Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:01, лекция

Описание работы

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Работа содержит 1 файл

курс лекции по ФО.doc

— 617.50 Кб (Скачать)

Салық заңнамасының жариялылық принципі. Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.

 

4.   Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және олардың күшін жою, ставкаларды, салық салу объектілері, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

Салық міндеттемелерін орындау барысында туындайтын түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ҚР-ның Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені ҚР-ның Үкіметі бекітеді.

Курс тақырыбы  Кәсіпорынның салық төлемдері

Сабақ тақырыбы  Кәсіпорындардың салық салуға жататын қызметі

 

Жоспар:

  1. Әлеуметтік салық төлеушілер, объектілері
  2. Әлеуметтік салық ставкасы
  3. КТС төлеушілер мен объектісі

 

1.  Төлеушiлер:

1) дара кәсiпкерлер;

2) жекеше нотариустар, адвокаттар;

3) ҚРның резидент заңды  тұлғалары;

4) ҚРда қызметiн тұрақты  мекемелер арқылы жүзеге асыратын  резидент еместер әлеуметтiк салық  төлеушiлер болып табылады.  

 

Салық салу объектiсi

1. Шетелдік персоналдың  табыстары салық салу объектiсi болып  табылады. 

2. Егер қызметкерге  күнтізбелік ай үшін есептелген  табысының жалпы сомасы  тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  жалақының ең төменгі мөлшерінен  төмен болса, әлеуметтік салық  салу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады.

Салық салу объектісі  болып табылмайтындар:

1. мемлекеттер, мемлекеттердiң  үкiметтерi және халықаралық ұйымдар  желiлерi арқылы берiлетiн гранттар  қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер; 

2. ҚРның Президентi, ҚРның Yкiметi  тағайындайтын  мемлекеттiк  сыйлықақылар,  стипендиялар; 

3. спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн берілетін ақшалай  наградалар; 

4. ұйым таратылған  немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде ҚРның заңнамасында белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер; 

5. жұмыс берушiнiң қызметкерлерге  пайдаланылмаған еңбек демалысы  үшiн төлейтiн өтемдерi; 

6. ҚРның заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.

 

2. Салық ставкалары

Әлеуметтiк салық 11% ставка бойынша есептеледі. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзi үшiн тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.     

  

3. Төлеушілер:

1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР-ның резидент заңды тұлғалары және ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер Салық Кодексінің 411 (казино, ойын автоматтары, букмекерлік кеңсе қызметін көрсетушілер), 420-баптарында (ұтыссыз ойын автоматтары, боулинг, бильярд үстелдерін пайдаланушылар) көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері  мыналар болып табылады:

1) салық салынатын  табыс; 

2) төлем көзінен  салық салынатын табыс; 

3) ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

 

Жылдық  жиынтық табыс

1. Резидент заңды  тұлғаның жылдық жиынтық табысы  ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Резидент заңды тұлғаның ҚР-нан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары Салық Кодексінің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

2. Мыналар салық  салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды: 1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі  шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3)халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР-ың бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс және бөлінбеген пайданы арттыру.

 

 

 

Курс тақырыбы  Кәсіпорынның салық төлемдері

Сабақ тақырыбы  Арнаулы салық режимдері

 

Арнаулы салық  режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. патент негізінде арнаулы салық режимін;
  2. оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi  үшін  арнаулы салық  режимі;
  3. шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
  4. ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар  және селолық тұтыну коопертивтері  үшін арнаулы салық режимі.

 

Патент – төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда,  жеке  табыс салығы  бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат. Патент нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. Патент жоғалған жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша телнұсқа берiледi. Берiлген патенттердi (патенттердің телнұсқаларын) тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi. Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

 

Патент  негiзiндегi арнаулы салық режимiн 

мынадай талаптарға сай келеуi керек:

1) қызметкерлердiң еңбегiн  пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк  нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі  табысы тиісті қаржы жылына  арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

 

Күнтізбелік жыл салық  кезеңі болып табылады. 

Қолдану шарттары

1) Дара кәсiпкер патент  негiзiнде арнаулы салық режимiн  қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi. Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады. Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі,  олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап табыс етіледі. Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі. Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

2) Салық органдары  есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса  берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.

Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы  куәлiк  көрсетiлмейінше, патент жарамсыз болады.

3) Патент негiзiнде  арнаулы салық режимiн қолдануды  тоқтату салықтық өтініш негізінде  немесе салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

4) Патент негiзiнде  арнаулы салық режимiн қолдануды  ерікті түрде тоқтату кезінде  салықтық өтініш  патенттің қолданылу  мерзімі аяқталғанға дейін табыс  етіледі.

5) Патент негiзiнде  арнаулы салық режимiн қолдануға  мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер: шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті, егер нақты табысы белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге, осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.

6) Салық органы салық  төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

 

Курс тақырыбы  Кәсіпорынның салық төлемдері

Сабақ тақырыбы  Салықтарды аудару

 

Салықтарды аудару – салық ауыртпалығын салықтың түпкілікті салушысына – салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойнына алатын халыққа көшіру процесі. Салықтарды аудары бірқатар салықтар бйоынша төлеуші мен салық салынушы ғана емес, сонымен бірге салық салу объектісі мен көзінің дәл келмеуіне байланысты. Салықты аудару өндіріс және айналыс сферасында болады.

Өндіріс сферасында табыс немесе пайда есебінен төленетін салықтар жалдамалы қызметкерлердің еңбегін интенсивтендіру жолымен, яғни қажетті жұмыс уақытын салыстырмалы қысқарту және қосымша уақытты көбейту жолымен аударылуы мүмкін.

Айналыс сферасында салықтар бағалардың механизмі арқылы аударылады.

КТС кәсіпорын өнімін тұтынушыларға неғұрлым жоғары бағалар есебінен немесе ресурстарды жеткізушілерге ресурстарға төмендетілген бағалар есебінен аударылуы мүмкін. АҚ нысанында ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысына салық салынған жағдайда акционерлерге ауыстыру субъектілер төленген бүкіл соманы немесе оның үлесін жабатын бөлігінде оларға тым төмен дивидендтер төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Төлем көзінен ұсталатын ЖТС салық төлеушінің барлық табысынан алынатындықтан ауыстырылмады. Алайда, егер кәсіпорындардың талабы бойынша қызметкерлерге еңбекақы көбейтілетін болса, онда салықтардың бір бөлігін жұмыс істеушілерден жұмыс берушілерге аудару мүмкін болады.

Меншікке салынатын  салық ішінара ауыстырылады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеген кезде жеткілікті сұраным жағдайында таза табысты салық сомасына жоғарылатуға және оны өнім мен қызметтерді тұтынушыларға ауыстыруға болады.

ҚҚС тұтынушы төлейді, себебі өнім мен қызметтерді қамтиды және тұтынушылар ҚҚС салынбайтын таурларды таңдай алмайды. Акциздер мен импорттық кеден баждары салынғанда таңдау болмайды, өйткені тұтынушылар акциздер мен баждар салынбайтын орнын басатын тауарлар мен қызметтерге қайта бағдарлана алады. Мұндай жағдайда сатушы оның тауарына сұранымның төмендеуіне байланысты бағаны түсіруге мәжбүр болады және салық ауыртпалығы бөлінуі мүмкін тұтынушыға ауысуы мүмкін.  

Тура және жанама салық  салу кезінде жалпы салық салу тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге (сатушыларға) және тұтынушыларға теріс әсер етеді. Бұл бағаның өсуінен және өндіріс көлемінің қысқаруынан білінеді.

Курс тақырыбы  Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау

Сабақ тақырыбы  Қаржылық жоспарлаудың мазмұны

 

Жоспар:

  1. Қаржылық жоспарлау
  2. Қаржылық жоспарлауда қолданылатын тәсілдемелер

 

1.  Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, бүртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі – бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері негізінде, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен негізінде ақша нысанында жүзеге асырылады.

Информация о работе Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады