Кәсіпорынның бизнес -жоспар ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:44, дипломная работа

Описание работы

Бизнес-жоспар – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы сол, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, бизнес-жоспар кәсіпорынның өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................7
1.1 Бизнес-жоспарды жасақтаудың мақсаты мен арналымы.................................7
1.2 Бизнес-жоспарды жасақтау кезеңдері...............................................................12
1.3 Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы тәсілдер...............................................19
1.4 Кәсіпорынның бизнес-жоспарының негізгі міндеттері...................................23
2 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МАҚСАТЫНДА САУДА КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН
ЖАСАҚТАУ..............................................................................................................28
2.1 Жобаның суреттелуі (түйіндеме).......................................................................28
2.2 Кәсіпорын қызметінің суреттелуі......................................................................29
2.3 Тауарларды суреттеу...........................................................................................30
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті және нарықты бағалау.................................................31
2.5 Негізгі құралдармен есеп айырысу....................................................................33
2.6 Айналым қаражаттарымен есеп айырысу.........................................................37
2.7 Сауда айналымының жоспарлануы...................................................................37
2.8 Қызметкерлерді жоспарлау................................................................................38
2.9 Қаржыландыру стратегиясы мен қаржы жоспары...........................................41

3 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ..................................47
3.1 Тиімді бизнес-жоспар – кәсіпорынның табысты нәтижесі.............................47
3.2 Бизнес-жоспарды жетілдіру стратегиялары.....................................................49
3.3 Бизнес-жоспардың кемшіліктерін шығару және олардың бағалануы...........51
3.4 Бизнес жоспарды жақсарту жолдары................................................................55
3.5 Бизнес-жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы........57
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................65

Работа содержит 1 файл

Копия Айман бизнес планир.каз.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                            бет

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

 

1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................7

1.1 Бизнес-жоспарды  жасақтаудың мақсаты мен арналымы.................................7

1.2 Бизнес-жоспарды жасақтау кезеңдері...............................................................12

1.3 Кәсіпорынның  бизнес-жоспарындағы тәсілдер...............................................19

1.4 Кәсіпорынның  бизнес-жоспарының негізгі міндеттері...................................23

 

2 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАҚСАТЫНДА  САУДА КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН

ЖАСАҚТАУ..............................................................................................................28

2.1 Жобаның суреттелуі (түйіндеме).......................................................................28

2.2 Кәсіпорын қызметінің суреттелуі......................................................................29

2.3 Тауарларды суреттеу...........................................................................................30

2.4 Бәсекеге қабілеттілікті және нарықты бағалау.................................................31

2.5 Негізгі құралдармен есеп айырысу....................................................................33

2.6 Айналым қаражаттарымен  есеп айырысу.........................................................37

2.7 Сауда айналымының  жоспарлануы...................................................................37

2.8 Қызметкерлерді  жоспарлау................................................................................38

2.9 Қаржыландыру  стратегиясы мен қаржы жоспары...........................................41

 

3 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ..................................47

3.1 Тиімді бизнес-жоспар – кәсіпорынның табысты нәтижесі.............................47

3.2 Бизнес-жоспарды жетілдіру стратегиялары.....................................................49

3.3 Бизнес-жоспардың кемшіліктерін шығару және олардың бағалануы...........51

3.4 Бизнес жоспарды жақсарту жолдары................................................................55

3.5 Бизнес-жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы........57

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................62

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом  жұмысы тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындағы бизнес жоспары» ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша «өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам» кәсіпкер деп есептеледі. Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек.

Жалпы кәсіпорынның  бизнес-жоспары – адамның, яғни кәсіпкердің  барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, кәсіпорынның бизнес-жоспары өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.

Адамның ойындағы, яғни кәсіпкерлердің атқаратын қызметтерде  жаңа стратегияның пайда болған «экономикалық  қатынастардың» мәнін, мазмұнын, міндетттерін анықтайтын категориялардың бірі – кәсіпорынның бизнес жоспары. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы кәсіпорынның бизнес жоспары тереңдеуінің негізгі кепілі болып табылады.

Алайда кеңестерге өтпес бұрын, Қазақстанда кәсіпкерліктің және оның кәсіпорынның бизнес жоспарының қалай дамығаны туралы  қысқаша сөз етейік. Соңғы он төрт жыл бойы республиканың әлеуметтік – экономикалық саясатының маңызды басымдылықтарының бірі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылатынын атап кету керек.

Неге? Жай жауап  беруге болады: нарықтық шаруашылықтың  қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді  болуын талап етеді. Бұл  - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі - шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми - техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды қолданумен, ақша қаражатының аз жұмсалуымен және т. б. байланысты жоспар жасалынған. Мәлімет үшін. 1987 жылдың 1-мамырында  Қазақстанда 1986 жылдың 19-қарашасында  «Жеке еңбек қызметі туралы» КСРО заңы күшіне енгізілгенде  жеке кәсіпкерлікке іс жүзінде рұқсат етілді. Елбасы Нұрсұлтан Ә.Н.–тың өткен  жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші екі мемлекеттік бағдарламаның Қазақстан экономикасы үшін күрделі кезеңде іске асырылып республикада жеке кәсіпкерліктің құрылу мен қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік берді. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлікті мерзімінен ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға несиелік көмек көрсету, мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің меншігіне акциялар түрінде өтуі үшін, соның ішінде жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік талаптарын жасау енгізілді. Сол кезеңде тауарлық биржалар, бағалы қағаздардың   биржалары, валюталық биржалар коммерциялық банктер, тұтас-делдалдық кәсіпорындар, маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық орталықтар, жарнамалық агенттіктер және басқалары құрыла бастады.

Бұл салалардың барлығы жалпы кәсіпорындағы  бизнес жоспарлардың дұрыс құрылуына, оның тиімді стратегиясына, менеджменттік  бағынышқа, стратегиялық жобаға байланысты жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Кәсіпорындағы  бизнес жоспарларға байланысты жалпы кәсіпорынның экономикалық өсуінің тұрақтылығына жақсы ықпал береді.

Бизнес жоспар – бұл шешімдер мен іс – әрекеттердің жиыны, ұйымның мақсаттарын таңдау процессі және оларға қолжеткізу жолдарының басқару функциялары. Бизнес жоспары  барлық ұйымдардың функционалды басқару шешімдерінің негізін қамтамасыз етіп, стратегиялық жоспарлаудың бақылауын бағдарлайды. Оның динамикалық процессі бизнес жоспарының қол шатыры болып табылады, себебі онсыз бүкіл ұйым және адамдар, мақсаттарын бағалай алмай, корпоративті мекеменің бағытынан айырылады. Бизнес жоспары ұйымның мүшелерін басқару негізін қамтиды. Жоғарыда жазылғандардың бәрін біздің еліміздегі нақты жағдайларға байланыстырсақ, онда, бұл жоспардың қазақстандық кәсіпорындарға, мекемелерге өте маңызды екенін білеміз, олар шетел корпорацияларымен қоймай, өзара да қатал бәсекеге түседі. Бизнес – жоспарының өңдеулуі, нарық экономикасындағы ең бір сәтті және кең тараған жоспарлау формасы болып табылады. Бизнес – жоспары – бұл болашақ мекемелердің негізгі кеңістіктерін суреттейтін, мәселелерін тексеріп және де осы мәселелердің шешілу тәсілдерін анықтайтын құжат. Сондықтан дұрыс құрылған бизнес – жоспары ең соңында: ақшаны іске салуға – тұрама және ол табыс әкелеме? деген сұраққа жауап береді. Ескерсек, егер де ол дұрыс құрылған болса, сонда ғана оған болашақта аз уақыт кетеді.

Қазақстанның  бизнес – жоспарының тұғыры көбіне шетел тәжіриебесінде негізделген. XX ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанда қаржы алу үшін бизнес – жоспарды өңдеу қажеттілігі пайда болды. Қазақстанның бизнес – жоспарының өзіндік тәндігі келесімен қорытыланады:

- Бизнес – жоспарын құрайтын және жаңа мекемелерді дүниеге келтіретің фирмаларға барған кезде, ескеретін бір жері, бұндай фирмалар, барлық құқықты – ұйымдарға бармайтын бизнес – жоспарының нұсқалы түріп ұсынады;

- Қазақстандағы көптеген кәсіпкерлік түрлері әлі күнге дейін заңмен реттелмеген;

- Қазақстанда қазіргі кезде жоспарларды жүргізу мен сату, өңдеу жағынан тәжіриебелі мамандар жетіспейді;

- Жоспардың жасалуындағы заңды сұрақтарға ерекше назар аудару және әріптестермен қарым – қатынастың үдеуі;

- Ішкі, сонымен қатар, шетел инвесторларын өзіне қаратудың шаралары керек;

Мысалы, американдық  бизнес – жоспарының 3 кеңістігі бар:

- Американдық үшін кәсіпкерлік тәуелсіздікпен, бостандықпен және өзіндік сатумен негізделеді;

- Американдық жетекші бәсекелестердің өте қатты қысымына алынған және тұрақты түрде нарық, механизмдерінің бақылауында болады. Ол нарықтың әсерін бағалап білуімен анықталады – американдық бизнес капиталдың берілу көрсеткішіне ерекше қатынасы бар. Табыс, абсолюттік көрсетілімде ең маңызды көрсеткіш бола алмайды. Алайда, егер жаңа жобаға салынған болса, онда олар әлбетте, міндетте түрде банктік депозитке қарағанда, үлкен табыс әкелуі қажет.

Американдық бизнес – жоспардың практикасының ерекшеліктеріне, бүкіләлемдік мемлекеттік кеңесалу және хабарлық қызмет көрсету көмегі бар. Сонымен қатар, АҚШ пен Қазақстанда есептік тіркеу әр түрлі жүреді.

Диплом жұмысының мақсаты – бизнес-жоспардың теориялық негізіне тоқталып, компанияның қаржылық стратегиясын қалыптастыру мақсатында сауда кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасақтауды қарастыру.

Жұмыс мақсатына  сәйкес қойылатын міндеттер:

  1. Бизнес-жоспарды жасақтаудың мақсаты мен арналымына тоқталу;
  2. Бизнес-жоспарды жасақтау кезеңдерін ашып көрсету;
  3. Кәсіпорынны ң бизнес-жоспарындағы тәсілдерге тоқталу;
  4. Компанияның қаржылық стратегиясын қалыптастыру мақсатында сауда кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасақтауды қарастыру;
  5. «Минимаркет» кәсіпорнының бизнес – жоспарының жақсару жөніндегі ұсыныстарын өңдеу.

Диплом  жұмысы тақырыбының зерттеу нысаны- Бизнес – жоспар жаңа кішігірім кәсіпорны «Атаба групп» ЖШС-ін ашу үшін өнделген. «Минимаркет» ЖШС-і Атырау қаласында, біртіндеп сататын дүкендердің желісі арқылы, азық – түлік тауарларын сатумен айналысады.

Зерттеу пәні – «Компанияның қаржы стратегиясын қалыптастырудағы бизнес жоспарлаудың маңызы».

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Бизнес – жоспарды құрудағы тәжіриебелі мәселелер мен теориялық – әдістік мәселелер келесі оқымысшы – экономистердің жұмыстарында жазылған: Бринк И.Ю., Грибалев Н.П., Горемыкин В.А., С.И.Лялунов, Р.Г.Маниловский, Л.С.Юлкина, Н.А.Колесникова, С.Ю.Мурзалиев, В.М.Попов, И.М.Степнов және т.б.

Тақырыптың  деректік көзі – аталған тақырыптағы диплом жұмысын жазу барысында Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж.  Менеджмент, Розова Н.К.  Менеджмент качества, Сорокина Л. М. Менеджмент в малом бизнесе, Раздорожный А.А. Өндіріс қызметінің қауіпсіздігі сияқты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Диплом жұмысын  жазу барысында зерттеудің әдіснамалық және ақпараттық негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың сауда кәсіпорындарындағы бизнес-жоспардың жасақталуы, тиімді бизнес-жоспар кәсіпорынның табысты нәтижесі туралы еңбектері болды.

Зерттеу әдістері –талдау әдістері.

Ғылыми  жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы - Қазіргі таңда еліміздің ішкі экономикасында нарықтың қалыптасуы мен Қазақстанның халықаралық жүйедегі мәдениетті нарықтық қатынастарға көшу процесі жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу мен бәсекені дамыту барысында көптеген кәсіпорындар шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында айналым қаражаттарының жетіспеуі, ескірген технологиялар, өз жұмысын толық атқарған негізгі қорлар және мемлекет жанынан дұрыс ақша-несие саясатының болмауы сияқты әртүрлі қиындықтармен ұшырасады. Әсіресе қайта құрылған ұйымдарға оңай емес. Кәсіпорындарда, өндірістік орындарындарда тіпті қай саланы айтпасақ та, өздерінің қызметін дұрыс жүзеге асыру үшін оларға құрал-жабдықтар, кеңсе бөлмелері, жиһаздар мен оргтехникалар, байланыс құралдары және т.б. қажет. Ал ең бастысы өздерінің өндірістік-экономикалық потенциялын дамыту үшін кәсіпорындарда  дұрыс бизнес жоспар құрып,  инвестиция жұмсап жүзеге асыру керек. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатында өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске бағытталуы тиіс. Ұзақ мерзімді инвестициялар тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мәнге ие бола бастады, сонымен қатар ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі шаруашылық қызметке қажетті материалдық құндылықтардың, капиталдардың, қаржылық салымдар мен болашақта табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың жиынтығын айқын көрсетеді. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар, ұйымдар және тағы да басқа шаруашылық субьектілері мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдаланғанда бизнес жоспар құруға тіреледі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін инвесторлар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет. Жоспар - шешім сенімді болуы үшін қатаң тексеріс жүргізілу қажет, яғни терең зерттеу жүргзіліп қадағалау керек. Бизнес - жоспар нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне, соның ішінде инвестициялық процеске қатысушылардың, яғни инвесторлардың қызметінде маңызды орын алады.

Практикалық базасы – Бизнес-жоспардың жасақталуына байланысты Библиотека бухгалтера и предпринимателя, Бухгалтер и налоги, Бюллетень бухгалтера, Қаржы-қаражат баспаларының материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 66-бет.

 

 

 

 

1 БИЗНЕС – ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Информация о работе Кәсіпорынның бизнес -жоспар ұйымдастыру