Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Кәсіпорынның айналымына капиталды сырттан тарту қалыпты құбылыс. Ол кәсіпорын қаржылық жағдайын уақытша жақсартуға мүмкіндік береді. Бірақ, қарыздық міндеттемелер уақытылы қайтарылуы керек. Әйтпесе уақыты өтіп кеткен берешектер бойынша айыппұл төленіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайы киындайды. Сондықтан, талдау кезінде кредиторлық берешектердің құрамын, алыну ұзақтығын, мерзімі өткен берешектердің пайда болу себептерін зерттеу қажет.
Кредиторлық
берешектердің кәсіпорын
Кредиторлық берешектердің сапасы үлес салмақпен де анықталады. Вексельмен қамтамасыз етілген кредиторлық берешектердің үлесі қарыздық міндеттемелердің ұақытысы төленбеуінен вексельден тыс тартуға әкелетін бөлігін көрсетеді. Бұл қосымша шығындар жұмсауды талап етеді, әрі кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.
Берілген
вексель бойынша
қарыздардың ұзақтығы (Пв.д.) және
айналымдылық коэффициенті (К об.в) келесідей
анықталады:
Вексельдік қарыздың
ұзақтылығын төлемдердің орташа мерзімдерімен
салыстырылады. Соның негізінде вексель
бойынша төлемдердің кешігу себептерін,
сондай-ақ төленген санкциялардың сомасын
анықтайды.
Сызба
– Баланс пассивінің құрылымы
Ұзақ мерзімді капиталды талдау кезінде негізінен ұзақ мерзімді несиелерді талап ету мерзіміне көңіл бөледі, себебі кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығы соған тікелей байланысты. Кредиторлық берешектерді талдай отырып, оның дебиторлық берешектерді жабудың қайнар көзі екендігін есепке алу керек. Сол себепті кредиторлық және дебиторлық берешектердің сомаларын салыстырып отыру керек. Егер добиторлық берешек кредиторлық берешектен асатын болса, бұл меншікті капиталдың дебиторлық берешекке иммобилизациялануын, яғни шоғырлануын куәландырады. Егер кредиторлық берешектер сомасынан 2 есе асатын болса, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақсыз деп саналады.
Меншікті
және тартылған қаражаттардың
3. Капитал айналымдылығын талдау
Капиталды пайдалану тиімділігі оның рентабельділігімен, яғни пайда сомасының негізгі және айналым капиталының орташа жылдық сомасына қатынасымен сипатталады. Капиталды пайдалану ырғақтылығын сипаттау үшін оның айналымдылық коэффициенті пайдаланылады. Капиталдың айналымдылық коэффициенті сатудан түскен түсімнің капиталдың орташа жылдық құнына қатынасымен есептеледі. Бұған кері шама болып капитал сыйымдылығы табылады. Ол капиталдың орташа жылдық сомасының сатудан түскен түсімге қатынасы арқылы анықталады.
Капитал айналымдылығының жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Капитал
айналымдылығының коэффициенті келесі
формуламен есептеледі:
Капитал
сыйымдылығы мына формуламен есептеледі:
Капитал
айналымының ұзақтығы мынадай формуламен
анықталады:
мұнда
Д – күнтізбелік күндер саны (жыл
– 360, тоқсан – 90, ай – 30 күн)
Капиталдың орташа қалдығы және оның құрамдас бөлімдері орташа хронология бойынша есептеледі: кезең басындағы соманың ½ + әр айдың басына қалатын қалдық + кезең соңына қалған қалдық сомасының ½ ; алынған нәтиже есептік кезеңдегі айлар санына бөлінеді.
Барлық капиталдың айналымдылығын есептеген кезде айналым саласына сатудың барлық түрінен түскен түсімдердің барлығы кіруі керек. Бір жағынан, капитал айналымдылығы негізгі және айналым қажеттілігінің айналым жылдамдығына тәуелді, яғни негізгі капитал неғұрлым көп үлеске ие болса, соғұрлым айналым коэффициенті төмен болып, жылдық капиталдың ұзақтығы арта береді.
мұнда Коб с.к – жиынтық капиталдың айналымдылық коэффициенті
УД т.а – активтердің жалпы сомасындағы ағымдағы активтердің (айналым капиталдың) үлес салмағы
Коб т.а – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті
Поб с.к – жиынтық капиталдың айналым ұзақтығы
Поб т.а – ағымдағы активтердің
айналым ұзақтығы
Айналым капиталының айналымдылығының әр сатысында зерттеу айналымның қай сатысында жеделдеу немесе тежелудің орын алғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін ағымдағы активтердің кейбір түрлерінің орташа қалдығын есепті кезеңдегі қүндер санына көбейту керек, шыққан нәтижені сатудан түскен сомаға бөлу керек.
Капиталдың кейбір актив түрлеріндегі болу ұзақтығын анықтауды басқа да әдіспен жүзеге асыруға болады: айналым капиталы айналымдылығының жалпы ұзақтығын ағымдағы активтердің орташа жылдық сомасындағы активтердің жеке түрлеріндегі үлес салмағына көбейту арқылы.
Барлық ағымдағы активтер мен олардың жеке түрлерінің айналым ұзақтығы (Поб) түсім сомасы (В) мен айналым қаражаттарының орташа қалдықтары (О ст) есебінен өзгеруі мүмкін. Аталған факторлардың әсерін есептеу үшін тізбектік қойылым әдісі пайдаланылады:
мұнда t – 360 күн
Бұдан айналым капиталының айналым ұзақтығының өзгерістері былайша есептеледі:
- айналым капиталының айналым сомасы
- айналым капиталының орташа қалдығы
оның ішінде орташа қалдықтардың өзгерісі:
- өндірістік қорлардың
- аяқталмаған өндіріс
- дайын өнімнің
- дебиторлық берешектердің
- нақты ақшаның
Формулаларда тек қана бірінші құрамның өзгеретінін ғана ескеру керек; кезең ішіндегі күндер 360 деп алынады; өнімді сатудан түскен түсім өткен жылдан алынады.
Капитал айналымдылығының өсуі нәтижесінде болатын экономикалық тиімділік айналымнан алынатын салыстырмалы түрде босатылатын, сондай-ақ пайда мен түсім сомасының артуы түрінде көрініс табады. Босатылатын қаражаттар сомасы сату бойынша біркүндік айналым сомасына айналым ұзақтығының өзгерісін көбейту арқылы анықталады:
Капитал айналымдылығын жеделдетудің негізгі жолдары:
4. Меншікті капиталдың табыстылығын талдау
Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі көрсеткіштерінің пирамидасын аяқтайды. Меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) мен жиынтық капиталдың рентабельділігі (ROA) өзара тығыз байланысты:
немесе
мұнда МК – капитал мультипликаторы
(қаржылық тұтқа)
Осы өзара байланыс қаржылық тәуекел мен меншікті капитал табыстылығының арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Жиынтық капитал пайдалылығы төмендеген сайын кәсіпорын қаржылық тәуекелділік дәрежесін арттыруы қажет, сөйтіп меншікті капитал табыстылығының қалаулы деңгейіне қол жеткізеді. Мысалы, ROA болжамды мөлшері 20% құрайтын кәсіпорынға меншікті капиталдың әр теңгесіне жиынтық капиталдың 1,5 теңгесіне қажет болады. Ол ROE деңгейін 30% жеткізу үшін қажет. Егер ROA 10% деп меншікті капиталдың әр теңгесіне жиынтық активтердің 3 теңгесі қажет болады.
ROE
факторлық үлгісін кеңейту үшін
ROA көрсеткішін құрамдас
ROE=Rpn*Коб*МК
Сату рентабельділігі (Rpn) кәсіпорынның шығындарын басқару мен баға саясатын жүргізу тиімділігін сипаттайды.
Капитал айналымдылығының коэффициенті (Коб) – оның пайдаланылу ырғақтылығы мен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бейнелейді.
Капитал
мультипликаторы (МК) - қаржыландыру
саласындағы саясатты көрсетеді. Оның
дейгейі жоғары болған сайын, кәсіпорынның
банкротқа ұшырау қаупі де жоғары болады,
сонымен қоса қаржылық тұтқаның оңтайлы
әсері кезіндегі меншікті (акционерлік)
капиталдың табыстылығы да соғұрлым жоғары
болады.
Бақылау сұрақтары:
Тақырып 8. Баланс өтімділігін талдау
1. Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының мінездемесін сипаттайтын көрсеткіштің бірі төлем қабілеттілік, яғни өз уақыты келгенде өтем ақыларын алуы болып табылады. Төлем қабілеттілік дегеніміз – кәсіпорынның сыртқы қаржылық жағдайы, оның беріктілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ішкі және сыртқы серіктертер алдында, сонымен қатар мемлекет алдында қаржылық міндеттемелерді толық және уақытылы орындауға мүмкіндігімен сипатталады. Төлем қабілеттілік коммерциялық келісім-шарттарды іске асыру шарттарына және негізгі нысанға тікелей әсер етеді, сонымен қатар несие және займ алу мүмкіндігін қосады. Өтімділікті талдау тек кәсіпорындарды бағалау мақсаты мен қаржылық қызметіне болжам жасау үшін ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де маңызды.