Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Салық жүйесінің біртұтастық
Салық заңнамасының жариялылық принципі. Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
2. Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және олардың күшін жою, ставкаларды, салық салу объектілері, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
Салық міндеттемелерін орындау барысында туындайтын түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ҚРның Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені ҚРның Үкіметі бекітеді.
Курс тақырыбы Кәсіпорында қаржыландыру мен несиелендіруді ұйымдастыру, формалары, әдістері
Сабақ тақырыбы Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланысы
Жоспар:
1. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категориялармен тығыз байланысты. Осы аталған категориялар бөлгіштік және ұдайы өндірістік қатынастардаың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін сипаттайтын құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын-ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы ауытқуларға себепші болады.
Гиперинфляция жағдайында баға күшті өседі және бағанық бөлгіштік функциясы күшейе түседі. Баға сонымен қатар, тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, яғни табысқа ықпал жасайды.
2. Қаржы жалақы қоры мен еңбекақы төлеудің басқа қорлардың оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады.
Материалдық өндіріс сферада еңбекақы төлеу қоры қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасады.
Материалдық өндірістік емес сферада еңбекақы төлеу қоры бюджет қаражаттары есебінен қалыптасады.
Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекақы төлеу қорын құрайды. Еңбекақы төлеу өндірістің аса маңызды факторларының бірі – жұмыс күшінің іс-қимылымен байланысты.
3. Несие қатынастарында шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптастып пайдаланылады. Несие қаржы ресурстарын толықтырады, сонымен қатар қаржы мен несеи күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері б.т.
Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны б.т. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың – бағаның, қаржының, несиенің, еңбекақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты б.т.
Курс тақырыбы Кәсіпорынның инвестициялық қымзетінің қаржылық аспектілері
Сабақ тақырыбы Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
Жоспар:
1. Отандық экономикада инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылады. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстарымен түсіндіріледі.
Күрделі қаржы жұмсау – жұмыс жасап тұрған мекемелерді қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық жарақтандыру және жаңасын тұрғызуға немесе тұрғын-үй, мәдени-тұрмыстық құрылысқа жұмсалған қаржы құралдары.
ҚР-ның «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар; лицензиялар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқық және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық.
Күнделікті тұрмыста инвестиция жасау деп – жер бөлігін сатып алғанда, айналымдағы құнды қағаздарды немесе кез келген меншік атағын сатып алған кездерде жиі айтылады.
Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс-әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онды ол керексіз б.т.
2) инвестициялық
іс-әрекет және қабылданған
Батыс Еуропада макро және микроэкономика тұрғысында инвестициялық шешімдерді қабылдау өте қолайлы деп санайды. Инвестициялық теорияның негізін қалаған Д.Кейнс.
3. Инвестициялар көздері:
Инвестицияның мөлшері 3 факторға байланысты: кәсіпорынның табыстарына, олардың шығындары мен күтілімдеріне.
Қаржыларды инвестициялау кезінде мына жағдайлар ескеріледі:
Инвестициялық шығындар 3 түрге бөлінеді:
Курс тақырыбы Кәсіпорынның инвестициялық қымзетінің қаржылық аспектілері
Сабақ тақырыбы Инвестициялардың түрлері және жіктелуі
Инвестициялардың түрлері | |
Венчурлық инвестициялар (тәуекел) |
Үлкен тәуекелдікпен байланысты қызметтің жаңа салаларына салынатын инвестициялар. Капиталды тәуекелді салу жаңа технология саласында ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туындайды. Тәуекелді капитал бірнеше түрлі капиталды сәйкестендіреді: ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол бастапқы ғылыми сыйымды фирмалардың «венчурлық» деп аталатын құрылтайшылығына қатысады. |
Тура инвестициялар (ұзақ мерзімді) |
шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына табыс алу мақсатында және осы шаруашылық субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатында салу |
Портфельдік инвестициялар (қаржылық) |
«Портфель» құрумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқа активтер алу. «Портфель» - әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бір жерге жиналған жиынтығы (акция, облигация, қарыз куәлігі, сақтандыру полистері және т.б.). |
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының типтері | |
Пассивті инвестициялар |
Берілген кәсіпорынның экономикалық табыстылығының көрсеткіштер деңгейін сақтап қалумен сипатталады |
Активті инвестициялар |
Кәсіпорынның бісекеге қабілеттілігін жоғарлатады және табыстылығының одан әрі көтерілуімен сипатталады |
Курс тақырыбы Кәсіпорынның инвестициялық қымзетінің қаржылық аспектілері
Сабақ тақырыбы Мемлекеттік даму институттары
Жоспар:
1. Стратегияның маңызды міндеттерінің бірі мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыру б.т., бұл индустриалдық-инновациялық дамудың қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді. Стратегиялық айқындалған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа мемлекеттік даму институттарын құру: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақастан Даму банкін, Инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет.
Даму институттары тұрақты жұмыс істеуі үшін орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестік және ашықтық қағидаларына негізделеді:
2. Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты – Қазақстанда, шет елдерде кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлестік және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикізаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету б.т.
ҚИҚ құру қажеттілігі
отандық нарықта өндеуші
Жобаларды қаржыландыруды жеңілдету үшін, жеке секторда қаражат жетіспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пакетін алмай қатысу арқылы бірлесіп қаржыландыруға қатысатын болады. Бұл ҚИҚ-на жаңа өндірістер, оның ішінде жоғары технологиялы өндірістер құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын дамытуда да ықпал ету мүмкіндігін береді.
ҚИҚ Қазақстанның Даму банкімен
тығыз қарым-қатынаста жұмыс
Инновациялық қор нарықтық экономиканың функциясын ынталандырады. Қор қызметінің басты мақсаты – ҚР-да инновациялық белсенділіктің артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдеседі. Инновациялық қор өз қызметінің бастапқы кезеңінде отандық және шетелдік серіктестіктермен бірге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлық қорларды құратын болады.