Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Работа содержит 1 файл

лекции.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

 

ВР0 и ВР1 – базистік және ағымдық кезеңде өнімді сатудан түсетін түсімдер

С0 – базистік кезеңде сатылған өнімнің өзіндік құны

  1. Сатылған өнімнің өзіндік құнның (DC) өсуіне байланысты сатудың рентабельділігін өзгеруін есептеу:

С0 и С1 – базистік және ағымдық кезеңде сатылған өнімнің өзіндік құны

  1. Екі фактордың жалпы әсерін  оларды қосындылау арқылы анықтайды.

    Талдаудың басқа маңызды аспекті активтердің  айналымдылығы мен  сатудың рентабельділік көрсеткіштері  арасындағы  өзара байланыстарын зерттеуде тұрады.

Ра –  активтер рентабельділігі, %

БП -  бухгалтерлік пайда      

   – есеп айыратын кездегі  активтердің орташа құны

ВР –  өнім сатудан түсетін түсімдер (сату көлемі) 

    1. Активтер  рентабельділігінің өзгеруін олардың  айналымдылығының тездетілулігіне

         байланысты келесі формуламен  анықтайды:

DРа (DОа) – активтер айналымдылығының  тездетілулігіне байланысты олардың рентабельділігінің өзгеруі

Оа1 и Оа0 – базистік және ағымдағы кезеңдерде активтердің айналымдылығы

Рn1 –   ағымдағы кезеңде сатудың рентабельділігі, % 

    1. Сату табыстылығының тербелуіне байланысты активтер рентабельділігінің өзгеруі:

 

DРа (DРп) – Сату табыстылығының тербелуіне байланысты активтер рентабельділігінің өзгеруі

Ра1 и Ра0 – базистік және ағымдағы кезеңдерде сатудың рентабельділігі, % 

      1. Екі фактордың  жалпы әсерін  оларды қосындылау арқылы анықтайды.

    Арнайы  есептердің негізінде инвестициялар және өндіріс рентабельділіктің өзгеруіне кейбір факторлардың әсері анықталады.

      Инвестиция  айналымдылығымен олардың рентабельділік мөлшері арасында өзара байланыстарын  келесі түрде көрсетуге болады:

 

Ри –  инвестиция рентабельділігі, %

 БП  – бухгалтерлік пайда (салық салынғанға дейінгі пайда)

 ОП  – сатудың көлемі

 И  –  бухгалтерлік баланс бойынша инвестициялар сомасы (меншікті капитал + ұзақ мерзімді несиелер және займдар)

      Тәжірибеде  инвестициялар рентабельділігін 2 әдіс бойынша көтеруге болады:

  1. Сату көлемінің 1 теңгесіне келетін     пайда мөлшерін жоғарылату
  2. Инвестициялар айналымдылығын тездету

    Инвестициялар айналымдылығын келесі факторлар арқылы тездетуге болады:

    • Инвестициялардың  бұрынғы мөлшерінде  сату көлемін жоғарылату;
    • Сатудың жеткен деңгейіндегі қалпын ұстауға қажетті инвестициялардың көлемін төмендету

    Бірақ соңғы фактор өндірістің құлдарауына  алып келеді және халық шаруашылығының экономикалық өсуінің қажеттіліктеріне сай келмейді. 

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдаудың кезеңдері қандай?
  2. Бухгалтерлік пайдаға әсерін тигізетін факторлар қалай топтастырылады?
  3. Пайдаға әсерін тигізетін сыртқы факторларға қандай факторлар жатады?
  4. Пайдаға әсерін тигізетін ішкі факторларға қандай факторлар жатады?
  5. Жалпы пайда дегеніміз не?
  6. Жалпы пайда қандай факторлар әсерімен қалыптасады?
  7. Операционалдық талдау дегеніміз не?
  8. Операционалдық талдаудың негізгі элементтері қандай?
  9. Өндірістік тетік дегеніміз не?
  10. Өндіріс рентабельділігінің шегі дегеніміз не?
  11. Маржиналдық табыстың коэффициенті қалай анықталады?
  12. Экономикалық және қаржылық рентабельділіктің түсініктері қандай?
 
 

 Тақырып 3. Маржиналдық табысты талдау

  1. Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері
  2. Өнім өндірісінің көлемі мен шығындары арасындағы байланысын талдау
  3. Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді  өткеру бағасының ең  жоғары деңгейі
 

1. Маржиналдық табысты талдаудың  мәні және міндеттері

      Басқару шешімдерді қабылдау жағдайында маржиналдық талдаудың мәні өте зор. Оның әдістемесі үш маңызды экономикалық көрсеткіштер топтарының (шығындар, өнім өндіру (сату) көлемі, пайда)  арақатынасын зертеуге және оларды болжамдауға негізделеді. Бұл әдісті зиянсыз талдау немесе табысқа жетуге көмектесу талдауы  деп те атайды. Бұл әдісті  жоспарлау әдісі ретінде 1930 жылы американдық инженер У.Раутенштрах құрған және ол өндірістің ең жоғары көлемінің графигі ретінде әйгілі болды. Маржиналдық талдау (зиянсыз талдау) нарық қатынастары дамыған мемлекеттерде кең тараған. Ол пайданың ең маңызды факторлардан тәуелділігін зерттеуге және соның негізінде пайданың шамасын қалыптастыру процесін басқаруға мүмкіндік береді. Әдістеменің негізінде маржиналдық табыс түсінігін пайдалану және өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өндіріс және өткізім шығындардың тұрақты және айнымалы шығындарға бөлінуі жатыр. Кәсіпорынның маржиналдық табысы – бұл сатудан түсетін түсімнен айнымалы шығындардың шегерілуі. Өнім бірлігіне шаққандағы маржиналдық табыс өнім бірлігінің бағасымен оған жұмсалатын айнымалы шығындардың айырмашылығы болып саналады. Оның ішіне тұрақты шығындардан басқа пайда да кіреді.

      Маржиналдық талдаудың негізгі  мүмкіндіктері мынада тұрады:

  • Тұрақты және айнымалы шығындар мен бағаның ара қатысы берілген жағдайда зиянсыз сату көлемін (рентабельділік шегі, шығындардың өтелімділігі) анықтау;
  • Кәсіпорынның қауіпсіздік (зиянсыз) зонасын анықтау;
  • Пайданың берілген шамасын алу үшін сатудың қажетті көлемін есептеу;
  • Маржиналдық табыстың деңгейі берілгенде тұрақты шығындардың ең жоғары деңгейін анықтау;
  • Тұрақты және айнымалы шығындардың деңгейі мен сату көлемі берілген кезде сатудың көтерінкі бағасын табу.

    Маржиналдық табыстың көмегімен  басқа да басқару  шешімдері қабылданады:

  • Өндірістік құаттың өзгеруінің варианттарын таңдау;
  • Өнім ассортиментін таңдау;
  • Жаңа өнімге бағаны анықтау;
  • Жабдықтардың варианттарын таңдау;
  • Өндіріс технологиясын таңдау;
  • Толықтырма өнімдерді (комплектующие изделия) сатып алудың варианттарын анықтау;
  • Қосымша заказ алудың тиімділігін бағалау.

    Маржиналдық талдаудың негізгі  кезеңдері:

    1. Талдау өткізуге қажетті бастапқы ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу
    2. Өнімді өндіру мен сатуға жұмсалатын тұрақты және айнымалы шығындардың сомасын анықтау
    3. Зерттелетін көрсеткіштердің шамасын есептеу
    4. Зерттелетін көрсеткіштердің деңгейін салыстырмалы талдау
    5. Зерттелетін көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруін факторлық талдау
    6. Өзгеріп тұратын ортада олардың шамасын болжамдау

    Маржиналдық талдау әдістемесі бойынша  есептерді жүргізу  үшін бір қатар  шарттар орындалу  керек:

  • Шығындардың екі бөлімге – тұрақты және айнымалы – бөлінудің қажеттілігі;
  • Айнымалы шығындар өнім өндірудің (сатудың) көлеміне пропорционал түрде өзгереді;
  • Тұрақты шығындар өнім өндірудің (сатудың) маңызды көлемі шамасында өзгермейді;
  • Өнім өндірудің  және сатудың тепе-теңдігі, яғни дайын өнімнің қорлары қалдығы,   елеулі өзгермейді;
  • Өндірістің тиімділігі, өнім бағасының деңгейі және пайдаланатын өндірістік қорлар зерттелетін кезеңде елеулі құлдырауға ұшырамайды;
  • Сатылатын өнім көлемінің сатудан түсетін түсімге пропорционалдығы.
 

2. Өнім өндірісінің  көлемі  мен шығындары арасындағы байланысын талдау

     Пайданы талдау әдістемесіне соңғы кезде  көп көңіл аударылып жатыр. Бұл  әдістеме пайданың бір қатар ең маңызды  факторлардан тәуелділігін зерттеуге  мүмкіндік береді. Сонымен қатар  осы әдістеме  көрсеткіштердің  арасындағы өзара байланыстарын толығырақ есептеуге және факторлардың әсерін мөлшерлеуге мүмкіндік береді. Біздің мемлекетте бұрын пайданы талдағанда келесі модельді пайдаланатын:

мұнда П – пайда сомасы

           К – сатылған өнімнің саны (көлемі)

          Ц – сатылған өнімнің бағасы

           С – өнім бірлігінің өзіндік құны

      Аталған факторлар өздерінен өздері, бір  біріне байланыссыз,  өзгеріп тұрады деп саналатын. Тиімді өнім (рентабельная продукция) сатылатын кезде пайда сату көлеміне тұп-тұра пропорционалды түрде өзгереді. Өнім пайдасы аз (нерентабельная продукция)  болған кезде пайда сату көлеміне қарама-қарсы пропорционалды түрде өзгереді. Бірақ бұл жерде өнім өндірудің (сатудың) көлемі мен оның өзіндік құнының өзара байланысы есепке алынбайтын. Өндірістің (сатудың) көлемі көбейген кезде өнім бірлігінің өзіндік құны төмендейді, себебі көбінде тек қана айнымалы шығындардың сомасы (өндіріс жұмысшыларының кесімді төлемақысы, материалдар, шикізаттар, технологиялық отын, электр энергиясы) өседі, ал тұрақты шығындардың сомасы (амортизация, жұмысшылардың мерзімді төлемақысы, еңбек ақы, ғимарат арендасы)  өзгермейді. Ал өндіріс төмендеген кезде өнімнің өзіндік құны өседі, себебі өнім бірлігіне шаққанда тұрақты шығындар көбейеді. Шет ел мемлекеттерінде пайданы зертеген кезде маржиналдық талдау қолданады, оның негізінде маржиналдық табыс жатыр. Маржиналдық табыс пайда мен кәсіпорынның тұрақты шығындарын (Н) қосындылау арқылы табылады.

осыдан 

 

      Сонымен қатар маржиналдық табысты сатылған өнімнің санын (К) және өнім бірлігіне келетін маржиналдық табыстың мөлшерлемесін (Дс) көбейту арқылы көрсетуге болады:

     
     
 

Мұнда V – өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар

      Көрсетілген формула өнімнің  бір түрін сатудан  алынатын пайданы  талдаған кезде қолданылады. Ол тұрақты және айнымалы шығындар деңгейіне, бағаға, сатылған өнім санына байланысты пайда сомасының өзгеруін анықтайды.

 

Кесте  – А өнімі бойынша факторлық талдаудың мәліметтері

   Көрсеткіш    Жоспар  бойынша    Нақты
   Сатылатын өнімнің көлемі, бірлік (К)          
   Сатылатын өнімнің бағасы, млн. тенге (Ц)          
   Өнімнің өзіндік құны, млн. тенге          
   Соның ішінде салыстырма (удельный) айнымалы шығындар, млн. тенге (V)          
   Тұрақты шығындардың сомасы, млн. тенге (Н)          
   Пайда, млн. тенге          

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау