпты пайда + капиталға нормативті қайтарым = кәсіпкерлік табыстың мөлшері

Шаруашылық  пайдасы + қалыпты пайда = экономикалық пайда

Шекті пайда + шекті  табыс = шекті шығындар


 

 

3.2 Бизнес жоспарды жетілдіру стратегиялары

 

Біздің мемлекетіміздің  жаһандық экономикалық қарқынға сай дамуы мен жаңа жағдайға бейімделуі және оның кейбір құбылыстарына шұғыл үндестік таныта білуі, өзге де ауқымды өзгерістер  Қазақстанның алдына әлемнің қарқынды дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын қойып отыр. Дөңгелек үстелге қатысушылар әлеуметтік-экономикалық саланы одан әрі реформалау және саяси жүйені демократиялық жаңарту мәселелерімен қатар, стратегияны  жүзеге асыру мүмкіндіктері мен үрдістері жөнінде ой бөлісті.

Биылғы бағдарламалы құжат Елбасының өткен жылғы Жолдауының жалғасы іспеттес, мұнда әлеуметтік-экономикалық және саяси саладағы ауқымды реформалар көзделген.  Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы бәсекеге қабілеттілікке және ашық нарықтық экономиканы дамытуға баса назар аударып отыр. Басты мақсат – әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына ену. Сондықтан да әрбір қазақстандық кәсіпорындағы дұрыс, сапалы жұмыс істеуіндегі іргелі іске өз үлесін қосуы қажет. Бір құптарлығы, Қазақстанның алыс және жақын шетелдермен ынтымақтастық қарым-қатынасы уақыт өткен сайын өрістей түсуде. Мәселен, Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда айналымы өткен жылы 9 млрд. 518,5 миллион долларға жетсе, республикадағы АҚШ инвестициясының көлемі 12 миллиард долларды құрауы құптарлық. ЕурАзЭҚ аясында біздер біртұтас экономикалық, кедендік, ақпараттық және білім кеңістігін құруға ұмтылудамыз. АҚШ-тың Вице-президенті Р.Чейни Астанаға келген сапарында “АҚШ Қазақстанды тек сенімді одақтас ретінде ғана емес, бүгінгідей күрделі кезеңде әлемде тұрақтылық пен өзара түсіністікті қамтамасыз етуге ауқымды үлес қосып отырған мемлекет деп есептейді. Қазақстанмен экономикалық және саяси салаларда, оның дамуына ықпал ететін барлық бағытта ынтымақтастықты нығайту керек.

Бұл ел экономика  саласында саясатта жоғары жетістіктерге қол жеткізуде”, деп атап айтқан болатын. Сонымен, бүгінгі табыс  ертеңге жол ашары сөзсіз. Жасыратыны жоқ, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көріну, мұндай ауқымды шараны іске асыру оңай емес. Бұл орайда республика аумағында қандай нақты қадамдар жасалуда? Жиында сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов халықтың неғұрлым “әлжуаз” тобын және экономиканың дамуын қолдайтын бүгінгі әлеуметтік саясат жөнінде айтып берді. Республикадағы ең ірі қала – Алматы соңғы уақытта көркейіп, қанатын кеңге жая түсуде. Әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуға Қазақстанның шикізаттық, интеллектуалдық әлеуеті толық жетеді. Оңтүстік астанада да әлеуметтік қомақты бағдарламалар дәйектілікпен жүзеге асырылуда. С.Сейдумановтың айтуынша, қаладағы қиын жағдайдың бірі – қоршаған ортаға байланысты. Экологияны жақсарту, қалдықтарды өңдеу, жақын арада республикадағы ең әдемі шаһарлардың қатарына қосу қолға алынуда. Қайткенмен де әлеуметтік жағдай жақсармай, іс алға баспайды. Бұл да нақты шешімге байланысты. Президент Жолдауындағы төртінші басымдық – білім жүйесіне қатысты.  Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім мен ғылым ең маңызды факторлардың бірі екендігі ақиқат. Тұтастай алғанда, елдегі экономикалық саясаттың тиімділігі экономистер мен менеджерлердің біліктілігіне тәуелді десек, жекелеген кәсіпорындар мен фирмалар да жұмыстың ұтымды ұйымдастырылуы да сол біліктілікке байланысты екендігі сөзсіз. Президенттің биылғы Жолдауы қазақстандық білім жүйесін жаңарту, бұл саладағы басымдықтарды жүзеге асыру жолдарын көрсетіп берді. Сондықтан да тиімді,  көпсатылы білім жүйесін құрудың қажеттілігі ерекше.

Информация о работе Кәсіпорынның бизнес -жоспар ұйымдастыру