Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Курс тақырыбы Кәсіпорынның ақшалай кірістері
Сабақ тақырыбы Мемлекеттік бюджеттің кірістері
Жоспар:
Салықтар мемлекеттік бюджет кірісінің 90% құрайды. Қазақстанда мемлекеттік бюджет ҚР-ның парламентімен бекітіледі.
Материалдық мағынасы бойынша – бұл ақшалай қаржылардың орталықтанған қоры; әлеуметтік-экономикалық мағынасы бойынша – қоғамның әлеуметтік міндеттерін іске асыру үшін ұлттық табыстың және қоғамдық өндірістің, макроэкономикалық көрсеткіштерін қайта таратудың негізгі қаржысы.
Бюджет кірістері – бюджетке қайтымсыз негізде түсетін салық, алым және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, капиталмен әрекеттерден кірістер көлемі.
Бюджет шығындары – шығындар және бюджет несиелері жиынтығы.
Бюджеттік құрылым – бұл бюджеттік жүйені қалыптастырудың ұйымдастырушылық принциптері мен құрылымы. Бұл әр мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктерімен анықталады.
Бюджеттік процесс – бұл барлық деңгейдегі бюджеттердің жасалуы, қаралуы, бекітілуі және орындалуы бойынша билік органдарының қызметі.
Бюджеттік процесс 4 негізгі кезеңнен тұрады:
Бюджеттік процестің құрамдас бөлігі болып бюджеттік реттеу табылады, яғни әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында қаржылық ресурстарды бірен-сарандап қайта тарату. Қаржылық бақылау жүйесіндегі маңызды рөлді Қазынашылық алады. Қазынашылық экономикалық жүйенің барлық деңгейіндегі бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлардың орындалуын ұйымдастыратын және бақылайтын Қаржы министірлігіне бағынады.
2. Бюджеттік жүйе келесі қағидаларға негізделеді: біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық, дербестік.
Біртұтастық қағидасы біртұтас құқықтық базамен қамтамасыз етіледі, біртұтас бюджеттік жіктелу, біртұтас статистикалық есеп беру, мемлекеттік кірістердің жалпы жүйесі, мемлекеттік шығындар қолданылады. Біртұтстық қағидасы мақсаты болып бюджеттік қаражаттардың қозғалысына Парламент тарапынан тиімді бақылауды бекіту табылады.
Толықтылық қағидасы бюджетте барлық кірістер мен шығындардың міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Ол бюджетте Парламенттің барлық бюджеттік әрекеттерінің көрсетілуін білдіреді.
Нақтылық қағидасы бюджеттік жазбалардың жалғандығын болдырмай үшін қажет. Ол мемлекеттің қаржылық әрекеттерінің бюджетте дұрыс бейнеленуін көрсетеді.
Жариялылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығындары туралы мәліметтерді қоғамды бюджет құрылымы және құрамымен, дефицит мөлшері және оны жабу әдістерімен таныстыру үшін баспаға басу талаптарын көрсетеді.
Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді бөлу тұрақтылығын және бюджет қаражаттарынан жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
4. Барлық деңгейдегі бюджеттің қалыптасуында шешуші рөлді салық жүйесі орындайды.
Салықтар – бұл заңдық актілермен анықталған, жеке және заңды тұлғалардан мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер.
Салықтар 3 негізгі міндетті орындайды:
Салықтардың қалыптасу қағидалары
Салықтарды әртүрлі түрге бөлетін бірнеше белгілері бар:
Қорыта келе, нарықтық экономика жағдайында ұзақ уақытта өте үлкен салықтың төмендеуі қоғам үшін қолайлы болады, өйткені ол елдегі инвестицияның өсуін, өндірістің кеңейтілуін және еңбекпен қамтылудың артуын қамтамасыз етеді, ендеше мемлекеттік бюджеттің табыстары артады, оның тапшылығы азаяды, инфляция бәсеңдейді.
Курс тақырыбы Кәсіпорынның ақшалай кірістері
Сабақ тақырыбы Бюджет балансы, бюджет тапшылығы
Жоспар:
1. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстары туралы мәліметке жету б.т.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің соңында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жершілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымындағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.
Бюджет тапшылығы – бұл осы кезеңдегі бюджет шығындарының оның табыстарынан артып кеткен ақшалай сомасы.
Бюджеттің созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттік қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша эмиссиясымен қамтамасыз етіледі. Бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақты табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендетеді.
Бюджет тапшылығының себептері:
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
2. Бюджет тапшылығына қатысты фискалды саясат үш тұжырымдамаға негізделеді:
1) жыл сайынғы теңестірілетін бюджет –бұл фискалд саясаттың мақсаты б.т. Бюджетті теңестіру экономикалық кезең ауытқуын ұлғайтады. Жұмыссыздықтың болуы және халық табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді.
2) кезең негізінде теңестірілетін бюджет – бюджет жыл сайын емес, экономикалық кезең барысында теңестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде салықтарды көбейтеді және шығыстарды азайтады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады.
3) қаржының функциялық тұжырымдамасының – мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңестіру б.т. Экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді.
Курс тақырыбы Кәсіпорынның салық төлемдері
Сабақ тақырыбы Салық ұғымы, жүйесі, ұйымдастыру
Жоспар:
1. Салық – бұл мемлекетпен алынатын, қайтымсыз, мiндеттi ерiксiз төлемдер мен алымдар.
ҚР-ның салық заңнамасы ҚР-ның Конституциясына негізделеді және Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Салық кодексінде белгiленген тәртiппен белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
ҚР-ның салық заңнамасы ҚР-ның бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
Салық кодексіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін ҚР-ның заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
Салық төлеушiнiң ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға және оларды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
Мемлекеттің салық қызметi
органы арқылы салық төлеушiден оның
салық мiндеттемесiн толық
Салық салу объектісі. Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi болып табылады.
Салық ставкасы - салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасы. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.
Салық кезеңі - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі. Ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
3. ҚР-ның салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және ҚР салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
ҚР салық заңнамасының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қарсы келмеуге тиіс.
Салық салудың міндеттілік принципі. Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Салық салудың айқындылық принципі. ҚР-ның салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің ҚР-ның салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
Салық салудың әділдік принципі. ҚР-да салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
Салық
жүйесінің біртұтастық