Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Работа содержит 1 файл

лекции.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

      Нарықтық  қатыныстардың дамуымен және экономикалық потенциалдың өсуі мен кәсіпорынның инвестициалық қызметі кеңейеді. Белгілі жобаға капитал сала отырып, кәсіпорын салынған капитал орнын толтыруды ғана емес сонымен қатар одан пайда алуды да жоспарлайды. Кез-келген инвестициалық шешім бағалауға негізделеді:

  • Кәсіпорының қаржылық жағдайы және инвестициялық қызметте мақсатқа сәйкес қатысуы;
  • Инвестиция көлемі және қаржыландыру көздері;
  • Әртүрлі инвестициялық жобалардың тиімділігі.

      Кәсіпорын еншілес қоғамға инвестиция салуы  мүмкін, біріккен кәсіпорындар басқа кәсіпорындар мен мемлекеттке зайымдар береді.

      Талдау  жүргізгенде инвестициялық қаржының құрамын оның құрылымын және есептік  кезең үшін өзгерісін зерттейді. 

      Кесте  -Ұзақ мерзімді инвестициялардың құрамы және динамикасы

Кәсіпорын  қаражаттары Жыл басына Жыл соңына Өзгеруі
Млн. тг Үлесі

 %

Млн. тг Үлесі

 %

Млн. тг Үлесі

 %

Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар            
Оның  ішінде :            
Біріккен  кәсіпорындарда            
Басқа шаруашылық субъектілеріне займдар            
Капиталды құрылыс            
Оның  ішінде:            
Цехтың             
Қойманың            
Гараждың            
Басқа да объектілердің            
Барлығы            
 

      Кәсіпорынның  өндірістік нәтижелеріне және қаржылық жағдайына өндірістік қорлардың сапасы үлкен әсерін тигізеді. Осыдан қорлар тиімді болу тиіс. Қорлардың көптеп жиналуы кәсіпорынның белсенділігі төмендегенін куәлендіреді: айналым капиталы таңдатылады, оның айналымдылығы бәсеңдейді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлайды.

      Сонымен қатар мүлікке салық көбейеді, өтімділікке байланысты да мәселелер туады, жарамсыз шикізат және материалдар артады, қоймадағы шығындарда біршама артады. Кері жағдайдың барлығы да, кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесінде бейнеленеді. Дегенмен, қорлардың жетіспеуі  (шикізат, материал, отын), сонымен қатар кәсіпорынның қаржы жағдайында да жағымсыз күйде бейнеленеді: жылдам жеткізуге баға өседі, жай ғана шикізат жетіспеуінен де мәселелер тууы мүмкін, шикізат ресурстарына баға жоғарылайды, пайда сомасы азаяды. Сондықтан да әрбір кәсіпорын өндірістін толық көлемде өзін қамтамасыз етуіне әрекет жасауы тиіс, бірақ бұл үшін қажетті ресурстар қоймада жатып қалмауы тиіс.

      Алдымен өндірістік қорлардың динамикасын зерттейді, жоспарлы қажеттіліктің нақты қалдықпен сәйкестігін тексереді. 

Кесте -Өндірістік қорлардың жағдайын талдау

Қор түрі
Салмағы, тонна 
Бағасы, мың тг Қорлардың қалдығы, млн тг Қорлардың сомасының өзгеруі, млн.тг
Оның  ішінде есебінен
Жыл басына Жыл соңына Жыл басына Жыл соңына Жыл басына Жыл соңына Саны Құны
А                
В                
С                
Және  т.б.                
Барлығы                

    Өндірістік  қорлардың көлемі  құндық бейнеде  сандық фактордан сияқты құн (инфляциялық) факторы есебінен де өзгеруі мүмкін. Әрбір түрі бойынша қорлардың  сомасының (З) өзгерісіне сандық (К) және құндылық (Ц) фактордың өзгеруінің есебі абсолютті айырма әдісімен жүзеге  асырылады:

      

      Қорлардың айналымдылық кезеңі (шикізат және материал) олардың қоймаға келіп түсу кезеңінен өндіріске бергенге  дейінгі уақытқа тең. Бұл кезең қаншалықты аз болса, соншалықты өндірістік - коммерциалық цикл басқада тең жағдайларда аз. Қорлардың айналымдылық кезеңі келесі үлгіде анықталады:

      Қорлардың  айналымдығының бәсеңдеуі жиналған артық, өтпейтін материалдардың, инфляция қарқынының өсуінің күтілуімен байланысты қосымша қорларды иеленумен, тапшылықпен  байланысты болуы мүмкін. Сондықтан  да қорлардың құрамында қажетсіз материалдық құндылықтардың болмауын белгілеу маңызды. Бұл қойма есебінің берілгендері немесе қалдықтардың тізімі мен белгіленеді. Егер қандай да бір материал бойынша көп қалдық бар болса, және ол жыл ішінде аз шығындалса, онда оны өтпейтін қорлар қатарына апаруға болады. Мұндай қорлардың бар болуы айналым капиталы өндірістік қорларда ұзақ уақыт бойы таңдатылғанын айтады, нәтижесінде олардың айналымдылығы бәсеңдейді. Қорларды бөлшектеп басқару үшін әрбір түрі бойынша оның айналымдылығына бөлшектеп талдау жүргізіледі. Соңғы жылдары бәсекелестіктің жоғарылауы нарық өтімділігінің жоғаруы, сатып алу қабілетінің төмендігі, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы, шығарудың және жөнелтудің бір қалыпсыздығына байланысты көптеген кәсіпорындардың ағымдағы активтерінде үлкен үлес салмақты дайын өнім алады. Қоймада дайын өнім қалдығының артуы, айналым капиталының тандатылуына, несиеге деген  қажеттілікке, жабдықтаушыларға кредиторлық берешектің өсуіне, еңбек ақы бойынша қаражатқа деген сұраныстарға сияқты әкеледі.

      Дайын өнімде капиталды табудың ұзақтығы (Пдө) өндірістен жөнелтіп жібергенге дейінгі кезеңде қоймада сақталған дайын өнімнің уақытына тең:

      

      Кәсіпорынның  ағымдағы активінде айтарлықтай  үлес салмақты аяқталмаған өндіріс  алады. Аяқталмаған өндірістің қалдығының көбеюі өндірістің кеңейгенін немесе өндірістік циклдың ұзақтығының көбеюіне байланысты капиталдың айналымдылығының бәсеңдегенін дәлелдейді. Өндірістің ұзақтығының циклі шикізаттың дайын өнімге айналуына дейінгі уақытқа тең:

      

      Өнімнің  әрбір түрі бойынша өндіріс процесінің ұзақтығын талдау оның өзгеріс факторларын  бекіту маңызды. Өндірістік циклдің  кезеңі техника деңгейінен, технологиядан, өндірістік ұйымдардан, материалды- техникалық құрал-жабдықтардан және басқа да факторларға байланысты. Оның қысқаруы кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің артқанын дәлелдейді.

      Ағымдағы  активтерге салынған капиталдың айналымдылығына  дебиторлық берешектің өзгеруі жоғары әсерін тигізеді. Дебиторлық берешектің және ағымдағы активтің үлесінің кенеттен көбеюі кәсіпорынның абайсыз несиелік саясатын, сату көлемінің көбеюін, сатып алушылардың белгілі бөлігінің төлемқабілетсіздігі және банкроттығын куәлендіреді. Сонымен қатар, кәсіпорын өнімді жөнелтуді қысқартуы мүмкін, сонда ғана дебиторлар есебі азаяды.

      Дебиторлық  берешектің өсімі әр қашанда кері бағаланбайды. Берешекті қарапайым  (әдеттегі) және мерзімі өткен деп бөледі. Мерзімі өткен берешек қаржылық қиындықтар туындатады, яғни кәсіпорын қаржылық жетіспеушілікті басынан өткереді. Дебиторлық берешекте қаражаттардың таңдатылуы капитал айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеледі. Мерзімі өткен дебиторлық берешек сонымен қатар қарызды өтемеу және пайданың азаюы тәекелін білдіреді. Сондықтан да әрбір кәсіпорын оларға тиісті төлемдерді өтеу мерзімін қысқартуға қызығушылық білдіреді. 

Кесте- Дебиторлық берешектің пайда болу (құрылу) мерзімінің өтуі және оның құрамын  талдау

 
   Дебиторлық берешектің түрі
   Сомма,млн.тг    Оның  ішінде
   Жыл басына    Жыл соңына    1 айға  дейін    1 айдан  3 айға дейін        3 айдан  6 айға дейін    6 айдан  12 айға дейін    1 жылдан  жоғары
   Тауар және қызметтер үшін                                   
   Оның  ішінде клиенттердің қарыздары                                   
   А                                   
   В                                   
   С                                   
   Және  сол сияқтылар                                   
   Бюджетпен                                   
   Басқа да дебиторлар                                   
   Және  сол сияқтылар                                   
   Барлығы                                   
   Барлығына %                                   
   Оның  ішінде векселмен қамтамасыз етілген                                   
 

      Ағымдағы  активтердің жағдайын бағалай отырып, дебиторлық берешектің сапасын және өтімділігін зерттеу маңызды. Ол үшін дебиторлық берешектің айналымдылық  кезеңі ( ПДБ  ) немесе қарыздарды инкассациялау кезеңі көрсеткіштері қолданылады. Ол тауарды жөнелтумен және клиенттерден ол нақты ақшаны алғанға дейінгі уақытқа тең:

      

      Дебиторлық  берешекпен басқарудың тиімділігін  көрсету үшін, әр ай үшін оның инкассация кезеңі ескеріледі. 

 

Сурет – Ақша ағымдары

       

      Дебиторлық  берешектің сапасын сипаттау үшін дебиторлық берешектің жалпы сомасында күмәнді қарыздар бойынша резервтің үлесі сияқты көрсеткіштер анықталады. Берілген коэффициенттің өсу деңгейі дебиторлық берешектің сапасының төмендегенін сипаттайды. Дебиторлық берешектің айналымдылық кезеңі резерв үлесі күмәнді қарыздар бойынша динамикада орта салалық берілгендер, нормативтер  мен салыстырады.

      Мұның себептері: есептеу жүйесінің тиімсіздігі, сатып алушының қаржылық жағдайының қиындауы, банктерде құжат айналымының ұзақтығы. Дебиторлық берешектің сапасы сонымен қатар үлес салмақпен бағаланады. Вексельдердің оны өтеу мерзімі басталғанға дейін үшінші тұлғаға өткізілуі мүмкін жоғары ликвидті актив болып табылумен байланысты. Вексельдік міндеттеме дебиторлық берешекке қарағанда жоғары мәнге ие. Дебиторлық берешектің жалпы соммасында вексельден алынған үлес салмақтың көбеюі оның сенімділігінің және өтімділігінің жоғарылағанын дәлелдейді. Мәселенің актуалдығы инфляция  жағдайында туындайды. Жоғары инфляция жағдайында ақшаны қолда ұстау, тауарды қарызға сату тиімсіз. Дегенмен, ақша нысанында төлеуге несиелік міндеттемені салу тиімді, кредиторлық берешектің әртүрлі түрі бойынша төлемдер ақшамен өндіріледі, төлеу кезеңінде сатып алу қабілеті азаяды. Кәсіпорынның дебиторлар мен өз уақытында есеп айырыспауынан болатын шығындарды есептеу үшін мерзімі өткен дебиторлық берешектен оның соммасын азайту қажет.

      Кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын басқару өте  маңызды. Ағымдағы активтерді басқарудың шеберлігі есепте минималды қажетті ақша қаражаттарын сақтаудан тұрады. Өзінің мәні бойынша ағымдағы оперативті қызмет үшін қажетті сомма сақтандыру қорын сипаттайды. Оның көлемі ең басты төлемдерді жаба алатындай болуы керек.

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау