Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Қордың негізгі міндеттері:
Инновациялық қор өз қызметін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат шеңберінде жүзеге асырады.
3. Қазақстанның Даму банкінің негізгі міндеті – ұзақ және орта мерзімді төмен пайызды банк несиелерін, оның ішінде экспорттық несиелер беру арқылы, кепілді міндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттің бастамаларына қаржылай қолдау көрсету б.т. қазақстанның Даму банкінің қызмет етуі қаржы жүйесі банк жүйесіндегі пайыздық мөлшерлерді төмендету қажеттілігіне байланысты экономикадағы ұзақ мерзімді және төмен пайызды несиелерді беруді қамтамасыз ете алмауымен белгіленеді. Қазақстанның Даму банкіне ҚР-нан тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы берілуі мүмкін.
Экспорттық сақтандыру
жөніндегі корпорацияның
Курс тақырыбы Кәсіпорынның инвестициялық қымзетінің қаржылық аспектілері
Сабақ тақырыбы Инновацияның маңызы, түрлері, қасиеттері
Жоспар:
1. Инновацияны өзгертулер құрайды, ал иннновациялық іс-әрекеттің басты функциясы - өзгерту функциясы б.т. Австрия ғалымы – Й.Шумпетер 1911 жылы 5 түрлі өзгертулерді бөліп көрсетті. Олар:
1) жаңа техника, жаңа
технологиялық үдерістерді
2) жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;
3) жаңа шикізат түрін пайдалану;
4) техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;
5) өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.
Инновация – бұл бір мезгілде техника мен бизнестің көрініс табуы.
Инновацияның саралануы
Белгілері |
Инновация түрлері |
1. Енгізілген өзгертулердің тереңдігіне қарай |
Радикалдық (түпнұсқа), жақсартушы, жалған инновация |
2. Технологиялық көрсеткіштері бойынша |
Өнімдік, үдерістік |
3. Нарық үшін жаңалық түрлері бойынша |
Әлемдік сала, ел ішіндегі сала және кәсіпорын үшін жаңа. |
4. Орын басушылығы бойынша |
Орнын басушы, күнін жоюшы, кеңейтуші |
5. Қамту аймағы бойынша |
Жергілікті, жүйелік, стратегиялық |
6. Нарыққа шыққан уақыты бойынша |
Көшбасшы-инновациялар, ізбасар-инновациялар |
Радикалдық инновация – бұл бұрын белгісіз болған, бірақ өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы жақсарған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері.
Жақсартушы инновация – аса қомақты емес жаңартпа жасай қоймайтын, білім, өнім және технологиялардын туындайтыны болжанған өзгерістерді білдіреді.
Жалған инновация – жаңартатын өнімді немесе қызмет түрлерін жай ғана қағаз жүзінде жаңартып қою, яғни өнімге ешқандай жаңарту қолданбау.
Өнімдік инновация - өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды.
Үдерістік инновация – технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіруді қамтиды.
2. Ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
1) жаңалығы болуы керек;
2) нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;
3) өндірушіге пайда әкелуі керек.
Инновация – белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды өндірістік үдеріс барысында пайдалану.
3. Инновациялық үдеріс – идеяның тәжірибе-конструкторлық өңдеулер, маркетинг, өндіру және сату кезеңдерінен өтіп біртіндеп коммерциялық өнімге айналу үдерісін айтамыз, яғни инновациялық үдеріс инновацияны құру, игеру және таратумен байланысты.
Инновациялық үдерістің түрлері:
Ииновациялық үдерісті тауарлық түрге көшуімен бірге
ол екі негізгі кезеңге бөлінеді:
Ииновацияның сызықтық үлгісі: ІЗ – ҚЗ – ТӨ - Иг - ӨӨ - М – Ст
Мұндағы: ІЗ – іргетасты зерттеулер
ҚЗ – қолданбалы зерттеулер
ТӨ - технологиялық өңдеулер
Иг – игеру
ӨӨ - өнеркәсіп өндірісі
М – маркетинг
Ст – сату
Осы үлгі инновацияны сатып пайда табуға негізделеді.
Курс тақырыбы Негізгі қорлар мен айналымнан тыс активтер
Сабақ тақырыбы Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні
Жоспар:
1. Негізгі капитал – кәсіпорынның жойылмайтын активтерін құрайтын капиталының бөлігі.
Негізгі капитал құрамына материалдық активтер, материалдық емес активтер, қаржылық активтер енеді. Негізгі қорлар кәсіпорын мүлкінің және оның айналымнан тыс активтерінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Негізгі қорлар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
2. Негізгі өндірістік қорлар құнының бағалануы:
Кәсіпорында қор қайтарымдылығы негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіші б.т. Ол негізгі өндірістік қорлардың 1тг-не келетін өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Оны мына формула арқылы есептейді:
Ққ = Өк / Қорт, мұндағы, Өк – заттай жіне құндық көріністе бір жылда өндірілген өнім көлемі; Қорт – НӨҚ-дың орташа жылдық құны.
Қордың жабдықталуы жұмыскерлердің негізгі қорлармен жабдықталу деңгейін сипаттайды. Қж = Қорт / Сж, мұндағы, Сж – негізгі және көмекші жұмысшылардың орташа тізімдік саны.
Экстенсивті пайдалану коэффициенті – уақыт бойынша жабдықтарды пайдалануды сипаттайды. Кэкс = Тн / Тжос, Тн – машина мен құрал-жабдықтардың нақтылы жұмыс істеу уақыты; Тжос - машина мен құрал-жабдықтардың жоспар бойынша жұмыс істеу қоры.
Интенсивті пайдалану коэффициенті – қуаттылығы бойынша жабдықтарды пайдалануды сипаттайды. Кинт = Өн / Өм, мұндағы, Өн - машина мен құрал-жабдықтардың нақтылы өнімділігі, Өм - машина мен құрал-жабдықтардың мүмкін болатын өнімділігі.
Ауысымдық коэффициенті – НӨҚ уақыт бойынша пайдалану деңгейін сипаттайды. Ка = (А1+А2+А3) / Nорн, мұндағы, А1 – құрал-жабдықтың тек бір ауысыда жұмыс істеу көлемі, А2 - құрал-жабдықтың тек екі ауысыда жұмыс істеу көлемі, А3 - құрал-жабдықтың тек үш ауысыда жұмыс істеу көлемі, Nорн – орнатылған құрал-жабдықтың саны.
Курс тақырыбы Негізгі қорлар мен айналымнан тыс активтер
Сабақ тақырыбы Негізгі қордың құрамы және құрылымы
Жоспар:
1. Негізгі қорлардың құрамы және құрылымы
2. Негізгі қорлардың сыныптамасы
1. Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы құн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылымды талдау мен оны жетілдірудің шаруашылық қызметтің барлық деңгейіндегі маңызды тәжірибелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішінде ғана емес, цехта да, өндірісте де зор, себебі өнеркәсіптік халық шаруашылығы саласы да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар құрылымына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі б.т. НӨҚ белсенді (актив) және енжарлы (пассив) болып екіге бөлінеді.
Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін, өнімді жасайтын негізгі қорлар жатады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігіне еңбек затына кез келген түрде әсер етуші және осы үдерісті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен ұрал-жабдықтар, сонымен бірге жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары құрайды.
Өндірістік қорлардың енжарлы бөлігі жаңа өндірістік ғимараттар салуға жұмсалатын шығындарды жоғарылататын өнім түрін өндіре бастағанда орын алады.
Негізгі қорлардың құрылымы:
2. Негізгі қорлардың сыныптамасы
Топтардың аттары |
Қолданылуы және қысқаша мінездемесі |
І. Ғимараттар |
Өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.) |
ІІ. Құрылыстар |
Өндіріс процесіне
қызмет ететін техникалық функцияларды
атқаратын инженерлік-құрылыс |
ІІІ. Жіберу құралдары |
Энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі) |
ІV. Машина мен құралдар 1. күш машиналары мен құралдар |
Генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар т.б. |
2. жұмыс машиналары мен құралдар |
Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.) |
3.Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар |
Өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті |
4.Есептеу техникасы |
Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы |
5. Басқа да машиналар мен құралдар |
Өрт сөндргіш машиналар, телефон станциялары т.б. |
V. Тасымалдау құралдары |
Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасмадауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль |
VI. Құрал-сайман |
Өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б) |
VII.Өндірістік түгендеме (инвентарь) |
Өндірістік
операцияларды орындауды |
VIII. Шаруашылық түгендеме (инвентарь) |
Көбейту және қайта түсіру аппаратары, срол, шкаф т.б. |