Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:29, курс лекций
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қарыз алушының бірінші табына 100 ден 150 баллға дейін беріледі; екінші тапқа 151 ден 250 баллға дейін, үшінші тапқа – 251 баллдан жоғары. Кәсіпорынның несие қабілеттілігінің әр табы үшін банк өз несие қатынастарын әртүрлі құрайды. Қарыз алушылардың бірінші табына банктер несие сызығын ашып, сенімділік несиесін пайызын төмендетпей-ақ беруі мүмкін. Қарыз алушылардың екінші табын несиелеу қалыпты шарттармен, яғни қамтамасыз етудің сәйкес формасы (мүлік кепілдігі, кепілдік несиені өтей алмау тәуекелділігін сақтандыру) болған жағдайда жүргізіледі. Пайыз ставкасы қамтамасыз ету түріне, ссудалық капитал нарығындағы несиеге сұраныс және басқа факторларға байланысты. Үшінші таптағы қарыз алушыға несие ұсыну банк үшін төлемей қалудың үлкен тәуекелділігімен байланысты. Егер банк үшінші таптағы қарыз алушыға ссуданы беремін деп шешсе, онда оның көлемі оның жарғылық капитал көлемінен аспауы керек. Несиеге пайыз ставкасы екінші таптағы қарыз алушыларға қарағанда үлкен деңгейде бекітіледі.
Бақылау сұрақтары:
Тақырып 10. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен белсенділігін талдау
1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және талдау
Қаржылық талдаудың барлық аспектілері кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалаумен байланысты болады. Тиімділік жан-жақты зерттелуі мүмкін: шығындар, өндіріс көлемі, инвестицияның пайдасы және т.б. Бірақ аталған барлық мәселелер жалпы кәсіпорынның тиімділігіне келіп саяды. Барлық басқарушылық шешімдердің тиімділігі кәсіпорынның жалпы қызмет етуінің табыстылығына, тұрақтылығы мен экономикалық өсіміне байланысты шоғырланады. Бұл баға құрумен, жабдықтаумен, өткізумен, құрал-жабдықтаумен, өткізумен, құрал-жабдықтар мен технологияларды алмастырумен, қаражаттарды шоғырландырумен, пайданы бөлістірумен байланысты шешімдер болуы мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау қаржылық талдаудың соңғы кезеңі болып саналады. Оның негізгі тапсырмалары:
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар толық экономикалық дербестік пен жауапкершілік, шаруашылық байланыс еркіндігі мен баға еркіндігі негізінде қызмет атқарады. Сондықтан басқарудың негізгі тапсырмаларының бірі болып, ағымдағы уақытта немесе болашақта экономикалық пайда табу мүмкіндігі көзқарасының тұрғысынан әрбір қабылданатын шешімді бағалау негізінде кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігін төмендету саналады.
Шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері бірнеше компоненттерден тұрады. Барлық экономикалық көрсеткіштердің негізінде өндірістің технико-экономикалық деңгейі жатыр. Бұған жататындар: пайдаланылатын техникамен өнімнің сапасы, технологиялық процестер, еңбектін техникалық және энергетикалық қарулануы, шоғырлану, мамандану, бірігу және құрамдастырылу дәрежесі, өндірістік цикл ұзақтығы, өндіріс ырғақтылығы, басқаруды және өндірісті ұйымдастыру деңгейі, қызметкерлерді мамандандыру және дайындау деңгейі.
Өндірістің
технико-экономикалық деңгейіне өндірістік
ресурстарды: еңбек құралдарын, еңбек
заттары мен «тірі» еңбекті пайдалану
тәуелді болады. Өндірістік ресурстарды
пайдалану жиілігі мынадай жалпылама
көрсеткіштерден көрінеді: қор қайтарымы,
өнімнің материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі.
Сурет – Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпылама көрсеткіштерін қалыптастыру
Өз кезегінде өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үш өлшемде жүзеге асады:
Өнім көлемі мен өзіндік құнды салыстыру көрсеткіштері пайда мөлшері мен өнімнің рентабельділігін сипаттайды. Ал, өнім көлемі мен авансталған негізгі және айналым қорларын салыстыру ұдайы өндіріс пен капитал айналымдылығын сипаттайды. Сонымен бірге алынған көрсеткіштер жиынтығы капитал рентабельділігінің деңгейін анықтайды. Пайдалылық пен айналым қаражаттарының айналымдылығына капиталдың төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайы тәуелді.
Әр
блоктың жалпы көрсеткішін
жинақтауыш деп айтады. Мысалы, сатылған
өнімнің көлемі 5-ші блок үшін жинактауыш
болып табылады, ал осы өнімнің өзіндік
құны 6-шы блок үшін жинақтауыш болып табылады.
Бір блоктың жоғар әсері болып саналатын
жинақтаушы көрсеткіш, оған бағыныңқы
блок үшін кіретін әсері болып саналады,
яғни осы жалпылама көрсеткіштердің көмегімен
жеке блоктардың арасында байланыс орнайды.
Әрбір блок салыстырмалы түрде өз алдына
жүйе ретінде жалпылама көрсеткіштер
қалыптасатын талдау көрсеткіштерінің
жүйесіне енеді.
Тиімділік күрделі категорияны білдіреді. Ол экономикалық құбылыстардың әртүрлі қырларын бейнелейтін экономикалық көрсеткіштер кешені арқылы көрсетілуі мүмкін. Осы кешенге кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін де қосамыз.
Мысалы, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау үшін рентабельділік – оның өнімінің, капиталы мен ресурстарының пайдалылығы немесе табыстылығы көрсеткіші пайдаланылады. Кәсіпорын рентабельділігі оның қызметінің пайдалылығы дәрежесін көрсетеді. Қаржылық тұрғыда кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ең алдымен, айналым қаражаттарының жылдамдығынан көрінеді. Іскерлік белсенділік пен пайдалылықты талдау әртүрлі айналымдылық, рентабельділік коэффициенттерінің деңгейі мен қарқынын зерттеуден басталады.
Кәсіпорынның
іскерлік белсенділігі оның қызметінің
авансталған ресурстар
Осы екі формула кәсіпорында ресурстарды пайдаланудың екі жағы бар екендігін көрсетеді. Бірінші формула өндіріс процесінде тұтынылған өндіріс құралдары массасының азаюымен байланысты. Екінші формула шаруашылық-өндірістік қызметке авансталған қорлардың азаюымен байланысты. Мұнда талданатын кезең ішіндегі тұтынылған өндірістік қорлардың жалпы сомасы амортизация мен өнім өндіруге кеткен еңбек заттарына тең болады. Бұл сома өнімнің өзіндік құнында көрініс табады. Өндірістік қорлардың авансталған сомасы – бұл өндірістік қорлардың барлық табиғи нысандарда (өндірістік, ақшалай және тауарлы) және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде болуын қамтамасыз ететін сома.
Өзіндік құнның төмендеуін бейнелейтін көрсеткіштер:
Нақты бір өнімге аз мөлшерде өндірістік қорларды аванстау арқылы өнім өндіру және сату мәселесі – бұл тиімділік мәселесі. Қорлардың пайдаланылу тиімділігін бейнелейтін көрсеткіш – бұл өндірістік қорлардың жалпы қор қайтарымы немесе олардың айналымдылығы. Бұл көрсеткішке кері шама - өнімнің жалпы қор сыйымдылығы (өндірістік қорларды бекіту коэффициенті).
Өнім қарқыны мен шығындардың арақатынасы экономикалық өсім сипатын анықтайды. Экономикалық өсімге экстенсивті және интенсивті түрде қол жеткізуге болады. Өнімнің өсім қарқынының шығындар өсімінің қарқынынан артуы интенсивті экономикалық өсімді куәландырады.
Жалпылама түрде барлық қаржылық коэффициенттердің формулалары келесідей болады:
Бұл формулаларда пайда ретінде алынуы мүмкін:
Кәсіпорын қаражаттарының көрсеткіші олардың көздері ретінде баланс нәтижесі, айналым қаражаттарының шамасы, негізгі құралдар мен өзіде айналымнан тыс активтер, дебиторлық және кредиторлық берешектер, меншікті қаражаттар, таза активтер, т.б. шамалар алынуы мүмкін.
Рентабельділік коэффициенттері келесілер:
Іскерлік белсенділік коэффициентіне келесілер жатады:
Егер қаржылық көрсеткіштердің есептеуде көрсеткіштер салыстырылатын болса, онда олардың арасында белгілі бір айналыс болады. Мұнда қаражаттардың рентабельділігі пайда көрсеткіші негізінде есептеледі.