Каржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа

Описание работы

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.

Работа содержит 1 файл

каржы.doc

— 402.50 Кб (Скачать)

Орталық депозитарий  – бағалы қағаздар рыногының қаржы  құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің (олардың клиенттерінің) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай-ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.

Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлік –  дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағкздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы.

Сауда – саттықты ұйымдастырушы  – қор биржасы және биржадан тыс  бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы.

Бағалы қағаздар рыногының  өзін - өзі реттейтін ұйымы –  бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттыарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға.

Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктерр жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көнтеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қағаздардың  айналымға түсу уақыты мен әдісіне  қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады.

Бағалы қағаздар –  иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға  құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.Бағалы қағаздардың  бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушысының қалай да бір мүлікке құқылы екндігін куәландыратынбелгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай – ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарлды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық  нысаны  - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің , ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

 Инвестициялық бағалы  қағаздар – капиталды жұмсаудың  объектісі болып табылатын бағалы  қағаздар(акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары).

Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа  рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік  тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар  - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары  болып келеді.Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Бағалы қағаздардың  түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады.

Акциялар – акционерлік  қоғам шығаратын және акционерлік  қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша  дивиденд және акционерлік капиталына қатысатын және иеленушісіне қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.

Облигация шығару кезінде  айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түріндегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Вексель қарызгер несиегерге беретін және несиегерге қарызгерден  белгіленген мерзімде векселбде  көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң  түрде белгіленген нысандағы  жазбаша борышқорлық міндеттеме.

Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік ШЖС-нің арасында халықаралық экономикалық қатынастарда мынадай негізгі нысандар жүзеге асырылады:

  1. Халықаралық тауарлар мен қызметтер және сауда.
  2. Қаржы несие қатынастары.
  3. Капиталды инвестициялау.
  4. Есеп-қисап жүйесі.

ҚР-ның халықаралық  ынтымақтастығы саласында мемлекеттік  қаржы саясаты оны жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырылады.

Іс-әрекет етудің айрықша  нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

  1. Сыртқы сауда,
  2. Шетелдік инвестициялау,
  3. Концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және қзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау.
  4. ҚР –ның халықаралық қаржы- кредит ұйымдарына қатысуы, сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді.
  5. Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық.
  6. Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Валюта ресурстарын  қалыптастыру және пайдалану.

ҚР-ның халықаралық  экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану  арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды  қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту ушін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ ҚР-сы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.

Мемлекеттің, мемлекеттік  емес сектордың валюта ресурстары валюталық  операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланыды. Валюталық операциялар  – бұл:меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер;валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе әкелу, әкету және жөнелту. Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді. Ағымдағы:

  • тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару.
  • депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивиденттер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу.
  • сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына  байланысты операциялар мыналарды  қамтиды:

  • инвестициялар;
  • жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;
  • 180 күннен астам мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, елдің алтын валюта резервтерінің  қозғалысы, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі б.т.және ұқсас орталықтандырылған(мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (ШЖС-дің ресурстары) болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

  • кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім-ақша;
  • тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел ваютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;
  • келісімшарттардың, мәмілелердің, контрактардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
  • шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

  1. Ұлттық банк: елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
  2. Қаржы министрлігі: халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консульдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру  үшін;
  3. Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді – тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;

Компаниялардың, фирмалардың  және ұйымдардың валюта ресурстарының  негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша б.т.

Валюта бағамы

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды  басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы  валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елдерінде бұл тауарларға сұраным артады.

Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады , тіркелген бағамдар кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгіленіледі

Елдің төлем  балансы

Кез келген елдің дүниежүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі. Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жұйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды:

  • ағымдағы шот (сауда балансы): тауарлармен жасалынатын операцияларды – экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді – жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгілікті көмек; техникалық жәрдемдесу; гранттар.
  • капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфельді инвестицияларды, мигранттардың трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды бейнелеп көрсетеді.
  • резервтік активтер: жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды; басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады.
  • таза қателер мен рұқсатнамалар: көлеңкелі бизнесті қоса алғанда, бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.

Информация о работе Каржы жүйесі