Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция

Описание работы

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Работа содержит 1 файл

курс лекции по ФО.doc

— 617.50 Кб (Скачать)

Егер пайдаланудың 1-ші жылында қондырғы 50 000 көшірме, 2-ші жылы – 75 000 көшірме, 3-ші жылы – 100 000 көшірме, 4-ші жылы – 125 000 көшірме, 5-ші жылы – 150 000 көшірме жасалынды деп шамаланса, амортизациялық аударым қалай есептеледі?

 

Негізгі капиталдың амортизациясын өндірістік әдіс бойынша есептеу

 

Мерзімі

Бастапқы құны, тг

Өнім көлемі, дана

Амортизацияның бір  жылдық сомасы, тг

Жинақталған тозу сомасы, тг

Қалдық 

құны, тг

Өндірілген өнімнің  мерзімі

30 000 000

     

3 000 000

1-жылдық соңында

30 000 000

50 000

54 * 50 000 = 2 700 000

2 700 000

27 300 000

2-жылдық соңында

30 000 000

75 000

54 * 75 000 = 4 050 000

6 750 000

23 250 000

3-жылдық соңында

30 000 000

100 000

54 * 100 000 = 5 400 000

12 150 000

17 850 000

4-жылдық соңында

30 000 000

125 000

54 * 125 000 = 6 750 000

18 900 000

11 100 000

5-жылдық соңында

30 000 000

150 000

54 * 150 000 = 8 100 000

27 000 000

3 000 000


 

 

Курс тақырыбы     Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару

Сабақ тақырыбы   Айналым капиталы, құрамы және құрылымы

 

Жоспар:

  1. Айналым капиталы мен айналым қаражаты
  2. Айналым қорлары
  3. Айналым құралдарының көрсеткіштері

 

1. Кез-келген коммерциялық ұйым айналым құралдарынсыз қызмет ете алмайды. Олардың болуы кез-келген өндірістік процестің ажырамас атрибуты болып табылады. Өндіру процесінде негізгі және айналым қаражаттары өзара тығыз байланысты. Айналым қорларының тиімді қолдануы негізгі қорлардың тиімді қолдануына тәуелді. Айналым қорлары бір өндіріс циклында толық пайдаланып өзінің құнын дайын өнімге аударады.

Айналым капиталы – қалыпты шаруашылық қызметі кезінде негізгі капиталға қарағанда салыстырмалы аздаған мерзімде өз нысандарын ауыстыратын кәсіпорын активтерінің бөлігі.

Айналым қаражаты деп айналым өндіріс қорларымен айналыс қорларының сомасын таниды.

Өндірістік айналым корлар есебімен жоспарлануы натуралды және ақшалай көрсетіледі.

Айналыс қорлары  айналыс сатысында пайдаланып және дайын өнімге салынған, кассадағы, банк шотымен жолдағы ақшалай,  есептегі  кәсіпорын қаражатын қамтиды.

Айналым қаражаттар әрқашан  ауыспалы айналым жасай отырып тізбектей  ақшалай, өндірістік және тауарлы нысандарын қабылдайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  көбінесе айналым қаражатының құрылымымен қолдану деңгейіне байланысты. Бұл деңгейді мынадай көрсеткіштер сипаттайды: материалсыйымдылығы мен материал қайтарылымдылығы, электр сыйымдылығы мен өнімнің энерго сыйымдылығы; қолдану коэффициенттері мен материал ресурстарының шығындары және т.б. Айналым қаражатының қолдану көрсеткіштеріне айналыс коэффициенті; бір айналыстың ұзақтығы мен жүктеме коэффициенті. Айтарлықтай шамада материалдық ресурстарды пайдалану деңгейі кәсіпорындағы нормативтік база жағдайымен анықталады.

Нормативтік база – бұл материалдық ресурстарды жоспарлау және шығындалуын талдау үшін кәсіпорында қолданылатын нормалар мен нормативтердің барлық жиынтығы.

 

2. Нарықтық қатынастарға көшумен кәсіпорындармен айналым құралдарының нормативтерін ешкім бекітпейді және ешкім бақыламайды. Алайда бұл нарық жағдайында кәсіпорындар өздері айналым құралдары нормативтерін бекітіп, бақыласын дегенді білдірмейді. Нарықтық қатынастар жағдайында айналым құралдары нормативі мағынасы бірден артып келеді, өйткені бұл соңғы нәтижесінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен және қаржылық жағдайымен тығыз байланысты.

Кәсіпорынның  айналым өндірістік қорлары 3 бөлімнен тұрады:

  1. өндірістік қорлар - өндірістік процеске жіберу үшін дайындалған еңбек заттары
  2. аяқталмаған өндіріс және меншікті дайындауға жартылай фабрикаттар - өндіріс процесіне түскен еңбек заттары
  3. болашақ кезең шығындары – нақты кезеңде өндірілетін жаңа өнімді дайындау және меңгеру шығындарынан тұратын айналым қорларының заттық емес элементтері

 

Айналым қорларының құрылымы – айналым қорларының жеке элементтері немесе олардың құрамдас бөліктері арасындағы арақатынас.

Айналыс қорлары қоймадағы  дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаражаттары және өнім тұтынушылардың есеп айырысуындағы қаражаттар, оның ішінде дебиторлық қарыздардан тұрады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы айналым құралдарының пайдаланылу құрылымы мен деңгейінен тәуелді болады.

 

3. Айналым қорларын есептеу коэффициенттері:

1) айналымдылық коэффициенті

Ко = Рn / Со

Рn – сатылған өнім көлемі

СО – айналым құралдарының орташа қалдығы, тг

 

2) күнмен есептелген  бір айналыстың ұзақтығы

Т = Д / Ко

Д – кезеңдегі күн  саны (360, 90)

 

3) айналым  құралдары жүктемесінің коэффициенті

Кз = СО / Рn

 

4) айналым  құралдарының жалпы нормативі  жеке нормативтер сомаларынан тұрады

Н(жалпы) = Нпз+Ннп+Нгп+Нбр

Нпз – өндірістік қорлар нормативі

Ннп – аяқталмаған  өндіріс нормативі

Нгп – дайын  өнім нормативі

Нбр – болашақ шығындар нормативі

 

5) аяқталмаған  өндіріс нормативі

Нн.п = Vсут * Тц * Кн.з

Vсут - өндірістік өзіндік құн бойынша өнім өндірудің жоспарлы көлемі

Тц - өндірістік цикл ұзақтығы

Кн.з – шығындардың өсу коэффициенті

 

6) шығындардың  өсу коэффициенті

Кн.з = (а + 0,5 * в) / а+в

а - өндіріс процесі  барысында біруақытта жасалған шығындар

в – дайын өнімді өндіру аяқталғанға дейінгі кезекті  шығындар

 

7) дайын өнім  қорларындағы айналым құралдарының  нормативі

Нг.п. = Всут * (Тф.п + То.д)

Всут - өндірістік өзіндік  құн бойынша дайын өнімді тәуліктік  өндіру

Тф.п – тұтынушыға дайын өнімді жөнелту үшін партияларды құруға қажетті уақыт, күн

То.д – тұтынушыға жүкті жөнелтуге құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті уақыт, күн 

 

 

Курс тақырыбы     Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару

Сабақ тақырыбы   Айналым капиталына қажеттілікті анықтау

 

Жоспар:

  1. Айналым капиталына қажеттілік
  2. Материалдық ресурстар шығынын мөлшерлеу
  3. Аяқталмаған өндірісті мөлшерлеу
  4. Дайын өнімді мөлшерлеу

 

1. Кәсіпорынның нәтижелі жұмысы – бұл ең аз мөлшерде шығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу.

Шығындарды азайту –  бұл ең алдымен кәсіпорынның айналым  капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану.

Ақшалай қаржылардың  айналымы кәсіпорынның өндіріске қажетті материалдық ресурстар және өзге де элементтерге төлем жүргізу сәтінен басталып, осы шығындардың өнімді сатудан түскен ақшалай табыс түрінде қайтуымен аяқталады. Бұдан кейін кәсіпорын қаражаттарын материалдық ресурстар сатып алуға қайта жұмсап, оны өндіріске жөнелтеді.

Айналым капиталын мөлшерлеу  ішкі үнемдеу жолдарын анықтауға, өндірістік циклдың ұзақтыңын қысқартуға, дайын  өнімді жылдамырақ сатуға жағдай жасайды. Өндірістік қорларда, аяқталмаған өндірісте, кәсіпорын қоймаларында, дайын өнім қалдықтарында айналым капиталы мөлшерленеді. Бұлар – мөлшерленетін айналым капиталы.

Айналым капиталының  нормативін есептеудің 3 әдісі белгілі:

  1. Сараптамалық немесе тәжірибелік-статистикалық мөлшерлеу әдісі - өндірісті, өнім өткізу және жабдықтауды ұйымдастыру ісінде қалыптасқан тәжірибені көрсетеді. Бұл әдіс бойынша ТМҚ-ды сараптау кезінде қажет емес артық құндылықтар есептен шығарылып, керектісі ғана қалдырылады.
  2. тікелей есептеу әдісі – техника мен технологияның дамуын, өндірісті ұйымдастыруды, материалдық құндылықтарды тасымалдауды және есептеулер саласында жүріп жатқан барлық өзгерістерді ескере отырып, ғылыми негізделген қорды табуды көздейді.
  3. коэффициенттік әдіс - өткен кезеңнің нормативіне сәйкес жоспарланып отырған өндіріс көлемінің өзгеруі мен қаражаттардың айналымдылығын үдетуге байланысты түзетулер енгізіледі.

Айналым капиталының  жеке элементтерінің нормативін Нэ – есептеудің жалпы формуласы:

Нэ = Оэ * нэ / Т

Мұндағы: Оэ – кезең ішінде берілген элементтің айналымы (шығыны)

                  нэ – берілген элемент бойынша айналым капиталының мөлшері

                  Т – кезең ұзақтығы

2. Материалдық ресурстар шығынын мөлшерлеу дегеніміз – жоспарлаған өндірісті жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын іске асыруды ескере отырып, өнім өндіруге немесе жұмыстың орындалуына қажет барынша мүмкін болатын шикізат немесе материалдардың ең аз көлемін белгілеу.

Материалдық ресурстар  шығыны жылдық мөлшер түрінде болады, яғни бір жыл ішінде өнім бірлігіне  жұмсалатын шекті материалдық ресурс шығынын сипаттайды.

Жекелеген материал түрлері үшін айналым капиталының  мөлшерін есептеу (күнмен)

Материалдар атауы

Жолда болуы

Қабылдап алу, түсіру, іріктеу, қоймаға орналастыру

Өндіріске дайындау

Ағымдағы қойма қоры

Кепілдік қоры

Жалпы айналым капиталының  мөлшері

А

3,2

1

3

20

10

37,2

Б

1

1

-

7

-

9

В

4

2

2

30

15

53


Бір тоқсан ішіндегі жоспарлы шығынның көлемі «А» материалы үшін – 10 000тг, «Б» материалы үшін – 2 000тг, және «В» материалы үшін – 6 000тг.

Барлық материалдар  бойынша жалпы алғанда, айналым  капиталының орташа өлшемді мөлшері:

((10 000*37,2) + (2 000*9) + (6 000*53)) / (10 000+2 000+6 000) =39 күн

Бір күндік материалдық  шығын 18 000 / 90күн = 200 тг

Меншікті айналым капиталының  мөлшері 200*39 = 7800тг

 

3. Аяқталмаған өндірістегі меншікті айналым капиталының нормативін есептеу үшін аяқталмаған өндіріске жұмсалған айналым капиталының мөлшерін және тауарлық өнімді өндіруге жұмсалған бір күндік шығын көлемін анықтау қажет.

Өндірістің циклдық  ұзақтығын есептеу

Өнім атауы

Өнімді дайындау кезеңі, күн

Жоспарлық өзіндік құны бойынша өнімнің жалпы өнім көлеміндегі үлес салмағы

А

30

0,40

Б

6

0,45

В

14

0,15


Өндірістік циклдың  ұзақтығы

tц = 30*0,40 + 6*0,45 + 14*0,15 = 12 + 2,7 + 2,1 = 16,8 күн

 

Өңдеуде жұмсалатын шығындар бір қалыпты жүзеге асырылатын кәсіпорындарда шығынның өсу коэффициенті Көс мына формуламен анықталады:

Көс = (Сбс + 0,5Сағ) / (Сбс + Сағ)

Мұндағы: Сбс - өндіріс үдерісінің басында бірден жұмсалатын шығындар

        Сағ - өнім дайын болғанға дейін жұмсалатын шығындар.

Мысалы: егер, жоспар бойынша тоқсандық шығын 46 000тг, соның ішінде бір жылғысы – 24 000тг, ал кейінгілері 22 000тг болса, онда шығындардың өсу коэффициенті:

Көс = (24 000 + 0,5*22 000) / (24 000 + 22 000) = 35 000 / 46 000 = 0,76

 

Аяқталмаған өндірістегі  айналым капиталының нормативін Нде есептеудің формуласы:   Нде = С* tц * Көс / Т

Мұндағы: С – жалпы  өнім өндіру шығндары

        Т – кезеңнің ұзақтығы (жыл,  тоқсан, жартыжылдық)

        tц - өндірістік циклдың ұзақтығы

        Көс – аяқталмаған өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті

 

4. Дайын өнімдегі айналым капиталының нормативі толық өзіндік құнымен алынған тауарлық өнімнің бір күндік айналымы мен айналым капиталы мөлшерінің көбейтіндісімен анықталады.

Информация о работе Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады