Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций

Описание работы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Работа содержит 1 файл

лекции.doc

— 1.09 Мб (Скачать)
  1. Қаржылық нәтижелердің құрылымын және динамикасын талдау
  2. Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау
  3. Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштер жүйесі
 

1. Қаржылық нәтижелердің құрылымын және динамикасын талдау

      Көптеген  зерттеушілердің пікірлері бойынша пайда табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші, ал рентабельділік деңгейсалыстырмалы көрсеткіші болып саналады. Бұл көрсеткіштердің шамасына өнімнің өзіндік құны және оның жинақ көрсеткіші  өндірілген өнімнің 1 тенгесіне жұмсалатын шығындары әсерін тигізеді. Пайданың әрбір элементін талдау кәсіпорын басшылары, акционерлер және несиегерлер үшін өте маңызды. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау көлденең, тікелей, трендтік және факторлық талдаулардан тұрады.

      Бухгалтерлік (салық салынғанға дейінгі) пайданы талдау оның динамикасын және құрылымын зерттеуден басталады. Терең талдауда бухгалтерлік пайданың элементтері және оған әсерін тигізетін факторлар зерттеледі. Оларды сыртқы және ішкі факторларға бөледі.

      Сыртқы  факторларға мыналар жатады:

  • әлеуметтік-экономикалық жағдай;
  • табиғи жағдай;
  • материалдық қорлардың бағасы және тасымалдау көлік тарифтері;
  • сыртқы экономикалық байланыстардың даму деңгейі ж.т.б.

    Ішкі  факторларға

  • сатудан түскен пайданың,
  • сатылған өнім құрылымының,
  • өнімнің өзіндік құнының,
  • өнім бағасының,
  • табыстар мен шығындардың өзгерістері жатады.

    Ішкі  және сыртқы факторлар бухгалтерлік пайдамен тікелей байланысты. Тек  өнімнің өзіндік құнының және сатудан тыс шығындардың төмендеуі  пайданың өсуіне алып келеді. Сыртқы факторлар бухгалтерлік пайданың шамасына, ал ішкі факторлар сатудан түскен пайдасына тікелей әсер етеді. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалауда сатудан түскен пайданың факторлық талдауының мәні зор. Жалпы пайда сатудан түскен пайданың негізгі элементі болып табылады. Жалпы пайданы  өнімді сатудан түскен түсімдермен өткерілген тауарлардың өзіндік құнының айырмашылығы арқылы табады. Жалпы пайданы (ВП)  келесі түрде көрсетуге болады:

 Q – натуралды түрінде (тонна, дана ж.т.б.) өнімнің  i-түрінің өндіріс көлемі

 Цi  –өнімнің  i-түрінің сату бағасы, тенге

 Сi  – бірлік өнімнің  i-түрінің  өзіндік құны, тенге

  i -   сатылатын өнімнің нақты түрі

  n –   сатылатын өнімнің түрлер  саны  (i= 1,2,3, …….n) 

    Жалпы пайда мынадай  факторлар әсерімен қалыптасады:

  • сату көлемі;
  • сатылатын өнімнің өзіндік құны;
  • сатылатын өнімнің бағасы;
  • ассортимент құрылымында өзгерістер.

    Жалпы пайданың факторлық талдауы базистік және ағымдағы кезендердің (квартал, жыл)  пайда мен зияны туралы есеп мәліметтері  бойынша жасалынады. Бірақ факторлық талдау үшін бұл мәліметтер жеткіліксіз. Қолданыстағы сату бағалары тауарларды сатудан түсетін түсімдерге әсерін тигізетіндіктен, көп жағдайда осы мәліметтерді салыстыру мүмкін емес. 

 

 В0 и В1 – базистік және ағымдағы кезеңдерде сатудан түсетін түсімдер

Qi0 и Qi1 – осы кезеңдерде i-түріндегі тауарларды шығару көлемі

Цi0  и Цi1 – базистік және ағымдағы кезеңдерде i-түріндегі бір өнімнің қолданыстағы сату бағасы

      Тауарлардың  дерек өзіндік құны сату көлемі мен бір тауарға жұмсалатын шығындардың әсерімен қалыптасады: 

 

 

С0 и С1 – базистік және ағымдағы кезеңдерде сатылған өнімнің дерек өзіндік құны

Ci0 и Ci1 – базистік және ағымдағы кезеңдерде тауардың  i- түрінің өзіндік құны 

     Жалпы пайданың факторлық талдауы (ВП) элиминирлеу тәсілі, яғни тізбекті ауыстыру әдісі арқылы, жасалынады. Элиминирлеу – бұл құбылысты зерттеудегі бір қатар фактор әсерін анықтау үшін қолданатын техникалық тәсіл.

      Жалпы пайданың шамасына кейбір факторлардың әсерін анықтау үшін келесі қосымша көрсеткіштерді есептеу қажет:

  1. Ағымдағы кезеңде  базистік бағамен сатылғын тауарлардан түсетін жанама салықтарсыз түсімдер. Олар келесі формула арқылы анықталады:

  1. Бір өнімге базистік шығынмен  ағымдағы кезеңде  сатылған тауарлардың  өзіндік құны мынадай формула арқылы табылады:                                                               

  1. Базистік  жалпы пайда (ВПc). Ол  сатылған тауарлардың ассортименті мен нақты көлеміне байланысты есептеледі. Базистік жалпы пайда  базистік бағамен ағымдағы кезеңде тауар сатудан түсетін түсімдердің (Вc) және   бір өнімге базистік шығынмен ағымдағы кезеңде сатылған тауарлар өзіндік құнының (Cc)  айырмашылығы арқылы                    анықталады.

 

    2. Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау

      Пайданың  кіріс түрі ретінде қалыптасуы кәсіпкерлік қызметтің негізі және оның соңғы қаржылық нәтижесі болып саналады. Пайдамен шығыстарды салыстыру кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметті басқарудың ыңғайлы әдісінің бірі операционалдық талдау болып есептеледі, ол шығындар – сату көлемі – пайда нобайы бойынша орындалады. Бұл әдіс өндіріс-коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижесі шығыс, баға, өндіріс көлемі және өнім өткізу өзгерістерінен  тәуекелділігін көрсетеді. Операционалдық талдаудың нәтижелері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып саналады. Операциналдық талдау  сезімталдықты, яғни өнім өндіру мен өткізудің ішкі және сыртқы факторлар өзгерістеріне қаржылық нәтиженің реакциясын көрсетеді.

      Операционалдық  талдау көмегімен көптеген басқару  мәселелерін шешуге болады:

  1. Өндіріс-сауда қызметінің  пайдалылығын бағалау;
  2. Кәсіпорын рентабелділігін болжамдау;
  3. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау;
  4. Қиын  жағдайдан шыгудың оптималды жолдарын таңдау;
  5. Инвестициялар пайдалылығын бағалау;
  6. Кәсіпорын үшін ең қолайлы ассортименттік саясатты жүргізу.

    Өндіріс және тауар сатудың  сын көлемі, пайдалылық шегі  және қаржылық  төзімділіктің қоры  операционалдық талдаудың негізгі элементтері  болып саналады. Операционалдық талдау  өндірістік  (операционалдық) тетік (СВПР) түсінігімен тығыз байланысты.

      СВПР  маржиналдық табыстың пайдадан қанша  есе артқандығын көрсетеді. Өндірістік тетік жоғары болған сайын, кәсіпкерлік  тәуекелділік де өсе береді. Тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі:

  1. Маржиналдық табыс 0-ге тең. Бұл жағдайда сатудан түсетін түсім тек қана айнымалы шығындарды жабады, яғни кәсіпорын тұрақты шығындар мөлшерінде зиян көріп жұмыс істейді.
  2. 0< МД < тұрақты шығындар. Мұндай жағдай тауар сатудан түсетін түсім айнымалы шығындарды және тұрақты шығындардың белгілі бөлігін жабатын кезде туындайды.
  3. МД= тұрақты шығындар. Тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындарды (айнымалы және тұрақты) толық жабатын кезде пайда 0-ге тең болады.
  4. МД>тұрақты шығындар. Тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындардан асқан жағдайда кәсіпорынның қызметі пайдалы болады.

    Өндіріс тиімділігінің табалдырығы  келесі формула арқылы табылады:

      Маржиналдық табыстың коэффициенті өнім сатудан түсетін түсімнің үлес салмағын көрсетеді.

      Бұл коэффициент пайыздық түрде немесе бірлік үлесінде көрсетіледі. Тұрақты  шығындар деңгейі төмен кәсіпорындардың  қаржылық нәтижесі  өндіріс көлемі өзгеруіне көп тәуелді емес. Тұрақты шығындардың үлесі жоғары кәсіпорындар өндіріс және сату көлемдерінің төмендеуінен қауіптену  керек.

      Қазіргі таңда кәсіпорындар үшін пайданың өсуі  емес, оның қажетті параметрлерде қалуы маңыздырақ.  Бұл салық төлемдер шамасының және  өндірістік пен әлеуметтік төлемдер оптималды арақатысы арасын қамту үшін қажет. Сезімталдықты талдау негізінде өндіріс көлемі жатыр.

  1. Тұрақты шығындар (СР) өзгерген кезде физикалық түрдегі  өндіріс көлемі (Q1) мынадай формуламен анықталады:

 МД ¢ - ағымдағы кезеңде маржиналдық табыс

 К0мд – базистік кезеңде маржиналдық табыстың коэффициенті

Ц0 – базистік кезеңде өнім бірлігінің бағасы

  1. Айнымалы шығындар (ПР) өзгерген кезде физикалық түрдегі  өндіріс көлемі (Q2) келесі формула арқылы есептеледі:

  1. Баға өзгерген кезде (Ц)  физикалық түрдегі өндіріс  көлемі (Q3) мынадай формуламен табылады:

      

 МД0 – базалық және жаңа маржиналдық табыс

 К0мд и К¢мд – маржиналдық табыстың базалық және жаңа коэффициенттері, бірлік үлесі

Ц0 и Ц1 – өнім бірлігінің базалық және жаңа бағасы 

    3. Кәсіпорын табыстылығының  көрсеткіштер жүйесі

      Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштерімен көрінеді. Экономикалық тиімділіктің көрсеткіші жалпы түрде келесі формуламен анықталады:

      «Экономикалық тиімділік» көрсеткіші ретінде бухгалтерлік (жалпы) пайда, өнім сатудан алынатын пайда және таза пайда (салық салынғаннан  кейін) алынады. «Қорлар немесе шығындар»  ретінде қорлар (инвестициялар), мүлік (активтер), сатылатын тауарлардың өзіндік құны.

      Тәжірибеде  қаржылық және экономикалық рентабельділік көрсеткіштерді  ажыратады. Экономикалық рентабельділік – бұл бизнес-жоспардың инновациялық немесе инвестициялық жобада көрсетілетін болжамдау пайда шамасынан есептелінетін параметр. Қаржылық рентабельділік  кәсіпорынның қаржылық (бухгалтерлік) есептемесіне еңгізіліп нақты пайда негізінде анықталады. Рентабельділік талдаудың маңызды аспекті сату көлемнің табыстылығын бағалауда және оған әсерін тигізетін факторларды (өнімнің бағасы және өзіндік құны)  есептеуде тұрады.  Өнімнің өзіндік құн және бағаның өзгерудің  әсерін есептеу  тізбекті  ауыстыру әдіспен анықталады.

  1. Сатудан түсетін түсімнің (D ВР) өсуіне байланысты сатудың рентабельділігін өзгеруін есептеу:

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау