Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Запас айналымын анықтаудың басқаша түрі таза сатуды көлемін запас көлеміне бөлу болып табылады:
Негізгі қаражат айналымы (фиксирленген активтер) кәсіпорынның таза сату көлемін негізгі қаражаттардың көлеміне бөлуде анықталады.
ООС
негізгі қаражатпен келген әрбір
теңгені, яғни жалпы жылсайынғы табысты
анықтайды. ООС баланс құнының орнатуына
қарсы негізгі қаражатты
Тағы бір белсенділіктің көрсеткіші – кәсіпорынның ресурстарын қолдануды басқарудың тиімді индикаторы болып табылатын кәсіпорынның жалпы активтерінің айналымы.
Егер 1-ден жоғары болу тиіс белсенділіктің жалпы көрсеткіші төмен болатып болса, онда ол кәсіпорынның солғын қызметін, сату көлемінің төмендігін, активтердің үлкен тауарлы-материалды запастармен қалғанын білдіреді.
Ағымдағы
өтімділік коэффициентінің
мұнда ТА – ағымдағы активтер
ТП – ағымдағы пассивтер
Содан кейін ағымдағы өтімділік коэффициент деңгейінің жалпы өзгеруін анықтайды:
К м.л.ф. - К м.л.0
Соның ішінде өзгерістер де:
- Ағымдағы активтер сомасы: К м.л. усл. - К м.л.0
- Ағымдағы міндеттемелер сомасы: К м.л.ф. - К м.л. усл.
Содан кейін пропорционалды бөлу тәсілі арқылы бұл өсімдерді факторлар бойынша орналыстыруға болады. Бұл үшін ағымдағы активтердің әр статья үлесін жалпы өзгерістегі олардың сомасын берілген фактор есебінен ағымдағы өтімділік коэффициентінің өсімін көбейту керек. Енді ағымдағы пассив бойынша және өтімділік коэффициентінің көлемінің өзгерісі екінші тәртіптегі фактор әсері бойынша есептелінеді.
Егер жалпы коэффициентті осындай схема бойынша талдаса, онда әр кәсіпорын үлкен материалды запастар жиналып қалған кәсіпорындар төлем қабілетті болады. Сондықтан банктер мен басқа да инвесторлар тез өтімді (аралық) коэффициентті таңдайды.
Көрсеткіштін
негізгі басымдылығы –
4. Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі
Тез өтімділік коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарының жалпы сомасына бірінші екі топтағы өтімділік қаражаттарының қатынасымен анықталады. Әдетте инвесторларды 0,7 - ден 0,1- ге дейінгі қатынастар қанағаттандырады. Бірақ бұл қатынас жеткіліксіз болуы мүмкін, егер өтімділік қаражатының үлкен бөлігін дебиторлық берешек құрайтын болса, әсіресе өз уақытында табыла қоймайтындар. Бұндай жағдайда да көп қатынастар керек болады. Егер ағымдағы активтердің үлкен бөлігін ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (бағалы қағаздар) құраса, онда қатынас аз болуы мүмкін.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша резервтерінің нормасы) алдыңғы көрсеткіштерді толықтырады. Бұл коэффициент кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарының жалпы сомасына бірінші топтағы өтімді қаражаттардың қатынасымен анықталады. Абсолютті өтімділік коэффициент көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыздарды өтеуге кепілдік көп болады, себебі мұнда кәсіпорынды жою жағдайында бұл активтер дің тобы өз құнын жоғалтпайды. Коэффициент ұғымы 0,2-0,25-ті құрайтын болса, жеткілікті болып есептеледі. Егер кәсіпорын ағымдағы уақытта өз қарызының 20-25% өтей алатын болса, онда оның төлем қабілеті дұрыс дер саналады.
Есте сақтау керек, абсолютті өтімділік коэффициенті жақсы немесе жаман төлем қабілеттіліктің деңгейін айқындамайды. Оның деңгейін бағалауда қысқа мерзімді міндеттеме айналымының жылдамдығы мен ағымдағы активтің айналым қаражатының жылдамдығын ескеру қажет. Егер төлем қаражаттары тезірек айналса, яғни төлем міндеттемелерінің мүмкін жағдайынан да жақсы айналса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бірқалыпта болады. Сол уақытта қолма-қол ақшаның жоқтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен айырылуынан немесе банкроттыққа ұшырау жолына түсуіне алып келеді.
Тек осы көрсеткіш арқылы қателіксіз кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға болады, өйткені берілген процесс өте күрделі және оған 2-3 көрсеткіш арқылы толық мінездеме беру мүмкін емес. Өтімділік коэффициенттер салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады және белгілі бір мезгілде өзгермейді. Өнімділікті толықтан және объективті бағалау үшін факторлық модельді қолдануға болады:
мұнда х1 – түсімнің теңгеге айналатын ағымдағы активтің көлемін сипаттайтын көрсеткіш (активтер рентабельділігінің кері шамасы)
х2 – өзінің қызметінің нәтижесінде
өз қарыздарын жаба алатын қаржылық тұрақтылығын
сипаттайтын кәсіпорын көрсеткіші
көрсеткіші жоғары болған сайын, кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсара береді.
Өтімділік көрсеткіштерінің көлемі уақытша көлем болып келеді, өйткені активтер өтімділігін және бухгалтерлік баланс бойынша жедел міндеттемелерді белгілі бір шамада анықтауға болады. Мысалы,босалқылар өтімділігі оның сапасына, айналымына, тапшылық мөлшеріне және жатып қалған материалдар мен дайын өнімге байланысты. Дебиторлық берешек өнімділігі оның айналымына мерзімі өтіп кеткен төлемдер мөлшеріне және келіп түспеген төлемдерден тұрады. Сол үшін өтімділікті дұрыс бағалауда бухгалтерлік есептегі аналитикалық мәліметтер негізінде ішкі талдауға қол жеткізуге болады.
Осымен байланысты жеңілдіктер нормативін қолдана отырып ағымдағы өтімділік коэффициентінің есептеу әдістемесінің мағынасын артады. Бұл әдістің мәні өтімділіктің орташа статистикалық бағалау негізінде әр баланс статьясына арналып, нормативті жеңілдіктер өңделеді, және олардың негізгі баланс статья арасындағы жеке топтарды қайта бөлу жүргізіледі. Мысалы, тез іске асатын активтерге дебиторлық берешектің 80%, дайын өнімнің 70%, өндіріс запасының және аяқталмаған өндірістің 50% қатыстыруға болады. Бұл активтерден қалған бөлігін жай іске асатын активтерге жатқызуға болады. Дәл осындай қайта бөлістіру кредиторлық берешекке де жасалады: ұзақ мерзімді берешектің бөлігі қысқа мерзімді берешекке жатқызылады және керісінше.
Сонымен
қатар өтімділік
Бақылау сұрақтары:
Тақырып 9. Қаржы тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның
қаржы жағдайын талдауда маңызды
тапсырмалардың бірі оның қаржы тұрақтылығын
сипаттайтын көрсеткіштермен танысу
болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау
кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын
қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын
анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының
мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық
қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының
тиімді қалыптасуы мен пайдалануымен
меншікті капитал қаржы ресурстарына
ең алдымен таза (бөлінбеген) пайда мен
амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы
тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде
шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі
көрініс табады. Төлем
қабілеттілік – бұл
кәсіпорынның коммерциялық,
несиелік және төлем
түріндегі басқа операцияларынан
туындайтын өзінің қаржылық
міндеттемелерін орындай
алу қабілеттілігі.
Сурет
– Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын
көрсеткіштер
Кәсіпорынның қанағаттанарлық төлем қабілеттілігі келесідей параметрлермен расталады:
Төмен төлем қабілеттілік кездейсоқ, уақытша, ұзақ мерзімді немесе созылмалы болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді төмен төлем қабілеттілік кәсіпорынды дағдарысқа алып келуі мүмкін.
Қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы типі кәсіпорынның негізінен қаржыландырудың меншікті қайнар көзі негізінде даму қабілеттілігі. Бұл үшін ол қаржылық ресурстардың икемді құрылымы мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігіне ие болуы, яғни несие қабілетті болуы қажет. Кәсіпорын несие қабілетті болып саналады, егер меншікті қаржы ресурстар негізінде кредиторға алынған ссуданы уақытында қайтару қабілеттігі болса.
Қаржы тұрақтылығын сақтап қалуы үшін кәсіпорынға тек пайда көлемінің өсуі ғана емес сонымен қатар оның деңгейінің салынған капиталға қатысты өсуі де, яғни рентабельділік де қажет.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы – бұл кәсіпкерлік тәуекелділіктің ең төменгі деңгейінде төлем қабілеттілік пен несие қабілеттілікті сақтай отырып меншікті қаражат негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның ақша ресурстарының жағдайы.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді:
Өндірістік процесс кезінде кәсіпорында үнемі тауарлы-материалды құндылықтар қоры толықтырылып отырады. Бұл мақсатқа қалай меншікті айналым қаражаты пайдаланылса, солай қарыз қайнар көздері де пайдаланылады. Қорларды қалыптастыру үшін қаражаттардың болуын анықтағанда қаржылық тұрақтылықтын абсолютті көрсеткіштері анықталады.
Қорларды (босалқыларды) қалыптастыруда қайнар көздің (меншікті қаражат, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер мен займдар). Әр түрін анығырақ көрсету үшін көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
мұнда СОС – ағымдағы кезең соңындағы меншікті айналым қаражаты (таза айналым капиталы)
СК – меншікті капитал
ВОА – айналымнан тыс активтер