Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның тұрақтылығын бағалауға көрсеткіштердің жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер келесілерді мінездейді:
Кәсіпорынды талдайтын қатыстық көрсеткіштерін тәуекелділік деңгейін бағалауға және банкроттықтың мүмкіндіктерін болжауға болуы үшін жалпы қабылданған нормамен салыстыруға болады. Нақты кәсіпорынның қатысты көрсеткіштерін басқа кәсіпорынның аналогиялық мәліметтерімен салыстыру кәсіпорынның әлсіз және күшті тұстарын және оның мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қатыстық көрсеткіштерді сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуі немесе көтерілу тенденцияларын анықтауға алдағы жылға аналогиялық мәліметтермен салыстыруға болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды тек қана кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін жетекшілер ғана емес, сонымен қатар инвесторлар, құрылтайшылар, банктер, мердігерлер, салық инспекциясы жүргізеді. Инвесторлар мен құрылтайшылар ресурстарды пайдалану тиімділігін анықтауға, банктер – несиелендіру шарттарын бағалауға және тәуекелділік деңгейін анықтауға, мердігерлер – төлемдерді өз уақытында алуға, салық инспекциясы - бюджетке қаражат түсу жоспарын орындауға кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды. Сондықтан талдау ішкі және сыртқы талдау болып бөлінеді.
Ішкі талдау кәсіпорын қызметкерлерімен жүргізіледі. Мұндай талдау нәтижелері кәсіпорын қаржылық жағдайын болжау, қадағалау және жоспарлауға пайдаланылады. Ішкі талдаудың мақсаты меншікті және зайымдық қаражаттардың рационалды араласуын және ақша-қаражаттардың жоспарлық түсімін қамтамасыз ету болып табылады. Қаражаттарды рационалды араластыруда кәсіпорынды дұрыс құруға, максималды пайда алуға және банкроттық тәуекелділікті ескеру үшін шарт құруға болатын араластыру түсіндіріледі.
Сыртқы талдау инвесторлармен, материалды және қаржылық ресурстардың мердігерлерімен есептікті баспадан шығару негізінде қадағалайтын органдармен жүргізіледі. Мұндай талдаудың мақсаты айырылып қалу тәуекелділігін ескеру және максималды пайдамен қамтамасыз ету үшін қаражаттарды тиімді салу мүмкіндіктерін бекіту болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайына
талдау жүргізуге ақпараттың
негізгі көзі есептік
бухгалтерлік баланс,
кірістер мен шығыстар
туралы есеп, ақша-қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп болып табылады.
2. Баланстың қаржылық құрылымын талдау
Шаруашылық етуші субъектінің қаржылық жағдайы көбінесе капитал көзінің оңтайлы құрылымына, яғни меншікті және займдық қаражаттардың сәйкестігіне, сол сияқты кәсіпорын активінің құрылымының оңтайлылығына және бірінші кезекте негізгі және айналым капиталының сәйкестігіне байланысты. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру қағидасында өмір сүруі үшін оған меншікті капитал қажет. Меншікті капиталдың ерекшелігі ол ұзақ мерзімге инвестицияланатындығында және сондықтан неғұрлым көп тәуекелдікті бекітеді. Капиталдың жалпы сомасындағы неғұрлым меншікті капитал мөлшері зайымдық капитал мөлшерінен көп болса, соғұрлым кредиторлардан қаражаттан айырылып қалу тәуекелділігі төмен болады.
Осыдан айта кету керек, кәсіпорын қызметін қаржыландыру тек меншікті қаражат есебінен болған өз кәсіпорын үшін өндіріс тиімді болмайды. Әсіресе бұл маусымдық өнім өндіретін кәсіпорын үшін тиімсіз. Мәселе былай, жеке кезеңдерде банктегі кәсіпорынның шотында көп қаражат жинақталатын болса, ол басқа кезеңдерде бұл қаражаттар жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, егер қаржылық ресурстардың бағасы жоғары, ал кәсіпорын салынған капиталға берудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алса, яғни несиелік ресерстарға төлеуден қарағанда, онда зайымдық қаражаттарды тарта отырып, ол меншікті (акционерлік) капиталының рентабельділігін көтере алады.
Сондай уақытта, егер кәсіпорын қаражаты негізінде қысқа мерзімдік міндеттемелер есебінен құрылған болса, онда оның қаржылық жағдайы басқа капиталдарды ұзаққа созылмайтын уақытта айналымға тарту және олардың өз уақытында қайтарылуы үшін қадағалауға бағытталған өндіріс оперативті жұмыс қысқа мерзімді капиталды пайдаланумен қажет болғандықтан тұрақсыз болады. Сондықтан да меншікті және зайымдық капиталдың сәйкестігі қаншалықты оңтайлы болғандығына көбінесе кәсіпорынның қаржылық жағдайы байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер келесілер болып табылады:
Осындай бағытпен, неғұрлым қаржылық автономия коэффициентінің деңгейі жоғары және қаржылық тәуекелділік коэффициенті мен қаржылық тәуелділік коэффициентінің деңгейі төмен болса, соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтырақ болады.
Қаржылық тәуекелділік коэффициентінің шамасы (қаржылық рычаг иығы) тәуелді:
Қаржылық тәуекелділік коэффициентінің шамасы келесі формуламен анықталады:
Кф.р.
= зайымдық капитал/ меншікті капитал =
зайымдық капитал / активтердің сомасы:
негізгі капитал/ активтердің сомасы:
ағымдағы активтер/ негізгі капитал: меншікті
айналым капиталы / ағымдағы активтер:
меншікті капитал / меншікті айналым капиталы
Бұрын белгіленгендей банктер және басқа да кредиторларға неғұрлым сенімділік егер меншікті капиталдың үлесі тапсырыс берушілерде неғұрлым жоғары болған неғұрлым жоғары болған жағдай. Басқа себеп бойынша зайымдық қаражаттарды тартумен кәсіпорын қызыққан уақытта:
Әр түрлі салаларда меншікті және зайымдық қаражаттардың қарым-қатынасы нормативі болды. Төменгі айналымға түсетін капиталдың саласында қаржылық рычаг иығы 0,5-н жоғарыламауы керек. Жоғарғы айналымға түсетін капиталдың, негізгі капиталдың төменгі мөлшерімен, коэффициент 1-н жоғары болады.
Зайымдық капиталдың болжамдық нормативтік шамасының үлесін келесі бағытпен анықтауға болады: активтердің жалпы сомасындағы негізгі капиталдың үлес салмағын 0,25-ке, ал ағымдағы активтің үлес салмағын 0,5-ке бөлу керек. Алынған нәтижені меншікті капитал үлесіне бөліп (зайымдық капитал мен бірлік арасындағы айырмашылық), қаржылық рычаг коэффициенті мәнінің нормативтік болжамуын алуға болады.
Кәсіпорын капиталын қалыптастыру құрылымын бағалауға өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті есептелінеді. Берілген коэффициент қаржылық табыстардың ішкі және сыртқы көзінің жалпы сомасына қаржыландыратын табыс сомасының қатынасы ретінде есептелінеді. Мұнда өзін-өзі қаржыландыратын табыс сомасы амортизацияның және реинвестицияланатын пайда сомасы ретінде есептелінеді. Өзін-өзі қаржыландыру коэффициентін қосылған құнға өзін-өзі қаржыландыратын табыс қатынасы ретінде де есептеуге болады. Бұл көрсеткіш құрылған байлыққа қатынас бойынша кәсіпорынның қызметін өзін-өзі қаржыландыру деңгейін көрсетеді.
Қаржылық қызметте және оның тиімділігін көтеруде кәсіпорын қаражатын араластырудың үлкен мағынасы бар. Өндірістік және қаржылық қызметтердің нәтижесі, яғни кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көбінесе келесі моменттерге байланысты:
Егер
шикізат пен материалдың
3. Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кешендік ұғым болып табылады. Ол кәсіпорын потенциалды және нақты қаржылық мүмкіндіктері көрінетін көрсеткіштер жүйесімен түсіндіріледі. Қаржылық жағдай ішкі және сыртқы факторлар жиынтығының әсерімен жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін бағалауға оның шаруашылық қызметіне талдау жүргізу қажет. Талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы қаржылық процестің даму тенденциясын бағалау және анықтау. Қаржылық талдау келесі сұрақтарға жауап беруі керек:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға қажетті ақпарат есеп беруде, аудиторлық қорытындыларда, оперативті бухгалтерлік есепте және басқа көздерде мазмұндалған.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесілерді қосады:
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің негізгі формалары:
Кәсіпорын балансы капитал көзін және оның араласуын көрсететін біріккен кестені кезегінде ұсынады. Баланс кестесінің сол жағында фирманың активтері орналасқан, яғни кәсіпорын иеленетін және шаруашылық қызметке белсенді араласатын материалды-ақшалай қаражаттар. Баланстың оң жағы – қажетті капиталдың қаражаттар алдың әр түрлі көздерін қосатын пассивтер. «Баланс» сөзінің өзі француз тілінен аударғанда тепе-теңдік деген мағына береді. Берілген жағдайда баланс актив пен пассивтің тепе-теңдігін көрсетеді. Яғни кәсіпорынның пайдаланатын қаражаттары оларды алудың ақшалай көзіне тең болуы керек.