Каржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа

Описание работы

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.

Работа содержит 1 файл

каржы.doc

— 402.50 Кб (Скачать)

1) кірістер: салықтық  түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, ресми трансферттер түсімдері

2) шығындар

3) операциялық сальдо

4) таза бюджеттік кредит  беру: бюджеттік кредиттер, бюджеттік  кредиттерді өтеу

5) қаржы активтерімен  жасалатын операциялар бойынша  сальдо: қаржы активтерін сатып  алу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

6) бюджет тапшылығы(профициті)

7) бюджет тапшылығын  қаржыландыру(профицитін пайдалану): қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу, бюджет қаражаты қалдықтарының  қозғалысы.

Салықтық түсімдер –  мемлекетке өтеусіз негізде берілетін қайтарылмайтын сипатта болатын ақшалар. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемелекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты не уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттер түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Бюджет шығындары –  қайтарылмайтын негізде бөлінетін  бюджет қаражаттары. Бюджет шығындары  мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің  қызметін қамтамасыз ететін шығындар

2) тұрақты сипаты жоқ  іс-шараларды ұйымдастыру мен  өткізуге байланысты шығындар

3) мемлекеттік тапсырысқа  арналған шығындар –мемлекттік  саясатты іске асыру мақсатында  өндірілетін тауарларға мемелекеттік  органдардың ақы төлеуі

4) жеке тұлғаларға  ақшалай төлемдер-бұл қызметкерлерге  еңбегі үшін ақшалай төлемдерден  басқа, ҚР заңнамалық актілеріне  сәйкес жекеи тұлғаларға ақша  нысанындағы төлемдермен байланысты  шығындар

5) заңи тұлғаларға  субсидиялар – бұл мемлекеттік  мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру

6) ресми трансферттер  – бұл бюджеттің бір деңгейінен  екіншісіне, сондайақ ұлттық қорға  трансферттер төлеу және мемлекеттік  міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Операциялық сальдо –  бюджет кірістері мен шығындары  арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Таза бюджеттік кредит беру бюдлжеттік кредиттердің және бюджеттік  кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қаржы қатынастарынының белгілі бір жиынтығы ретінде  мемлекеттік бюджеттің қаржы  категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарының өзіндік ерекшеліктері бар.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

  1. мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономикалық секторлары, қоғамдық қызметің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
  3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді  және  одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста.

Мемлекеттік бюджет кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді  және оларға сәйкес келетін  нақты  материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында -  бюджеттік қорында затталынады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттқ табысың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік – мәдени қызмет көрсету, қоғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны.

 Мемлекеттік бюджет  экономикалық категория ретінде  бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бөлгіштік функция – қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10%-ы және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Бақылау функциясы -  бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының  қажеттіліктеріне сай келетіндіктеріне, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюдеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға , ғылыми  - техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай- ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.      

Мемлекеттік несие

Мемлекеттік несие –  жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының  бірі және несие қатынастарының жиынтығы. Бұл қатынастарда мемлекет несиегердің  де, қарыз алушының да, гаранттың  да рөлінде көрінуі мүмкін.

            Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында.

     Мемлекеттік  кредит жөніндегі қатынастар  мына негіздерде қаржы қатынастарына  кіреді:1/ мемлекеттік несие жолымен  жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады.2/Алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар,олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық  немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар – антиципацияланған салықтар, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

   Мемлекеттік кредит  ақша қаражаттарын қайта бөлу  функциясын орындайды. Бұл халықтың, ш.ж.суб-ң уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың,ш.ж.суб-ң арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын,қазынашылық бондарды,сертификаттарды шығару арқылы қол жетеді.Бұл функцияның нәт-сі ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

  Мемлекеттік кредиттің  2 функциясы – реттеуші. Бірінші  кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Жалпы сақтандру және өмірді сақтандыру.

Сақтандыру – қолайыз  құбылысар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың  мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зианды төлеу үшін ақша қрларын құру және пайдалану жөніндегі  қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

 Жалпы сақтандыру  және өмірді сақтандыруға тән  экономикалық қатынастар қоғамдық  өндіріс процесінегі зиянның  орнын; егер бұл процес дүлей  апат пен басқа төтенше немесе  күтпеген оқиғалардың нәтиежесінде  бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы жоғарыда айтылғандай сақтық қорын құрайды.Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Бұған : Жазатайым жағайдан және аурудан сақтандыру; Меициналық сақтандыру; Көлік құралдарын сақтандыру; Жүктерді сақтандыру; Мүікік сақтандыру; Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; Кәсіпкерлік тәуекелдәктә сақтаныру;

Өмірді сақтандыу –  азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек  қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың  нысаны, ол жеке басы және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі  біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты  сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

. Мемлекеттік несие түрлері

Мемлекеттік несие түрлері  бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып  ажыратылады.

Ішкі кредитте Мемлекеттік  кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер,несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, кәс-ң, ұйымдардың және халықтың арасында п.б.

  Халықаралық несиеде  қатынастарға бір жағынан үкімет,биліктің  жерг. органдары , екінші жағынан  басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары араласады.  Несие беруші мем-т – донор,  ал кредит алушы ел – реципиент  деп аталады.

   Шартты мем-к  несие отандық қарызгерлер:кәс-р,ұйымдар,фирмалар  алған қарыздарына басқа елдердің  несиегерлеріне берілген кепілдіктер  б/ша үкіметтің міндеттемелері  ретінде болады.Қарыз шарттары  орындалмаған жағдайда үкімет  отандық  қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

   Ішкі мем-к несиенің  нысандары:

1, мем-к қарыздар шығару

2, ком-қ банктердегі  халықтың салымдарының бір бөлігін  мем-к қарыздарға айналдыру

3,қазынашылық несиелер.

  Мем-к қарыздар нәт-де мем-т белгілі бір мерзімге және ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мем-т пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары. ҚР-да мем-к қарыз алуды ҚР-ң үкіметі, ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

   Мем-к қарыздардың  мынадай түрлері бар:

1, Қарызгерге қатысы  б/ша:

ҚР үкіметі қарыздары

ҚР ұлттық банкі қарыздары

Жерг атқ орг-ң қарыздары

2, Несие капиталының  рыноктары б/ш:

Сыртқы мем-к

Ішкі мем-к

3,Қарыз алу нысаны  б/ша:

Мем-к эмиссиялық бағалы қ шығару

Қарыз шарттарын жасасу

4,Қолданылу мерзімі  б/ша мем-к эмиссиялық бағ қағаздар:

Қысқа мерзімді,айналыс  мерзімі 1 жылға дейін,

орта мерзімді, 1-5

ұзақ мерзімді, 5-астам

   Мем-к несиелердің  әдістері әр түрлі және баяндалған  нысандарға сай келеді. Мем-к қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары,өтеу амалы. Мем-к қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер б.т: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетулі құны б/ша мем-к қаз-қ мін-ді өтеу, өтеу мерзімі, аукциондардың өткізу тәртібі.

Сақтандыру қызметтері.

Сақтық қызметі –  сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру)  шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыр салаларға сыныптарға және түрлерге бөлінеді.

Сақтандару экономикалық  жағынан тәуекелдік, алдын-алу, бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функцияларын орындайды.

    Бөлу функциясы:  бұл функцияның өзгешелігі қайта  бөлу функцияларын ретінде көрінеді.Ол алдын алу функциясына, мысалы алдын алу шараларын қаржыландыру жолы мен сақтық жағдайының болу мүмкінігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Информация о работе Каржы жүйесі