Каржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа

Описание работы

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.

Работа содержит 1 файл

каржы.doc

— 402.50 Кб (Скачать)

   Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру,қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге,пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің,аумақтың,саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып,стратегиялық нұсқаманы нақтылайды.

    Қаржы саясатына  қойылатын маңызды талап қаржы  саясатын жүргізгенде,яғни дамудың  белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау,сондай- ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы,кредит,баға белгілеу,жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады.Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты.Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде,яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін,жұмыспен қамтылуды өзгерту,инфляцияны бақылау,экономикалық өсуді тездетуді мақсат етеді.

   

 

Қаржы саясатының мазмұны,міндеттері,мақсаттары мен  принциптері

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс әрекетін ескере отырып,қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады.Қаржы саясатының мазмұнын анықтайтын үш буын бар,олар:

 1)экономикалық заңдардың әрекеті,экономиканың жай- күйі,қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу.

2)экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып,қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

3)белгіленген іс- әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

Қаржы саясатының мақсаты қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру,бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.Сонымен қатар мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын,қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға,экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Қағидаттары:объективті экономикалық заңдардың іс әрекетін есепке алу; нақты тарихи жағдайларды есепке алу; өткен жылдардың өзіндік тәжірбиесін және дүниежүзілік тәжірбиені есепке алу. 

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы

Қаржы саясаты нақты  шаруашылық өмірде қаржы механизмі  арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру,жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында  экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыруда және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

       Қаржы механизмі-экономикалық  және әлеуметтік даму үшін  қолайлы жағдайлар жасау мақсатында  қоғам қолданатын қаржы қатынастарын  ұйымдастыру  нысандарының,қаржы ресурстарын қалыптастырып,пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

       Қоғамдық шаруашылықтың  жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды.

        Қоғам дамуының  белгілі бір кезеңінің ұсынылатын  және шешілетін міндеттеріне, оның  шаруашылықтың сферасын, саласын  дамытумен байланысты бұл қатынастардың  бөлігіне сәйкес қаржы механизмінің, оның буындарының, тұтқаларының, элементтерінің күрделі жүйесі өнбойы өзгерісте, өзара іс қимылда болады.

           Қаржы механизмін қалыптастыра  отырып, мемлекет сол бір кезеңнің  қаржы саясаты талаптарына оның  толығырақ сәйкестігін қамтамасыз  етуге тырысады, бұл саясаттың   мақсаттары  мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.  Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерінің жеке және ұжымдық мүдделерімен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады,бұл- қаржы механизмінің тиімділігінің кепілі.

             Экономика  дамуының қазіргі  кезеңде қаржы механизмін жетілдірудің  міндеттері өндірісті  кеңінен  демократияландырумен, коммерциялық  негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен,  шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне  экономикалық  ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды,қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану  арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

           Қаржы механизмі қоғамның өндірістік  қатынастарының  барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен  өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға ж/е экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

  Қаржы тұтқаларына   табыс,амортизациялық аударымдар,қаржы санкциялары, баға, жалдау ақысы,дивидендтер, пайыздық мөлшерлеме, дисконт жатады.

     Қаржы механизмінің құрылымы:

       Қаржы  механизмінің қосалқы жүйесі  оның неғұрлым маңызды қозғаушы  күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырма/ы, ұйымдық құрылым ж/е қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру.

         Қаржы механизмінің блогы- бұл  жалпы мақсатты бағыттылық белгісі  бойынша  біріккен біркелкі  өзара байланысты элементтердің  жиынтығы.

         Қаржы механизмінің элементі-бұл  қарапайым шаруашылық нысан, ол  арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың  мүдделері айрықша түрде білінеді.

         Әрбір элемент бірыңғай қаржы  механизмінің құрамды бөлігі  б/п таб/ды, бірақ өзінше жұмыс  істейді ж/е барлық элементтер  келісуді талап етеді.

          Қаржы механизмі элементтерінің- қаржы қатынастарын ұйымдастырудың  нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі «қаржы механизмінің конструкциясын» құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен,яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін ж/е т.б. анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі.

Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері,мақсаттары ж/е  қағидатары

    Мемлекеттің  қаржы саясатының мазмұны экон/қ  заңдардың  іс әрекетін ескере  отырып ж/е қоғамның даму міндеттеріне  сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру  б/п таб/ды. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол эконом/ң жай күйін, қоғамның материалдық ж/е мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін ж/е т.б. факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті  жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:  

  1. Экон/қ заңдардың әрекеті, экон/ң жай күйі, қоғамның әлеуметтік экон/қ дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының  ғылыми негізделген тұжырымдамсын әзірлеу;
  2. Экон/қ саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының  стратегиялық ж/е тактикалық шараларын тұжырымдау;
  3. Белгіленген іс әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс жүзінде  жүзеге асыру.

  Осы негізгі  үш буынның бірлігі  қаржы  саясатының  мазмұнын  анықтайды. Демек, экон/қ заңдардың іс әрекетін есепке  ала  отырып,  қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты  қаржыны ұйымдастыру  мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны б/п таб/ды.

     Қазіргі  кезеңде қаржы саясатының көмегімен  шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • Елдің дамуының  әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының  неғүһұрлым мүмкін болатын  көлемін жасаудың  жағдайларын қамтамасыз ету;
  • Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторларыы арасында ұтымды бөлу ж/е пайдалану, ресурстарды белгілі  бір мақсаттарға бағыттау;
  • Экон/қ дамудың  белгіленген бағыттарын орындау үшін  тиісиі қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

 Қаржы саясатының  мақсаты  - қоғам дамуының аса  маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға  қажет қаржы ресурстарын толық  жұмылдыру. Осыған байланысты  қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті  жандандыра түсуге өолайлы жағдайлар  жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға  көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды эконом/қ ж/е әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

      Қаржы  саясатын жүргізгенде оның мына  қағидаттарын жүзеге асырудың  зор маңызы бар:

  • Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту ж/е атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық ж/е кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
  • Қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамсыз ету;
  • Қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
  • Қаржы резервтерін жасау;
  • Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші  субъектілердің  арасында өаржы ресурстарын  оңтайлы бөлу.

Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы  қағидаттарға мыналар жатады:

  • Объективті эконом/қ  заңдардың іс-әректін есепке алу;
  • Нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
  • Өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін ж/е дүниежүзілік тәжірибені  есепке алу.

Жеке  қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • Қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;
  • Бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;
  • Салық жүйесін ұтымды құру арқылы  эконом/қ ж/е әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру.

Қаржы мен қаржы  саясаты  арасындағы  өзара байланыс

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің  қалыпты ағыны эконом/қ саясат пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты менқаржы механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған  қаржы саясаты, анық  етіп қалыптастырылған, сиинхронды жұмыс  істейтін қаржы механизмі  қоғамның  әлеуметтік-эконом/қ  дамуына жәрдемдеседі.  Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты  эконом/қ заңдардың іс-әрекетін толық ескерілмесе н/е  олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті  қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың  ж/е т.б. өндірістің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды н/е пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экон/қ дамуы тежелінеді, жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамға қарсы процесстер пайда болады. Мұндай жағдай объективті экон/қ заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл ерікшіл,тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады. Қаржының өзара байланыстарының көбтігі қаржыны ұйымдастырудың түрлі нысандары мен әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы саясатын орындауға арналған қаржы механизмін жасаудың үлкен маңызы бар. Қаржы саясатын жүргізу процесінде шарттарды есепке алу әлеуметтік қамсыздандырумен, салықтарды реттеумен , ғылыми техникалық процесті дамытумен, өндіріс процесінің проблемаларын шешумен, мақсатты бағдарламаларды қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етумен , барлық аймақтардың шаруашылығын дамытумен байланысты қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет тиісті тәсілдер менәдістерді айқындауды талап етеді.

 

Шаруашылық  жүргізуші ұйымдардың қаржысының мазмұны

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы бірыңғай қаржы  жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша  белгісі болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын  және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда  материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа қызмет көрсетуді, түрлі қары, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг, т.б. қызметтерді үзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қарыларын кіріктіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өнім өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Информация о работе Каржы жүйесі