Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Работа содержит 1 файл

лекции.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

      Сыртқы  инвесторлардың  төлем қабілеттілікті бағалауы ағымдағы активтердің өтімділігін сипаттайды.  Баланстың өтімділігі дегеніміз – субъектінің шаруашылығы активтерін қолма-қол ақшаға айналдыра алуы және өзінің өтем міндеттемелерін жаба алуы, нақты айтқанда – бұл  кәсіпорынның өз міндеттемелерін активтерімен жабу, қолма-қол ақшаға айналдыру мерзімі, өтеу мерзімі келген міндеттемесін жабу мерзіміне сай келуі. Ол барлық төлем қаражаттар көлемінің қысқа мерзімді  қарыздық міндеттемеге сай келу деңгейіне тәуелді.

      Баланстың өтімділігіне қарағанда кәсіпорынның өтімділігі жалпы түсінікті ұғындырады. Баланс өтімділігі  төлем қаражаттарының тек ішкі көздерден ғана (активтерді іске асыру)  жабылуын қарастырады. Бірақ кәсіпорынның сырттан займдық қаражат тартуына болады, егер ол кәсіпкерлік өмірге сай имиджі болса және инвестициялық қызықтырушылық деңгейі жоғары болса.  

Сурет  – Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің көрсеткіштері арасындағы байланыс көрсетілген

     Өтімділік кәсіпорынның тез және минималды  деңгейдегі қаржы жоғалтуда өз активтерін (мүліктер) ақша қаражаттарына айналдырып алуымен анықталады. Ол сонымен қатар кассада қалған қалдық ақша нысанында, банктер шоттарындағы ақша қаражаттар түрінде және ағымдағы активтердің тез іске асыра алатын элементтерімен сипатталады.

     Төлем қабілеттілік пен  өтімділік түсініктері  өте жақын, бірақ екіншісі икемдірек. Төлем қабілеттілік баланс өтімділігіне тәуелді. Өтімділік сонымен қатар ағымдағы шоттар жағдайын және перспективасын да сипаттайды.  Кәсіпорын нақты бір кезеңде төлем қабілетті болуы мүмкін, бірақ болашақта жағымсыз жағдайға ұшырауы да мүмкін. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін және баланс өтімділігінің арақатынасын көп қабатты ғимаратпен салыстыруға болады, мұнда барлық қабаттар бірдей, бірақ барлық қабаттар бірінші қабатсыз отырып қалады. Бұдан баланс өтімділігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің негізі  екенін білеміз. Басқа сөзбен айтқанда,  өтімділік төлем қабілетті ұстап тұрушы тәсілдердің бірі деп айтуға болады. Егер кәсіпорын үлкен имиджге ие болса және әр уақытта төлем қабілетті болса, онда оған өз өтімділігін ұстап тұру оңай болады.

     Осылайша  өтімділік -  ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жауап бере алуы. Егер кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен болса, бұл қаржылық денсаулығының әлсіздігінен және өз қызметінің көптеген сұрақтарын шеше алмайтындығын көрсетеді. Басқаша өтімділікті қәсіпорынның айналым (ағымдағы) активтерінің сапасы ретінде және олардың қарыздарды жаба алуы қабілеті ретінде анықтайды. Егер кәсіпорын негізгі стратегиялық жоспар құратын болса, онда өтімділік проблемасы ұзақ мерзімді жобалау процесіне дейін шешіліп қоюға тиіс.

     Кәсіпорынның  төлем қабілетінің жақсаруы айналым  активтерін және ағымдағы пассивтерін  басқару саясатымен тығыз байланысты. Бұндай саясат айналым қаражаттарының оптимизациясын және қысқа мерзімді міндеттеменің минимизациясын сипаттайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін бағалау үшін келесі негізгі әдістерді қолдануға болады:  баланстың өтімділік талдауы;  өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеу және бағалау; ақша (қаржы) ағымын талдау. 

     2. Активтер өтімділігін  талдау

     Баланс  өтімділігін талдау кезінде активтерді салыстыру пассив бойынша мінездемесінің өтімділік деңгейімен топтастырылған және оларды жабу мерзімімен реттелген  активтерді салыстырады. Кәсіпорын төлем қабілетті деп есептеледі, егер келесі шарт орындалса:

мұнда ОА – айналым активтері; КО – қысқа мерзімді міндеттемелер 

      Төлем қабілетінің көп  кездесетіндері: егер өзімдік айналым қаражаттары мерзімді міндеттемелерді (кредиторлық берешек) жабатын болса:

мұнда СОС – өзіндік айналым қаражаттары (ОА-КО); СО – одан тез міндеттемелер 

      Тәжірибеде  кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  баланс өтімділігі арқылы көрінеді. Баланс өтімділігін бағалаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның міндеттемелерін өз активтерімен жабу көлемін бекіту, трансформация мерзімін яғни ақша қаражаттарының міндеттемелерді жабу мерзіміне сай келуін бекіту болып табылады. Баланстағы активтер мен пассивтерді талдауды іске асыру үшін келесі белгілері бойынша жіктеледі:

  1. Өтімділік (актив) дәрежесінің кемуі бойынша;
  2. Міндеттемелерді тез төлеу дәрежесіне байланысты.

    Баланс  өтімділігін анықтау үшін активтер және пассивтер топтарын өзара салыстырады. Абсолютті өтімділік шарты келесідей:

    

 

          Абсолютті баланс өтімділігінің  міндетті шарты болып,  бірінші  үш теңсіздіктің орындалуы табылады. Төртінші теңсіздік теңестіруші  сипатқа ие. Оның орындалуы кәсіпорынның жекеменшік айналым қаражатының  бар екенін куәландырады. Капитал және резервтер айналым активтеріне жатпайды.

    Бірінші топ (А1) абсолютті өтімді активтерді еңгізеді; оларға қолма-қол ақшалар және қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.

      Екінші  топқа (А2) тез іске асатын активтер жатады: дайын өнім, жиелген тауарлар және дебиторлық берешек. Бұл топтың ағымдағы активтердің өтімділігі өнімді уақытылы тиюден, банктік құжаттарды дайындаудан, банктағы төлем құжатайналымдарының жеделдігінен, өнімге деген сұраныстан, оның бәсеке қабілеттілігінен, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінен, төлем нысандарына тікелей тәуелді.

      Өндіріс запастарын және аяқталмаған өндірісті  дайын өнімге, содан кейін оны  ақшаға айналдыру үшін көп уақыт  кетеді. Сол үшін олар жай іске асушы активтер (А3) үшінші тобына жатады.

      Төртінші  топ (А4) – бұл өткізілуі қиын активтер, бүған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржы салымдар, аяқталмаған құрылыс жатады.

      Кәсіпорынның  міндеттемелері де сәйкесінше төрт топқа бөлінеді:

      П1 – жедел міндеттемелер (кредиторлық берешек және қайтару ауқыты келген банк несиелері);

      П2 – орта мерзімді міндеттемелері (банктің қысқа мерзімді несиелері);

      П3 – займдар және банктің ұзақ мерзімді несиелері;

      П4 – меншікті (акционерлік) капитал.

      Теория  жүзінде активтер тобының біріндегі  қаражат тапшылығы екінші бір топтағы артықшылықпен толықтырылады. Бірақ тәжірибеде өтімділігі төмен активтер жоғары өтімділікті активтердің орнын баса алмайды. Сондықтан теңсіздіктердің кез-келгені оңтайлы нұсқада көрсетілген таңбаға қарама-қарсы болса, онда баланс өтімділігі абсолюттіден ауытқиды. А1-ді П1-мен және А12-ні П2-мен салыстыру жақын арада төлем қабілетті деп саналатындығын куәландыратын кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін анықтауға мүмкіндік береді. А3-ті П3-пен салыстыру ұзақ мерзімді төлем қабілеттілігін болжаудың негізі саналатын болашақ өтімділікті бейнелейді.

      Баланс  өтімділігін талдау кезінде таза айналым капиталы  атты көрсеткішке назар аудару керек. Таза айналым капиталы (таза айналым қаражаттары) «Айналым активтері» мен «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімдерінің қорытынды нәтижелерінің айырмасына тең. Осы көрсеткіштің өсімі кәсіпорын өтімділігі деңгейінің өсімін бейнелейді. 

3. Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау

      Қәсіпорынның  қаржылық жағдайын сапалы түрде бағалау  үшін баланс өтімділігінің абсолютті көрсеткіштерімен қатар, қаржылық көрсеткіштерді де анықтаған абзал. Мұндай есептеудің мақсаты – қолда бар айналым активтерімен қысқа мерзімді міндеттемелерді жаба алу мүмкіндігіне байланысты қатынастарын бағалау. Айналым активтері оларды өткізу кезінде әртүрлі өтімділік дәрежесіне ие болады: ақша қаражаттары абсолютті өтімді деп саналады,  одан кейін өтімділік дәрежесінің кемуі бойынша қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық берешек, босалқылар орналасады. Бұдан, өтімді қаражаттарды есептеу тәртібіне жатқызылуына байланысты ерекшеленетін әртүрлі көрсеткіштерді кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілігін анықтау үшін пайдаланамыз. Оларды  әр айдың соңында есептеген жөн. Өйткені ол өтімділік пен төлем қабілеттілік көрсеткіштерінің динамикалық қатарларын құруға мүмкіндік береді. 

Кесте – Кәсіпорынның төлем  қабілеттілігі мен  өтімділігін бағалауда  қолданатын қаржылық көрсеткіштер

   Көрсеткіштер  атауы        Не  түсіндіреді        Есептеу тәсілі        Көрсеткіштің  интерпретациясы
   1.Абсолютті (тез) өтімділіктің коэффициенті (Кал)    Кәсіпорын жақын арада (баланс құрудағы мерзімге) қысқа мерзімді берешектің қандай бөлігін  жабуға дайын        

   мұнда ДС- ақша қаражаттары; КФВ- қысқа мерзімді қаржылық салымдар; КО – қысқа мерзімді міндеттемелер

   
   0,15-0,2 ұғымын ұсынады. Төмен ұғым төлем қабілеттіліктін төмендеуін көрсетеді    
   2. Ағымдағы (анықталған) өтімділік коэффициенті (К тл)    Кәсіпорынның  жоспарланған қазіргі заманға сәйкес дебиторлармен есеп айырлысу жүргізу  мүмкіндігі        

   мұнда ДЗ – дебиторлық берешек

   0,5-0,8 ұғымын ұсынады. Төмен ұғым  дебиторлармен жүйелі түрде жұмыс  істеуінің қажеттілігін көрсетеді    
   3. Қаражаттарды мобилизациялау кезіндегі өтімділік коэффициенті (К лмс)    Қысқа мерзімді міндеттемені жабу үшін ақша қаражаттар мобилизациялық қөзқараспен қарағанда кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің материалдық запастардан тәуелділік дәрежесі        

   мұнда З – тауарлы-материалдық құндылықтардың запастары

   
   0,5-0,7 ұғымын ұсынады. Төменгі шекара  қысқа мерзімді міндеттемелерді  жабу үшін запастар мобилизациясының жеткілікті екенін сипаттайды
   4. Жалпы өтімділіктің коэффициенті

    (К ол)

   Кәсіпорынның  өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін  жабу үшін айналым қаражаттарының жеткілікті болғандығы.            1-2 ұғымын  ұсынады.  Төмендегі шекара қысқа мерзімді міндеттемені жабуға айналым қаражаты жеткілікті болуға тиістігін көрсетеді    
   5. Меншікті төлем қабілеттілік коэффициенті (К сп)    Қысқа мерзімді міндеттемедегі таза айналым  капиталының мөлшерлемелерін, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді кәсіпорын таза айналым активтерінен төлей алатындығын сипаттайды        

   мұнда ЧОК – таза айналым капиталы

   Бұл көрсеткіш  әр кәсіпорынға индивидуалды және ол өндірістік коммерциялық қызметінің классификациясына  тәуелді    
 

    Қысқа мерзімді перспективада төлем қабілетті бағалауда келесі көрсеткіштерді қолданады:

  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті;
  • Аралық өтімділік коэффициенті;
  • Абсолютті өтімділік коэффициенті.

    Ағымдағы  өтімділік коэффициенті (қарыз  жабушы коэффициент) жалпы қысқа мерзімді міндеттемеге барлық ағымдағы активтер сомасының, оның ішінде запастар және аяқталмаған өндіріс, қатынасын белгілейді. Бұл коэффициент ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтерді жабу дәрежесін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ағымдағы өтімділік коэффициенті (қарыз жабушы коэффициент) фирманың ағымдағы активтері мен және оның ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелердің арасындағы арақатынасын көрсетеді.

    

    Ағымдағы  активтердің ағымдағы пассивтерден жоғары болуы шығындарды компенсациялауға резервтік запаспен қамтамасыз етілуін білдіреді. Нақты ақшадан басқа барлық ағымдағы активтерді орналастыру мен жою кезінде кәсіпорын шығынға ұшырауы мүмкін. Запас шамасы өскен сайын, қарыз жабылатына несиегерлердің сенімділігі арта  береді. Басқаша айтқанда,  жабу коэффициенті болашақта ескерілмеген көптеген қаржы қаражаттарын қысқартатын кез келген жағдайлардан ағымдағы активтердің нарықтық бағаларының төмендеуінің қауіпсіздік шегін анықтайды.

    Барлық  кәсіпорындар үшін осы көрсеткіштің жалпы шамасын негіздеу мүмкін емес, себебі ол қызмет сферасына, активтердің құрылымы мен сапасына, өндіріс-коммерциялық цикл ұзақтығына, кредиторлық берешекті жабу жылдамдығына тәуелді. Сол үшін кәсіпорынды осы көрсеткіш деңгейіне байланысты салыстыруға болмайды. Оны тек кәсіпорынның динамикасын зерттегенде пайдалану керек.

Сурет   – Ағымдағы өтімділік коэффициентін факторлық талдау

          Тауарлы-материалды запастардың айналымы (ОЗ) оны ресурстарды сатып алудан дайын өнімді сатуға дейінгі өткен тауар жылдамдығымен өлшенеді. ОЗ есептеу тек сату көлемі бірқалыпты өсу кезінде қолданады. ОЗ үлкен көрсеткіші кәсіпорынның жақсы өтімділігін немесе керемет тауар өнерін көрсетеді. Немесе керсінше -  сату үшін запас көлемінің жеткіліксіздігін. Төмен ОЗ өтімділіктің дұрыс болмаун, запастардың артығын немесе ескіруін көрсетеді. Кейкезде ОЗ-ның төмендеуіне сату мерзімі, мерзімсіз тауарлардың жиналып қалуы, запастарды ұстап тұру саясатының жүргізілуі, басқа да жағдайларға байланысты жоспарланған запастардың көтерілуі  әсерін тигізеді.

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау