Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жоспар бойынша тоқсан ішінде тауарлық өнім 54 000тг, айналым капиталының мөлшері 7,7 күн, дайын өнімнің айналым капиталының нормативі мынаған тең: 54 000 * 7,7 / 90 = 4620 тг.
Егер жалпы норматив 30 000тг, ал бір күндік шығын 511 тг болса, онда ортақ айналым капиталының мөлшері: 30 000 / 511тг/күн = 58,7 күн
Курс тақырыбы Өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған шығындар
Сабақ тақырыбы Өндіріс шығындары, өнімнің өзіндік құны
Жоспар:
1. Кез-келген кәсіпорын өзінің өнімін өндірмес бұрын қандай табыс және пайда алатындығын анықтайды. Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оның өндірісінің шығындары. Нарықтық баға құру және еркін бәсеке жағдайларындағы заңдардың әсерінен баға автоматты түрде теңестіріледі. Өнім өндірісі шығындары - өндіріс шығындары. Олар тұтынылатын еңбек және материалдық ресурстар, техника даңгейі, өндірісті ұйымдастыру және басқа да факторларға байланысты артуы немесе кемуі мүмкін. Экономикалық элементтері бойынша өндіріс шығындарын жіктеу оның негізінде барлық шығындар элементтері бойынша топтастырылған өндіріс шығындары сметасы құрылатындақтан үлкен тәжірибелік қызығушылық тудырады.
Өндірістік шығындарды көптеген әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:
Шығындар басқару функциялары бойынша:
2. Өнімнің өзіндік құны – бұл өнім өндірісіне қажетті кәсіпорынның жалақы және материалдық-техникалық құралдар шығындарының ақшалай нысанда көрсетілген шығындары.
Өнімнің өзіндік құнын кеміту - өндіріс өсуінің резерві, жинақтардың артуы.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар келесі элементтер бойынша олардың экономикалық мазмұнына сәйкес топтастырылады:
Шығындардың пайда болу орны, өндіріс процесіндегі роліне байланысты есепке алу, талдау және жоспарлау мақсаты үшін өнімнің өзіндік құнының әртүрлі түрлері болады.
Калькуляция өнім өндірілгеннен кейін бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша құрылады. Олар нақты шығындарды көрсетеді.
Калькуляция шығындарын топтастыруда мынадай баптар қарастырылады:
Жиыны - өндірістік өзіндік құн
Есептер
Шартты белгілер
q – шығарылған өнім көлемі;
z – бір өнімнің бағасы;
В – өнімді өткізуден тапқан табыс;
v - үлесті айнымалы шығындар;
V – жалпы айнымалы шығын;
с – үлесті тұрақты шығындар;
С –жалпы тұрақты шығындар;
s – үлесті жиынтық шығындар;
S - жиынтық шығындар;
у – бір өнімнің шығыны;
qк - шығарылған
өнімнің натуралды түрдегі шект
Вк – өткізудің шекті көлемі;
З1ртп (З1ррп) – 1тенге тауарлы (өткізілген) өнімнің шығындары;
Sт.п. – таурлы өнімнің өзіндік құны;
Есеп №1. Есепті жылы тауарлық өнімнің өзіндік құны 550,2 мың теңге құрады, 1 теңге тауарлық өнім шығындары – 0,90 теңге екендігі анықталды. Жоспарлы жылы 1теңге тауарлық өнім шығындары 0,95 теңгеге бекітілді. Өнім өндірісі көлемі 9% артады. Жоспарлы жылдың тауалық өнімінің өзіндік құнын анықтаңдар.
Шешімі
1 теңге тауарлық
өнім шығындары мына
З1ртп = Sтп / Vтп
Vтп.отч = Sтп.отч / З1ртп.отч = 550,2 / 0,90 = 611,33 мың теңге
V тп.пл = 0,09 * V тп.отч = 611,33 * 0,09 = 55,02 мың тенге
Sтп.пл= V тп.пл * З1ртп.пл = 55,02 * 0,95 = 52,269 мың теңге.
Есеп № 2. Кәсіпорынның базисті кезеңдегі тауарлық өнімнің өзіндік құны 380,5 мың теңге құрады. Есепті кезеңде еңбек өнімділігін 6% және орташа төлемақыны 4% жоғарылату көзделген. Өндіріс көлемі тұрақты шығындардың өзгермейтін шамасы кезінде 8% артады. Төлемақының өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы 23%, ал тұрақты шығындарда – 20%. Өнімнің өзіндік құнының төмендеу пайызын және көрсетілген факторлар әсерінен алынған үнемділікті анықтаңдар.
Шешімі
1. Төлем ақының өсуінен
артық, еңбек өнімділігінің
С п.т. = ( 1 – I з/пл / Iп.т ) *Д з/пл ,
2. Тұрақты шығындардың өзгеріссіз жағдайындағы еңбек өнімділігінің артуының нәтижесіде өзіндік құнының кемуі:
Со.п =(1 – I пр / Iо.п ) *Д п.р ,
Со.п = (1 – 0,04 / 0,08) * 20% = 2,4 %
3,68 + 2,4 = 6,08 %
Э = 380,5 * 6,08 / 100 = 23,1344 мың теңге.
Есеп № 3. Есепті деректер бойынша нормаларды 8%-ға төмендету және бағаны 3%-ға төмендету нәтижесінде материалдарды үнемдеу белгіленген. Есеп бойынша тауарлы өнімнің өзіндік құны 120,6 мың теңгені құрады, шикізат пен материалдар шығындары – 80,8 мың тенге. Көрсетілген факторлардың өнімнің өзіндік құнына әсерін анықтаңыздар.
Шешімі
Өнімнің өзіндік
құніның құрылымындағы
Дм = 80,8 /120,6 * 100 = 67%
Курс тақырыбы Кәсіпорынның ақшалай кірістері
Сабақ тақырыбы Мемлекет кірістерінің мәні
Жоспар:
1. Мемлекеттік кірістер және жіктелуі
2. Мемлекеттік шығындар және жіктелуі
1. Мемлекеттік кірістер болып мемлекеттің қызмет етуіне материалдық базаны құру үшін мемлекет меншігіне түсетін қаржылар жиынтығы қалыптастырылатын экономикалық қатынастар жүйесі табылады.
Кірістер – қаржыламен тығыз байланысты қызмет ететін күрделі экономикалық категория.
Кірістер – құралдар шығынымен байланысты белгілі қызмет нәтижесі.
Кірістердің құрылуы мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетте орталықтандырылатын қоғамның таза табысының үлесін бекітеді, сонымен қатар қоғамның жеке табысы үлесін концентрациялайды.
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі
1. Меншік құқығының ұйымдастырушылық-құқықтық ресімделуі бойынша:
2. Құрылу саласы бойынша
3. Қаржылық мазмұны бойынша:
1) салықтық
2) салықтық емес (мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруден қаражаттар, ақшалай-заттай лотерея)
1) орталықтандырылған
2) орталықтандырылмаған
2. Мемлекеттік шығындар мемлекеттің қызмет етуіне байланысты ақшалай шығындар.
Мемлекеттік шығындар құрамына мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар шығындары жатады.
Мемлекеттік шығындар жіктелуі
3.1. Материалдық өндіріс саласында шығындар:
3.2. Өндірістік емес сала шығындары:
Курс тақырыбы Кәсіпорынның ақшалай кірістері
Сабақ тақырыбы Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарыныңи жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, ҚҚС, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы қорларына аударымдар түріндегі қоғамның таза табысы алынады. Бұған, сонымен қатар, өнімнің бағасындағы айрымашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың осы түрлері бөлгіштік процестерге қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер ҚҚС-қа салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек өздерінің арасында беріледі.
Қоғамның таза табысы ақша нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.
Қосымша өнімнің және таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің таза табысы б.т. онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары толық бейнеледі. Сондықтан таза табыс өндіріс тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі б.т.
Таза табыстың өсуінің басты факторлары мыналар б.т.:
Кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын – тұтынушылардың табыстылығн азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты бөлуді өзгертеді.