Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Работа содержит 1 файл

лекции.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

    Баланс  активіне 3 негізгі бөліктер кіреді: айналымдылық емес активтер, айналымдылық активтер және шығындар. Айналымдылық қаражаттарды басқаша ағымдағы активтер деп айтады. Олар жыл ішінде қолма-қолдыққа (немесе айналымданады) айналады деп айтылады. Айналым қаражатының негізгі екі бөлігіақша-қаражаттар және материалды-тауарлы босалқылар. Негізгі  қаражаттар немесе есептелінген активтер, көптеген уақыттардан кейін айналымға енеді, яғни кәсіпорынға неғұрлым ұзақ уақытта қызмет етеді. Материалды емес активтер  патент, лицензия, сол сияқты «кәсіпорын бағасы» болып аталатын – «гудвиллдер», яғни сату-сатып алудың құралы бола алатын кәсіпорынның сауда маркасының беделі құнынан жинақталады.

    Пассивтер кәсіпорынның өзінің кредиторларының  алдындағы міндеттемелерді  және кәсіпорын меншікті (акционерлік) капиталын қосады. Міндеттемелер өз кезегінде жыл ішінде төленетін ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелерге және ұзақ мерзімге төленетін ұзақ мерзімді міндеттемелерге бөлінеді.

    Кәсіпорын балансы қаржылық жоспарлаудың құжаттары  құралына кіреді. Есептік баланс қаржылық жоспарлаудың алғашқы кезеңіне –  қаржылық көрсеткіштерді талдауға негізінде қызмет етеді.  Мұнда әдетте кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты көрсететін неғұрлым сенімді ақпаратты қосатын – ішкі баланс құжаты пайдаланылады. Сыртқы баланс пайда мөлшерін төмендетумен құрылып, баспаға құрастырылады. Бұл мысалы, салық салынатын соманың төмендеуіне және резервтік капитал құрылуына жасалынады.

    Қаржылық  нәтижелер туралы және оның пайдаланылуы туралы есеп беру қаржылық талдауға ақпарат  мазмұндайды. Егер баланс кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігінің есептелінген көрінісін көрсетсе, онда табыстар мен шығыстар туралы есеп оның қаржылық операцияларының динамикасын көрсетеді. Бұл есеп беруде кәсіпорын шығындар және өз қызметінің нәтижесін салыстырады, таза пайда шамасын және оның бөлістірілуін анықтайды.

    Қолма-қолдықтың  қозғалысы туралы есеп соңғы уақытта неғұрлым көп мойындалған қаржылық құжатты ұсынады. Бұл құжат қолма-қолдықтың қайнар көзін және олардың пайдаланылуын талдауға мүмкіндік береді. 

Сурет  – Кәсіпорын ақша ағымының қозғалысы

     Талдау  келесі сұрақтарға жауапты мазмұндауы керек:

  • Ағымдағы жылда қандай көлемдегі қолма-қолдылықты кәсіпорын иеленді?
  • Қолма-қолдықтың қайнар көздері қандай (ақшалай капитал қайдан келді)?
  • Кәсіпорын өзінің қолма-қолдығын қалай пайдаланды?

    Басқаша айтқанда, қолма-қолдықтың қозғалысы туралы құжат кәсіпорын ақша-ағымын зерттейді. Қолма-қолдықтың қозғалысы кәсіпорын міндеттемесі бойынша төлеуге қолма-қолдықтың пайдаланылуы және сатудан алынған ақшалай табыспен аяқталып және болашақ табысқа қажетті қолма-қолдықты құратын акция сату және зайым асумен басталады. Іс жүзінде көптеген цикл нүктесінде бір уақытта болып және тоқтамай қолма-қолдық қимылдайтын болғандықтан циклдың анық айтылған басы не аяғы жоқ.

    Кез-келген мөлшердегі кәсіпорындарға қолма-қолдықтың  қозғалысының болжамын жасау ұсынылады. Әдетте қолма-қолдықтың қозғалысы өндіріс ай бойынша жарты жылға қысқа кезеңге жасалынады. Болжамға жоспарлық сияқты келесі іс жүзіндегі көрсеткіштер еңгізіледі.

    Кәсіпорын қаржылық қызметінің нәтижесін бағалау  және талдау оның қызметінің қисық нүктелерін анықтауға, проблеманың себебін анықтап және оның шешім табуына бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Қаржылық талдау келесі негізгі кезеңдерден құрылады:

  • Стратегиялық проблеманы талдауға сәйкес келетін көрсеткіштер таңдау;
  • Осы көрсеткіштер есебі;
  • Ортасалалы және бәсекелестік шамамен ағымдағы жылға берілген кәсіпорынның аналогиялық көрсеткіштермен алынған шаманың салыстырылымы;
  • Кәсіпорынның болашақ мүмкіндіктерін және проблеманы шешу әдістерін анықтауға қаржылық жоспардың жасалынуы кезіндегі көрсеткіштерді пайдалану.
 

Бақылау сұрақтары:

    1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деген не?
    2. «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы» деген термин нені белгілейді?
    3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қандай факторлар әсерін тигізеді?
    4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады?
    5. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ішкі талдауының мәні неде тұрады?
    6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың сыртқы талдауы деген не?
    7. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
    8. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті қандай факторларға тәуелді?
    9. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті қалай анықталады?
    10. Зайымдық капиталдың нормативті үлесі қалай анықталады?
    11. Өзі-өзін қаржыландыру коэффициентін сипаттаңыздар?
    12. Кәсіпорын қызмет тиімділігін арттыруда қаржыларды орналастырудың орны қандай?
    13. Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың мәне неде тұрады?
    14. Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдауы қалай жүргізіледі?
    15. Баланстың активі мен пассиві деген не?
    16. Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың қандай кезеңдері бар?
 
 

Тақырып 6. Кәсіпорынның активтерін талдау

  1. Активтердің құрамын талдау және орналастыру
  2. Активтердің айналымдылығы және айналымдылыққа әсер ететін                                                     факторлар
 
  1. Активтердің құрамын талдау және орналастыру

     Балансты  талдау кәсіпорынның игілігіндегі капиталды орналастыру жөніндегі мәліметтен тұрады. Әрбір орналастырылған капитал түріне баланстың жеке статьясы сәйкес келеді. Осы берілгендер бойынша, кәсіпорынның активтерінде қандай өзгеріс болғанын, қай бөлігі кәсіпорынның жылжымайтын мүлігін түзетінін (құрайтынын), қандай- айналым құралдары, оның ішінде өндіріс және айналым сферасындағыларды белгілеуге болады. 

   Балас активі статьясының  негізгі белгісі болып олардың өтімділік деңгейі саналады, яғни нақтылай ақшаға айналу жылдамдылығы. Осы белгісі бойынша барлық баланс активтері ұзақ мерзімді (немесе негізгі капитал) және ағымдағы активтер (айналым) болып бөлінеді.

   Кәсіпорынның  құралдары ішкі айналымда және кәсіпорыннан тыс жерде (дебиторлық берешек, бағалы қағаздарды иелену, ақша, басқа кәсіпорындардың  облигациялары) қолданылуы мүмкін.

   Айналым капиталы өндіріс сферасында( қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары) және айналым сферасында (қоймадағы дайын өнім сатып алушымен тиелген, есептегі қаржылар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы нақты ақша, таурлар және тағы басқа) болуы мүмкін. Капитал ақшалай және материалды нысанда жұмыс істеуі мүмкін. Инфляция кезінде құралдардың ақшалай нысанда болуы олардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Инфляциялық процесте деңгейіне байланысты баланстың барлық статьялары монетарлы және монетарлы емес болып классификацияланады.

   Монетарлы активтер- бұл ағымдағы ақшалай бағалауда қаражаттар және міндеттемелерді бейнелейтін баланс статьясы. Сондықтан да олар қайта бағалауға жатпайды. Оларға ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, есептегі ақшалар қатысты.

   Монетарлы емес активтер негізгі құралдар, аяқталмаған капитал құрылысы, қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар. Бұл активтердің нақты құны уақыттың және бағаның өзгеруімен өзгереді, сондықтан да қайта бағалауды талап етеді.

      Кәсіпорынның  активтерін талдау процесінде ең алдымен  оның құрамындағы өзгерісті үйрену керек, оған баға беру керек. Егер монетарлы активтер монетарлы пассивтерді жоғарылатса, онда бағаның көтерілуінде және сатып алу қабілеті төмендесе кәсіпорынның ақшалай бірлігі осы активтерді бағаламаудан қаржылық жоғалтуды көруі мүмкін және керісінше, егер монетарлы пассивтердің соммасы (банк несиелері, кредиторлық берешек, алынған аванстар және басқа да тартылған қаражаттар) монетарлы активтердің соммасын жоғарылатады, онда инфляцияның салдарынан қарыздардың бағаланбауы кәсіпорынның табысының артуы жүзеге асады.

     Берілген  жоғалтудың (табыс) шамасын мына формуламен анықталады:

 

Мұндағы ­ капитал соммасының өзгеруі

              және - талданатын кезеңде монетарлы активтер жыл басы және жыл соңындағы соммасы

           және - талданатын кезеңде монетарлы пассивтер жыл басы және жыл соңындағы соммасы

            , және  - - талданатын кезеңде жыл басы, соңы және ортасындағы инфляция индекстері 

        Жыл  басына    Жыл соңына
   Инфляция  индексі, %          
   Монетарлы активтер, млн. теңге          
   Монетарлы пассивтер, млн. теңге          
 

       Есептеу негізінде алынған қосымша  табыс немесе шығыс шамасын  анықтайды.

      Одан әрі қарай негізгі және  айналым капиталының құрамын,  құрылымын және динамикасын аса  бөлшектеп үйрену керек. Ұзақ мерзімді немесе негізгі капитал- бұл ұзақ мерзімді мақсатпен жылжымайтын мүлікке, облигацияға, акцияға, пайдалы қағаздар қорына, біріккен кәсіпорындарға, материалдық емес активтерге және т.б. қаражат салу болып табылады.

     

 Кесте  – негізгі капиталдың құрамы  және динамикасы

   Өндіріс құралдары    Жыл басына    Жыл аяғына    Өсім
   Млн. теңге    Үлесі, %    Млн. теңге    Үлесі, %    Млн. теңге    Үлесі, %
   Негізгі құралдар                              
   Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар                              
   Аяқталмаған құрылыс                              
   Материалдық емес активтер                              
   Барлығы                              
 

      Одан  әрі ағымдағы активтердің, капиталдың мобилді бөлігіндей құрамының және динамикасының өзгерісін талдау маңызды. Ағымдағы активтердің кәсіпорынның қаржылық жағдайына айтарлықтай деңгейде тәуелді. Айналым капиталының тұрақты құрылымы өндірістік және өнімнің өтімділігінің тұрақтылығын куәлендіреді. Оның өзгеруі кәсіпорынның тұрақсыз жұмысы жөнінде хабарлайды. 

Кесте – Ағымдағы активтердің құрамын  және динамикасын талдау

   Қаражат түрі    Қаражаттың  бар болуы, млн. теңге    Қаражаттардың құрылымы, %
   Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі    Жыл басына    Жыл соңына    Өзгеруі
   Ақша  қаражаттары                              
   Қықа  мерзімді қаржылық салымдар                              
   Дебиторлық берешек                              
   Оның  ішінде векселмен қамтамасыз етілген                              
   Қорлар  және шығындар                              
   Оның  ішінде:                              
   Өндірістік  қорлар                              
   Аяқталмаған өндіріс                              
   Дайын өнім                              
   Барлығы                              

      Баланс  активінің әрбір статиясы бойынша  өзгерісін бөлшектеп үйренуде. 

2. Активтердің айналымдылығы  және айналымдылыққа  әсер ететін                                                     факторлар

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау