Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Балтабаев
Капитал орташа жинағы
07.01.12.01.
01.02.06.02.
07.01-10.01
11.01-01.02
02.02-06.02 650 000
550 000
600 000
500 000
580 000 6
6
12
4
3
5
12 3 900 000
3 300 000
7 200 000
2 400 000
1 500 000
2 900 000
6 800 000
600 000
566 670
1166670
Капиталдағы пайыздық қатынас:
Ахметов= 600 000/1 166 670=51,4% Балтабаев=566
670/ 1 166 670=48,6%
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза пайда ..............................
К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000 * 0,514)...............719
600
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*0,486).................680
400
Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген
пропорция бойынша капиталдан пайыздар
әдісі.
Назарға салымдардың бірдей емес екенін
ала отырып, кейбір серіктестіктер әріптестерге
еңбекақы мен салынған капиталға пайыздар
тағайындайды. Олардың комбинациясы пайданы
бөлуде есепке алынады. Пайыздар мен еңбекақы
пайданы анықтаған уақытқа дейін шығын
ретінде қарастырылмайды.
Ахметов пен Балтабаев салынған алғашқы
капиталынан 10 пайыз алуды шешті, сонымен
қатар еңбекақы (Ахметов 700 000 тг және Балтабаев
600 000 тг). Қалған табыс немесе зиян тең
бөлінуі керек. Жалпы пайда 1 400 000 тг құрады.
Еңбекақы мен пайыздарды бөлгенен кейін
пайданы бөлуде теріс сома пайда болуы
мүмкін. Ол серіктестіктің келісім шартында
көрсетілген пропорцияға сәйкес жабылуы
керек.
Әріптестер Бөлінетін пайда
Ахметов Балтабаев
Бөлінетін пайда 1 400 000
Еңбекақыны бөлу 700 000 600 000 1 300 000
Еңбекақыны бөлуден кейінгі пайда 100 000
Салынған капиталға пайызды бөлу:
Ахметов (650 000 * 10%) 65 000 60 000 125 000
Балтабаев (600 000 * 10%)
Пайыздар мен еңбек ақыны бөлуден
кейінгі пайда соммасы -25 000
Қалған соманы тең бөлу -12 500 -12 500 25 000
Жиыны 752 500 647 500 1 400 000
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік
жазу:
Д 5410 Таза пайда ..............................
К 5020 Ахметовтың капиталы ..............................
К 5020 Балтабаевтың капиталы ..............................
Серіктестікті тарату (қайта тіркелу).
Серіктестікті тарату оның бастапқы құрамында
өзгерістер орын алғанда жүргізіледі.
Жаңа әріптесті қабылдау соңынан серіктестікті
таратуға әкеліп соғады, себебі ол жаңа
ассоциация ұйымдастырады. Бұрынғы серіктестікті
тарату мен жаңасын құру тек алдыңғы қатысушылардың
келісімімен жүргізіледі. Тұлға серіктестікке
екі әдіспен қабылдануы мүмкін:
1. бір немесе бірнеше бұрынғы әріптестердің
капиталының үлесін сатып алу жолымен;
2. серіктестіктің капиталына салым салу
жолымен;
Әріптестің капиталының үлесін сатып
алу. Әріптес Ахметов өзінің үлесіндегі
700 000 теңгені 1 000 000 теңгеге Рахимбековқа
сатпақшы болды. Балтабаев бұған келісті.
Бухгалтерлік жазу келесідей болады:
31 тамыз
Д 5020 Ахметовтың капиталы ..............................
К 5020 Рахимбековтың капиталы......................
Серіктестікке капитал салу. Әріптестер
Ахметов пен Балтабаев Рахимбековты егер
ол 750 000 тг салса ғана қабылдамақ.
31 тамыз
Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары ..............................
К 5020 Рахимбековтың капиталы......................
Алдыңғы әріптестерге сыйақы. Кейде, бұрынғы
әріптестер жаңа әріптесті қабылдай отыра
оның үлесін анықтап одан сыйақы алуы
мүмкін. Жаңа әріптес 1 000 000 тг салуды қалайды,
ал оның капиталдағы үлесі 800 000 тг құрайды.
200 000 тг артықшылық алдыңғы әріптестерге
сыйақы болады. Егер сыйақыны бөлу тәртібі
келісім шартта қарастырылмаса, онда сыйақы
пайда мен зиян сияқты бөлінеді.
Ахметов пен Балтабаев серіктестікте
бірнеше жыл жұмыс істеді және келесі
капиталды иеленді.
Әріптес Капитал(тг) Үлес
Ахметов 1 600 000 55%
Балтабаев 1 400 000 45%
Жиыны 3 000 000 100%
Рахимбеков осы серіктестікке қосылғысы
келеді және 1 желтоксанда 1 000 000 тг әріптестер
капиталының бестен бір бөлігін салуды
ұсынады.
Алғашқы әріптестерге сыйақы есебі:
5020 Алғашқы әріптестердің капиталдары
..............................
5010 Рахимбековтың салымы ..............................
5020 Жаңа серіптестіктің капиталы ..............................
Алдыңғы әріптестерге сыйақылар:
5010 Рахимбековтың салымы........................
Минус:Рахимбековтың капиталының үлесі(
4 000 000*1/5).. 800 000...200 000
Сыйақыны бөлу:
Ахметов (200 000*55%)......................
Балтабаев (200 000*45%)......................
Серіктестікке Рахимбековтың 1 000 000 салымы
тіркелгенде келесі жазу жазылады:
1 желтоқсан
Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары...................
К 5020 Ахметовтың капиталы......................
К 5020 Балтабаевтың капиталы......................
К 5020 Рахимбековтың капиталы......................
2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
Эмиссиялық кіріс дегеніміз- акционерлік
қоғам өз акцияларын олардың атаулы
(номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату
нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық
кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық
кіріс» шотында жүргізіледі.
Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен
дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша
айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай
эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда
қалады.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар-
бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік
қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған
жеке меншік үлестік аспаптар фирманы
тарату кезінде активтердегі үлесіне
дивидендтер алуға құқық бермейді.
Акционерлерден сатып алынған меншікті
акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру
үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік
аспаптар» шоты тағайындалған. Осы шоттың
дебеті бойынша акционерлерден сатып
алынған акциялар құны, айналымнан қайтарып
алған немесе опциондар арқылы сатылған
акциялардың құны көрсетіледі.
Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы
жиналысының шешімі бойынша меншікті
акцияларды сатып алуды жүргізуге құқығы
бар. Акцияларды сатып алу:
• акционерлік қоғамның акциялары үшін
қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;
• әрбір айналым жасаушы акциялардың
кірісін көбейту;
• өзге компанияларға сату үшін қолда
акциялардың қажетті санына ие болу;
• өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың
бақылау пакетін басып алуын жою;
• опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге
таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы,
яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларында
қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар
тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері
(жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін
жүзеге асырылуы мүмкін.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар:
• айналымнан алынып қойылуы;
• сатылуы және қор нарығы айналымында
тағы да пайда болуы мүмкін.
Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге
акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы
керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз
жұмысын азайтуда тоқтатуды және өздеріне
келтірген залалдың орыны толтыруды талап
етуге құқылы.
Заңға сәйкес сатып алынған акция құны
қоғам шығарған акцияның жалпы санының
25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып
алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның
10% өзіндік капиталынан аспауы керек.
2.3 Резервтік капиталдың есебі
Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін
қамтамасыз ету үшін және құрылтайшылардың
(акционерлер, инвесторлар) тұрақты
түрде дивидендтер алу қызығушылығын
сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік
капитал құрылуы мүмкін.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның
және басқа да тараптардың таза табысының
есебінен қалыптасатын меншік капиталының
бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің
негізгі қызметінен алынған залалдарын
жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз
болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге
пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау
және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен
және қолданыстағы заңдармен анықталады.
Резервтік капитал жарлық капиталымен
және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік
баланстың пассивінде көрініс табады
және ол кәсіпорынның меншік капиталы
болып табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі
мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі
туындаған жағдайда жарғылық капиталдың
белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі
жарғылық капитал осы резервтер есебінен
толып отырады. Резервтік капитал ұйымның
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін
екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер»
бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында
жүргізіледі: 5310-ші «Құрылтай құжаттарында
белгіленген резервтік капитал», 5320-шы
«Қайта бағалакға арналған резерв», 5330-шы
«Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған
резерв», 5340-шы «Басқа да резервтер».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың
есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің
(ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы
құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында,
құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді,
сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын
түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің
жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері
жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен
кем болмауы керек.
5340 «Басқа да резервтер» шотында заң тәртібімен
көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған
резервтік капиталдар есептелінеді.
Бұл шоттардың аналитикалық есебі №13
журнал-ордерде жүргізіледі.
2.4 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі
Кәсіпорынның қорытынды
«Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»
есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс
жоспарындағы 5400 бөлімшесіндегі шоттарында
жүргізіледі.
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы
есеп беру.
Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп беру туралы»
Заңына сәйкес қаржылық есеп беру өзіне:
бухгалтерлік баланс; кірістер мен шығыстар
туралы есеп; ақша қозғалысы туралы есеп;
меншік капиталындағы өзгерістер туралы
есеп беруді қосады.
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы
есеп беру акционерлер немесе ұйымға қатысушылар
сияқты қаржылық есеп беруді қолданушылардың
қызығушылығын көрсетеді. Баланста меншікті
капитал жеке бөлім ретінде қарастырылған.
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы
есеп беру бұл ақпаратты сандық өзгерістермен
толық қамтиды. Есеп беру кесте ретінде
талданады, меншікті капиталдың шоттары
бойынша дебеттік және креди
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің бірі, атқаратын қызметі мен функциясы - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «тепе- тең» немесе «таразы» деген мағынаны білдіреді.
Бухгалтерлік баланс кәсіпкердің қолындағы активтерді, меншікті капиталды және міндеттемелерді көрсетеді, яғни баланс – ол сіздің фирмаңыздың жыл басындағы және есепті мерзімнің аяғындағы қызметін сипаттайтын құжат.
Баланс – бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтерінің бірі.Біріншісі «Актив», ал екіншісі «Меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады.Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімде қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты белгілеуі жатады.
Актив |
МК және М |
I .Ұзақ мерзімді міндеттеме 1.МЕА (материалдық емес актив) 2.НҚ (негізгі құрал) 3.ҰМДеб. берешек (ұзақ мерзімді дебиторлық берешек) 4.Инвестициялар II.Ағымдағы активтер 1.ТМҚ (қорлар) 2.Ақшалай қаражат ( касса, валюталық шот) 3.Дебиторлық берешек (есеп 4. Қаржылық инвестициялар 5. Келешек кезең шығындары |
I.Меншікті капитал 1.Жарғылық капитал 2. Резервтік капитал 3.Қосымша төленген капитал 4.Қосымша төленбеген капитал 5.Төленбеген табыс II.Ұзақ мерзімдік
III Ағымдағы міндеттемелер 1.Қ.М қарыздар 2.Бюджетпен есептесу 3. Алынған аванстар 4.Жалақы бойынша есептесу 5.Жабдықтаушылармен және |
Шаруашылық
қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпорынға
қаражат керек.Кәсіпорын
Егер қаражатты салған бір адам болса, тепе –теңдік (А=К), бірақ активтер басқа біреумен салынуы мүмкін, яғни меншікті емес адам.Бұл міндеттеме болып табылады.Енді тепе- теңдік ( А= К+ М) .
Қорытындылай отырып, ұйымның барлық
активтері инвесторлар мен
АКТИВ = меншікті капитал + міндеттеме.
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басында жасалады.
Кез- келген кәсіпорынның мақсаты – пайда табу. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі.Ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады.Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі.Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардың орындалуы мүмкін.Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа жасады.
Баланстағы өзгеріс құрылымы бойынша шаруашылық операциялары 4 типке бөлінеді. 1-тип. Бұл баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді.Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады.М: кассаға есеп шоттан жалақы төлеу үшін 1500000 тг ақша аударылды. 2-тип.Бұл баланстың тек ғана пассив бөлімінде болады. М: Қысқа мерзімді кредит есебінен жабдықтаушының 200000 тг шоты төленді. 3- тип. Актив және пассив бөлімдері теңбе –тең сомаға көбейеді.М: Жабдықтаушы мердігерлерден кәсіпорынға 200 мың тг материалдары келіп түсті. 4- тип.Актив және пассив бөлімінің бірдей сомаға азаюы.М: кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке ҚҚС үшін 250 мың тг аударылды.
Жарғылық капиталдың есебі
Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды
қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған
ұйымның жасаған қаражаттарының сомасы
болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе
сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің
қаражаттарының, материалдық емес активтердің
және басқа да мүліктердің немесе мүліктік
құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен
қоса, жарғлық капитал жаңадан құрылған
заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та
табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің,
қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік
сипатын анықтайды.
АЭСА мекемесінің жарғылық капиталына
салынатын салымдары ақша да, бағалы қағаздар
да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа
да мүліктер болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына
натуралды нысанда салынатын салымдары
немесе барлық құрылтайшылардың келісімі
бойынша немесе барлық құрылтайшылардың
жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік
құқығы ақшалай нысанды бағаланады. Осындай
салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі
керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт
қуаттауы керек.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды
көлемі ашық акционерлік қоғам үшін –бес
мың минималды есептік көрсеткішін, ал
жабық қоғам үшін –жүз мың минималды есептік
көрсеткішін құрайды.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып
келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің
келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивиденттер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған
мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар
есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың
дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір
кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде
капиталдың қозғалысы бойынша тиісті
операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген
апиталдың есебін жүргізу үшін 511-ші “Төленбеген
капитал” шотын пайдаланады. Бұл шотта
заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық
серіктестіктің жарғылық қорына қосқан
үлестері бойынша қарыздарының сомасы
туралы ақпарат жинақталады.
511 “Төленбеген капитал” шоты шоттардың
Бас жоспарында, “Меншік капиталы” ретінде
саналса да, яғни баланстың пассивтік
шоттарының қатарында болса да, ол өзінің
табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
2.8 Инвестициялардың есебі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың,
ауыл шаруашылығының және экономиканың
басқа да салаларының ұйымдарында капитал
түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің
мақсаты-түпкі нәтижесинде де кәсіпкерликтен
табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған
мақсаты бойынша:қаржылық және нақты болып
бөлинеді.
Нақты инвестициялар-бұл кәсіпорының
негізгі капиталын және материалдық-өндірістік
қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар-бұл субьектінің
табыс алу мақсатында пайдаланылатын
активі (мысалға, пайыздар, роялтилер,
дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған
капиталдың өсімі немесе алынатын басқа
да олжалар.
АЭСА мекемесі басқа ұйым пакет акциясын,
қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын
жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық
салымдардың деңгейіне байланысты олар:
не бақылаушы, не қаржылық немесе субьектінің
басқа да саясатына едәуір әсер ететін
болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және
одан да көп болса немесе 50% және одан да
көп дауыс беру құқы бар акциясы болса,
онда ол қаржыландырылатын обьект бойынша
бақылануда болатын және еншілес серіктестігі
болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен
астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы
бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыландырылатын
обьекті бойынша оның едәуір әсер етуінде
болатын және тәуелді серіктестік болып
табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан
аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын
заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 «Инвестициялар»
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі,
оның құрамына мынандай синтеткалық шоттар
кіреді: 141 «Еншілес серіктестіктерге
салынған инвестициялар», 142 «Тәуелді
серіктестіктерге салынған инвестициялар»,
143 «Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға
салынған инвестициялар», 144 «Басқа инвестициялар».
Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді
серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы
инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы
туралы мәліметті талдап қорытындылауға
бағытталған.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің
инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік
инвесторлардың едәуір ықпал етуінде
болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі
де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы
да бола алмайды. Субьектінің қызметіне
инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек
20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы
болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын
жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін
пайдаланылады:
-үлестік қатысу әдісі,
-құндық әдіс,
Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды
иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп,
кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің
таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың
үлесі мойындалуына байланысты олардың
құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдсі.Тәуелді
шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде
(шы5ысында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі
табысқа жатқызылады.
Құндық әдіс- инвестицияны алу кезінде
сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік
әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есепте
инвестиция табысы тәуелді шаруашылық
серіктестігінің жинақталған жалпы таза
табысың сомасынан тиісті дивиденттердің
молшері алынғаннан кейін мойындалады.
Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының
есебі. Еншілес шаруашылық серіктестік-негізгі
серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік.
Бұндай бақылау қаржыландыратын обьектінің
50% астам акциясын тікелей немесе жанама
емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің
көрсеткіштері негізгі серіктестіктің
қаржылық есеп беруінде, біріктірілген
есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда
қабылданған есептік саясаты ескеріледі,
сондықтан олар мына екі әдістің бірін
пайдалануы мүмкін:
-үлестік қатысу әдісі,
-ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне
инвестициясын бөліп, біріктірілген қаржылық
есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті
және шетелдік еншілес серіктестіктерді
өзіне енгізеді.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің
инвестициясының есебі. Бірлесіп бақыланатын
шаруашылық серіктестіктің инвестициясын
жүзеге асыру-бірлесіп жасайтын қызметтің
бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін
бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық
серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша
топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар
активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды
таниды және алынған табысты анықтайды.
Осылардың әрқайсысы өз атынан мәмле жасай
алады, өз қызметін қаржыландыру ұшін
капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен
қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет
нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін
алуға құқылы.
401 «Акциялар» шотында ұйымның, басқа да
мекеменің, банктердің және т.б.-дың акцияларын
алуға жұмсалған сомалары есептелінеді.
Акция-акционерлік қоғамның капиталына
белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын
және ол оның иесіне дивиденттер түріндегі
табыстың бір бөлігін алу құқын беретін
бағалы қағаз.
Акцияны алған кезде 401 «Акциялар» шотының
дебеті бойынша және төмендегі шоттардың
кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы
жасалынады: сатып алынған акцияларды
сатып алу құнына-671 «Жабдықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысулар», 687 «Басқа
кредиторлық қарыз және төлемдер», 641 «Еншілес
серіктестіктерге қарыз»т.б.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа
да жағдайда олар есептен шығарылса, онда
акцияның баланстық құнына 843 «Бағалы
қағаздарды сатумен байланысты шығыстары»
деген шоты дебиттеледі де, және 401 «Акция»
кредиттеледі.
Облигация деп- ұстаушысына өз процент
түрінде тұрақты табыс беретін бағалы
қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар
эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік
муниципалды органдар және басқалар) облигацияны
шығарушының кредиторы болып табылады.
Облигация-жалған капиталдың бір түрі.
Облигацияның акциядан айырмашылығы:
оның ұстаушысы акционерлік қоғамның
мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге
де құқысы жоқ.
Облигациямен байланысты операциялардың
есебі 402 «Облигация» шотында жүреді. 402
«Облигациялар» шотында мемлекеттік және
жергілікті займдардың проценттік облигацияларына
салынған қаржылық инвестициялардың нақты
бары мен қозғалысы және осындай құнды
қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді.
Опцион-опциондық контрактінің нәтижесі
болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес
қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен
соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескерілген
бағасы бойынша алуын немесе сатуына құқығы
бар қатысушыны айтады, ал екнші қатысушы
болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған
жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір
келісілген бағасы бойынша сатуға немесе
сатып алуға құқысы бар.
Варрант-бұл негізгі бағалы қағаздарды
шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы
бар акциялар, облигациялар) көрсетілген
қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық
тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар.
Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт
ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша
сатып алынған бағалы қағаздарға берілген
құқық. Варрантиесі –оның сатып алушысы.
Фьючерлік контракт-мәмле жасау кезінде
белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген
бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар
көлемін жеткізіп беру туралы келісім
жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракттар
бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға
міндеттемелерінің орындалуына кепілдік
беретін сомалар келіп түсетін биржалық
есеп айырысу (клиринктік)палатасы арқылы
жузеге асырылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы
шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық
туғызатын қаржылық мәселелер болып табылады.
Инвестор әрқашан да ұзақ мерзімді инвестицияға
қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан
бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді.
Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық
жоба беру мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның
тиімділігін анықтау үшін, ен көп тараған
талдаудың әдісін пайдаланылады:
-инвестициялық табыстын орташа нормасы,
-өтеушілік,
-табыстың ішкі нормасы,
-таза ағымдағы құны.
1.Инвестициялық табыстың орташа нормасының
әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның
бағаланған кезде ұйымның белгілі бір
уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан
кейінгі орташа жылдық табыстан болған
ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы
инвестицияның орташа деңгейі мен жүзеге
асырылған қаржылық инвестицияның арасынан
алынады. Инвестициялық табыстың орташа
нормасы инвестицияның не өсуіне, не азаюына
әкеледі, яғни азайған кезде олардың қайта
бағалауға тура келеді, демек оның әділ
құнын қалпына келтіру керек.
2.Инвестицияның өтеушілік мерзімін есептеу
әдісі негізінен инвестицияның бастапқы
салынған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік
мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан
түсетін ақшалай түсімдер сомасын, оның
бастапқы инвестиция сомасына теқ болғанға
дейін созылады және де ол инвестицияланған
қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.
Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның
тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын
ала жауап береді.
3.Ұйымның ішкі табыстар нормасы өзінің
физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан
алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады
және сол бойынша инвестициялық жобаны
қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын
көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі
тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан
алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының
дисконтталған құны сол жобаның дисконтталған
шығын құнымен тең болса ғана қабылданады..
4.Таза ағымдағы құн-бұл ұзақ мерзімді
инвестицияның тиімдділігін анықтау мақсатында
ақша ағындарын дисконттаудың әдсі. Таза
ағымдағы құн келіп түскен ақшы ағыны
мен шыққан ақшы ағымының арасындағы айырмасына
тең.
Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы
құнын анықтау. Әрбір ұйым ағымдағы (нарықтық)
құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды
есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты
нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді
етіп, нарық құнының кезеңдік өзгермесімен
бірге қарастырылады.Егер ұйым иелігіндегі
алынған қаржылық инвестициялары листнктік
биржанын қорына енгізілген болса, онда
олардың құнын кез келген кезде анықтау
қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда,
қаржылық инвестициялар қор биржасында
түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына
белгілі есептеулерді жүргізе отырып,
иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына
байланысты анықтауға болады.
2.9 Өндіріс шығындарының есебі
Ұйымдар — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан
(негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және
эксперименттік) түратын күрделі механизм.
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары
бойынша жоспарлау және шығындарды есепке
алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын
қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі
жэне қосымша өндірістер болып екіге белінеді.
Негізгі ондіріске кәсіпорын шығаратын
өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және
зауыт ішінде тұтынуға (желілік, үсталық,
престеу — машина жасау зауыттарында)
арналған шалафабрикаттарды дайындайтын
ондірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің енімін
әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім ондіруге,
қызмет корсетуге, жұмыс жасауға тікелей
ықпал етеді (жөндеу-механикалық және
аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен
жабдықтау және т.б.).
Өндірістік есепті дұрыс үйымдастырдың
кез-келген ұйым үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін үйымдастыру
көбіне өндірістің тұрпатына (типіне)
байланысты болады. Өндіріс жеке-дара,
сериялық және жаппай өндіріс болып үш
топка (тұрпатқа) болінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген
даналарымен немесе қайталанып отыратын
шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс.
Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық
әдіс қолданылады, бүл орайда шығындар
әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өдіріс біркелкі бүйымдарды
дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып
отыруымен сипатталады. Сериялардың көлеміне
қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді:
ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз
дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым
тар, ал ондірістік желілер мен цехтар
бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған),
ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен
үсақ сериямен онім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың
және өнімнің озіндік кұнын калькуляциялаудың
нормативтік немесе қайта жасау әдістерін
қолданады.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей
өнімді үздіксіз шығаратын ондіріс тұрпаты
(типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті
(түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын
молшері айтарлықтай кеп болуы мүмкін,
белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың
жоғары деңгейі жөне өндірістің жүмыс
ырғағыньң жоғары болуы өндірістің осы
түрпатына тән белгілер болып табылады.
Бүл арада әдеттегідей өнімнің және оның
негізгі элементтерінің өзіндік қүнын
есепке алудың және калькуляциялаудың
нормативтік әдісі крлданылады.
Өндірісті үйымдастыру типі (түрпаты)
тек шығындарды есепке алуға және өнімнің
өзіндік қүнын калькуляциялауға ғана
әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы
есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке
да әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және
жаппай өндірістерде шығарылатын өнім
мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген
өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ
сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар
нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық
парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды
атқару және қызметті көрсету белгілі
бір шығындармен байланысты, ондай есеп
мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім
көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты
өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау),
қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген
өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде
жөне шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті
үйымдастыру және басқарушылық шешімді
қабылдау мен жоспарлау үшін ақпаратгарды
жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпаратгарды жинаған
кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау
үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды
болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар
ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша
жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын орындары (өндірістер,
цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі
(соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар
шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде
ұйымның есеп саясатында анықталғандай
етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері
бойынша; өндіріс шығындары жекелеген
өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе
біртектес өнім топтарына енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік құнына ену
тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік
құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген
өнім түрлерін өндірумен байланысты болып;
жанама — өнімнің езіндік құнынатаратылып
бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін
өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне
қатысты екіге болінеді: айнымалы - шығарылған
өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да
өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар
мен шикізаттың шығысы, технологиялық
энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының
жалақысы жөне т.б.); тұрақты — өнімнің
шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі
өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын
жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар,
негізгі кұралдардың амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және
элементтері бойынша); экономикалық элементтер
бойынша шығындарға: материалдық шығындар;
еңбекақы шығындары; еңбекақыдан аударылатынтын
аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы
(тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар баскару қызметі (функциясы)
бойынша:
— өндірістік (ондіріс процесінің барысында
пайда болады);
— коммерциялык (сатумен байланысты);
— әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Коммерциялык жөне әкімшілік шығыстар
кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік
калькуляциялауды есептеудің негізі болып
табылады, олардың сызбасын (схемасын)
мынадай етіп салуға болады: Өндіріске
жұмсалған шығындарды олардың кұжаттары
бойынша қандай калькуляциялау объектісіне
жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін,
шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын
ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары
бойынша жөне шығындарды калькуляциялау
объектілері бойынша дүрыс топтастыруға
мүмкіндік береді.
Орташа және ірі мекемелерде өндіріс шығындарын
есепке алу және өнімнің, өзіндік құнын
калькуляциялау үшін ұйым бухгалтериясы
кұрамында, біртұтас болып келетін екі
бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару
бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының
10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп,
есептің Бас кітабын, ұйым балансын және
қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас
жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды
пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы
акпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды,
өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін
талдап және олардың орындалуын бақылайды,
өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын
есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспарлық және талдамалык
жүмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы
жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде
кандай да болмасын бір "ноу-хауды"
және өндірісті басқарудың озық деңгейін
ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз
бәсекелестері өздерінен бүрын пайдаланып
кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан
басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы
тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге
осы ұйымның қызметкерлері үшін де "жабық"
болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының
арасында өзара қарым-қатынастар болады.
Көсіпорынның қаржылық бухгалтериясында
аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 211
- "Негізгі өндіріс", 212 "Өз өндірісінің
шалафабрикаттары", 213 - "Көмекші өндіріс",
214 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады.
Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік
болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған
өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік
кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан
қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек,
211-214 шоттары дебеттеліп, 900, 910, 920, 950 шоттары
кредиттеледі), содан соң келесі жылдын
басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан
өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек,
900, 910, 920, 950 шоттары дебеттеліп, 211- 214 шоттары
кредиттеледі).
Сонымен, 211-214 шоттар "бір күндік шоттар"
болып табылады жене оның қалдықтары осы
шоттар бойынша ұйымның қаржылық есеп
беруіне енгізу үшін арналған.
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар
соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына)
басқа да шығындарымен қатар қосылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар
— бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан
өндіріс жүмысшыларына есептелген еңбекақысы
(еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды
қоса есептегенде) болып табылады.
Қызмет көрсететін цех жүмысшыларының
еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды,
ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық
шығындардан тікелей шығындарды (тікелей
материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының
еңбекақысы) шегеріп тастағаннан шығады.
Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына:
амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру
жарнасы, түрғын-үй қызметі, жарықтандыру
және басқа да себептердің салдарынан
өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары
т.б. жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі
кезеңге белуге болады:
- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік"
шоттарда ұйымның есепті кезеңнің барысында
тікелей шығыстар туралы ақпараттарға
шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері
бойынша).
- "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша
ұйымның үстеме шығыстары жинақталып,
олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар
беріледі;
- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл
бойынша негізгі, көмекші өндірістерге
таратады;
- "Транзиттік" шоттардағы жинақталған
шығыстарды дайын өнім шотына есептен
шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік
құны калыптасады, сондай-ақ аяқталмаған
өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі
саласына жатқызылады.
Негізгі өндіріс шыгындарынын есебі.
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі
ондіріс" болімшесінің шоттары қолданылады,
олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды
қорытындылау (шолу) үшін 900-"Негізгі
өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың
901 - "Материалдар", 902 - "Өндіріс
жұмысшьшарының еңбек ақьісы", 903 - "Еңбек
ақыдан аударылатын аударымдар", 904
"Үстеме шығыстары" жинақталады,
содан соң жыл соңында 900 "Негізгі ондіріс"
шотында қорытындыланады.
Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған
жұмыстар мен көрсетілген қызметгердің
бір өлшемге есептелінген өзіндік құны
болып табылады. Ол ұйым жұмысын жедел
басқару үшін маңызды роль атқарады және
ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және
өнімнің өзіндік қүнын жоспарлауға, өнімге,
жұмыстар мен қызметтерге көтерме және
бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Өндірісті үйымдастыру ерекшеліктері
мен технологиясына байланысты өндірістегі
шығындарды есепке алудың және өнімнің
өзіндік қүнын калькуляциялаудың бірнеше
әдістері қолданылады
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын
ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып
екіге бөлінеді.
Алдын ала зкасалатын калькуляция өнімді
шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі
шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған
жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция
жатады.
Жоспарлы калькуляция — өнімге (жұмысқа,
қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін
болатын шығындардың деңгейінде анықталады,
бірақ ол кезде жалақының, энергияның,
отынның, материалдардың нормасы, өндірістің
технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл
жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол
жоспарланған және жаңадан игерілген
бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы
калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы
калькуляцияның бір түрі болып табылады.
Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің
нормативтік әдісін және ұйымның өзінде
пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясын қолданады. Оның негізінде
қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын
ағымдағы және әрекет етіп түрған нормаларды
пайдаланады.
Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға
карағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау
болып келеді.
Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция
онім шығарылғаннан соң бухгалтерлік
есеп мәліметтері бойынша жасалынады.
Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға
нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған
калькуляция жатады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік
құнының калькуляциясын және шығындарды
есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте
үлкен роль атқарады.
Шығындардың есеп объектісі болып сол
шығындардың өндірістегі аналитикалық
есебі саналады. Калькуляцияның объектісі
болып өнім түрлері, жүмыстар, қызметтер
саналады. Ұйым есеп объектісі өте жиі
калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру
ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың және өндіріс
шығындарын есептеудің бірнеше әдістері
пайдаланылады. Өнімнің өзіндік қунын
калькуляциялау және өндіріске кеткен
шыгындарын есептеудің әдісі деп, ұйымның
шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік
құнын есептеу және өндіріс шығындары
туралы ақпараттарды есепте топтастыру,
жинау бойынша әдістерінің жиынтығын
атайды.
Өнімнің өзіндік кұнының әдісіне әсер
ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды
атауға болады:
- өндіріс типі;
- өндірістің күрделілігі;
- шығарылатын өнімнің номенклатурасы
мен сипаты;
- өндіріс циклының ұзақтылығы;
- аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы
және көлемі.
Өндірістік циклы ұзак өнеркәсіп салаларында
өзіндік қүнын калькуляциялау әдістемесін
жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы
мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе
күндер кұрайтын сомалармен салыстырғанда
біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі,
ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің
шығысты тарату мәселесінің және басқа
да арнайы жағдайларының әсерінен болуы
мүмкін.
7 БЕС шығынды есептеудің үш негізгі әдісін
қарастырады. Одан басқа іс жүзінде жай
(процесстік) әдісі де қолданылуы мүмкін.