Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
Банк русурстарының
Коммерциялық банктердің меншікті
капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен
айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер
акционерлік формада құрыла алады.
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі
банктердің меншікті капиталының
қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі
рөлі мен мақсаты.
Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым
Меншікті капитал - меншікті капиталмен
операциялар бойынша шығындар
1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме: 32-“Қаржы құралдары: ақпаратты ашу және беру” ХБЕС.
МӘСЕЛЕ
1. Кәсіпорын, әдетте, не 32-ХБЕС сәйкес меншікті капиталында көрсетілген қаржы құралдарын шығаруға, не меншікті үлестік құралдарды сатып алуға байланысты түрлі шығындарды көтереді. Осы шығындардың құрамына тіркеу және басқа да міндетті алымдар, заңгерлерге, аудиторларға және басқа кәсіби консультанттарға сыйақы, сондай-ақ баспа шығындары, мөр алымдары, басқару кадрларын тартуға және басқа ресурстарды пайдалануға байланысты ішкі шығындар кіреді. Жекелеген жағдайларда қаржы делдалдары (мысалы, андеррайтерлер) өзінің сыйақысын акциялар шығарудан түсімдерден тікелей ұстайды.
2. Мәселелер:
(а) үлестік құралдарды шығаруға немесе кәсіпорынның меншікті үлестік құралдарын сатып алуға байланысты операциялар бойынша шығындарының құрамына ненің кіретіндігінен; және
(b) операциялар бойынша осындай шығындарды есепке алудың тәртібі қандай екендігінен тұрады.
3. Осы түсіндірме осындай құралдарды шығару немесе сатып алу меншікті капиталдың өлшемін ұлғайтқан немесе азайтқан кезде, 32-ХБЕС-на сәйкес меншікті капиталда көрсетілген меншікті құралдарды шығаруға немесе сатып алуға байланысты шығындарды (“меншікті капиталды қозғайтын операциялар” бойынша шығындар) есепке алу үшін қолданылады. Осы түсіндірме сонымен қатар үлестік құралдарды шығаруға байланысты және бизнесті сатып алуға тікелей байланысты шығындарды есепке алуға қолданылмайды (22-“Бизнес бірлестіктері” ХБЕС қараңыз). Меншікті капиталды қозғайтын операциялар бойынша шығындар ретінде қаралмайтын шығындардың мысалы олардың осы түсіндірмедегі сипатына сәйкес қор биржасындағы листинг рәсімінің өтуіне, акцияларды қайталама нарықта орналастыруға, акцияларды бөлшектеуге немесе акциялар нысанында дивидендтер төлеуге байланысты шығындары болып табылады.
Курс тақырыбы Салықтың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі
Сабақ тақырыбы Салықтар, міндеттемесі, базасы мен ставкасы
Жоспар:
1. Салық – бұл мемлекетпен алынатын, қайтымсыз, мiндеттi ерiксiз төлемдер мен алымдар.
ҚРның салық
заңнамасы ҚРның Конституциясын
ҚРның салық заңнамасы ҚРның бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
Салық кодексіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін ҚРның заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
2. Салық міндеттемесі
1. Салық төлеушiнiң ҚРның салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға және оларды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
2. Мемлекеттің
салық қызметi органы арқылы салық
төлеушiден оның салық
Салық салу объектісі. Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi болып табылады.
Салық ставкасы - салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасы. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.
Салық кезеңі - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі. Ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Курс тақырыбы Кәсіпорында қаржыландыру мен несиелендіруді ұйымдастыру, формалары, әдістері
Сабақ тақырыбы Қаржы ұғымы, қажеттілігі, атқаратын рөлі
Жоспар:
1. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен анықталады. Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортқтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезеңдері оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы және несие.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырамас бөлігі. Қаржының ақшадан мамзұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Яғни қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі б.т.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі б.т.
Қаржының мәні – ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды.
Қаржының қажеттігі – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
2. Қаржы екі функцияны атқарады:
1) бөлу – шаруашылық
жүргізудің әрбір субъектісін
оған қажет арнаулы мақсатты
ақша қорлары нысанында
2) бақылау – қаржының
бөлу функциясынан туындайды,
ұлттық табысты және таза
Қаржылық-бақылаудың түрлері:
Қаржының экономикалық рөлі:
Курс тақырыбы Салық жүйесі
Сабақ тақырыбы Салық салу принциптері
Жоспар:
1. ҚРның салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және ҚР салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қарсы келмеуге тиіс.
Салық салудың міндеттілік принципі. Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті ҚРның салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Салық салудың айқындылық принципі. ҚРның салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің ҚРның салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
Салық салудың әділдік принципі. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.