Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Работа содержит 1 файл

лекции.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

      Ақша  ағымдары жоспарланады. Бұл үшін әр айға, ал оперативті басқару үшін декада немесе бес күндік, табыс және шығындар жоспары құрылады.

      Егер  ұзақ уақыт бойына ақша қаражаттарының оң қалдығы жоспарланса, онда оның тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Жеке кезеңдерде нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігі тууы мүмкін. Онда заимды қаражаттардың тартудың көздері жоспарланады.

     Талдау  жүргізгенде банк шотындағы нақты  ақша қалдықтарының динамикасы және берілген актив түрінде капиталды  табу кезеңін зерттейді. Нақты ақшада капиталды табу кезеңі келесі үлгіде анықталады:

     

    Мерзімі өткен төлемдердің қатысуы жоспарлы ақша қаражаттарының түсуі шығындалуын, яғни ақша ағымының жақсы балансталуын дәлелдейді. 

     Бақылау сұрақтары:

  1. Баланс статьяларының топтастырылуы қалай жүргізіледі?
  2. Айналымнан тыс активтерге қандай қаражаттар жатады?
  3. Айналым капиталға қандай қаражаттар жатады?
  4. Кәсіпорыннан тыс қандай  қаражаттар пайдаланылады?
  5. Монетарлық және монетарлық емес активтер деген не?
  6. Ұзақ мерзімді активтерге қандай қаражаттар жатады?
  7. Инвестициялқ қызмет кәсіпорынның қаржылық жағдайына қандай әсерін тигізеді?
  8. Өндіріс қорлардың сапасы кәсіпорынның қаржылық жағдайына қандай әсерін тигізеді?
  9. Қорлар айналымдылығының кезеңі қалай анықталады?
  10. Дайын өнімнің бары кәсіпорынның қаржылық жағдайына қалай әсер етеді?
  11. Аяқталмаған өндірістің мөлшері кәсіпорынның қаржылық жағдайына қалай әсер етеді?
  12. Дебиторлық берешекпен кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің қандай өзара байланыстары бар?
  13. Дебиторлық берешектің айналымдылық кезеңі қалай анықталады?
  14. Ақшалай қаражаттарды басқарудың мәні неде тұрады?
  15. Кәсіпорынның ақшалай қорлардың жылжуының сипаттамасын беріңіздер
 
 

Тақырып 7. Міндеттемелер мен меншікті капиталды талдау 

  1. Нарықтық  экономикада жағдайындағы капиталдың мәні және ролі
  2. Капиталдың қалыптасу көздерінің құрамы мен динамикасын талдау
  3. Капитал айналымдылығын талдау
  4. Меншікті капиталдың табыстылығын талдау
 

1. Нарықтық экономикада жағдайындағы капиталдың мәні және ролі

      Кез келген іс-әрекет ету аясында бизнес ақша қаражаттарының нақты бір сомасымен  басталады, яғни сол қаражатқа өнімді өндіру және сатуға қажетті ресурстар алынады. Капитал айналым шеңберінің үш сатысынан өтеді: дайындық, өндірістік және өткізу.  Бірінші сатысында кәсіпорын өзіне қажетті негізгі қорлар мен өндірістік запастарды сатып алады. Екінші сатыда қаражаттардың бір бөлігі өндіріске запастар түрінде түссе, екінші бөлігі еңбекақыға, салық төлеуге, әлеуметтік сақтандыру төлемдеріне және басқа да шығындарға жұмсалады. Бұл саты дайын өнім өндірумен аяқталады. Үшінші сатыда дайын өнім сатылып, кәсіпорынға алғашқы сомадан алынатын пайда мөлшеріне артық сома келіп түседі. Бұл неғұрлым капитал тезірек айналса, соғұрлым кәсіпорын көп өнім сатып, белгілі бір кезең ішінде жұмсалған капитал мөлшерінде өнім өндіріп пайда табады дегенді білдіреді. Қаражаттардың кез-келген сатылардың біреуінде кідіріп қалуы капитал айналымын тежеп, қосымша қаржы тартуды талап етеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі.  

 

Сызба – Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамы

     Айналымдылықтың жеделдетілуі қосымша қаржылық ресурстарсыз-ақ өнім өндіру көлемін арттырады. Бұдан басқа, пайда сомасы да артады. Егер өнімді өндіру мен сату шығынды болса, қаражаттар айналысының тездетілуі қаржылық нәтижелердің нашарлауын тудырады, яғни капиталды «жеп қояды» (жұтады).

     Капитал – бұл пайда табу мақсатымен өз қызметін жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің қолында бар қаражаттары. Кәсіпорынның капиталы меншікті (ішкі) және тартылған (сыртқы) көздерден қалыптасады.

      Қаржыландырудың негізгі көзі меншікті капитал болып табылады. Оның құрамына кіреді:

  • Жарғылық капитал;
  • Жинақталған капитал (резервті капитал, косылған капитал, жинақ қоры, бөлінбеген пайда);
  • Басқа да түсімдер (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналары және т.б.)

     Жарғылық  капитал деп жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған құрылтайшылардың салған ақша қаражаттарын түсінеміз. Мемлекеттік кәсіпорындарда жарғылық капитал деп мемлекет бекіткен, бірақ толық шаруашылық жүргізуге өкілеттілік берілген мүліктердің құнын айтамыз. Акционерлік кәсіпорындардағы жарғылық капитал – бұл акцияның барлық түрлерінің номиналды құны. Жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үшін жарғылық капитал болып меншік иелерінің үлесі сомалар, ал жалға алынған кәсіпорындар үшін – оның қызметкерлері салымдарының сомасы саналады. Құрылтайшылардың салымдары ақшалай, мүліктік және материалдық емес активтер түрінде де болуы мүмкін.

 

Сызба – Тартылған капиталдың  классификациясы 

     Қосылған  капитал  мүлікті қайта бағалау немесе акцияның нарықтық бағасынан артық бағада сатылуы нәтижесінде қалыптасады. Жинақтау қоры кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар және мүліктің бір бөлігін сату есебінен құрылады. Пайда есебінен жинақтау қоры, тұтыну қоры және резервті қоры құрылады. Мұнда бөлінбеген пайданың қалдығы болуы да мүмкін. Сонымен бірге қосымша акциялары шығарылады. Мақсатты бағытталған және арнайы қаржыландыру қаражаттары – бұл қайтарымсыз түрде алынған құндылықтар, қайтарылатын және қайтарылмайтын әлеуметтік соманы қаржыландыруға бағытталған бюджеттік ассигнациялар. Тартылған капитал – бұл банк несиелері, зайымдар, кредиторлық берешектер, лизинг, коммерциялық қағаздар және т.б. Тартылған капитал ұзақ (1 жылдан астам) және қысқа мерзімді (1 жылға дейін) болып бөлінеді.

     Кәсіпорын капиталы негізгі құралдарды сатып алуға, өндірістік және өндірістік емес сипаттағы объектілерді  салуға, шикізаттарды, отын, энергия, еңбекақы төлеуге, салықтарды төлеуге, несиелер бойынша пайыздарды жабуға, дивидендтерді төлеуге жұмсалады. Яғни капитал ұзақ мерзімді активтерге де, ағымдағы активтерге де салынуы мүмкін. Ұзақ мерзімді активтер әдетте меншікті капитал мен банктердің ұзақ мерзімді несиелері және займдары есебінен қалыптасады. Ағымдағы активтер меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

     Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық жағдайы капиталдың қалай орналастырылғандығына, қандай сфера мен қызметтерде пайдаланылатындығына тәуелді. Ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік баланс табылады.

     Ұзақ  мерзімді активтерге жатады: негізгі құралдар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, аяқталмаған құрылыстар, жалға берушілермен есеп айырысулар және т.б.

     Материалдық емес активтерге жататындар: патенттер, лицензиялар, тауар белгілерін пайдалану құқықтары, жерді пайдалануға, пайдалы қазбаларды, брокерлік орындарды пайдалану құқығы, бағдарламалық қамтамасыз етулер. Олардың материалдық-заттай негіздері болмайды. 

 

     Сызба –  Кәсіпорынның капиталын орналастыру 

     Ағымдағы  активтер – бұлар өндірістің босалқылар аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар, есеп айырысулар, ақша қаражаттары және т.б.

     Меншікті  қаражаттардың қайнар көзі ретінде саналатындар: жарғылық қор, қорлар мен резервтер, бөлінбеген пайда, займдар.

     Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер  – бұл банктердің, ұзақ мерзімді несиелері, облигациялар, зайымдар.

     Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер – бұл банктердің қысқа мерзімді несиелері, кредиторларға берешектер, еңбекақы бойынша берешектер, бюджеттің және бюджеттен тыс қорларға, әлеуметтік сақтандыру органдарының алдындағы берешектер. 

     2. Капиталдың қалыптасу көздерінің құралы мен динамикасын талдау

     Баланс  пассивінде көрсетілетін мәліметтер мынаны анықтауға мүмкіндік береді:

  • Меншікті және тартылған капитал құрамында қандай өзгерістердің болғандығын;
  • Кәсіпорын айналымына қаншалықты ұзақ және қысқа мерзімді қарыздық қаражаттардың тартылғандығын.

    Басқаша айтқанда, баланс пассиві қаражаттардың қайдан алыңғанын және сол үшін кәсіпорын кімге қарыз екендігін көрсетеді.

    Меншіктілік дәрежесіне қарай капитал меншікті және тартылған болып бөлінеді. Пайдалану мерзіміне қарай тұрақты (перманентті) және қысқа мерзімді болып бөлінеді. 

Кесте – Капитал көздерінің құрылымы мен динамикасын талдау

   Капитал көзі    Сомасы, млн. тенге    Капитал құрылымы, %
   Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі    Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі
   Меншікті  капитал                                  
   Тартылған капитал                              
   Барлығы                              

      Қаржылардың жағдайын ішкі талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың құрылымы мен оның өзгеруінен  себептерін анықтап, есепті кезең ішіндегі өзгерістеріне баға беру керек.

Кесте – Меншікті капитал құрылымының динамикасы

   Капитал көзі    Нақты ақша, млн. тенге    Ақша  құрылымы, %
   Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі    Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі
   Жарғылық  капитал                              
   Резервтік капитал                              
   Арнайы  қорлар                              
   Бөлінбеген  пайда                              
   Барлығы                              

      Кестенің  мәліметтері меншікті капиталдың көлемі мен құрылымындағы өзгерістерді көрсетеді.

      Дәл сондай қалыппен тартылған қаражаттар құрылымы да талданады. 

Кесте – Тартылған капитал құрылымының динамикасы

   Капитал көзі    Сома, млн. тенге    Капитал құрылымы, %
   Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі    Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі
   Ұзақ  мерзімді несиелер                              
   Оның  ішінде                              
   12- айдан кейін өтелетін несиелер                              
   Қысқа мерзімді несиелер                              
   Кредиторлық берешек:                              
   Жабдықтаушыларға                              
   Оның  ішінде вексель бойынша                              
   Еңбекақы  бойынша қызметкерлерге                              
   Әлеуметтік  сақтандыру органдарына                              
   Бюджетке                              
   Басқа да кредиторларға                              
   Барлығы                              

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау