Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі б.т.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау б.т. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау, кірістерді өсірудің және шығыстарды азайтудың резервтерін анықтау, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлудеоңтайлы үйлесімдерді белгілеу.
Жоспарлау мыналармен сипатталады:
2. Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдер қолданылады:
1) автоматтық - өткен жылдың
деректері келесі жылға
2) статистикалық - өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі;
3) нолдік база –
барлық айқындамалар қайта
Қаржылық жоспарлау мына қағидаларға негізделеді:
Қаржылық жоспарлау әдістері:
Курс тақырыбы Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Сабақ тақырыбы Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
Жоспар:
1. Қаржылық бақылау туралы түсінік
2. Қаржылық бақылау түрлері
3. Қаржылық бақылау нысандары және ревизия
1. Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімді ақшалай қаражаттардың сәйкес қоралары бойынша және мақсатты бағытқа оларды шығындауға, құндық таратудың негізделуін тексеруге бағытталған қызметін көрсетеді.
«Бақылау» термині латынның «контра рутулус» сөзінен шыққан «қарама-қарсы қою »деген мағынаны білдіреді.
Қаржылық бақылаудың қызмет саласы бақылаудың басқа түрлерімен сәйкес келуі мүмкін. Олар әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық.
Қаржылық бақылаудың қағидалары:
Қаржылық бақылау міндеттері:
3. Жүргізу уақытынан тәуелді қаржылық бақылау келесі нысандардан тұрады:
1) алдын ала қаржылық бақылау кәсіпорынның қаржылық жоспары мен мекеме және ұйымдардың кірістері мен шығындар сметасын, келісім мәтіндерін және т.б. бекіту, құрастыру стадиясыгда жүзеге асырылады. Бұл нысан заңды және нормативті актілерді бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді. Мысалы, қаржылық қызметті жүзеге асыру негізі болып табылатын бекітуге және орындауға жататын құжаттар тексеріледі.
2) ағымдағы қаржылық бақылау – ақша әрекеттерін жүргізу процесіндегі бақылау
3) кезекті қаржылық бақылау – қаржылық әрекеттер орындалып болғаннан кейін жүзеге асырылатын бақылау (бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері орындалып болғаннан кейін, кәсіпорынмен ақша қаражаттарын пайдаланып болғаннан кейін). Бұл жағдайда қаржылық тәртіп жағдайы бақыланып, оның бұзушылықтары, оларды ескерту жолдары мен болдырмау шаралары анықталады.
Қаржылық бақылау әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады. Қаржылық бақылаудың келесі әдістері қолданылады:
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – ревизия (лат. Қайта қарау) – кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметтерін өткен кезеңге неғұрлым толық тексеру.
Ревизия объектілері бойынша:
Ұйымдастырушылық белгісі бойынша ревизия жоспарлы, жоспардан тыс, кешенді болады. Ревизия амалдары: материалдық құндылықтар инвентаризациясы, кассадағы ақша қаражаттары болуын тексеру, тексерілетін объектінің қызметінің жоспарлы және есепті көрсеткіштерін салыстыру, құжатты және қарсы тексеру.
Тексерулер мен зерттеулер бақылау органдарымен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерінің арнайы сұрақтары бойынша немесе қаржылық қызметтің жеке жақтарымен орында танысу жолымен бір сұрақ бойынша жүргізіледі. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болады. Бұдан кейбір тексерулер өз сипаттары бойынша аяқасты инспекциялары түрінде болады. Тексерулер мен зерттеулердің мақсаты болып шаруашылық органның шаруашылық және қаржылық қызметінің жеке учаскелері жағдайын анықтау табылады.
Курс тақырыбы «Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау»
Сабақ тақырыбы «Аудиторлық бақылау»
Жоспар:
1. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
2. Аудиттің
эволюциялық сатылары және
3. Аудиттің мақсаттары мен міндетері
1. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (ты4даушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп оnыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді «аудитор» д.а. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтіп орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп санаған.
Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі
Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті – көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б. пайдаланатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы б.т.
Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер д.а. Францияда – сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда – шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшын елдерінде – ревизор немесе алқалы бухгалтер д.а.
2. Аудиттің эволюциялық сатылары және негізгі функциялары
Аудит және оның рәсімі (процедурасы) эволюцияның 3 сатысынан (стадиясынан) өтті:
Аудит функциясының жүйесі
1. бақылаушылық (тексеру)
1) шындыққа жанасымдылығы
2) заңдылығы
3) толықтығы
4) нақтылығы
5) өз уақытында дұрыстығы
6) процестер мен құбылыстар туралы мәліметтердің дәлдігі
2. сараптамалық (бағалау)
1) есеп берулер
2) есептің жағдайы
3) ішкі бақылау жүйесі
4) мүлік
5) капитал
6) міндеттемелер
3. басқарушылық
1) талдау
2) реттеу
3) болжау
4) үйлестіру
5) ұйымдастыру
6) есеп
7) ұсынысты жасау
4. кеңес берушілік
1) есеп, менеджмент
2) салық салу
3) маркетинг
4) құқық
5) қаржы
6) кредит
7) мүлікті бағалау
5. өндірістік
1) есептің қойылуы
2) персоналды оқыту
3) басқарудың озық әдістерін енгізу
4) ғылыми әзірлеме
5) декларацияны жасау
6) баспа қызметі
7) есепті ұдайы жүргізу
8) есеп берулерді жасау
6. ақпараттық
1) шолулар
2) есеп берулер
3) тұжырымдар мен қорытындылар
4) хаттар
5) ұсыныстар мен қорытындылау
6) хабарлау