Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
немесе
мұнда ДКЗ – ұзақ мерзімді несиелер мен займдар
мұнда
ККЗ – қысқа мерзімді несиелер және займдар
Нәтижесінде қаржыландырудың көзімен қамтамасыз етілген 3 көрсеткішті анықтауға болады:
мұнда - меншікті айналым қаражатының артық болуы
З – запастар (босалқылар)
Бұл босалқыларды қамтамасыз ету көрсеткіштерін үшфакторлық модель түрінде көрсетуге болады:
Бұл
модель кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын
сипаттайды. Тәжірибеде
қаржы тұрақтылығының 4
типі кездеседі.
Кесте – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының типі
Қаржылық тұрақтылықтың типтері | Модель | Босалқыларды қаржыландырудың көздері | Қаржы тұрақтылығына қысқаша сипаттама |
1. Абсолютті қаржы тұрақтылығы | М=(1;1;1) | Меншікті айналым қаражаттары (таза айналым капиталы) | Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары. Кәсіпорын сыртқы кредиторларға тәуелсіз |
2. Қаржы тұрақтылығы қалыпты | М=(0;1;1) | Меншікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар | Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қалыпты. Қарыз қаражаттарының тиімді пайдаланады. Ағымдағы қызметтің табыстылығы жоғары |
3. Қаржылық жағдайы тұрақсыз | М=(0;0;1) | Мешікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар + қысқа мерзімді несиелер мен займдар | Қалыпты
төлем қабілеттілігі бұзылған. Кәсіпорынға
қаржыландырудың қосымша |
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы дағдарысты | М=(0;0;0) | - | Кәсіпорын толығымен төлем қабілетсіз және банкротқа ұшырау қаупі бар |
Қаржы тұрақтылығының бірінші типін формула түрінде көрсетуге болады:
Абсолютті қаржы тұрақтылығы (М1) біздің елде сирек кездеседі.
Қаржы тұрақтылығының екінші типін келесі формуламен көрсетуге болады:
Қалыпты қаржы тұрақтылығы кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді.
Үшінші тип (тұрақсыз қаржылық жағдай) келесі формуламен сипатталады:
Төртінші типті (дағдарысты қаржылық жағдай) келесі түрде көрсетуге болады:
Мұндай жағдайда кәсіпорын толығымен төлем қабілетсіз болып, банкроттыққа ұшырау қаупі туады, себебі айналым активтерінің, шешуші элементі «босалқылар» (запасы) қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген.
Тұрақсыз қаржылық жағдайындағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жақсартудың негізгі жолдары:
2. Қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері және оларды талдау
Қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері кәсіпорынның сыртқы инвесторлар мен кредиторларға тәуелділік деңгейін сипаттайды. Кәсіпорын иелері қаржы көздерінің жалпы көлемінде меншікті капиталды жоғарылату мен қарыз қаражатын төмендетуге мүдделі. Қарыз алушының қаржы тұрақтылығын кредиторлар меншікті капитал көлемі мен банкроттық болдырмау ықтималдығымен бағалайды.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесі арқылы сипатталынуы мүмкін. Оларды есептеудің ақпараттық базасы бухгалтерлік баланстың актив және пассив статьялары болып табылады. Базистік көрсеткіштер келесілер бола алады:
Кесте – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын коэффициенттер
Көрсеткіш атауы | Не сипаттайды | Есептеу әдісі | Көрсеткіштің интерпретациясы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті (К фн) | Валюта балансындағы меншікті капиталдың үлесі |
мұнда СК- меншікті капитал; ВБ-валюта балансы |
Көрсеткіштің ұсынылатын мәні 0,5-тен жоғары. Жоғарылауы кәсіпорынның сыртқы көздерден қаржылық тәуелсіздігінің күшейгенін көрсетеді |
2. Қарыздық (берешек) коэффициенті (К з) | Тартылған және меншікті қаражаттар арасындағы қатынас |
мұнда ЗК – займдық капитал; СК – меншікті капитал |
Көрсеткіштің ұсынылатын мәні – 0,67 |
3. Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті (К сф) | Меншікті және тартылған қаражаттарының арасындағы қатынас |
мұнда СК – меншікті капитал; ЗК – тартылған капитал |
Ұсынылатын мәні . Қарыз қаражатын меншікті капиталмен жабу мүмкіндігін көрсетеді |
4. Меншікті айналым қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті (К о) | Меншікті айналым қаражатының айналым активтеріндегі үлесі |
мұнда СОС – меншікті айналым қаражаты; ОА - айналым активтері |
Көрсеткіштің ұсынылатын мәні , немесе 10%. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның тәуелсіз қаржы саясатын жүргізу мүмкіндігі де жоғары |
5. Маневренттілік коэффициенті (К м) | Меншікті айналым қаражатының меншікті капиталдағы үлесі |
мұнда СОС – меншікті айналым қаражаты; СК – меншікті капитал |
Ұсынылатын мәні 0,2-0,5. Көрсеткіштің мәні жоғары шекке неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның маневр үшін қаржылық мүмкіндігі де жоғары |
6. Қаржылық салмақ коэффициенті (коэффициент финансовой напряженности) (К ф напр) | Қарыз қаражатының қарыз алушының валюта балансындағы үлесі |
мұнда ЗК – тартылған капитал; ВБ – қарыз алушының валюта балансы |
0,5-тен
жоғары болмауы керек. Жоғарғы
шектен асуы кәсіпорынның |
7. Мобильды және мобильсіз активтерінің қатынасының коэффициенті (коэффициент соотношения мобильных и иммобилизованных активов) (К с) | Айналым активтерінің әр теңгесіне неше айналымнан тыс активтер келеді |
мұнда ОА- айналым активтері; ВОА – айналымнан тыс активтері |
Әр кәсіпорынға жеке дара. Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым айналым активтеріне көбірек қаражат авансталады |
8. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті (К ипн) | Кәсіпорын активтеріндегі өндірістік мақсаттағы мүліктің үлесі |
мұнда ВОА- айналымнан тыс активтер; З- запастар; А- активтердің жалпы көлемі |
. Көрсеткіштің 0,5-тен төмен төмендеткенде мүлікті толтыру үшін қарыз қаражатын тарту қажет |
3. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Кәсіпорын
көп жағдайда, өзінің ақша қаражатына
деген қосымша қажеттілігін жабу
үшін коммерциялық бактердің қызметіне
жүгінеді. Несие келісімі екі жақтын
өзара түсінісушілігін
Әр несие келісімінде белгілі бір тәуекелділік бар: ссудалық құнның қайтарылмауы, ссуда бойынша пайыздың төленбеуі, пайызды төлеу мерзімінің бұзылуы. Мұндай тәуекелділіктің бар болуы және оның көптеген факторларға тәуелділігі банктің көрсеткіштерді таңдауын қажет етеді, және оның көмегімен клиенттің несие келісіміндегі шарттарды орындау ықтималдылығын бағалауға болады.
Кәсіпорынның несие қабілеттілігі - бұл оның қарыздық міндеттемелері бойынша банкпен уақытылы әрі толық есептесу мүмкіндігі. Несие қабілеттілік клиенттің қалыптасқан қаржылық жағдайын сипаттайды, ал оның жұмысының тиімділігі мен несиені белгіленген мерзімде өтеу мүмкіндігі туралы банкке дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ақша капиталының кредитордан қарыз алушыға орын ауыстыруы өз кезегінде заңнамалық келісімді көрсетеді. Несие келісімінің нәтижесінде банк берілген ссуда орнына сәйкес ақша қаражатының эквивалентін алмайды. Банктің тек ссудалық құнға ғана құқығы болады немесе несиені қамтамасыз ететін материалдық құндылыққа кепілдік құқығын иеленеді. Несие келісімі орындалмаған жағдайда банк кепіл мүлігін өткізу құқығын пайдаланып, кепіл мүлікті сатып, түскен ақша қаражатты несиені өтеуге жұмсайды. Бірақ бұл тек құқықпен хабары бар қарыз алушымен несие келісімі жасалған жағдайда мүмкін. Яғни құқықпен хабардар болу ұйымның несие қабілеттілігінде маңызды элемент болып табылады.
Сонымен қатар клиенттің іскерлік беделі мен оның тауар және қаржы нарығындағы жағдайын танып алу қажет. Кәсіпорынның несие қабулеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер жиыны талдаудың мақсаты мен тапсырмасына, несиелендіру мерзіміне, банк пен несие алушының несиелік қатынас жағдайына байланысты. Клиенттің несие қабілеттілігінің анықтамасы несие беру туралы негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды толық әрі сапалы бағалауды, сонымен қатар қарыз алушымен несие қатынастарын жалғастыруының мақсатсыздығын білдіреді.
Несиелендіру шартын талдау үшін келесілерді білу қажет:
Клиенттің несие қабілеттілігін анықтау үшін таңдалынып алынған бағалау көрсеткіштерінің критерилік деңгейі мен олардың рейтингін бекітіп алу қажет. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің рейтингісін анықтаған соң несие беру шарты (ссуда көлемі, несие мерзімі, қамтамасыз ету нысаны, пайыз ставкасы) анықталады. Клиенттің несие қабілеттілігі 3-5 топқа бөлінеді. Орта шама деңгейіндегі критерилік көрсеткіштері қарыз алушыны екінші топқа жатқызуды негіздейді, орта шамадан жоғары болса – бірінші топ, ал орта шамадан төмен болса – үшінші топқа жатады. Көрсеткіштің маңызы мен рейтингісі әр қарыз алушыға жеке бекітіледі. Мысалы, несие ресурстарының үлкен бөлігі баланстың пассивінде, банк ссудасы бойынша мерзімі ұзартылған қарыздың бар болуы өтімділік коэффициенттерінің ролін көтереді. Клиентті қайта несиелеу жалпы өтімділік коэффициент деңгейін бірінші орынға шығарады.
Несие
қабілеттілікті жалпы бағалау баллмен
жүргізіледі. Олар жүргізілген рейтинг
сомасын әр көрсеткіштің несие қабілеттілік
тобына жатқызуды білдіреді.
Кесте – Қарыз алушының несие қабілеттілік таптары
Коэффициенттер | Таптар | ||
1 | 2 | 3 | |
1. Абсолютті өтімділік | 0,2 жоғары | 0,15-0,2 | 0,15 төмен |
2. Ағымдағы өтімділік | 0,8 жоғары | 0,5-0,8 | 0,5 төмен |
3. Жалпы өтімділік | 2,0 жоғары | 1,0-2,0 | 1,0 төмен |
4. Қаржылық тәуелсіздік | 0,6 жоғары | 0,5-0,6 | 0,5 төмен |