Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕНІ
ПӘН
«КОМПАНИЯНЫҢ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ТАЛДАУ»
Тақырып
1. Қаржылық талдаудың
пәні және әдістері
1. Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы
Нарық
жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға
оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді
сырттан бекітетін
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған орай нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта
айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын
талдауда аудитордың түрлі әдістер
мен тәсілдерді қолдануға еркі бар.
Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды
жүргізудің дәйектілігіне байланысты
дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық
жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді
талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті
және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың
нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының
өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Қаржылық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін жалпы талдаудың бір бөлігі болып табылады. Ол бір бірімен тығыз байланысты мынадай тараулардан тұрады:
Сыртқы қаржылық талдаудың негізгі ерекшеліктері мынада тұрады:
Кәсіпорын серіктері сыртқы қаржылық талдауды келесі бағыттар бойынша жасайды:
Басқарудағы талдаудың ерекшеліктеріне келесілер жатады:
Пайданы табуға мақсатталған кәсіпкерлік қызметтің (бизнестің) концепциясы қаржылық талдаудың мазмұнын және тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді. Пайда кәсіпорынның табыстылық түрі ретінде соңғы қаржылық нәтиже болып есептелінеді. Кезкелген бизнестің соңғы мақсатына жету үшін қабылданатын басқару шешімдерді 3 аспектілер арқылы көрсетуге болады:
Қаржылық
және инвестициялық шешімдерді ұақытылы
және сапалы негіздеу кәсіркерлік қызметтің
кезкелген саласында кешенді
қаржылық талдаудың мазмұнын сипаттайды.
Ондай дәлелдеуді жүргізу үшін бір қатар
стандартты әдістер қолданылады.
3. Қаржылық талдаудың әдістері
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мұмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінең тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштермен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Шетел мемлекеттерінің тәжірибесінде 3 коэффициент көп қолданылады: ROA, ROE, RO^C.
ROA
коэффициенті кәсіпорын
ROE
коэффициенті кәсіпорынмен
Инвестицияланған капитал (тұрақты капитал) бұл акционерлік капиталдың және ұзақ мерзімді міндеттемелердің (несиелер мен займдар) сомасы болып табылады. Ол кәсіпорынның ұзақ ұақыт айналымында болатын ақшалай каражаттарын бейнелейді.
Кәсіпорынның қаржылық
Екінші топқа нормативсіз көрсеткіштер кіреді. Оларды көп жағдайда динамикада көрсетеді немесе басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:
Бақылау сұрақтары:
Тақырып 2. Кәсіпорындар табысын талдаудың мәні және міндеттері