Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық н\е ішінара босату. Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылау. Мыс: Салық төлеуші\ді тіркеу есебі, бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу және т.б
.
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.
Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің
Федеративтік мемлекеттерде бюджетжүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік , федералдық, орталық мемлекеттің бюджеттері болады.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: республикалық бюджет және жергілікті бюджет болып бөлінеді.
Бюджет- мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Қ.Р да Мемлекеттік бюджет 2 ге :
1.Республикалық бюджет- бұл салықтық және басқада түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттің органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
2.Жергілікті бюджет – ( әкімшілік аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет ( ауданның бюджеті, ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті), республикалық маңызы бар қаланың ,астананың, аудандардың бюджеті.
Салықтардың сипаттамасы және оларды өндіріп алуды ұйымдастыру
Жанама салықтар – бағаға н\е тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына н\е мүлкіне тікелей бай\ты емес.Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992жылы енгізілген Қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС б.т Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтиже\де шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады ж\е салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім ( амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мыс. Жарнамаға жұмсалатын ж\е басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін. Демек бұл салықтың ерекшелігі оның салық салынатын обьектісі тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылуында.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері - әкелім, әкетілім, сондай-ақ транзит тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар б.т. Жанама салықтардың 3-шісі Акциздер – бағаға қосылатын ж\е сатып адушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметке салынуы мүмкін, бұл орйда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Корпорациялық
табыс салығы-бюджет
Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қ.Р резидент-заңи тұлғалары, сондайақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н\е республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңи тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы заңи тұлғалар – шағын бизнестің субьектілері, шаруа қожалықтары, заңи тұлға – ауыл шаруа\ғы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.
Жеке табыс салығы – бұл төлем бой\ша қаражаттардың түсімі (2001ж дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0,9 пайыз алады.Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер б.т. Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар б.т.
Жер қойнауы салығы Қ.Р салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға бай\ты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдала\ға салық, су үшін төленетін салықт.б Аталған төлемдер ренталық сипатта болады.
Меншіккке салынатын салық нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты еддәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына сал. Салық , көлік құралдарына салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептелінеді.
Әлеуметтік салықтың мәнісі мен қажеттігін ашып беру
Әлеуметтік салық – мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15,7% алады. Қ.Р да резидент заңи тұлғалары, шетелдік заңи тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондайақ Қаз.да қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкеллер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер б.т
Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бо\ша есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бюджет балансы
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергіліктегі бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына , ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында
экономиканың даму деңгейіне
сәйкес келмейтін едәуір
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) “көлеңкелі” экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы
өнімсіз шығыстар мен
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы
Мақсатты арналымы бойынша : экономикалық қорлар экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар.Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған.
Басқару деңгейіне қарай:
Мемлекеттік қорлар мемлекеттік деңгейде, аймақтық аймақтық деңгейде құрылатын қорлар.
Түрлері бойынша: Әлеуметтік
сақтандыру қоры, Зейнетақы қоры,Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің
Бюджеттік рәсім
Бюджеттік процесс - бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, жыл сайынғы “Республикалық бюджет туралы”заңға және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджеттің жобасын уақтылы
және сапалы әзірлеу мен бюджетті
нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар
жасауды қамтамасыз ету мақсатымен
Қазақстан Республикасының
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.Қазақстан республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискаалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:
Тиісті қаржы жылына арналған бюджет республикалық бюджетті бекіту парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетке түсімдердің
түсуін, бюджеттік бағдарламалардың
іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет
тапшылығын қаржыландыру жөніндегі
іс шаралар кешенін орындау бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты обьективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздары бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады. Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады: